Жастағы науқас бала З. 2 страница
ЕСЕП
Науқас А. 34 жаста.
Шағымы: Бастың самай бөлімінде тамыр соғуы сияқты ауру сезімі, бас айналуы, жүрек соғуына, денесінің тітіркенуі,әлсіздік.
Анамнезі: 3 жыл бойы АҚ көтеріледі, жағдайының нашарлауы 2-3 сағат ішінде. Психоэмоциональды стресспен байланыстырады. Адельфан қабылдаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа аурылықта. Науқас қозулы. Тері жабындылары гиперемияланған, құрғақ. Аяқ-қолдарында діріл. Көз ақ қабығының (склерасы) тамыры қызарған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 20. Жүрек үндері айқын, қатаң, қолқада (аортада) ІІ үннің акценті. Ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 110 рет, пульсі кернеулі. АҚ 220/120 мм.сб.бғ. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы жиі, көп мөлшерде.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас 58 жаста.
Шағымы: сол аяқ-қолының кенет әлсізденуі, бас ауруы, бас айналуы, басында шу, құсу, жүрек айну.
Анамнезі: жағдайының нашарлауы 1 апта бойы: бас ауруының күшеюі, сол аяқ -қолының әлсіздігінің үдеуі. Бүгін таңертең төсектен тұрып құлаған. АҚ көп жылдар бойы көтеріңкі. Күнделікті ем қабылдамайды. Капотен, тромбоасс, зәр айдағыш дәрілерді оқтын-оқтын қабылдаған.
Объективті:жағдайы ауыр. Есі айқын. Тері жабындылары қалыпты. Оң мұрын ерін үшбұрышы тегістелген, жоғарғы оң қабақ- птоз. Сол аяқ қол бұлшық еттерінің күші кенеттен төмендеген. Жүрек үндері айқын, қатты. АҚ 190/100 мм.сб.бғ. Өкпеде қатаң дыбыс, сырыл жоқ, ТЖ минутына 22рет. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас М. 42 жаста.
Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүректің қағуына, терінің қышуына шағымданады.
Анамнезінен: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жарты сағат бұрын жоғарғы ернін ара шаққан.
Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріндері ісінген. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 23 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 136 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас М. 44 жаста.
Шағымы басының ауруы, ауа жетпеу сезімі, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі және терінің қышуы.
Анамнезінен:ұзақ жылдан бері вазомоторлы ринитпен ауырады. Тималинді салған соң науқастың жалпы жағдайы күрт нашарлады.
Объективті: Жағдайы өте ауыр. Науқас қозған Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт. Тынысы шулы. Өкпеде везикулярлы тыныс, өкпенің барлық аймағынан көптеген құрғақ ысқырық тәрізді сырылдар естіледі. Тыныс алуы минутына 34 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 60/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас 36 жаста.
Шағымы: төс тұсының ауру сезімі, бас айналу, әлсіздік, ентігу, барлық денесін бөртпе басқан.
Анамнезі: жоғарыдағы көрсетілген шағымдар пенициллинді екінші рет бұлшық етке салғаннан соң 10 минуттан соң пайда болды.
Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт. Тынысы шулы. Өкпеде везикулярлы тыныс, өкпенің барлық аймағынан көптеген құрғақ ысқырық тәрізді сырылдар естіледі. Тыныс алуы минутына 34 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 60/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас Л., 17 жаста.
Шағымыентігу, тұншығу, құрғақ жөтел, айқын жалпы әлсіздік.
Анамнезі: Науқас терапевтте "НЦД гипертониялық түрі" диагнозымен бақылауда, 40мг обзидан препараты тағайындалды. Обзидан препаратынан соң науқаста ауа жетпеу сезімі, жөтел, айқын жалпы әлсіздік сезілді.
Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бетінде науқастың қатты қиналғаны байқалады. Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт. Өкпеде везикулярлы тыныс, өкпеде құрғақ ысқырық тәрізді сырылдар естіледі, дем шығаруы ұзарған. Тыныс алуы минутына 25 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 52 минутына. АҚҚ 90/60 мм рт. ст.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас Ж. 52 жаста.
Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүректің қағуына, терінің қышуына шағымданады.
Анамнезінен: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жоғарыдағы шағымдар арықтатуға арналған қытайлық таблеткаларын ішкеннен соң пайда болды.
Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Қабағы мен еріндері ісінген. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 25 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 140 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас М., 16 жаста.
Шағымыбетінде, мойнында, денесінде бөртпелер бар, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, тыныс алуының қиындауы.
Анамнезі: ауруы тез басталған, құлпынай жеуімен байланыстырады. Бірінші бетпен мойында сонан соң іші мен арқасында бөртпелер пайда болған. Беті қызарып, терісі қышынған, құрғақ жөтел пайда болып, тыныс алуы қиындаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 100 минутына. АҚҚ 100/70 мм рт. ст.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас 47 жаста.
Шағымытерісінде бөртпелер бар, терінің қышуы, ауа жетпеу сезімі, тұншығу, құрғақ жөтел, әлсіздік.
Анамнезі: жоғарғы көрсетілген шағымдар аспирин қабылдағаннан соң пайда болған. 20 жылдан астам аллергиялық ринитпен ауырады.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде тыныс қатаң, құрғақ, ысқырық тәрізді сырылдар, тыныс шығару ұзарған. Тыныс алуы минутына 20 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 82 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас А., 17 жаста.
