Басқару шешімдерінің жіктелуі

Басқару шешімдерін көптеген сипаттарына қарай жіктеуге болады.

Ұйымның болашағына әсер ету дәрежесіне қарай шешімдерді стратегиялық және тактикалық деп бөледі.

Уақыт шегіне қарай преспективалық шешімдер туралы айтуға болады, олар болашақта жүзеге асырылуы және ағымдағы шешімдер бүгінгі күннің қажеттіліктеріне байланысты қабылдану.

Басқару субъектісі бойынша мемлкеттік, шаруашылық, кәсіпкерлік және қоғамдық ұймдардың шешімдері болады.

Функционалды тағайындалуы бойынша ұйымдастырушылық реттеуші, координациялаушы, белсенділендіреуші, бақылаушы шешімдерді ажыратамыз.

Қабылдау тәсілі бойынша таңдаулы және жүйелі шешімдер болады. Алғашқысы, әдетте, қарастыратын мәселеге жақын бір немесе бірнеше аспектіге байланысты болады, екіншісі мәселені толығымен қамтып қарастырады.

Шешімді қабылдаушылардың санына байланысты жеке және ұжымдық шешімдер болады.

Қабылдау тәсілі бойынша кеңестің, серіктестік, парламенттік болады.

Ауқымдау көлемі бойынша жалпы және арнайы шешімдер анықталады.

Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор.Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі.Олардың алуан түрлілігін жүйелеу,реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.

Басқару субьектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

1.Әкімшілік шешімі

2.Қоғамдық ұйымдар шешімі т.б.

Басқару обьектісі бойынша шешімдерді жалпы және тікелей,күрделі және қарапайым деп бөледі.Жалпы шешім,әдетте,бүкіл шаруашылықтың мүддесін қорғайды.Жекелей шешімнің жедел сипаты болады,бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету обьектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды,әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен,сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады.Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.Уақыт өлшеміне қарай шешімді:перспективалық,күнделікті(ағымдағы),және жедел деп бөледі.

Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт(3-5 жыл және одан астам) керек.Мәселен,ірі мал шаруашылық кешендерін салу,кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жатады.Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді,еңбек,материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды.Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан,перспективалық жоспарларды көрсетіледі.Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір екі жыл аралығында жүзеге асырылады.Жедел шешім,әдетте,қысқа уақыт ішінде(бірнеше апта,күн,ай) жүзеге асырылады.Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Жекелей шешім-бұл басшының ұжыммен,немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз,әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі.Бұл көбінесе ұсақ түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім.Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін.Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.Алқалы шешім-бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен (алқа,кеңес т.б.) бірлесіп,ақылдасып отырып жасалатын шешім.Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді,әрі онда көптеген мәселелер қамтылады.Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып,сонда қабылданады.Қызметтік мақсатында орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық,технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.А.И.Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында басқару шешімдерін былайша жіктейді.

1.Мұқият айқындалған типтік шешім,оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейдінемесе шамалы әсер етеді.Бұған кадр мәселелері (жұмысқа қабылдау және шығару),агрономиялық,инженерлік және зоотехникалық малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.жатады.Мұндай шешімдерді ойластырғанда алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.

2.Ынталы шешім,яғни онша айқындалмаған шешім,мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.

3.Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған жетуді көздейді.Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды.Мұндай шешімнің мысалына кәсіпорындағы ғылыми техникалық прогресті,оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы мүмкін.Атап көрсететін жайт,мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті түрде сол шаруашылықтың жұмыскерлері,оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы тиіс.

Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді.Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі,былайша айтқанда,шешімнің математикалық теңдеуі.Әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі,сондықтан да таңдау ісі ұйым белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс.Бағдарланбаған шешім біршама жаңа,ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады.Мұндай шешімдерге мыналар жатады:ұйым мақсаты қандай болу керек,басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек.Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептері аталған факторлардың біреуі болуы мүмкін.Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады.Практикада таза түрінде бағдарламаланған немесе бағдарланбаған шешімдер сирек кездеседі,барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды,алайда едәуір мәні бар.Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады,әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі.Сонымен қоса бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар.Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды мұқият талдап,неғұрлым тиімді,әрі заңды шешімдерді таңдап алады,Сондай ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.Жоғарыда атап көрсетілгендей,нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері жағынан бір бірінен айырмашылығы бар.Алайда, көптеген шешімдерді өзара салыстырғанда,олардың арасында елеулі ұқсастық,заңды белгілер бар екендігін аңғаруға болады.Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді.Бұл шешімнің маңызды бөлігі.Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады.Іс әрекеттің бірізділігі мен реттілігі,календарлық мерзімдер,орындауға жауаптылар,орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.