ызмет көрсетудің экономикалық рөлі

Қызмет көрсету индустриясы үлкен сан алуандықпен ерекшеленеді. Қызметті өндірумен үкіметтік, коммерциялық емес ұйымдарда айналысады. Мемлекеттік секторына жататындар: еңбек биржалары, пошта, өрттен сақтандыру, II М,ҰҚК және басқадай қызметтер. Коммерциялық сектордың маңызды бөлігі , атап айтқанда, заңдық және консалтингілік фирмалар, авиакомпаниялар, бактер, сақтандыру фирмалары мен т.б. қызметтер көрсетеді. Қызмет көрсету саласындағы әрекеттер сипаты әртүрлі болуы мүмкін . Мысалы, банктер, сақтандыру фирмалары мен т.б. қызметтер көрсетеді. Қызмет көрсету саласындағы әрекеттер сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, көптеген елдерде білімдік және медициналық мекемелер мемлекеттің қол астында және тұрғындағы көмекті тегін көрсетуге негізделген. Кейбір елдерде бұл қызметтер толығымен, немесе бөлшекті ақылы болып табылады. Экономикалық реформаны жүргізе отырып, қызмет көрсетудің даму динамикасына ықпал ететін факторларды талдау пайдалы болады. Қызмет көрсету саласындағы динамикалық өсудің шарттайтын өзекті фактор болып технологиялық прогресс боп табылды. Қызмет көрсету саласына экономикалық факторлардың ықпалы ЖІӨ жалпы динамикасымен, тұтынушы тауарлар сұранымының өзгеруімен, халықтың жұмыспен қамтылуымен, оның табысының деңгейімен шартталады. Қызмет көрсету саласында іскерлік және қаржылық қызмет көрсетудің ролі артуда (франчайзинг, лизинг және басқалары). Экономиканың барлық саласына тұтас, оның ішінде қызмет көрсетуге, сыртқы орьаның ықпалы жүйесіндегі демографиялық фактордың маңызын бағалау мүмкін емес. Мысалы, америкалықтардың өмірінің орташа жасы 76 жас, ұлттың қартаюы өтуде, бұл қызметкөрсету нарығының көптеп пайда болуына әкеледі: сақтандыру қызметінің нарығы (өмірді сақтандыру, салымдарды сақтандыру және т.б.). Нарықтың бұл түрінің дамуының мысплы бола алатын Жапония мен АҚШ.