Шағымытыныштықтағы ентігу, тұншығу, бетінде бөртпе, терінің қышынуы.
Анамнезінен: цитрусты жемістерді жегеннен соң, кенеттен бетінде ісіну болып, бөртпе пайда болды, даусы қарлығып, үрген тәрізді жөтел , тынысы тарылды.
Объективті: Жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқаны, мойны ісінген, майда нүкте тәрізді, кей жерлерінде қосылған бөртпелер бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм рт. ст.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас С., 15 жаста.
Шағымы тыныс алуының бұзылуы, мойын және бетінің ісінуі, даусының қарлығуы.
Анамнезінен: Науқастың жағдайының нашарлауы тіс жұлдыру үшін лидокаин салғаннан соң болды.
Объективті: Жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқаны, мойны ісінген, майда нүкте тәрізді, кей жерлерінде қосылған бөртпелер бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, Тыныс алуы минутына 21 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм рт. ст.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас А., 19 жаста.
Шағымы: теріде бөртпе және терінің қышынуы.
Анамнезі:биологиялық қоспаны қабылдағаннан соң, жоғарыдағы көрсетілген шағымдар мазалаған.
Объективті:Жалпы жағдайы орташа. Есі анық. Бетінде, мойнында, денесінде везикулярлы бөртпелер бар, теріде тырнақ іздері бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алуы минутына 19 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 80 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас П., 23 жаста.
Шағымы: тыныштық жағдайында ентігу, беттің, қабақтың, құлақтың ісінуі, кеуде тұсының күйдіріп ауруы, ауа жетпеу және үрейлену сезімі, дене қызуының жоғарылауы.
Анамнезі: ;жоғарыда көрсетілген шағымдар балды жегеннен соң пайда болған. Науқастың жағдайы нашарлағаннан соң туыстары жедел жәрдем шақырған.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Беті, қабағы, еріні, құлақ қалқандары, мойнындары ісінген. Денесінде майда нүктелі бөртпелер бар, кей жерлерінде бөртпелер қосылған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алуы минутына 26 рет. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 120 минутына. АҚҚ 100/60 мм с.б.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
жастағы науқас бала З.
Бала бірден пайда болғанбасының ауруына, тыныс алуының қиындауына, дененің барлық бөлігінде терінің полиморфты бөртуіне және терінің қышуына шағымданады.
Анамнезі:жоғарыдағы көрсетілген шағымдар 20 минут бұрын пайда болған. Жедел жәрдем бригадасы келерден жарты сағат бұрын екі жақты майда ошақты пневмонияны емдеу үшін 0,5 ампициллиннің бірінші инъекциясы бұлшық етке салынған. Бір жыл бұрын оспен препаратына аллергиялық реакция - есекжем болған.
Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Денесінде аяқ қолдарында бозғылт теріде уртикарлы бөртпе пайда болған. Суық, жабысқақ тер басқан. Тыныс шығаруы қиындаған. Тынысы алуы минутына – 46 рет. Аускультацияда тынысы пуэрильді, екі жағында бірдей. Жүрек шекаралары ұлғаймаған, тондары тұйықталған. АҚҚ- 60/20 мм с.б., пульсі - 160 рет/минутына, жіп тәрізді. Іші ауру сезімсіз. Бауыры + 1 см қабырға доғасынан төмен түскен. Соңғы сағатта зәр шығару болған жоқ.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас Б. 29 жаста.
Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздік, бас айналу, жүректің қағуы, терінің қышуы.
Анамнезінен: Ұзақ жылдан бері аллергиялық ринитпен, аллергиялық дерматитпен ауырады. Жарты сағат бұрын оң жақ иығын ара шағып алды.
Объективті: Жағдайы өте ауыр, есі тежелген. Бұлшық еттерінің айқын қимылын көреміз. Тері жамылғысы гиперемирленген, жабысқақ тер басқан. Арашаққан жер қызарған және ісінген,ауру сезімді. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. ТЖ 23 минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 136 минутына. АҚҚ 40/0 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас Д. 41 жаста.
Шағымыауа жетпеу сезімі, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі.
Анамнезі: жоғарғы көрсетілген шағымдар аскорбин қышқылының таблеткасын қабылдағаннан соң пайда болған. Ұзақ жылдар аллергиялық ринитпен ауырады.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Науқас қозған. Тері жабындысы бозғылт. Өкпеде тынысы везикулярлы, құрғақ, ысқырық тәрізді сырылдар естіледі. Тыныс алуы минутына 37 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 127 минутына. АҚҚ 110/70 мм рт. ст. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған.
Алдын ала қойылған диагноз?
Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ | КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА | |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
ЕСЕП
Науқас С. 59 жаста.
Шағымыбірден пайда болғанжалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүректің қағуына, терінің қышуына шағымданады.
Анамнезінен: Бронх демікпесімен ауырады. Созылмалы пиелонефрит бойынша амбулаторлы ем қабылдаған. Көк тамырға метронидазолды тамшылатып құйып жатқанда жоғарыдағы көрсетіліп жатқан белгілер пайда болды.