Білім беру саласы: «Қатынас» Драма-16 сағат

Сабақ тақырыптары Сабақтың мазмұны Қолданылатын көрнекілік Сағат саны Күні
Театрға саяхат Балаларды мектеп сахнасымен таныстырып, сахна туралы ұғым беру. Балаларды сахнаға деген қызығушылдығын ояту.Сахна кейіпкерлерімен таныстыру. Образға кіру, дауыс ырғағын салу, кейіпкерді бейнелей білу қабілеттерін қалыптастыру. Мектеп сахнасы, мазмұнды суреттер, атрибуттар.  
Дұрыс сөйлеу мәнері Балаларға ертегіні оқып,таныстыру арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу қаблеттерін дамыту.Бір-біріне қамқор болуға,адалдыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу. Ұл,қыздың суреттері  
Мектепте не үйрендік Мектеп кабырғасында үйренген білімдерін кейте отырып кейіптендіру.Кітап, мектеп деген сөздерге сөз, сөйлемдер құрастыру. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Шығарма оқу. Мектеп ,сынып т.б туралы суреттер,шыгарма кейіпкерлері
Бәрін білгім келеді Өткен ертегілерді естеріне түсіру және аттарын атай білуге үйрету. Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету. Сөздік қорын молайту, диалогті сөйлеуге төселдіру. Атрибуттар  
Айсұлудың туған күні Балалардың мерекелік көңіл күйі көтеру.Өздерінің тақпақ әндерін анық нақышына келтіре айтуға үйрету. Мерекеде көргендерін баяндауға үйрту. Парк іші, мерекеден көрініс.
Дос болайық бәріміз «Достық», «ынтымақ» сөздерінің маңызын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.. Халықтардостығыбейнеленгенсуреттер.  
       
Кішкентай маса Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. сөз, сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ертегі желісі бойынша баяндау, сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру. Үстел үсті театры, ойыншықтар, жәндіктердің атрибуттары  
Ақ бидай Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Табиғаттағы өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастыру. Күн мен түннің ұзақтығы,ауаның температурасының өзгеруі,жапырақтардың түсінің өзгеруі,жемістердің пісуі туралы және т.б.білім негіздерін меңгерте отырып,есте сақтау қабілеттерін,зейіндерін дамыту.Өсімдіктерді күтіп- баптауға және табиғатқа қамқолықпен қарауға тәрбиелеу.Кейіпкерлердің образын мимикасын көрсете білуге уйрету. Cуреттер,табиғи материалдар  
Гострольдік сапарға шығу Әңгімені тыңдау барысында, ауыл, қала туралы түсінік беріп, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.Гастрольдік сапар туралы әңгімелеу Қала,ауыл бейнеленген суреттер
Мақтақыз бен мысық (ертегісі) Ертегі мазмұнымен таныстыру, сұраққа –жауап арқылы ертегі желісін құру. Сахналау. Ертегі атрибуттары.  
Үлкенге құрмет, кішіге ізет Балаларды өзара жақсы қарым қатынас жасауға үйрету,айналасына қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру,жақсылыққа ізгілікке тәрбиелеу Отбасы мүшелерінің атрибуттары  
Алтын сақа Алтын сақа ертегісі желісімен сахналық /рөлдік / ойын әдісін қолдану Алтын сақа ертегісінің атрибуттары  
Көкөністер мен жемістер туралы ертегі Шығарма кейіпкерінің жүріс-тұрысына деген эмоционалдық ықыластылықты танытуды талаптандыру, ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс-тұрысын бағалауға үйрету. Балаларды бір-бірін сыйлауға,тату болуға,қолындағы барын бөлісуге, жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Көкөністердің суреттері,атрибуттары  
Ең керемет дәм Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, кейіпкерлерге бөліп сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу Азық-түлік ,көкөніс,табиғат бейнеленген суреттер  
Дені саудың –жаны сау Балаларға адам денесінің құрылысын көрсету.Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы болатынын түсіндіру. Балаларды дұрыс қозғалуға ,бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтануға үйрету. Бұлшықетін,сүйектерін қатайту,іскерлі білімдерін қалыптастыру.Балаларға жүйке және мидың маңызы туралы мәліметтер беру. Адам дене құрылысының суреттері  
Ертегі еліне саяхат Театр түрлерімен таныстырып, ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге, өзінің көз қарасын білдіруге үйрету.Ертегінің мағынасы неде екенін түсіндіру. Үстел үсті театры, қасқыр, түлкі әтеш ойыншықтары.