Пиктограмма әдісімен сигналдық жүйенің басымдылық типін анықтау

Тәжірибе жасаушы алаңдауға арналған20 түсініктерді оқиды. Зерттелуші әр бір сөз тіркесіне әріп пен санды қолданбай дәптеріне жауап ретінде сурет салуы керек.

Суреттің салуы бойынша сигналдық жүйенің басымдылық типі анықталады. 15 минуттық үзілістен кейін зерттелуші өзінің салған суретін түсіндіреді.

Алаңдауға арналған түсініктер:

  1. тәтті кешкі тамақ 16. көптен күткен табыс
  2. көңілді мереке 17. сопақ үстел
  3. сары көлік (такси) 18. күзгі бал
  4. жақсы көретін оқытушы 19. ерте көктем
  5. қызықты ойын 20. көк кеме
  6. қарлы қыс
  7. футболды матч
  8. классикалық музыка
  9. ақ өлең
  10. жаңбырлы таң
  11. туған күн
  12. тату балалар
  13. халықтық хор
  14. мұңды ән
  15. аралас тарих

 

Жұмыс

Жеке тұлғаның ерекшеліктерін тест арқылы анықтау.

Жапалақ немесе боз торғай тесті.

1. Сізге таңертең ерте тұру қыин емес пе?

А) ия, әрқашан

Б) кейде

В) сирек

Г) өте сирек

2. Сiз қай уақытта ұйықтауға жатуды дұрыс көресiз?

А) түнгi бiрден кейiн

Б) он бір жарымнан, он екіге дейін

В) оннан, он бiр жаpымағa дейiн

Г) онға дейiн

3.Таңертең тұрған соң, қандай асты дұрыс көресiз?

А) тоқ тамак

Б) көп, бiрақ каллориясы онша емес

В)бутерброд немесе пісірілген жұмыртқа жеткілікті

Г) бiр стакан шай немесе кофе жеткiлiктi

4.Үйде және жұмыста болатын сiздiң жеңiл ашуыңыз майда ұрыс ­керiстердi еске түсiрiңiз. Олар кебiнесе қай уақытта болады?

А) күннiң бiрiншi жартысында

Б) күннiң екiншi жартысында

5.Қай нәрседен сiз жеңiл бас тарта аласыз?

А) таңертеңгiлiк шай немесе кофеден

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   115 бет 139

 

Б) кешкi шайдан

6. Демалыс уақытыңызда сiз тамақты қабылдауға байланысты әдеттеріңізді өзгертесіз бе?

А) өте оңай

Б) жеткiлiктi оңай

В) қиын

Г) әдеттерді өзгертпеймін

7.Таңертеңнен сiздi маңызды icтep күтiп тұр. Кешке сіз қаншалықты ерте жатасыз?

А) eкi сағаттан көп

Б) бiр сағаттан көп

В) 1 - 2 сағатқа

Г) әдеттегiдей

8. Сіз бір минутқа тең уақыт арналған қалай дәл бағалай аласыз? Біреу сізді тексерсін.

А) уақыт аралығы 1 минуттан кем

Б) уақыт аралығы 1 минуттан көп

Нәтижесі

Сұрақ номері. а б в г
О
О
О
О - -
О - -
О
О
О - -
Жалпы        

 

Жалпы сандар

О - 7 балл – таңергенгелiк тип, боз торғай

8 - 13 балл - аритмиялық тип,көгершiн

14 - 20балл - кешкелiк тип, жапалак

 

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   116 бет 139

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

 

 

Тақырыбы: Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістері.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған :Ибраева С.С

Астана, 2013ж.

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   117 бет 139

1. Тақырыбы:Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістері.

2. Мақсаты: Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістерін оқу.

3. Оқу мақсаты:Сана үрдісінің негізінде жататын, адамның мақсатқа бағытталған әрекетін сипаттайтын, түрлі тесттік тапсырмаларды қолдануға студенттерді үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адамның психикалық қызметтерінің физиологиялық негіздері. Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (назар, қабылдау, ойлау, сана, сөз).

2. Адамның психикалық қызметтеріінң бейімдегіш ролі. Назар.

3. Назардың физиологиялық механизмдерін түсіну үшін И.П. Павлов пен А.А. Ухтомский еңбектерінің маңызы. Назар аударуда тежелу процесінің ролі.

4. Ойлау. Сана, төменгі сана, жоғарғы саналардың физиологиялық негіздері.

5. Сөйлеу. Сөздің қызметтері. Адамдарда сөз дамуымен байланысты үлкен жарты шарлар қыртысының қызметтік асимметриясы.

6. Психикалық қызметтердің іске асуында орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайының маңызы.

7. Психикалық қызметтерді зерттеудің физиологиялық әдістері.

8. Есте сақтау және оның түрлері мен механизмдері. Ақпаратты есте сақтау және оны қайта шығару процестеріндегі мидың әрбір бөлімінің ролі.

9. Есте сақтау теориялары. Шартты рефлекс және есте сақтау. Есте сақтау бейімделу тәртібінің бір түрі ретінде.

10. Эмоциялар, олардың биологиялық ролі. Жіктелуі. Эмоциялар теориялары.

11. Эмоциялық жағдайлардың қалыптасуында ми құрылымдарының ролі. Эмоциялық шектен шығудың вегетативтік және қозғалыс компоненттері.

12. Адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекетіндегі эмоциялардың ролі. Эмоциялық шектен шығу. (эмоциялық стресс).

13. Ұйқының биологиялық маңызы, оның кезеңдері мен түрлері. Ұйқының электроэнцефалографиялық көрсеткіштері. Парадоксальды ұйқы, баяу ұйқы. Түс көру. Ұйқы теориялары. (И.П. Павлов, Р.Гесс, П.К. Анохин және т.б. ).

14. Гипноздық жағдайлардың физиологиялық негіздері. Электрлік ұйқы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

а) Қысқа уақыттық есті зерттеу. Тікелей есте сақтау көлемін анықтау.

б) Мағыналық естің көлемін анықтау.

в) Қабылдау мен ойлаудың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

г) Назарды зерттеу.

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   118 бет 139

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

33. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

34. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

35. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006,

52 б.

7. Бақылау:Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   119 бет 139