Оқытушыға арналған ақпарат
Студенттің өзіндік жұмысына арналған
ДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пән: Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы
Және технологиясы
Мамандық: 5В074800 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Курсы : 4
Оқу семестрі: 7
Шымкент
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Хаттама № 16 , 18.04. 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ проф. Ордабаева С.К.
Кіріспе
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ) жоғары оқу орындарында оқытудың маңызды элементі болып табылады. Бұл жағдайда оқытушы студенттің танымдық қабілеттерін дұрыс бағыттап, ұйымдастырады және білімге деген құштарлығын арттырады. Студенттің өзіндік жұмысы - студенттердің жеке және ұжымдық қызметтерінің көптеген түрлерін өз бетінше және оқытушы көмегімен орындауы. Бұл оқыту түрі оқытушының көмегімен белсенді ойлау қабілетін талап етеді. Сондықтан білімді өз бетінше меңгеру - жоғары оқу орындарында оқытудың ерекшелігі.
Студенттердің өзіндік дайындалуы олардың ойлау қабілеттерін күшейтіп, өзіндік жұмысты орындауға кететін уақытты дұрыс үнемдеп және пайдаланып, пәнді толық меңгеруге және кәсіптік ақпаратты дұрыс пайдалануға ықпал етеді. СӨЖ студенттердің ұйымшылдығын, тәртіптілігін, еркіндігін, дағдылануды, өзіндік ойлауды, өзіндік жұмыс істеу стилін және танымдық дағдыларын арттырады.
СӨЖ дұрыс ұйымдастыру жоғары білімді маманның өзіндік даму қабілетін арттырып, студенттерге пәнді толық меңгеруге және ақпарат жұмыстарын толықтыруға ықпал етеді:
§ пән білімін толық игеруге;
§ өз алдына дайындалудың әдістері мен тәсілдерін игеруге (ақпарат көздерін дұрыс тауып, алынған ақпаратты толықтыру);
§ өзіндік білімді толықтыруға талпыну;
2.Мақсаты:студенттердің өзіндік творчестволық еңбекке баулуын және ғылыми, практикалық мақсаттарды шешуде дұрыс танымдылықты меңгеруін қалыптастыру.
«Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәнін оқытуға 90 сағат берілген. Оның ішінде студенттің өзіндік жұмысына 60 сағат бөлінген.
З. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары және тапсыру мерзімдері
№ | Тақырыбы | Өткізілу түрі | Бақылау кестесі (өткізу аптасы) | Сағат саны |
Кредит 1 | ||||
Синтетикалық дәрілік заттардың классификациясы және номенклатурасы. Синтетикалық дәрілік заттардың негізгі даму бағыттары. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа пікір жазу | 1-2 | ||
Бейорганикалық дәрілік заттар. Бірінші және екінші топ элементтерінің қосылыстары. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа пікір жазу | |||
Бейорганикалық дәрілік заттар. Үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші топ элементтерінің қосылыстары. | тест дайындау, тестке пікір жазу | |||
Алифатикалық қатардағы дәрілік қосылыстар. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа пікір жазу | |||
Алициклді қатардағы дәрілік қосылыстар | презентация, презентацияға пікір жазу | |||
Дәрілік ароматикалық қатар қосылыстары. | кроссвордты құру және шешу, кроссвордқа пікір жазу | |||
Сульфоқышқылдар және олардың өндірісі | презентация, презентацияға пікір жазу | |||
Барлығы: | ||||
Кредит 2 | ||||
Аралық бақылау/ коллоквиум | тестілеу/ ауызша сұрау | |||
Циклдық полиметиленді қосылыстар. | презентация, презентацияға пікір жазу | |||
Бір және екі гетероатомды гетероциклді қатардың дәрілік қосылыстары. | тест дайындау, тестке пікір жазу | |||
Дәрілік заттарды алудың өндірістік және зертханалық әдістері. Қондырғыларды әрлеу және өндірістің технологиялық схемасы. | белгісіз формула лар және дәрілік зат сапасының спецификациялары берілген банк қорын дайындау | |||
Дәрілік заттарды алудың өндірістік және зертханалық әдістері. Қондырғыларды әрлеу және өндірістің технологиялық схемасы. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа пікір жазу | |||
Дәрілік заттар өндірісін фармацевтикалық бақылау. Тиісті өндірістік тәжірибе ережелері талаптары. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа пікір жазу | |||
Техникалық шарттар және стандарттары. | рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа пікір жазу | |||
Аралық бақылау: коллоквиум | тестілеу/ ауызша сұрау | |||
Барлығы: | ||||
Жалпы сағаты: |
4.СӨЖ орындалу түрі:
– реферат жазу және қорғау;
– рефератқа пікір жазу
– презентация;
– презентацияға пікір жазу;
– тест тапсырмаларын құрастыру;
– «Белгісіз формула» және дәрілік заттардың сапалық спецификациясы бойынша банк қорын құрастыру:
– кроссвордтар құрастыру.
5.Орындау критерийлері (тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар)
Оқытушыға арналған ақпарат
Академиялық периодтың басында әрбір студентке СӨЖ тапсырмалары беріледі (әрбір кредит бойынша бір тақырып).
СӨЖ тапсырмаларын дайындауда студенттің СӨЖ-ді дайындаудың барлық түрлерін қамтығанын қадағалау керек. оқытушы төмендегі критерийлерді ескеруі тиіс:
Реферат дайындау және оны қорғау (презентация)Реферат тақырыптары студентке академиялық периодтың басында таратылады. Студент рефератты дайындап,қорғаудан 1 апта бұрын кафедрадағы кесте бойынша кафедраға тапсырады. Реферат пікір беретін студентке тапсырылады, оған пікір берілген соң қорғауға жіберіледі. Жұмысты қорғау және талқылау топ алдында жүргізіледі. Рефератқа және оғанг пікір берушіге қойылатын баға бағалау критериилері бойынша жүргізіледі.
Кроссворд құрастыру. Дайындалған кроссвордты қорғау және талқылау топ алдында жүргізіледі. Кроссворд құрастырушыға қойылатын баға бағалау критериилері бойынша жүргізіледі.
Тест тапсырмаларын құрастыру. Тест тапсырмаларын әрбір студент өз алдына дайындалып,кафедрадағы кесте бойынша тапсырылады. Оған қойылатын баға бағалау критериилері бойынша жүргізіледі.
«Белгісіз формула» және дәрілік заттардың сапалық спецификациясы бойынша банк қорын құрастыру.
«Белгісіз формула» және дәрілік заттардың сапалық спецификациясы бойынша банк қорын құрастыруды әрбір студент өз алдына дайындалып,кафедрадағы кесте бойынша тапсырылады. Оған қойылатын баға бағалау критериилері бойынша жүргізіледі.