Нәрестелердегі ұрсақішілік инфекциялар (листериоз, микоплазмоз, гепатит).

 

#206

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы туа біткен листериозға ЕҢ тән белгі болып табылады?

*Асфиксия

*Безгек

*Пневмония

*Менингоэнцефалит

*+Тері мен жұтқыншақтың сілемейлі қабатының артқы қабырғасындағы түйінді бөртпе

 

#207

*!Созылмалы гепатит жиі түзіледі

*гепатит А-да

*гепатит Е-де

*+гепатит В-да

*холециститте

*өт шығару жолдарының дискинезиясында

 

#208

*!Гепатитте бауырдың морфологиялық зақымдану сипаты

*гликогеннің жиналуы

*майлы инфильтрация

*+гепатоциттердің некрозы (лизис)

*гепатоциттердің склерозға ұшырауы

*өт жолдарының гипоплазиясы

 

#209

*!Нәресте жүктіліктің 38 аптасында 2900,0 гр. салмақпен, ұзындығы 49 см,Апгар бағанасы бойынша 4-5 балмен ауыр жағдайда туылды. Денесінде көптеген айқын ұсақ түйінді-папулезді бөрітпелер бар. Алғашқы тәуліктерде дене қызуы 390, жағдайы үдемелі түрде нашарлаған.Сарғаю пайда болды, бауыры 2,5-3,5-4,0 см., көкбауыры +1,0 см. ұлғайған. Қосымша анамнезден: анасы базарда ет сатады.

ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен мерез

*+Туа біткен листериоз

*Туа біткен ЦМВ-инфекция

*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен қызамық

#210

*!Нәресте 3-ші жүктіліктен,1 мерзімінен ерте босанудан туылған. Алғашқы 2 жүктілік – өлі туылумен аяқталған. Анасының анамнезінде жүктіліктің 12-14 апта мерзімінде қызуы көтеріліп ЖРВИ болған.Нәрестеде туылғаннан кейін гипертермия, тыныс алу бұзылысы байқалған. Нәрестенің жағдайы үдемелі түрде нашарлап, өмірінің 15 тәулігінде тыныс алу жетіспеушілігінен шетінеді. Мәйітті тексеру барысында жұтқыншақтың артқы қабырғасында, ми тіндерінде гранулемалар анықталды, субарахноидалды кеңістік қою іріңді экссудатпен толған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Токсоплазмоз

*+Листериоз

*Цитомегалия

*Мерез

*Пневмония

 

#211

*!Жаңа туылған нәрестеде туыла салысымен гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөртпелер, менингоэнцефалит белгілері байқалды. Қаннық жалпы талдамасында айқын лейкоцитоз, нейтрофилез. Алдын ала болжамалы диагноз: Туа біткен листериоз.

Келтірілгендердің ішінде қайсысы ЕҢ ықтималды патоген болып табылады?

*+Грам оң флора

*Грам теріс флора

*Фильтрленуші вирус

*В тобындағы стрептококк

*Спирохета

 

#212

*!Нәресте ауыр жағдайда,Апгар бағанасы бойынша 3-5 балмен туылды. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында,бадамшаларда, конъюнктивада көптеген ақшыл сары ұсақ түйін тәрізді бөрітпемен бірге петехиалды бөрітпелер байқалады. Өмірінің алғашқы тәуліктерінде дене температурасы 390С.Жағдайы біртіндеп нашарлап, сарғаю, гепатоспленомегалия қосылды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен мерез

*+Туа біткен листериоз

*Энтеровирусты инфекция

*Туа біткен токсоплазмоз

*Цитомегаловирусты инфекция

#213

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 мерзімінен бұрын босанудан туылды,бірден даусын шығарып жылады, анасының анамнезінде 2 түсік тастау болған. Анасы ауылдық жерде тұрады, жүктіліктің соңғы апталарында дене қызуы 39одейін көтеріліп, бел омыртқасы тұсындағы ауырсынуға, кіші дәретке жиі баруына шағымданған. Нәресте туылған соң 2 сағаттан кейін нәрестенің температурасы 38,5одейін көтеріліп, тыныс жетіспеушілігі байқалған. Денесінде тәулік соңына қарай петехиалды және ақшыл сары түсті түйінді бөрітпелер, гепатоспленомегалия пайда болған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*+Листериоз

*Цитомегалия

*Токсоплазмоз

*Қызамық

*Феталді гепатит

 

#214

*!Көрсетілген симптомдардың қайсысы нәрестелердің ҚІИ-на ЕҢ тән болып келеді?