Қызмет көрсету саласы ең перспективтік, жедел қарқынмен дамушы салаларының бірі болып табылады. Ол қызметтің кең ауқымын қамтиды: сауда және көліктен қаржыландыруға, сақтандыруға және әртүрлі тектегі делдалдыққа дейінгі ауқымды қамтиды. Эконикалық жүйенің түпкілікті өзгеру процесі, командалық – әкімшілік экономикадан нарықтық эконикаға өту қызмет көрсету саласына, әлеуметтік салаға аса қатты әсерін тигізеді. Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің күрделенуі мен нарықтық тауарлармен толтырылуынан қызметке сұраныс та өсіп отыр Қоғам қаншалықты экономикалық әлсіз болса оның шаруашылық қызметі көп жағдайда тек заттай әл ауқат өндірісімен ғана шектеліп қояды. Эконимакалық деңгей қаншалықты жоғары болса, индустрия негізі қаншалықты дамыған, және еңбек өндірісі жоғары болса, қоғамның шарушылық қызметі соншалық күрделене түседі: қызметі көрсетуге бағытталған шаруашылық құрылымы өзгереді және еңбек қызметінің мәні артады. Бұл тұжырымдама тауарлық нарық үшін типті, өткізілім тұжырымдамасымен үндес, бірақ оны пайдаланудың бірқатар ерекшеліктері бар. Ол, егер тұтынушыларды қарқынды ынталандыру әдістері көмегімен, қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметтерін пайдалануға тартпаса, олардың жеткілікті мөлшерде қажеттілігі болмайтынын бекітуге сүйенеді. Жәнеде, бұл кезде, жеке сату, бұхаралық ақпарат құралдарында жарнамалау, тұтынушылармен кездесулер ұйымдастыру және т.б сияқты ынталандырудың дәстүрлі әдістерін қолданумен қатар, қызмет көрсету кәсіпорынының оның имиджіне қатынасы бойынша қолайлы қоғамдық пікірлермен шартталған артықшылықтар қолданады. Имиджді қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыстың қажеттігі қызмет көрсету саласының кәсіпорыны өнімнің ерекшелігімен шартталған. Қызметтерді, оларды өндіру барысында, тікелей бірден қолдану және қызметті ерте бастан төлеу қыжеттілігі, тұтынушыларға қызмет сапасын тура әдістермен бағалауға мүмкіндік бермейді. Қызмет сапасын және белгілі бір қажетсінуді қанағаттандыру қабілеттілігін бағалай отырып, тұтынушы қосалқы ақпараттарды пайдалануға мәжбүрлі – басқа тұтынушылардың пікірлерін, адал өндіруші туралы көріністерді, нақты нарықтағы оның беделін. Бұл жағдайларда кәсіпорын имиджі, маркетингілік ықпал етудің басқа құралдарын екінші жоспарға итеріп қойып, нарықты игерудегі міндеттерді жүзеге асыруда ең маңызды құрал болады. Коммерциялық күштерді қарқындандыру тұжырымдамасы тәжірибе жүзінде, имидждің қалыптасуына белсенді әсер етуге мүмкіндік беретін, әлеуметтік-этикалық маркетингтік элементтермен толықтырылады. Қызмет көрсету экономикада әрқашан да маңызды роль атқарып келді. Бір қызметтердің экономикадағы роль өндірістің салаға қызмет көрсетумен, өндіріс жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін материалдық өндіріс өнімдерін бөлу және тұтыну процестерімен тығыз байланысты. Басқа қызметтердің роль – жұмыс күшін дамытуды қамтамасыз етумен, білім беру және мәдени технологиялық деңгейдің артуымен, денсаулықты нығайту және еңбекке қабілетті дамытумен, демалысты қамтамасыз етумен байланысты. Соңғы 10-20% жылдары әлемде осы саладағы қызмет ететіндер саны жалдам өсе бастады, оған себептердің қатарына өндірістегі жетілдіру жұмыпен қамтылғандардың аз санымен көп мөлшерде тауар өндіруге мүмкіндік бергендігімен түсіндіріледі. Бұл түрлі тектегі қызмет көрсетумен айналысқан қызметкерлердің едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік туғызды. Басқа маңызды фактор – сирек кездесетін немесе бірнеше онжылдық бұрын мүлдем болмаған, компьютер қолдануға негізделген қызмет түрлеріне өмір берген технологиялық прогресс. Сонымен қатар қызмет көрсету саласының аса қарқынмен өсуі өндірушілерге бұрын өздері айналысқан қызмет көрсету түрлерін бөтен фирмаларға “беруге” мүмкіндік туғызады. Бұл факторлар жиынтықта тұрып қызмет көрсету саласында еңбекпен қамтылғандар санының артуына әкеп соқтырды. Қызмет көрстеу саласы – қоғамдық өндіріс жүйесіндегі қызметтік мәні халыққа қызмет және рухани әл ауқат көрсету және жүзеге асырумен түсіндірілетін салалардың, кіші салалар және қызмет түрлерінің жиынтығы. Қызмет көрсету саласына тұрмыс деңгейін жетілдіру мен жақсартудағы, адамдадың материалдық және мілени әл-ауқатын көтерудегі көрнекті рольі бар екендігін көруге болады. Ол материалдыұ, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, қызметкердің бос уақытын көбейтеді, олардың еңбегіндегі шығармашылық мазмұнын арттырады, жұмыс уақытынан тыс тиімсіз шығыдарды азайтады, адам өміріне аса қолайлы және жағымды етеді. Және, осылайша, Қазақстандағы барлық әлеуметтік топтар мен жіктердің тұрмыстық мүдделерін қозғайды. Қызмет көрсету саласы, халық шаруашылығы мен басқа сектрларынан босаған еңбек ресурстарын абсорбциялау қызметін атқара отырып, және жұмыс орындары мен еңбек ресурстарын тұрақтандыруға ықпал жасай отырып, біздің еліміздің экономикасында дамушы роль атқарады. Қазақстанда, қазіргі кезде, қызмет көрсету саласы өндірістік саланы өсу қарқыны және пайда болған жаңа қызмет түрлері бойынша, оның нарық пен тұтынушылаодың қажеттіліктеріне бейімделуі бойынша басып озды. Мысалы, 1997 жылы қызмет көрсету саласының меншікті салмағы ЖІӨ(Жалпы Ішкі Өнім ) 57,9% құраған (1996 жылға қарағанда 1,8% артық). Қызмет көрсету саласының индустриялды дамыған елдердегі оның жағдайымен салыстырғанда артта қалушылығына қарамастан, сонғы он жылдықта қызмет көрсету саласы экономиканың дербес секторына айналған. Мұның келесі себптері бар: мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруына байланысты халыққа және ұйымдарға ақылы қызмет көрсету үлесі артты, яғни бұл меншіктің түрлену процесі және жеке кәсіпкерліктің дамуының ықпал етуімен байланысты көптеген жаңа қызмет түрлері пайда болды (бухгалтерлік қызметтер, брокерлік қызметтер және т.б.); қызмет көрсету кәсіпорындарының арасында бәсекелестік күшейеді. Қызмет көрсету саласы кәсіпкерлер үшін тартымды болды, себебі кейбір салалр бастапқы зор капиталды қажет етпейді, басқалары өздерінің дамымағандығымен байланысты жоғары пайда (қаржылық, трасталық) түсіруге мүмүкіндік береді. Қызмет көрсету саласына капитал салу және айналының бастапқы жоғары мөлшерлерімен көрсету саласының кеңеюін алдын ала анықтап берді. Ел экономикасының ашықтығымен байланысты жоғары пайда (қаржылық, трастылық) түсіруге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету саласына капитал салу және сауда делдалдық операциялар ақшаны тез қайтару кезеңділігімен және айналымның бастапқы жоғары мөлшерлерімен қызмет көрсету саласының кезеңділігі-мен қызмет көрсету саласының кеңеюін алдын-ала анықтап берді. Ел экономикасының ашықтығымен байланысты, қызмет көрстеу саласына сауданың қарқынды даму процесстері қатты әсерін тигізді: бұл саладағы айналымның артуы қызмет көрсету секторын кеңейтіп отыр. Қызмет көрсету саласында қазіргі кезде көкейкесті болып осы секторды басқарудағы құрылымдық өзгерістермен байланысты мәселелер саналады. Бұл өзгерістер – экономиканың ілгері транспормациялану нәтижесі және шарушылықтың нарықтың әдісіне көшу. Сонымен қатар, олар қызмет көрсету саласындағы экономиканың көпқырлығындағы өзгерістерді әкеледі. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласына дәстүрлі түрде мыналарды жатқызып келді:

· тұрғын үй және коммуналды шарушылық;

· халыққа тұрмыстық қызмет көрсету;

· денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру;

· дене шынықтыру және спорт;

· білім беру ;

· мәдениет және өнер;

· ғылым және ғылыми қызмет көрсету;

· несиелеу;

· сақтандыру;

· мемлекеттік басқару және қорғаныс;

· коммерциялық емес ұйымдар;

· үй шаруашылығына қызмет көрсету;

· сауда, көлік, байланыс қызметтері;

· бактік қызметтер материалдық өндіріске жатқызылды;

Дегенмен, шетелдік тәжірибеде, қызметтің бұл түрлері шүбәсіз қызмет көрсету саласына жатады. Бұл айырмашылық экономиканың екі секторының – біздің республика мен батыс елдерінің – өндірістік және қызмет көрсету салаларының өлшеусіздігіне әкеп соқтырды. Қазақстан Республика мен батыс елдерінің – өндірістік және қызмет көрсету сала-ларының өлшеусіздігіне әкеп соқтырды. Қазақстан Республикасы үшін қызмет көрсету секторындағы Қазақстан Республикасы эконикасының трансформациялануы және нарықтық экономикаға көшуі процессінде туындайтын бірнеше мәселелер тән. Ең алдымен бұл индустриялық дамыған елдерге қарағанда қызметтерді тұтыну деңгейі абсолютті түрде төмен болып жалғасып отыр. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларына тән. Сондай-ақ сатып алу қабілетілігінің тең бөлінбегендігін де есепке алған жөн. Және сонымен қатар халықтың түрлі топтарының тұтыну мінез құлқындағы үлкен айырмашылығында атап өту қажет. Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында 70% астам халық кедейшілік тауқыметін көруде. Аз қамтылған отбасыларының қызметке жұмсайтын шығындары меншікті салмақтың азғантай мөлшерін құрайды және ол 10-15% қана . Олардың көп үлесі пәтер ақы мен көлікке тиесілі болып отыр. Қолда бар деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстанның барлық облыстарындағы халықтың түрлі топтары қызмет көрсетуге өз бюджетінен бір келкі үлес жұмсап отырған жоқ, әсіресе бұл үлес ауыл тұрғындарында өте төмен болып отыр. Табыстардың көбеюі шамасына қарай бұл үлес тұрақты түрде артуда Қазақстан Республикасында қала және ауыл тұрғындары арсында тұтынуда күрделі айырмашылықтар сақталуда. Мұндайда, елдің урбандалу деңгейі қаншалықты төмен болса (бұл Қазақстанға тән ), тұрмыстық әл-ауқат (әсіресе қызмет көрсету ) таңдау соншалықты бай емес. Бұдан мынадай қорытынды шығарумызға болады, біздің еліміздігі халықтың көп бөлігінің ұсынылып отырған қызметті пайдалынуға мүмкіндігі жоқ, және қызмет көрсету саласының даму қарқынын тежейді.

