Экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу 2 страница

*+Бауырішілік холестаз

*Бауыр циррозы

 

#799

*!Жүкті әйел 32 жаста, жүктіліктің 32 аптасында терінің қышынуына, тері және склерасының сарғаюына шағымданып түсті. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ-160Ед/л, АСТ-110Ед/л, жалпы билирубин-67ммоль/л, СФ-340Ед/л, холестерин-7,9ммоль/л.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

*Вирусты гепатит

*Аутоиммунды гепатит

*+Бауырішілік холестаз

*Бауыр циррозы

 

#800

*!Жүкті әйел 25 жаста, жүктіліктің 33-34 аптасында келді. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүрек айнуға, қыжылдауға, эпигастрий аймағындағы ыңғайсыздыққа шағымданады. Осы шағымдар 5 күн бойы мазалайды. Қарап тексергенде дәрігер тері және шырышты қабаттардың әлсіз сарғаюын анықтады. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-152Ед/л, АСТ-80 Ед/л, жалпы билирубин-52ммоль/л, СФ-320 Ед/л.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

*Вирусты гепатит В

*Созылмалы гастрит

*Біріншілік-билиарлы цирроз

*Созылмалы панкреатит

 

#801

*!Жүкті әйел Л., 36 жаста, дәрігер қабылдауына жүктіліктің 36 аптасында келді. Әлсіздікке, қыжылдауға, тері және склерасының сарғаюына шағымданады. Бір апта бойы мазалайды, жүрек айну, құсудан басталып, кейін эпигастрий аймағындағы ауру сезімі қосылған.Бүгін жұтынғанда өңеште ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде: тері және склерасының сарғаюы. ЖҚА: Л-25 х 109/л. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-221Ед/л, АСТ-84 Ед/л, жалпы билирубин-154ммоль/л, СФ-360 Ед/л.

Жүкті әйелде ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Жедел вирусты гепатит В

*Бауырішілік холестаз

*+Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

*Біріншілік-билиарлы цирроз

*Аутоиммунды гепатит

 

#802

*!Жүкті әйел Л., 24 жаста, дәрігер қабылдауына жүктіліктің 35 аптасында келді. Шағымы: жұтынғанда өңештің ауру сезімі, тері және склерасының сарғаюы. Бес күн бойы мазалайды, жүрек айну, құсудан басталған. Қарап тексергенде: тері және склерасының сарғаюы анықталды. ЖҚА: Нв-100г/л, эритроциттер - 3,4 х 109/л, Л-13 х 109/л, тромбоциттер-150 х 109/л, ЭТЖ-15мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-221Ед/л, АСТ-84 Ед/л, жалпы билирубин-154ммоль/л, СФ-360 Ед/л.

Жүкті әйелде ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Жедел вирусты гепатит В

*Бауырішілік холестаз

*Біріншілік-билиарлы цирроз

*Аутоиммунды гепатит

*+Жедел майлы гепатоз

 

#803

*!27 жасар жүкті әйел ауыр интоксикация белгілерімен келіп түсті: тахикардия 110-120 минутына, АҚҚ 80/40 мм.сын.бағ., тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі жабындымен жабылған. Анамнезінен: соңғы менструациясы 6 апта бұрын, тоқтаусыз құсу 2 ретке дейін тәулігіне, тез салмақ жоғалту.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Тағамдық токсикоинфекция

*Қант диабеті

*+Жүктілердің шамадан тыс құсуы

*Жедел вирусты гепатит

*Гастриттің өршуі

 

#804

*!Жүкті әйел, жедел жәрдем бригадасымен келіп түсті. Үшінші жүктілік, жүктілік уақыты 10 апта. Екі жүктілік медициналық көрсеткішке байланысты – ауыр гестоз, жүктілердің шамадан тыс құсуымен үзілген. Жүкті әйел гепатит «В» мен ауырған. Жүкті әйелдің жағдайы ауыр. Тәулігіне 20 ретке дейін құсу мазалайды. Терісі құрғақ, сарғыш, бозғылт. Аузынан ацетон иісі шығады. Зәрінде - ацетон - +++, белок іздері, цилиндрлер.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+Жүктілердің шамадан тыс құсуы

*Жедел гепатит

*Гестационды диабет

*Бауырдың жедел дистрофиясы

*Тағамдық токсикоинфекция

 