*СДР

*+ҚІДК

*Экзантемалар

*Ауыр неврологиялық бұзылыстар

*Жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

 

#215

*!Нәрестеге вирусты гепатит В қарсы активті-пассивті иммунизация жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннің алдында 2 сағат бұрын енгізу

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннің алдында 1 тәулік бұрын енгізу

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннен соң 2 сағаттан кейін енгізу

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннен соң 1 тәуліктен кейін енгізу

*+вакцинаны және арнайы иммуноглобулинді бір мезгілде енгізу

 

#216

*!Неонаталдық гепатитке АНАҒҰРЛЫМ тән

*АЛТ, АСТ төмендеуі

*гипергликемия, глюкозурия

*+холестаз маркерларының жоғарлауы

*бауырдың синтездеу қызметінің бұзылуы

*тікелей билирубиннің сағаттық өсуі 9 мкмоль/л/сағ артық болуы

 

#217

*!Жаңа туылған нәрестеде туыла салысымен гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөрітпелер, менингоэнцефалит белгілері байқалды. Қанның жалпы талдауында айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ликвор себіндісінде Listeria monocytogenes себілген.

Нәрестедегі туа біткен листериозда келтірілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?

*Виферон

*Ацикловир

*Цефтриоксон

*+Ампициллин

*Бисептол

#218

*!25 күндік нәрестенің бір апта бойы дене қызуы 38,7 көтеріліп, қиын бөлінетін күшті құрғақ жөтел мазалады,емшекті әлсіз емеді.Ауру біртіндеп басталды. Жалпы қарағанда: көзінің коньюктивасы қызыл, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-де Л - 10,8х109/л; ЭТЖ-17 мм/ч. Кеуде қуысының R-граммасында – өкпеде біркелкі емес ошақты инфильтрациялар бар. ИФА қанның – micoplasma pneumonia.

Нәрестеге қандай дәрілік препаратты тағайындаған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*+Азитромицин

*Пенициллин

*Ампициллин

*Рифампицин

*Левомицетин

 

#219

*!Акушер босанушы әйелдің гепатит В (НВsАg)-ң беткейлі антиген тасымалдаушысы екенін сізге ескертті.

Нәрестеге байланысты ЕҢ алғашқы не жасаған дұрыс болады?

*НВsАg-ге нәрестеге скрининг жүргізу

*Гепатит В-ң антигеніне анасына скрининг жүргізу

*Инфекция жайылып кетпес үшін нәрестені жекешелеу

*+Гепатит В-ге қарсы иммуноглобулин және вакцина тағайындау

*Ештеңе жасамау,себебі анасынан трансплацентарлы өтетін антиденелер гепатит В-ден қорғайды

 

#220

*!HBs-антигенді тасымалдаушы анадан туылған нәрестеге алдын-алу мақсатында арнайы иммуноглобулин келесі мерзімде салынады

*перзентханадан шыққан кезде

*+өмірінің алғашқы сағатында

*өмірінің 2-3 тәулігінде

*алғашқы 24 сағатта

*1 айында

 

#221

*!3 апталық нәрестеде терісі мен кілегей қабатының үдемелі сарғаюы, үлкен дәретінің ақшылдануы, зәрінің түсінің қоюлануы байқалды.

Диагноз бен сарғаюдың себебін анықтау мақсатында қандай зерттеулерді жүргізген ЕҢ дұрыс болып табылады?
*+Вирусты гепатиттің маркеріне қан тапсыру
*Қанның биохимиялық анализі
*Бауырдың УЗТ-ы

*ҚЖА

*ЗЖА

 

#222

*!ТУА БІТКЕН ЛИСТЕРИОЗҒА ТӘН

*+тері мен шырышты қабаттардағы түйін тәрізді бөрітпе

*алақан мен табандағы күлдіреулер

*геморрагиялық бөртпе

*менингоэнцефалит

*асфиксия

*+безгек

 

#223

*!ТУА БІТКЕН ЛИСТЕРИОЗДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПЕРАТТАР

*цефтриоксон

*+эритромицин

*виферон+ацикловир

*ровамицин+ацикловир

*бисептол+линкомицин

*+ампициллин+гентамицин

#224

*!ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ В-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯҒА УАҚЫТША ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШ

*+ауыр асфиксия

*+құрсақішілік инфекция

*кесар тілігі арқылы туылу

*анасы гепатит В-ң тасымалдаушысы

*+нәрестенің салмағы 1500,0 гр аз болуы

*анасы гепатит В-ң ерте реконвалесценті

*витамин К-мен геморрагиялық аурудың алдын-алуды жүргізу

 