Ведомстволық бастау қызмет көрсету саласының қажетті дамуына кедергі болады. Жекеменшік секторларды реттеудегі министірліктеодің қызметі бақылау мен үлестіру арасындағы шатақтық мысалы ретінде қызмет етеді. Аталған саланы мемлекеттік басқару органдары әкімшілік сипатта емес өз міндеттерін нақты болжау бағалары мен маркетингтік зертеулер негізінде жүзеге асырылатын үйлестіруші-талдау құрылымдары сипатына ие болуы қажет.Қазақстанның салық жүйесінен демеушілік пен жебеушілікті дамыту мүмкіндікті кідірту айқын болып отыр.Салық заңдарына әлеуметтік салаға ыңғайландыру еңгізілімдері сияқты,қаржылық айла шарғы мүмкіндігіне жол бермейтін ойластырған,өлшенген өзгертулер мен толықтырулар еңгізу қажеттілігі өзінен-өзі айқын көрініп отыр. Сондай-ақ қызмет көрсету саласында туындаған жайттарға өз қызмет саласының сарапшылары болып қана қоймай, сонымен қатар экономикалық жағдайлар, басқару тетіктері жайында терең білімі бар, адамдармен жұмыс істей алатын білікті менеджлердің болмауы байланысты болып отыр. Олай болса, ой-өрісі кең басшыларды дайындау, басқару қызметінде тәжірибе алмасу қажеттілігі туындайды. Түрлі қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің жалақысында сәкессіздік байқалып отыр, мысалы, қаржылық сектор мен денсаулық сақтауда, мәдениетте, білім беру саласында. Халық шаруашылығындағы орташа жалақы өз мөлшері бойынша біркелкі емес, бұл экономикалық процесстермен және өтпелі кезеңдегі экономиканың қиын жағдайымен байланысты болып отыр. Нарыққа өту экономиканың түрлі минус секторларына жалақыны тұрақтандыру қажеттілігін болжайды. 1990-1997 жылдары қызмет көрсету тарифтерінің жылдам өсуі және халықтың белгіленген табыстарының азаюы байқалды, бұл, әрине көрсетілген қызметтер көлемінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Әлсіз қаржылық база қызмет көрсету саласында ұйымдардың қақтығысқан маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жоғарыда қарастырылған қиындықтарға қарамастан республика потенциялының өсуімен байланысты қызмет саласын дамыту мүмкіндігін де артып отыр. Егер 1991 жылы түрлі қызметтердің 900- ге жуық түрі анықталған болса, қазір жаңа қызмет түрлерінің пайда болуымен және ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты, олардың саны едәуір өскен. Жаңа өндірістерді қалыптастыру есебінен нарықтың қызметтермен толығуы толық көлемде жүзеге асқан жоқ, себебі мұндай кәсіпорындар үшін, әсіресе кооперативтер үшін барлық қызмет аспектіоері бойынша шарушылықтың өзгешеленетін жағдайлар жасалды: материалдық техникалық қамсыздандыруда, табысты бөлу қағидасында, еңбек қатынастарын реттеуде, қаржылық несиелік есептерде, бюджетпен кәсіпорындармен әрбірі өзінің шаруашылық қағидалары бойынша әрекет етті, бұл өз кезегінде бірыңғай экономикалық жүйеге айқын сәйкессіздік келтіреді. Сапа мәселесі экономикалық категория ретінде қоғамдық өндірістің дамуымен пайда болады. Бүгінгі күнде әлемнің барлық елеулі өндірістің сапасын арттыру мәселесі толғандырады. Сервисті өнімді жасаушылар ресурстарды дұрыс пайдаланып, шығынды азайтуды, сапалы өнімді сатудан кірісті ұлғайтып , пайданы өсіреді. Ең негізгі қызмет көрсетудегі сапа нарықтағы бәселекестікті арттырады. Қызмет көрсетудің өндірістік функционалдық қасиеттері бар .Өндірістік қасиеттері өндіріс үрдісі кезінде пайда болып , физика –техникалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл тек потенциялды сапаны ғана білдіреді. Кез –келген тауарды функционалдық жарамдылығы сынақ кезінде нарыққа шыққан кезде тұтынушының бағасымен бағаланады. Функционалдық қасиет қызмет сервистік өнім мен қызмет көрсетудің соңғы қорытындысын шығара алмайды, оның тұтынушылық қасиетін ескеру қажет. Сервистік өнім мен қызметтің кез келген түрі өндірістік және тұтынушылық сапасының мінездемесінен тұрады. Оны кез – келген тауарлардан бір жағынан автомобильден , киім – кешектен қызмет көрсету үрдісінен көруге болады. Өндірістік тауардан потенциалды сапасы арнаулы техникалық бақылаудың жүйесімен және өндірісті арнайы өндіру кезеңіндегі стандарттау болып табылады. Экономикалық қызмет – адамның экономикалық игіліктерді өндіру және қызметтер көрсету жөніндегі саналы қызмет. Негізгі, көмекші және жанама қызметті қамтиды. Кәсіпорынның негізгі қызметіне оның жалпы қосылған құнында көп үлес салмақ алатын өнімдерді өндіру және қызметтерді көрсету жатады. Жанама қызметке негізгі өнімдермен қатар басқа өнімдіерді өндіру және қызметтерді көрсету жатады. Көмекші қызметке кәсіпорынның бейөнді-рістік көмекші бөлімшернінің қызметі (көлек, қойма шаруашылығы, жабдықты жөндеу, кадрлар даярлау және қайта даярлау, еңбек қорғау, т.б.) жатад. Экономикалық қызмет жасау жолындағы әрекеттерге нақты тауарларды өндіру мен қызметтер көрсету үшін ресурстар (жабдық, жұмыс күші, технологиялар, шикізат, материалдар) жұмылдырылғанда ғанада ғана қол жеткізіледі. Экономикалық қызмет түрлерінің жіктелу құрылымын жасаған жөн, бұл жіктелімде қандай да болсын салада жүзеге асырылатын қызметтің барлық түрлерінде қамтуы тиіс. Бұл орайда экономикалық қызмет түрлерінің топтамалары атаулары бойынша осы түрлерге тән саланы құрайтын кәсіпорындардың топтамаларына сай келеді. Аталмыш тұрғыдан алғанда сла экономикалық қызметтің алуан түрлерінің жиыны болып табылады. Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі қарай дамуына тәуелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекет-тік мәселелерді шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын жүргізу кезінде кез-келген ел соқтынысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол өз халқын негізгі тамақ өнімдерін толық құнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді болса. Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы нарықтарға интиграциялануы жағдайында отандық өндірістердіңң бәсекеге қабілеттіктерін көтеру аса маңызды мәселе болып табылады. Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып,қауіпті фактордың пайда болу себептерден анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жоюшырларын жедел түрде іске асыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар,тамақ өнімдерін өндіру,тасымалдау,сақтау кезеңдерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын-алу,өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасзету жүйесін нығайтады. Сауданының өсуіне байла-нысты, қызметтермен: ғылыми-техниқалық, өндірістік, коммеерциялық, қаржылық-несиелік сипаттағы қызметтермен айырбаста бірден өсіп отыр. Машиналар және жабдықтарды белсенді сату инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпараттық – есептеу қызметі сияқты жаңа қызмет түрлерін дүнеиеге әкеледі. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация-ларға сүйене отырып, көптеген қызмет түрлері ұлттық шектен асып кетті. Ғаламдық нарық ықпалдануда. Бұл процеске қуатты сілікіністі 90 ж ортасынан бастап интернет және ақпарат таратудың басұа желілік жүйелері тудырып отыр. Әлемдік саудадағы қызмет экспортының көлемі 1997 жылы қарай 410 млрд. долларға дейін артып, тауар экспорты құнының 14 жақындап отырып. Динамикасы бойынша және сыртқы сауда саласында іскерлік қызмет топтары алдындағы қатарда болып отыр: дамыған елдерден қызмет экспортындағы олардың үлесі 44 % - ке дейін өскен. Ірі бап ретінде туризм қалып отыр, оның қызмет құнындағы үлесі 13 құрайды. Қызметердің сыртқы сауда айналымы дамыған елдер тобына шоғырланған. Басты экпортерлер – АҚШ, Голландия, Франция және Ұлыбритания, көптеген жағдайда қызметтерді Германия, Жапония; Италия сияты үлкен державалар импорттап отыр. Бастысы мұнда өсу қарқыны бойынша қаржылық және компьютерлык қызметер, сондай-ақ бухалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, заңды қызметтер, маркетинг, басқару, тиімділікті артыру мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер алдынғы қатарда болып отыр. 1997жылы дамыған елдер үлесіне іскерлік қызметтердің жалпы экспортының 88 %-і тиесілі болған. Жаңа технологиялар сыртқы сауда аясын денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет пен өнер қызметтерімен едәуір түрде кеңейтуде. Көптеген қызметтерде сақталып отырған транспортабельділік осы саладағы шетелдік инвестицияларының аса ірі рольін анықтап отыр. Шетелдік тура инвестицияларға сыртқа сауда операцияларының балама формасы ретінде көптеген салаларнының трансұлттық компаниялары белсенді түрде иек артып отыр. Тура инвестициялар телекоммуникациялар, саудаға және көптеген қызмет көрсету салаларына азайту қоғамдық тамақтануға, банктік салаға сақтандыру бизнесіне, іскерлік қызметке, денсаулық сақтауға және т.б салаларға тартылуда. Тауар нарығымен салыстырғанда, аталған нарықтағы халықарарлық айырбасқа арналған заңды және саяси тосқауылдар соңғы уақытқа дейін аса жоғары болып отырғандығына қарамастан, қызметтер шарушылық өмірді ауқымдауға, осы процесті тездету әрі тереңдету арқылы белсенді түрде көмек жасап отыр. Америка құрама штаттарын әлемдегі сервис экономикасы аса дамыған елдер ретінде жиі көрсетеді. Жеке меншік секторда 75% еңбекпен қамтылғандар сервис саласында қызмет етуде. 60- жылдары орташа отбасы өз бюджетінің 40% қызмет көрстеуге жұмсаған. 1985 жылы бұл цифр 50%-ке жеткен. Осы кезеңде соңғы тұтынушыларға қызмет көрстеуге кеткен жыл сайынғы шығын 131 млрд- тан 3трлн долларға дейін жеткен, олардың 80% -н үй шығындары медициналық көмек және басқа үй мақсаттар құраған. Соңғы тұтынушыларға қызмет көрсету өсімінің халықтың әл-ауқатын көтеру арнайы құрылыммен жөндеуді талап ететін күрделі тауарлардың болуы және т.б сияқты себептері көрсетілген. Өнеркәсіптегі іскерлік және жөндеу қызметтері де соңғы он жылдықта айтулы өсімді бастан кешкен. Олардың ішінде аса қарқынды дамығандары болып: компьютерді жөндеу олармен жұмыс істеуге үйрету, басқарушылық кеңес, инжиниринг және жабдықтарды жалға алу саналады. Бұл сенімді цифларға қарамастан, қызметтер туралы деректер азайтып көрсетілген. Олар тауарларды сатушы фирмалар жүзеге асыратын жеткізумен, монтаждаумен, қызмет көрсетумен, оқытумен, жөндеумен және басқа қызметтермен байланысты қызметтерді жабдық қызметтер секторына жатқызбайды. Мысалы, «Apple» және «Ксерокс» фирмаларының өндірушілер ретінде жіктелуіне қарамастан, олардың көптеген қызметкерлері диллерлер мен пайдаланушыларды оқыту бағдарламаларына, қызмет көрсетуге, қосалқы бөлшектер жеткізуге және кепілдендірілген жөндеуге жұмылдандырылған.