#805

Жүкті әйел 1 жүктілік, 30 жаста, анамнезінде персистеуші гепатит, жүктіліктің 32 аптасында әлсіздік, басының ауруы, шөлдеу, салмағының азаюы мазалайды. Динамикада жағдайы нашарлай түсті, эпигастрий аймағында ауру сезімі, сарғаю, тахикардия, қанмен құсу, инъекция орнынан қан кету, терінің қышынуы, олигоанурия мазалады. Анализінде: гипопротеинемия, гипербилирубинемия, тромбоцитопения, тромб уақыты және рекальцификация уақытының жоғарылауы анықталды. Ультрадыбыстық зерттеуде – бауыр көлемінің азаюы анықталды.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Жүктіліердің шамадан тыс құсуы

*Созылмалы гепатит, өршуі

*Біріншілік-билиарлы цирроз

*+Жүктілердің жедел майлы гепатозы

*Жүктілердің гестациялық диабеті

 

#806

Жүкті әйел жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына жалпы әлсіздікке, астан жиренуге, құсуға шағымданып түсті. Бірінші қаралуы жүктіліктің 6 аптасында 2 апта бұрын болған. Жүкті болғалы бері жүкті әйелде таңертеңгі уақытта құсу 10-15 ретке дейін күшейіп, кейін тамақ туралы ойлағанның өзінде пайда болатын болған. Соңғы екі тәулік бойы тамақ ішпейді, су ішкеннің өзі құсуды шақырады. Биохимиялық қан анализінде билирубин және қалдық азоттың жоғары мөлшері анықталды. Зәрде ацетон және белок іздері.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+Жүктілердің шамадан тыс құсуы

*Тағамдық токсикоинфекция

*Гестациялық диабет

*Бауырдың жедел дистрофиясы

*Гастриттің өршуі

 

#807

*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жүкті әйелдерде терінің қышынуы, тікелей билирубин, сілтілі фосфатаза, холестериннің жоғарылауына МЕЙЛІНШЕ тән?

 

*Механикалық сарғаюға

*+Бауырішілік холестазға

*Жильбер ауруына

*Криглер-Наяр ауруына

*Гемолитикалық сарғаюға

 

#808

*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жүкті әйелдерде терінің қышынуы, тікелей билирубин, сілтілі фосфатаза, холестериннің жоғарылауына МЕЙЛІНШЕ тән?

 

*Механикалық сарғаюға

*+Бауырішілік холестазға

*Жильбер ауруына

*Криглер-Наяр ауруына

*Гемолитикалық сарғаюға

 

#809

*!Төмендегілердің қайсысы жүкті әйелдерде бауырдың жедел майлы дистрофиясы кезінде қыжылдаудың ЕҢ негізгі себебі болып табылады:

 

*+Өңештің шырышты қабатының эрозиясымен жарасы

*Қышқылдың асқазаннан өңешке лақтыруы

*Орталықтан

*Жатырдың жоғары орналасуы

*Себебі анықталмаған

 

#810

*!Жүкті әйел К., 26 жаста, дәрігер қабылдауына жүктіліктің 35 аптасында келді. Әлсіздікке, қыжылдауға, тері және склерасының сарғаюына шағымданады. Бір апта бойы мазалайды, жүрек айну, құсу, эпигастрий аймағының ауру сезімінен басталған. Бүгін жұтынғанда өңеште ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде: тері және склерасының сарғаюы. ЖҚА: Л-25 х 109/л. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-221Ед/л, АСТ-84 Ед/л, жалпы билирубин-154ммоль/л, СФ-360 Ед/л. Дәрігер бауырдың жедел майлы дистрофисына күмәнданды.

Қандай микроскопиялық сурет МЕЙЛІНШЕ тән?

 

*+Цитоплазмада май тамшысымен гепатоцит ісінуі

*Гепатоциттердің гидропиялық және баллонды дистрофиясы

*Қабыну инфильтрациясымен гепатоциттер некрозы

*Қабыну инфильтрациясымен гепатоциттер ісінуі

*Жеке гепатоциттердің фокальды некрозы

 

#811

*!Жүкті әйелде вирусты гепатит Е қандай қауіптің дамуы МЕЙЛІНШЕ тән?

 

*Тератогенділік

*+Жедел түрде жүктілікті үзу

*Жүктілік токсикозының күшеюі

*Нефропатия қаупінің жоғарылауы

*Плацентиттің дамуы

 

#812

*!Энтералды вирусты гепатит кезінде қандай базисті ем ЕҢ жиі қолданылады?

 

*Ферменттер

*Вирусқа қарсы препараттар

*Қт айдайтын препараттар

*Иммунокорректорлар

*+Дезинтоксикация

 

#813

*!Жүкті әйелде жедел вирусты гепатит Е-де қандай иммунологиялық маркер ЕҢ арнайы болып табылады?

 

*Аnti HВcor IgM

*+Аnti HЕV IgM

*Аnti HАV IgM

*Аnti HЕV IgG

*НВс Ag

 

#814

*!Жүкті әйелде вирусты гепатит «Е» - нің ауыр ағымын көрсететін ЕҢ негізгі симптом:

 

*Сарғаю

*Буындарда ауру сезімі

*+Анорексия, жүрек айну, құсу

*Менингеальды белгілер

*Уртикарлы бөртпе

 

#815

*!А. есімді жүкті әйел 32 жаста, жүктіліктің 36 аптасында құсу, басының ауруы, көрудің нашарлауы, эпигастрий және оң жақ қабырға тұсында ауру сезімі пайда болды. АҚҚ=150/100 мм сын.бағ. Зерттеу жүргізгенде гемолиз, тромбоцитопения, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, протеинурия анықталды.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Преэклампсия

*Гипертониялық криз

*+HELLP-синдром

*Гепатит

*Арахноидит

 

#816

*!20 жасар әйел, жүктіліктің 36 аптасында. Үнемі оң жақ қабырға тұсының ауру сезіміне, жүрек айну, «кофе қоюы» тәрізді құсуға, басының ауруына, көрудің бұзылуына, тырысуға шағымданады. Қарап тексергенде: тері және склераның айқын сарғаюы, аяқта ісінулер. АҚҚ 170/100 мм сын.бағ. Лабораторлы мәліметтер: ЖҚА- Нв- 127г/л, эр.-4,4 х1012/л , лейкоциттер-17,6 х109/л, тромбоциттер 74 х10 9/л, қан ұю уақыты -3 мин 50 сек-4 мин 12 сек, БҚА- АЛТ-484 Ед/л, АСТ-340 Ед/л, билирубин -210 мкмоль/л, тікелей фракция- 96 мкмоль/л: зәрі – бұлыңғыр, белок 0,066%, лейкоциттер – 6-7 к/а.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Жедел бауырдың майлы дистрофисы

*+HELLP-синдром

*Жүктілер холестазы

*Бауыр циррозы

*Жедел вирусты гепатит

 

#817

*!HELLP-синдромы кезінде шеткі қанда пайда болады:

 

*Микросфероциттер, акантоциттер

*+Деформирмацияланған және бүріскен эритроциттер

*Нысана тәріздімакроциттер, стоматоциттер

*Нысана тәріздімакроциттер, дрепаноциттер

*Серіппе тәрізді эритроциттер, «надкусанды» эритроциттер

 

#818

*!HELLP-синдромның ЕҢ жиі асқынуы:

*+Бала жолдасының қалыпты орналасудан мезгілінен бұрын бөлінуі

*Құрсақ қуысына қан кетумен бауырдың жарылуы

*Бас миына қан құйылу

*Жедел бауыр жетіспеушілігі

*Ұрықтың антенатальды қайтыс болуы

 

#819

*!Жүкті әйелдердегі ТІШҰ-синдромы ЕҢ жиі ненің себебінен дамиды:

 

*+Эклампсия

*Ұрықтың антенатальды қайтыс болуы

*Қағанақ суы эмболиясы

*Көпұрықты жүктілік

*Бауырдың жарылуы

 

#820

*!Кеш гестоздың ЕҢ мүмкін болатын белгісі?

 

*Бүйрек қызметінің бұзылуы

*Гемостаз жүйесінің бұзылысы

*Фетоплацентарлы жетіспеушілік

*+Эклампсия

*Артериальды гипертензияның болуы

 

#821

*!28-29 апталық жүкті әйел соңғы 4 аптада ісік ұлғайып, АҚҚ – 150-160/90-95 мм сын.бағ.жоғарылады.

ЖҚА: Эр. 4,0х1012/л, Гем – 98 г/л, Л- 9,3х109/л, Тромбоциты – 74х109/л, ЭТЖ – 50 мм/сағ.

Биохимия: АЛТ – 124 МЕ/л, АСТ – 112 МЕ/л, Билирубин – 25,5 мкмоль/л, тікелей – 7,5 мкмоль/л, СФ – 340 ед/л (норма <240 ед/л), ГГТП – 30 ед/л (норма<32 ед/л),

Зәр қышқылы – 243 мкмоль/л, креатинин – 89 мкмоль/л, альфафетопротеин – 132 ед/мл (норма 0-10). Тәуліктік протеинурия – 1,8 г/л.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+HELLP-синдром

*Преэклампсия

*Созылмалы вирусты гепатит

*Жүктілердің жедел Е вирусты гепатит

*Жүктілердің жедел бауырдың майлы дистрофиясы

 

#822

*!Босанатын әйел, 22 жаста (бірінші жүктілік, бірінші тез босану) жүктіліктің 39-40 аптасында, босану бөліміне басының ауруына және көрудің нашарлауына шағымданып түсті. Толғақ 40 секунд, әр 5 минут сайын, 12 сағат бойы. АҚҚ 140/100 мм.сын.бағ. 2 сағаттан соң туу толғағы басталып, суы кетті. Босанатын әйелде кентеттен тырысу пайда болды.

Жүктіліктің ағымына әсет еткен ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

*Преэклампсия

*+Эклампсия

*Көздің тор қабатының қабатталуы

*Эпилепсия

 

#823

*!22 жасар әйел, босанған соң 4 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауру сезімі, жүрек айну, құсу, сарғаю, клонико-тоникалық тырысулар пайда болды. У женщины 22 года, через 4 часа после родов появились боли в эпигастральной АҚҚ 160/120 мм сын.бағ. Қан зерттеуінде: жалпы билирубин: 172,3 мкмоль/л, тікелей емес 96,9, тікелей 66,6 мкмоль/л, жалпы белок 51,3 г/л, сарысулық трансаминазалар деңгейі жоғарылаған (АлАТ 62 Е\л, АсАТ 84 Е\л), тромбоциттер – 96 х109/л.

Төменде көрсетіген диагноздардың қайсысы ЕҢ жиі жүктіліктің ағымын асқындыра түсті?

 

*Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

*ТІШҚ-синдромы

*+HЕLLP-синдромы

*Вильсон-Коновалов синдромы

*Жедел вирусты гепатит Е

 

#824

*!HELLP-синдромы кезінде протромбинді уақыт пен протромбинді индекс ЕҢ жиі көрсетеді:

 

*Протромбиназа активтенуінің ішкі механизміне қатысатын белсенді факторлар

*+Протормбинді кешен факторының белсенділігі

*Ұюдың III фаза жағдайы және антикоагулянттар белсенділігі

*Қан ұюдың І фазасына қатысатын белсенді факторлар

*Антигемофильді глобулин А активтілігі

#825

*!Әйел 32 жаста, жүктіліктің 14 аптасында. Әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға, оң жақ қабырға тұсындағы әлсіз ауру сезіміне, буындардың ауру сезіміне, дене t 37,5º дейін жоғарылауына шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын аяғы сынып, операция жасалған. Объективті: тері және шырышты қабаттары сары түсті, t=37,8 º. Іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ қабырға тұсының ауру сезімі, бауыры +2,0 см., тығыз консистенциялы.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Аутоиммунды гепатит

*Белгісіз генезді артрит

*+Вирусты гепатит В

*Жүктілердің бауырішілік холестазы

*Созылмалы холецистит

 

#826

*!27 жасар әйел жүктілікті жоспарлауда. Соңғы екі жыл әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, менструальды функцияның бұзылуына, өршіген терінің қышынуына, оң жақ қабырға тұсынының ауру сезіміне, тізе буындарының ауруына, оқтын-оқтын дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: беті, алақандары гиперемияланған. Терісінде қасыған іздер, склерасы иктериялық, мойны мен кеудесінде — тамырлық жұлдызшалар, балтырында ұсақ геморрагиялық бөртпелер. Пульсі 88 рет минутына, ритмді АҚҚ=120/80 мм сын.бағ. Тондар анық. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға тұсында ауру сезімі. Бауыры қабырға доғасынан 5 см ұлғайған, жиегі ауру сезіммен, консистенциясы тығыз-эластикалық. Көкбауыры ұлғаймаған.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+Созылмалы вирусты гепатит

*Аутоиммунды гепатит

*Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

*Панкреатит

*Холецистит

 

#827

*!Әйелдер кеңесінде 35 жасар жүкті әйелді 12 аптасында есепке алу кезінде, жалпы қан анализінде: Л-9,2х 109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ, HBsAgоң нәтиже. Әйелдің айтуы бойынша бір жыл бойы әлсіздік, майлы және қуырылған тамақтан соң оң жақ қабырға тұсында дискомфорт мазалайды.