#225

*!НӘРЕСТЕГЕ ӨМІРІНІҢ АЛҒАШҚЫ 12 САҒАТЫНДА ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ В ҚАРСЫ АКТИВТІ-ПАССИВТІ ИММУНИЗАЦИЯ ЖҮРГІЗІЛЕДІ, ЕГЕР НӘРЕСТЕНІҢ АНАСЫ

 

*+гепатит В-ң ерте реконвалесценті болса

*созылмалы гепатит болса

*+қанында Hbe-Ag болса

*жедел гепатит В болса

*гепатит А-мен ауырса

*гепатит С-мен ауырса

Тақырып.

Жаңа туылған нәрестені бағалау және оны күту принциптері.


#226

*!Нәресте туыларда босану бөлмесіндегі қандай жағдай ЕҢ маңызды болып табылады?

*Жақсы жарық

*Үй жағдайы

*+Бөлме температурасы 250-28 0

*Еркін қалыпты таңдау

*Босануға серіктесінің қатысуы

 

#227

*!Нәрестенің температуралық тұрақтылығы байланысты

*+гестациялық жасына

*асфиксия дәрежесіне

*СДР дәрежесіне

*дене салмағына

*жетілуіне

 

#228

*!Төменде көрстілгендердің қайсысы жаңа туылған нәрестені емшекке салудың ЕҢ ықтималды уақыты?

*2 сағаттан кейін

*36 сағаттан кейін

*12 сағаттан кейін

*Алғашқы 24 сағатта

*+Алғашқы 1сағат ішінде

 

#229

*!Нәресте 38-39 аптада салмағы 2100,0гр., бойы 49cм. болып қанағаттанарлық жағдайда туылды. Дем алысы қалыпты, жүрек соғысы жиілігі минутына 130-дан жоғары, тері жамылғысының түсі қызыл, бұлшық еттің гипотониясы, ему рефлексі әлсіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың ЕҢ дұрысы қайсысы?

*Өте аз салмақпен мерзімінде туылған нәресте

*+ҚІДК-мен мерзімінде туылған нәресте

*ҚІДК-мен шала туылған нәресте

*Аз салмақпен шала туылған нәресте

*Өте аз салмақпен шала туылған нәресте

 

#230

!Нәрестеге тексеру жүргізген кезде алақанына салынған дәрігердің саусағын қатты қысады.

Бұл рефлекс қалай аталады?

*Перес

*Бабкин

*Галант

*Қорғаныш

*+Робинсон

 

#231

*!Жаңа туылған нәрестенің алақанының тенорға жақын маңайын үлкен саусақпен басқан кезде нәресте ауызын ашып басын бұрады.

Бұл рефлекс қалай аталады?

*Галант

*Қорғаныш

*Ұстау

*Перес

*+Бабкин

 

#232

*!1күндік мерзіміне жетіп туылған нәресте.Емшекті жақсы емеді, құспайды. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады. Жалпы қарағанда ағзалар мен мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Анамнезінде: антенатальды және интранатальды кезеңдер ерекшеліксіз өткен. Анасының шағымы нәрестенің зәрі болмаған. ЖҚА,ЖЗА қалыпта, өзгеріссіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?

*+Нәрестенің физологиялық ануриясы

*Анурияның экстренальды формасы

*Анурияның субренальды формасы

*Анурияның аренальды формасы

*Анурияның ренальды формасы

 

#233

*!Нәрестені қарап тексеру барысында неврологиялық статусын анықтау үшін қай параметр ЕҢ ақпаратты?

*+Сана

*Тырысу

*Тексеруге реакциясы

*Шартсыз рефлекстердің болуы

*Спонтанды қозғалыс белсенділігі

 

#234

*!Жаңа туылған нәрестені күтіп баптауда келтірілгендердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ жағымды әсер етеді?

*Туылғаннан кейін анасымен «терімен тері» жанасуы

*Медицина қызметкерлерінің дұрыс көзқарасы

*Туылғаннан бастап емшекпен емізу

*Ана мен баланың бірге болуы

*+Аналық сезімін білдіруі

 

#235

*!Нәрестені "еркін киіндірудің" АНАҒҰРЛЫМ басым артықшылығы қандай?

