Эссе. ҚР-ғы міндетті сақтандырудың дамуы.
2010 жылғы қаңтар айында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 12 228,31 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде жиналған көлемнен 32,2%-ға көп. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақы көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 13,7%,-ға, ерікті жеке сақтандыру бойынша 2,2 есе артты, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ұлғаюы 8,9% құрады. 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 41 cақта ндыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері жəне 63 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Капитал: 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталының жиынтық мөлшері 184 037,6 млн.теңге болды. Сақтандыру ұймдарының активтерінің жиынтық көлемі 2010ж басында 308 499,6 млн. теңге болды , былтырғы көрсеткіштен 10,1%ға көп.
Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін жоққа шығармады – жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру). Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды). Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.
1 кезең – ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін).
Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін ынталандыру:
- қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру;
- сақтанушылардың рыногын қалыптастыру;
- бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;
- сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;
- сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;
- сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.
2 кезең – инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)
Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:
- сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;
- инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;
- сактандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;
- таяу шет ее рыногында ұлттық сақтандырушылардың өктемпаздығы;
- заңнамаларды жетілдіру;
- сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.
3 кезең – дамыған сақтандыру қызметі рыногы
Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:
- әлеуметтік қорғаудың үш денгейлі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сактандыру компанияларының белсенді рөлі жағдайында);
- ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;
- ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;
- таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.
85 .Эссе.«Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
Табысты экономикалық даму мен қоғамдық игілікті қамтамасыз етудің арасындағы ұтымды тепе-теңдікті таба білудің Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар.
Қазіргі әлемдегі бұл түбірлі мәселе әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Бұл таяудағы онжылдықтағы Қазақстанның дамуының басты бағыты. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәл осы тақырыпқа арналған.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселесі бойынша негізгі бағыттардың бірі - Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі болып табылады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың басты құралы. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыру басымдықтары.
Келесі мәселе - Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арналған осы Жолдауында жарты миллиондық жастар отбасының тұрғын үй проблемаларын шешу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Үшіншіден, Өңірлерді дамыту. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.
Келесі, Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет.
Бесінші, Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу - маңызды міндет.
Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту. Қазақстанда толыққанды, қуатты және беделді сот билігі әлі де қалыптасқан жоқ. Сот реформасы жалғасуда және оның толығымен жүзеге асыруға – тәуелсіз және құзыретті сот билігін қалыптастыру үшін белгілі бір уақыт керек. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту – маңызды мәселе.
Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады.
Келесі мәселе, Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Зейнетақы жүйесін жетілдіруде ерекше ролді мемлекет атқарады, ол қоғамның барлық мүшелеріне лайықты зейнетақы алу үшін табыс тауып, қаражат жинауға, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуының сенімді негіздерін жасау үшін жағдай жасау керек.
Тоғызыншы. Индустриалды-инновациялық жобалар. Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі экономиканы нығайту бойынша жаңа талаптарды қояды. Қазіргі кезде әлемде тұрақсыздану тәуекелдері күшейіп келеді. Сондықтан біздің мемлекетіміздің міндеті – еліміздің халқын орын алуы мүмкін экономикалық күйзелістерден қорғап, дамудың жағымды динамикасын қамтамасыз ету.
Және ең соңғы, Ауыл шаруашылығын дамыту. Қазақстанның аграрлық секторының экспортқа тауар шығаруға мүмкіндіктері көп және инновацияларды енгізу әлеуеті мол.Міндетіміз-ауыл шаруашылығын дамыту.
Қорыта келгенде, Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе. Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз.