H) кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату

 

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартудың (ҚР ҚК 132-бабы) сараланған және ерекше сараланған түрлері:

A) қылмысты кәмелетке толмаған адамның ата-анасының немесе педагогтың жасауы

B) қылмысты кәмелетке толмаған адамды алдау немесе сеніміне қиянат жасау арқылы жасау

C) екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған адамды қылмыстық теріс қылық жасауға тарту

D) екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тарту

E) кәмелетке толмаған адамды субъектісі бола алмайтын қылмыс жасауға тарту

F) кәмелетке толмаған адамды екі немесе одан да көп қылмыс жасауға тарту

G) қылмысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерімен жасау

H) кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тарту

 

«Кәмелетке толмағандар саудасын» (ҚР ҚК 135-бабы) жасау әдістері:

A) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тарту

B) кәмелетке толмаған адамды қаңғыбастықпен айналысуға тарту

C) кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту

D) кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату

E) кәмелетке толмаған адамды қанау

F) кәмелетке толмаған адамды қанау мақсатында тасымалдау

G) кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіру

H) кәмелетке толмаған адам денсаулығына қасақана зиян келтіру

 

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері:

A) кәмелетке толмағандар саудасы

B) адам және азаматтың тең құқылығын бұзу

C) кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

D) кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету

E) кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға тарту

F) жаңа туған баланы анасының өлтіруі

G) жас балаларды азғындық жолға түсіру

H) адамды клондау

 

«Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту» (ҚР ҚК 133-бабы) құрамын сипаттайтын белгілер:

A) есеңгірететін заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа тарту

B) алкогольдік ішімдіктерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуға тарту

C) спитртік ішімдіктерді тұтынуға тарту

D) алкогольдік өнімдерді сатуға тарту

E) есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды сатуға тарту

F) спирттік ішімдіктерді бірнеше рет тұтынуға тарту

G) жезөкшелікпен айналысуға тарту

H) қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту

«Бала асырап алу құпиясын жария ету» (ҚР ҚК 138-бабы) құрамының белгілері:

A) асырап алған адам мен құпияны жариялаған адам арасында туыстық қатынастардың болуы

B) құпияны асырап алушының еркіне қайшы жариялау

C) құпияны асырап алынған баланың еркіне қайшы жариялау

D) асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндеттi адамның жариялауы

E) пайдакүнемдік немесе басқа да жаман пиғылының болуы

F) адам әрекеттері субъективтік жағынан абайсыздықпен сипатталуы

G) қылмыстық жауаптылықтың құпияны жариялаудың ауыр салдарға әкеп соққанында ғана орын алатындығы

H) асырап алынған баланың он төрт жасқа толғандығы

 

«Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» (ҚР ҚК 139-бабы) құрамын сипаттайтын белгілер:

A) ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы

B) ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін алты айдан астам орындамауы

C) кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы

D) кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы

E) еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы

F) ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін бес айдан астам орындамауы

G) кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш жылдан астам жалтаруы

H) кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден бір жылдан астам жалтаруы

 

«Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» (ҚР ҚК 140-бабы) құрамының субъектісі:

A) қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған уақытта он сегіз жастан асқан кез келген адам