*Еркін тыныс алады

*Белсенді қозғалады

*+Гипотермияның алдын алады

*Сору рефлексі белсенді болады

*Еркін жағдайда тыныш ұйықтайды

 

#236

*!22 жастағы ана, соматикалық жағынан денсаулығы жақсы. Жүктіліктің 16-шы және 38-ші аптасында патронаж жасалған. 2-ші босануы. Жүктілік пен босану ерекшеліксіз, қалыпты өткен. Нәрестенің туылғандағы салмағы 3450,0, бойы 52 см, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Анасының кеудесіне 30 минуттан кейін салынды, белсенді емді. Қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Соматикалық жағынан өзгерістері жоқ. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады.

Осы нәрестені қай денсаулық тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*+ І

* ІІ

* ІІІ

* ІV

* V

 

#237

*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте бірден айқайлап жылады, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Гестация мерзімі 38 апта, дене салмағы 2500 гр., бойы 46 cм, туа біткен даму ақаулары, босану жарақаты жоқ. Ары қарай жүргізу үшін нәрестені келесі топтардың біріне жіктеу керек.

Осы нәрестені қандай күтім тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

*Туа біткен даму ақауларымен/босану жарақатымен туылған нәрестеге жасалатын күтім

*+Дені сау нәрестеге жасалатын күтім

*Кейбір медициналық көмекті қажет ететін

*Салмағы аз нәрестеге жасалатын арнайы күтім

*Реанимацияны жедел бастауды қажет ететін

 

#238

*!Нәресте жүктіліктің 39 аптасында туылған.Туылғандағы салмағы 3450,0 гр., бойы 53см. Бірден айғайлады.Босану бөлмесінде бірден анасының көкірегіне салынды.Белсенді емді.

ҚР екпелер күнтізбесіне сәйкес перзентханада жаңа туылған нәрестелерге қандай ауруларға қарсы екпе жасау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

*Туберкулезге, полиомиелитке

*"В"гепатитіне, полиомиелитке

*Полиомиелитке, қызылшаға, туберкулезге

*+Туберкулезге,вирусты гепатит В

*Күлге,сіреспеге, көкжөтелге, полиомиелитке

 

#239

*!Нәрестеде туылғаннан кейінгі 1минутында тыныс алуы тұрақсыз, жүрек соғысы минутына 100-ден аз, бұлшық ет гипотониясы, акроцианоз, табанын тітіркендіргенде гримаса байқалады.

Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?

*1 балл

*3 балл

*7 балл

*+5 балл

*9 балл

 

#240

*!1,5 айлық бала участкелік дәрігердің бақылауында.Перзентханада туберкулезге қарсы екпе уақытша қарсы көрсеткіш болғандықтан жасалмаған .

Осы балаға қатысты участкелік педиатрдың ЕҢ дұрыс қандай тактика қолдану керек?

*+2 айға дейін Манту сынамасынсыз екпе жасау

*1 жасында Манту сынамасынсыз екпе жасау

*Манту сынамасынсыз екпе жасамау

*2 айдан кейін Манту сынамасынсыз екпе жасау

*8 айға дейін Манту сынамасынсыз екпе жасау

 

#241

*!14 күндік нәрестеде дене қызуы 37,8°С дейін көтерілді.

Осы температураға тыныс жиілігі мен жүрек соғысының 1 минуттағы қандай жиілігі АНАҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

*28/140

*20/130

*+44/160

*36/150

*52/170

 

#242

*!МЕРЗІМІНЕН АСЫП ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕГЕ ТӘН

*лануго

*+бас сүйегінің қаттылығы

*босану жақпасының болуы

*+терісінің құрғақтығы, түлеуі

*тырнақтардың толық жетілмеуі

*құлақ қалқанының жұмсақтығы

 

#243

*!ДИЗЭМБРИОГЕНЕЗ СТИГМАЛАРЫНА ЖАТАДЫ

*+эпикант

*анофтальм

*маймақтық

*полидактилия

*микроцефалия

*+готикалық таңдай

 

#244

*!ДЕНІ САУ НӘРЕСТЕНІҢ АПГАР БАҒАНАСЫ БОЙЫНША ҚАЛЫПТЫ БАҒАСЫ

*5-7 балл

*6-9 балл

*6-8 балл

*5-8 балл

*+7-9 балл

*+8-10 балл

 

#245

*!ТУЫЛУ КЕЗІНДЕ НӘРЕСТЕЛЕР ЖЫЛУ ЖОҒАЛТПАУЫ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

*+"тері теріге" жанасу

*туылғаннан кейін нәрестені бірден киіндіру

*+құрғату және ылғал жаялықтарды ауыстыру

*туылғаннан кейін бірден антропометрия жүргізу

*босану бөлмесінің температурасының 220-240 ұстау

*нәрестені жылу сәулесі бар үстелдің астына жатқызу