Анамнезінен: 1,5 жыл бұрын 12-елі ішектің жарасы бойынша операция жасалып, қан құйылған. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, иктериялық, «декольте» аймағы және кеудесінде телеангиоэктозиялар, пальмарлы эритема анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см ұлғайған.

ЕҢ мүмкін болатын ауру?

 

*Жедел вирусты гепатит В

*Созылмалы вирусты гепатит В

*+Созылмалы вирусты гепатит С

*Аутоиммунды гепатит

*Бауыр циррозы

 

#828

*!Әйелдер кеңесінде 35 жасар жүкті әйелді 12 аптасында есепке алу кезінде, жалпы қан анализінде: Л-9,2х 109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ, HBsAgоң нәтиже. Әйелдің айтуы бойынша бір жыл бойы әлсіздік, майлы және қуырылған тамақтан соң оң жақ қабырға тұсында дискомфорт мазалайды.

Анамнезінен: 1,5 жыл бұрын 12-елі ішектің жарасы бойынша операция жасалып, қан құйылған. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, иктериялық, «декольте» аймағы және кеудесінде телеангиоэктозиялар, пальмарлы эритема анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см ұлғайған.

Қандай мәліметтер аурудың созылмалы ағымын ЕҢ жиі көрсетеді?

 

*ЭТЖ жоғарылауы

*HBsAg оң нәтиже.

*Бір жыл бойы оң жақ қабырға доғасында ауру сезімі

*+Пальмарлы эритема, телеангиоэктазиялар, 1,5 жыл бұрын қан құйылған

*Жүкті әйелдің жасы 30 жастан жоғары

 

#829

*!Пациент 20 жаста, жүктіліктің 24 аптасы, аймақтық дәрігерге оң жақ қабырға тұсында ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, әлсіздік, буындарда ауру сезіміне, оқтын-оқтын мұрнының қанауына шағымданып келді. Өзін аурумын деп 2 жыл бойы есептейді, зерттеу нәтижесінде HBsAg анықталды. Анемнезінен: соңғы 2,5-3 жыл бойы стоматологиялық клиникаларға, косметикалық салондарға жиі барады. Қарап тексергенде: арық, тері жабндысы бозғылт, аздаған иктериялық, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритемалар анықталады. Іші жұмсақ, қабырға доғасынын 3,0 см. ұлғайған, консистенциясы тығыз, сезімтал.

Зерттеу нәтижесінде: ЖҚА Нв-100г/л, эритроциттер-3,5 х 1012/л, лейкоциттер-8 х 109/л, тромбоциттер-150 х 109/л, ЭТЖ-40мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-165Ед/л, АСТ-81Ед/л, жалпы билирубин- 65 ммоль/л, жалпы белок-60г/л, глюкоза-3,2ммоль/л, СФ-420 Ед/л.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*Жедел вирусты гепатит В

*+Созылмалы вирусты гепатит В

*Созылмалы вирусты гепатит С

*Бауыр циррозы

*Аутоиммунды гепатит

 

#830

*!Әйел 25 жаста, жүктіліктің 28 аптасында, Созылмалы HВV-инфекция, F3 кезеңі, жоғары ВЖ HВV ДНК (1 000 000 МЕ/мл), HBeAg-оң статус, перинатальды трансмиссияның алдын алу тенофовир алады.

Босанған соң вирусқа қарсы препараттармен емдеудің ЕҢ мүмкін болатын ұзақтығы?

 

*1 апта

*+12 апта

*24 апта

*48 апта

*Тоқтатылмайды

 

#831

*!32 жасар әйел, жүктіліктің 16 аптасында, аймақтық дәрігерге тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, жүрек айнуға, оң жақ қабырға тұсының ауру сезіміне, зәрдің қоюлануына шағымданып түсті. Анамнезінен: 1 жыл бойы инъекциялық наркотиктер қабылдайды.

Төмендегі аурулардың қайсысы ЕҢ мүмкін болады?

