Тақырып 13. Қазіргі жаһандық өркениет дамуындағы философиялық мәселелер
Дәріс мақсаты:қазіргі жаһандық өркениеттің мәнін анықтау және қазақстандық өркениеттік бірегейлікті талдау.
Жоспар:
1. Өркениеттердің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен байланысы.
2. Қазіргі жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері.
3. Қазақстандық өркениеттік бірегейліктің құрылуы.
Негізгі түсініктер:өркениет, жаһандану, өркениеттер түрі, өркениеттегі бірегейлік.
Өркениеттің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен байланысы. Академиялық ғылымда «өркениет» түсінігі мен күрделі адам қоғамының құрылымы мен дамуында жалпы мәдени-тарихи принциптер құрылымында кеңінен қолданыла бастады. Ол қоғамды зерттеудегі және оның өзгеру динамикасына деген кешенді бағытқа негізделген бірқатар беделді жалпы тарихи, әлеуметтік, мәдени концепцияларда басты мәнге ие болды.
Өркениеттер түрі – адамзаттың мәдени-тарихи дамуын күрделі бөлінуде пайдаланатын әдістемелік түсінік, ол көптеген қоғамдарға тән ерекшеліктерді белгілеуге мүмкіндік береді. Типологизация негізінде төрт басты негізгі өлшемдер жатыр:
1) рухани өмірдің жалпылама іргелі сипаттары;
2) тарихи-саяси тағдыр мен экономикалық дамудың жалпылығы және өзара байланысы;
3) мәдениеттердің бір-бірімен тоғысуы;
4) перспективалық даму көзқарасы бойынша жалпы қызығушылықтар мен жалпы міндеттердің болуы.
Техногенды өркениет – Еуропада XV-XVII ғасырларда қалыптасқан өркениеттік дамудың ерекше түрі, өркениет дамуындағы тарихи кезең.
Өркениеттің осы түрінің мәдениетінде басты орынды ғылыми рационалдылық алады, зерденің ерекше құндылығы және соған негізделген ғылым мен техниканығ прогрессы атап өтіледі.
Тән сипаттар:
1) техника мен технологияның ғылыми білімдерді өндіруде жүйелік қолданыс арқасында техника мен технологияның қарқынды өзгеруі;
2) адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, адамның өндіріс жүйесіндегі орнын ауқымды түрде өзгерткен ғылым мен өндірісті біріктіру нәтижесінде ғылыми-техникалық революция болды;
3) жасанды түрде адамның өзі құрған өмірі өтіп жатқан заттық ортадағы жеделдетілген жаңалықтар. Бұл әлеуметтік байланыстардың өсіп келе жатқан динамикасымен, оның салыстырмалы түрде жиіленген трансформациясымен еріп жүр. Кейбір жағдайда бір екі ғасырлар барысында тұлғаның қалыптасуы және өмір сүру бейнесі өзгеріп отырады. Техногенды өркениет негізінде қоғамның екі түрі қалыптасты – индустриалды және постиндустриалды қоғам.
Қазіргі жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері. Өркениеттік дамудың қазіргі жағдайы жаһандық өркениеттің қалыптасуына әкелді.
Жаһандық өркениет – бірегей жалпыпланетарлық өркениетке айналған, әлемдік қауымдастықтың өсіп келе жатқан бүтіндігімен сипатталған өркениеттік дамудың қазіргі кезеңі.
Жаһандану ең біріншіден, Жер бетіндегі қоғамдық іс-әрекеттің интернационализациясымен байланысты. Бұл интернационализация бойынша қазіргі заманда барлық адамзат әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, және басқа да қатынастар мен байланыстар жүйесіне кіріп жатқанын білідреді.
Жаһандық ара-қатынастың өсіп келе жатқан белсенділігі барлық планетада әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдің, білімдер мен құндылықтардың түрлерінің таралуына әсерін тигізіп жатыр, олар жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға соғұрлым тиімді және оғтайлы ретінде қабылданып отыр. Басұаша айтсақ, жер бетіндегі әр түрлі елдер мен аймақтардың әлеуметтік мәдени өмірінің өсіп келе жатқан унификациясы өтіп жатыр. Бұл унификацияның негізі болып еңбектің қоғамдық бөлінісі, саяси институттар, байланыс, ақпарат, көлік ж.т.б. табылады. Әлеуметтік мәдени қарым қатынасының нақты қаруы өркениетаралық тілдесу.
