Тақырып 4 Корпорацияның айналым капиталы

 

Лекцияның мақсаты: Корпорацияның айналым капиталын оқып-үйрену.

Негізгі сөздер: Айналым капиталы, өндірістік запастар, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді бағалы қағаздар

Негізгі сұрақтар:

1 Корпорацияның айналым капиталы

2.Айналым капиталы: өндірістік запасттар, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді бағалы қағаздар

3.Айналым капиталын пайдаланудың экономикалық тиімділігі

1.Корпорацияның айналым капиталы – бұл корпорацияның ағымдағы активтерге, яғни айналым құралдарына (қаражаттарына) салған капиталының үлесі. Олар өндіріс процесіне бір-ақ рет қатынасады, өзінің сыртқы нысанын өзгертеді және өз құнын тұтас өнім құнына аударады.

Айналым қаражаттарының құрамы келесі кесте арқылы сипатталады.

1-кесте Айналым қаражаттарының құрамы

Топтастыру белгілері Айналым қаражаттары
Функционал-дық міндеті Өндірістік айналым қорлары (өндіріс саласы) Айналыс қоры (айналыс саласы)
Өндірістегі және айна-лыстағы рө-лі Босалқыдағы қаражттар Өндірістегі қаражаттар Дайын өнім Ақшалай қаражаттар мен дебиторлық қарыздар
Ірілендірілген элементтер Еңбек заттары Аяқтал-маған өндіріс Болашақ кезеңнің шығындары Қоймадағы дайын өнім Жөнелтіл ген тауарлар Ақша-лай қа-ражаттар Дебиторлық қарыздар
Жоспарлау деңгейі Нормаланатын Нормаланбайтын
                     

Айналым активтері жетіспеген жағдайда немесе тиімсіз болса, корпорацияның қаржылық жағдайы төмендейді немесе оның төлемқабілеттілігі нашарлайды. Сонымен қатар, бұл процесске келесі себептер әсер етеді:

1/ болашақ кірістерді құнсыздандыратын жоғарғы деңгейлі инфляция;

2/ айналым құралдарын толықтырудың тиімді механизмінің болмауы;

3/тауар өндірушілерге жоғарғы салық деңгейінің болуы және тағы басқалары.

Корпорациядағы айналым активтерінің толық айналым циклі құралдарының қозғалыс уақытын сипаттайды және ол циклдің ұзақтығы өнім өндіру немесе өндіріс жылдамдығына байланысты болып табылады. Нарықтық жағдайда кез-келген корпорация тиімді қызмет ету үшін айналым құралдарының айналымдылығының жылдамдығын тездету керек және әрбір корпорация оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етуі қажет.

Сонымен қатар айналым қаражатары қалыптасу көздеріне байланысты меншікті және қарыз деп бөлінеді.

2.Айналым капиталы: өндірістік запастар, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді бағалы қағаздар

Дебиторлық қарыздар дегеніміз – белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ, жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен корпорациялар, сондай-ақ, жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

· ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық /алдын-ала төленген/;

· тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

· вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

· негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

· акционерлік қоғамның лдауазымды адамдардың борышы;

· басқа да дебиторлық корпорация борыштары;

Сонымен, дебиторлық қарыз дегеніміз – бұл иелік ету құқын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады

Өндірістік запастар – бұл өндіріс кезеңіне енгізілуге дайындалғвн еңбек құралдары және олар шикізат, жанар май, жартылай фабрикаттар, тара, және т.б.-дан тұрады.

Қысқа мерзімді бағалы қағаздарға көбінесе айналым мерзімі қысқа болып келетін, тез ақша қаражатына айнала алатын, сол немесе басқа кәсіпорынның бағалы қағаздары жатқызылады.

Корпорацияның айналым қаражаттарының қалыптасу көздері меншікті және қарыз деп бөлінеді.

Меншік айналым қаражаттары бастапқыда корпорацияны және оның жарғылық капиталын құру сәтін қалыптастырылады. Бұл ретте құрылтайшылардың инвестициялық қаражаттары меншікті айналым қаражаттарының көзі болып табылады. Одан әрі қарай кәсіпкерлік қызметтің даму дәрежесіне байланысты меншікті айналым қаражаттары табыстың есебінен толықтырылады.

Қарыз қаражаттарына банк несиелері, коммерциялық несиелер, крдеиторлық қарыздар жатады.

3. Айналым капиталын пайдаланудың экономикалық тиімділігі. Айналым капиталының тиімді пайдаланылуы айналымдылық көрсеткіштері арқылы анықталады. Айналым капиталының айналымдылығы айналым капиталының айналымдылық коэффициенті, айналым қаражаттарының бір айналымының ұзақтығы және айналым қаражаттарын бекіту коэффициенті сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті өнім өткізуден түскен табыс пен ағымдағы активтердің арақатынасын сипаттайды және келесі формула бойынша анықталады.

Каа.а.Nа.о.,

мұндағы: Каа.а – айналым капиталының айналымдылық коэффициенті; ТN - өнім өткізуден түскен табыс; Аа.о – ағымдағы активтердің орташа шамасы.

Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы келесі формула бойынша анықталады:

Ұа=360/ Каа.а=360/ ТNа.о.=360* Аа.о./ ТN.

Айналым қаржаттарын бекіту коэффициентінің формуласы мынадай:

Каб= Аа.о./ ТN.

Айналым капиталының рентабельділік дәрежесі:

Райн. кап. = Өнімді өткізуден түскен пайда *100/айналым капиталы көлеміндегі басқа да қаржылық нәтиже;

Бұл көрсеткіш айналым капиталының әрбір теңгесіне шаққандағы алынған пайданы сипаттайды және корпорация жұмысының қаржылық тиімділігін сипаттайды. Корпорацияда айналым қорының айналымдылығы неғұрлым тез, әрі көп болса, соғұрлым корпорация тиімді.

 

Бақылау сұрақтары:

Корпорацияның айналым капиталын айқындау керек. Айналым қаражаттарының құрамы қалай сипатталады. Айналым активтері жетіспеген жағдайда немесе тиімсіз болса, корпорацияның қаржылық жағдайы төмендейді немесе оның төлемқабілеттілігі қалай өзгереді?. Айналым қаражатары қалыптасу көздеріне байланысты меншікті және қарыз деп бөлінеді. Дебиторлық қарыздар дегеніміз не? Меншік айналым қаражаттары бастапқыда корпорацияны және оның жарғылық капиталын құру сәтін қалыптастырылады. Бұл ретте құрылтайшылардың инвестициялық қаражаттары меншікті айналым қаражаттарының көзі болып табылады. Одан әрі қарай кәсіпкерлік қызметтің даму дәрежесіне байланысты меншікті айналым қаражаттары табыстың есебінен толықтырылады. Осыны есептеп берініз. Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті қандай формула бойынша анықталады. Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы қандай формула бойынша анықталады? Айналым қаржаттарын бекіту коэффициентінің формуласы қандай? Айналым капиталының рентабельділік дәрежесін есептеңіз.

Негізгі оқу әдебиеттері

1. Ібрішев Н.Н. Корпоравтивтік қаржы Алматы 2012

2. Бигельдиева, З.А. Корпоративтік қаржы Алматы 2010

3. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы, Алматы. Экономика, 2008.