 

*Жедел вирусты гепатит В

*Созылмалы вирусты гепатит В

*+Созылмалы вирусты гепатит С

*Бауыр циррозы

*Аутоиммунды гепатит

 

#832

*!Науқас 22 жаста. Жүктіліктің 35-36 аптасында. Босану II, алдын ала босану кезеңі. 4,5 сағаттан соң гипотрофияның II дәрежесімен мерзіміне жетілмеген ұл баланы босанды. Босанған кейін сегіз сағаттан соң эпигастрий аймағында ауру сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Қарап тексергенде: айқын сарғыштану, клоника-тоникалық тырысулар, диурезі 150 мл. АҚҚ 160/120 мм сын.бағ. Дамыған эклампсияға байланысты антигипертензивті седативті ем тағайындады. Зерттеу нәтижелері: Нв 100 г/л, Тр 90 мың, билирубин: жалпы 172,3 ммоль/л, тікелей емес 96,9, тікелей 66,6 ммоль/л, АлАТ 3,04, АсАТ 1,67 мкмоль/л, жалпы белок 51,3, креатинин 650 мкмоль/л, мочевина 32 ммоль/л. ЖЗА белок 3,3 г/л, Лейкоциттер 20-25 в к/а, Эритроциттер көп мөлшерде.

ЕҢ алғаш рет қолданылатын емдеу тактикасы қандай?

 

*+ӨЖЖ, жаңамұздатылған плазма

*Препараттар мөлшерін көбейту

*Қабылдап жатырған препараттар дозасын жоғарылату

*Кешенді инфузиялық емді бастау

*Форсирленген диурез әдісін қолдану

 

#833

*!Жүкті әйел жүктіліктің 30 аптасында азадаған енжарлық, оң жақ қабырға тұсының ауру сезімі мазалайды. ЖҚА: Эр. 4,2х1012/л, Гем – 118 г/л, Л- 8,3х109/л, ЭТЖ – 50 мм/сағ. Биохимия: АЛТ – 14 МЕ/л, АСТ – 12 МЕ/л, Билирубин – 15,5 мкмоль/л, тікелей – 7,5 мкмоль/л, СФ – 320 ед/л (норма <240 ед/л), ГГТП – 28 ед/л (норма<32 ед/л), альфафетопротеин – 140 ед/мл (норма 0-10).

Биохимиялық көрсеткіштерді бағалаудың ЕҢ дұрыс көрсеткіші?

 

*Жүктілерде бауырдың майлы дистрофиясы

*Өт-тас ауруы – УДЗ жүргізу қажет

*Вирусты гепатит, ИФТ маркерін жүргізу қажет

*+Жүктіліктің үшінші триместрі,барлық көрсеткіштер қалыпты

*Жүктілердің холестазы, урсодезоксихоль қышқылын тағайындау

 

#834

Жүкті әйел 23жаста, HBV-инфекциясымен, 39 апталық босанудан кейін.

Нәрестеге ЕҢ негізгі қандай шараларды жүргізу қажет?

 

*Бастапқы 6 ай вирусқа қарсы ем жүргізу

*Иммунномодулятор тағайындау

*+Бастапқы 8 сағат ВГВ қарсы активті және пассивті (HBIg) иммунизация жүргізу

*Бастапқы сағаттарда иммунизация жасауға болмайды, динамикалық бақылау

*Урсодезоксихоль қышқылы және витамин К

 

#835

*!Әйел 32 жаста, жүктіліктің 14 аптасында. Әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға, оң жақ қабырға тұсындағы әлсіз ауру сезіміне, буындардың ауру сезіміне, дене t 37,5º дейін жоғарылауына шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын аяғы сынып, операция жасалған. Объективті: тері және шырышты қабаттары сары түсті, t=37,8 º. Іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ қабырға тұсының ауру сезімі, бауыры +2,0 см., тығыз консистенциялы.

Диагнозды нақтылауға арналған ЕҢ негізгі әдіс қандай?

 

*Биохимиялық қан анализі

*Құрсақ қуысының УДЗ

*+ИХА вирусты гепатит маркеріне

*Компьютерлі томография

*Тікелей емес фиброэластометрия

 

# 836

*!Әйел 26 жаста.Созылмалы HВV-инфекция, HBeAg-оң статус, F3 кезеңі, ВЖ 1 500 000 МЕ/мл,III триместр бой перинатальды трансмиссияның алдын алу мақсатында тенофовир алады.

Босанған соң вирусқа қарсы препараттармен емдеудің ЕҢ мүмкін болатын ұзақтығы?

 

*1 апта

*48 апта

*Тоқтатылмайды

*+12 апта

*24 апта

 

#837

*!СВГС бар жүкті әйелдің балаға жұқтырудың ЕҢ мүмкін болатын қаупі?

 

*+Вирусты жүктеменің жоғары көрсеткіші

*Жүкті әйелде ВГС ағым ұзақтығы

*Жүкті әйел жасы

*Бауырдағы қабыну процессінің активтілігі

*Вирус репликациясының бауырдан тыс ошақтарының болуы