Мәдениеттануда өркениетаралық тілдесудің кейбір анағұрлым жалпы принциптері тіркелген:
1) прогрессивті тәжірибені игеру әрбір қоғамда мәдениеттің, халық менталитетін сақтауда өтіп жатады;
2) әрбір қауымдастық басқа өркениеттер тәжірибесінен өзінің мәдени мүмкіндіктерін игере алатын түрлерін ғана алады.
3) басқа жерге ендірілген бөгде қркениет элементтері жаңа сапаға, жаңа бейнеге ие болады;
4) тілдесу нәтижесінде өазіргі жаһандық өркениет тек бүтін жүйе түріне ие болмайды, сонымен қатар, ішкі кқпбейнелі, плюралисттік сипатқа ие болады. Бқл өркениетте әлеуметтік, экономикалық және саяси формалардың өсіп келе жатқан біртектілігі мәдени көптүрлілікпен байланысады.
Қазақстандық өркениеттлік бірегейлігінің қалыптасуы. Мәдени көпбейнеліктегі әрбір ұлттық мәдениет теңмәнді, теңқұқылы, байланысқа шығуға дайын және өзі де байланысқа енуге тұрарлық бейнесінде көрінісін табады.[3]
Жаһандастыру бір жағынан, мәдени бірегейлікке қауіп төндіріп отыр, екінші жағынан, мәдени бірегейліктің тілдесуіне шынайы мүмкіндіктер ашады. Мәдени жаһандастыру адам алдында өзінің мәдени бірегейлігін табу мәселесін қойды. Бірегейліктің әр түрлі модификациясы бар: этникалық бірегейлік, азаматтық бірегейлік, ұлттық бірегейлік, діни бірегейлік. Мәдени бірегейліктің мәні – ол бірегейліктің барлық модификациялық трансформациясын біріктіреді, адамның мәдени коммуникативті кеңістіктегі проекциясына іргелі негіз бола алады.
Қазіргі жаһандану жағдайында өркениеттің жоғарғы көрінісі ретіндегі өзіндік мәдени ерекшелікті сақтау ұстанымы туындап күшеюде. Қазіргі Қазақстанның тарихын және халықтар мәдениетін зерттемей, этникалық даму, қазақ мәдениетінің басты рухани, құндылықтық бағдарларынсыз дамуын елестету мүмкін емес. Арғы қазақ халқының рухани тарихында ұлттық бірегейліктің терең тамырлары жатыр, олар тарихи үрдістің және нақты этноәлеуметтік ақиқаттың құндылықтық-мәндік бағдарларын құрайды. Қазақ мәдениеті дамуының ұзақ уақытында жинақталған рухани құндылықтар қазіргі мәдениеттің тарихи – мәдени негізін құрауы тиіс. Көшпенді өмір салты халық мәдениетінің, оның менталитенің, салттары мен дәстүрінің ерекшелігін анықтады, өз таңбасын қалдырды. Қазақтардың рухани әлемі ғасырлар бойы өзіне көптеген мәдени ықпалдарды өз бойына сіңірді, осылайша оларды өзінің дала дәстүрімен сабақтастыра білді. Бұл дәстүрлердің беріктігі сонша, оларды тіпті саяси қақтығыстар, соғыстар, ұлы көршілеріміздің (Қытай, Ресей) мәдени экспансиясы, араб және моңғол ықпалы, исламдану да түбегейлі түрде өзгерте алмады. Мұндай өміршеңдігінің және өмір тұрақтылығының себебі өркениеттің түрі және шаруашылық түрі көптеген ғасырлар бойы іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Тарихқа көз жүгіртсек ата-бабаларымыздың өз салт-дәстүрін, сенімдерін сақтап қалуға деген талпынысының мықты болғанын байқауға болады. Номадтықтар өз болмысын ерекше қастерлеген: өз діліне қытай және моңғолдар дәстүрлерін ендірмеген. Қазақ ұлтының рухани-құндылықтық бағдары қонақжайлылық, төзімділік, адами тілдесу, кеңпейілділік ж.т.б. секілді ізгілікті қасиеттерді бейнелейді. Бұл қазақтардың генетикалық жадысында сақталған және ұрпақтан ұрпаққа берілетін өзек болып табылады.