Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы

Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайта -
(қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________
2. Туған күні ___ж. "___"_________
3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты(разряды) _____________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтілі __________________________________________
6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі _____________________________________________________________________
7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Аттестатталушының пікірі ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты.
11. Дауыс беру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін бағалау парағына сәйкес бағалау:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ________;
2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) _________;*
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _________.
12. Біліктілік санаты (разряды):
1) ________ (жазумен) біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді _____________________ (дауыс саны)
_________________________________ (әр біліктілік санаты бойынша жеке)
біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ (дауыс саны) _________________
Қорытынды бағалау _____________________________________________
_____________________________________________________________________
(біліктілік санатының (разрядының) сандық белгісі жазумен жазылады)
_____________________________________________________________________
13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар беретін дәлелдемелерді көрсете отырып)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Ескертпелер _______________________________________________
_____________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы: _____________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: _____________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _____________________
(қолы)
_____________________
(қолы)
_____________________
(қолы)
_____________________
(қолы)

Аттестаттау өткізілген күн 20___ж. "___"_______________________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________
(азаматтық қызметшінің қолы және күні)

Ұйым мөрінің орны
* қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды

Білім және ғылым саласындағы
азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарына 2-қосымша

Аттестаттаудан өтетін азаматтық
қызметшіні аттестаттау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)

Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайта -
(қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек)
Т.А.Ә. (бар болған кезде)______________________________________
Лауазымы ______________________________________________________
Аттестатталушының бағасы ______________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі: атқаратын лауазымына сәйкес, қайта аттестаттауға жатады*, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді):
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Біліктілік санатына (разрядына) лайықты _______________________
Біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ _____________________________________________________________________
Негіздеме:_____________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының мүшесі ______________________________
(Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________
(Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)
Күні 20__ жылғы "___" ______________

*қайта аттестаттау өткізу кезінде шығарылмайды

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығына 2-қосымша

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Жалпы ережелер

1. Осы Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды.
2. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өтетін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;
2) біліктілік санаты – қызметкердің жұмысты орындау нәтижелілігін көрсететін біліктілік талаптарының деңгейі;
3) біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі;
4) біліктілікті арттыру ұйымы – педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
5) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын (растау) беру үшін аттестаттау – қызметкердің мамандық бойынша кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауды белгілейтін жүйелі әрекеттердің тәртібі;
6) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу негізінде оның кәсіби құзыреттілігін бағалау бойынша іс-шаралар жиынтығы;
7) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар – «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар;
8) сараптау – педагогтің кәсібилілік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау;
9) сараптамалық топ – педагог қызметкердің кәсібилілік деңгейін және біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін бағалау үшін біліктілікті арттыру жүйесінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінен қалыптастырылған тәуелсіз алқалы орган.
4. Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
5. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады:
1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету;
2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру саясатымен айқындалатын міндеттерді іске асыруға жеке-кәсіби дайындығын арттыру;
3) қызметі шеңберінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың үздіксіз білім алуын ынталандыру.
6. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың негізгі қағидаттары алқалылық, ашықтық, жүйелілік, айқындылық, объективтілік болып табылады.