 

Орытынды

 

Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер мен аналитиктер қызметтерді анықтау критерилерін әзірлеп келді. Нәтижесінде, қызметтердің көп бөлігі үшін бірнеше жалпы сипаттамалар айқындалды:

1. Сезілмеушілігі.

2. Пайда болу көзінен бөлінбеушілігі.

3. Қызметтердің басым көпшілігі, олардың бір уақытта өндірілуі мен тұтынылуына байланысты сақталынбаушылық сипатта болады (ұшақтағы орындар, кеңес берушінің бір сағаттық қызметі, телефондық жолақ, қолдалымайтын немесе уақытша қажет емес қызметтерді қоймаға сақтауға жібіре алмаймыз).

4. Сапаның тұрақсыздығы.

Қызметтердің жіктелінуі. Қызмет көрсету жүйесі өзіне әртүрлі салаларды енгізеді. Қызмет көрсету жүйесі мемлекеттік секторға енеді: білім беру, денсаулық сақтау, әскер, заңдық, әлеуметтік, көліктік, ақпараттық қызметтер. Жеке коммерциялық сектор – пайда улаға бағытталады (банктер, сақтандыру компаниялары, жарнамалық агенттіктер, консалтинг) және жеке коммерциялық емес сектор – мұражай, қорлар, ауруханалар, колледждер (қайрымдылық, ойын-сауық, білім беру, діни).

Қызмет көрсетуді материалдық және материалдық емес деп бөлуге болады. Біріншісі материалдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады, мысалыға: халықтың тұрмыстық қызмет көрсету және көліктік қызмет көрсетулер, қоғамдық тамақтану; екіншісі материалдық емес – рухани қажеттілікті қанағаттандырады. Оған білім беру, консультация беру, мұражай мен театр, ақпарат көрсету, тарату, діни қажеттілікті қанағаттандыру жатады.

Стандартталған және шығармашылық қызмет көрсетулер олардың алгоритмизациясы дәрежесі бойынша бөлінеді. Стандарттық қызмет түрі қатаң ереже бойынша көрсетіледі. Шығармашылық қызмет көрсету тұтынушының жекелей талаптарына байланысты қалыптасуы және өзгеруі мүмкін. Мысалығ туристік бизнесте қызмет көрсетудің экзотикалық түрлері туындауы мүмкін. Айтар болсақ, турист – белгілі бір тарихи тұлғаға ұқсап киініп алған, боянған экскурсоводты жалдауы мүмкін.

Жеке және ұжымдық қызмет көрсетулер әр түрлі тұтынушыларға бағытталған. Қызмет көрсетудің бөлігі – мысалы репетитрлік пен дәрігерлік әрекет – олардың тек жеке тұлғалар үшін ғана пайдасы бар. Хирург бір ұжымға операция жасай алмайды. Басқалары, керісінше әрқашан арамдардың бүкіл ұжымына қызмет көрсетеді: бұл лектордың студенттер аудиториясындағы қызметі, қоғамдық тәртіпті мемлекеттің қамтамасыз етуі, қоғамдық көлікпен тасымалдау, бұқаралық коммуникация құралдарының жұмысы.

Өндірістік пен өндірістік емес қызмет көрсетулер қоғам әрекетінің көптеген салаларында іске асады. Өндірістік саласына жүк тасымалдау мен жабдықтардың техникалық қызметі, ал өндірістік емесіне – денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, демалыс көрсетулер жатады.

Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет көрсетулер соңғы мақсатпен ерекшеленеді. Біріншіден пайда алу мақсатымен және коммерциялық тиімділік мақсатпен өндіріледі. Екіншісі, пайдалылыққа бағытталған. Оған қайырымдылық қорлары мен ұйымдары, бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету (ел қорғанысы, қоғамдық тәртіпті реттеу, азаматтардың білімі мен денсаулығын қамтамасыз ету) түрлері жатады.

Қызмет көрсетуді ұйымдастыру формасы бойынша оны мемлекеттік пен мемлекеттік емес болып бөлінуі мүмкін. Олардың арасындағы айырмашылық сол – мемлекеттік қызмет көрсету тек мемлекет үшін ғана болады. Олар ел қорғанысы, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақсыздандыру, азаматтар есебін жүргізу, көлік құралын тіркеу, т.б. Қоғамда туудың, өлімнің, некеге тұрудың, меншікке қатынастың мемлекеттік есебіне деген қажеттілік бар. Жеке фирма мемлекеттік қызмет көрсете алмайды, мысалы: некені немесе баланың тууына тіркей алмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Колосов В.А. «Территориально-политическая организация общества»

2. Исаченко А.Г. «Проблемы и перспективы интеграции географии»

3. Сиротенко Н.Г., Менделеев В.А. «Малая энциклопедия стран»

4. Холина В.Н. «География человеческой деятельности»

5. Семивенний В.Н. «Введение в экономическую географию»