Тұлға дамуының мағына қалыптастырушы жағдайлық механизмі «Өзін-өзі тану» курсының процессуалды негізі ретінде.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

 

Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер,атап айтқанда:

Ø оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

Ø өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

Ø өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;

Ø адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;

Ø әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;

Ø белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;

Ø күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11 сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:

Ø рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;

Ø өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;

Ø күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8, 9,10, 11 сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.

Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:

1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:

а) өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;

ә) өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;

б) әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;

в) адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.

2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:

а) өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;

ә) өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;

б) әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;

в) адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.

3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.