Дәріс. Ақпараттық технологиялар және АТ-ң – ҚР-ғы технологиялардың дамуының қазіргі жағдайы

Жоспар:

1. ҚР ақпараттық және коммуникациялық технология

2. Пошта байланысы

3. Ақпараттық технологиялар

Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама 2009 жылы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XII кезектен тыс съезінде берілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - ҮИИД МБ) бір бөлігі болып табылады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту «келешектегі экономика секторларын» дамыту шеңберінде ҮИИД МБ басымдықтарының бірі болып табылады, бұл Қазақстанның заманауи экономикасы үшін оның мәнін білдіреді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында заманауи технологиялық деңгейде ҮИИД МБ шеңберінде алға қойылған мақсаттарды шешу жолдарын есепке алатын мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жоқ. Осыған байланысты Бағдарлама мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында ақпараттық коммуникацияларды дамытудың 2010 — 2014 жылдарға арналған бірыңғай стратегиясын анықтайды.

Осы Бағдарламада ақпараттық коммуникациялар саласы телекоммуникация саласынан, пошта қызметтері, ақпараттық технологиялар саласынан тұратын Қазақстан экономикасының дербес секторы ретінде қарастырылады. Мұндай көзқарас әлем бойынша соңғы онжылдықта байқалған байланыс технологияларын өзара енгізумен, телерадиохабар және ақпараттық технологияларды таратумен негізделеді.

Сала жағдайының ағымдағы ахуалын бағалау. Телекоммуникациялар
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласы қазақстандық экономиканың, кәсіпорындардың жиынтық табысы 2009 жылы 438,4 млрд. теңгеге жеткен, өскелең сегменті болып табылады, бұл 2008 жылға қарағанда 8,3 %-ға көп. Сала табыстарының өсуі тұрғындар мен бизнестің ұсынылатын қызметтерге артушы қажеттілігін айқындайды.
Сала табыстарының құрылымындағы негізгі үлес ұялы байланыс қызметтеріне тиесілі - 244,8 млрд. теңге (55,8%). Сала табыстарының жалпы көлеміндегі басқа қызметтердің үлесі былайша бөлінген: қалааралық және халықаралық байланыс қызметтері - 51,5 млрд. теңге (11,7 %); жергілікті телефон байланысы - 31,3 млрд. теңге (7,1%); Интернет қызметтері - 43,6 млрд. теңге (10 %) және басқа да байланыс қызметтері - 67,2 млрд. теңге (15,4 %). Сала қызметтерінің 2009 жылдағы негізгі тұтынушысы корпоративті сектор болып табылады - 246,6 млрд. теңге (56,3%); тұрғындарға байланыс қызметтерін сатудан түсетін кірістер 191,8 млрд. теңгені құрады (43,7%), бұл 2008 жылға қарағанда 5,6%-ға көп.
Соңғы жылдар бойы телекоммуникация саласының өсуінің негізгі катализаторы ұтқыр байланыс сегменті болды. 2010 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында әлемдегі неғұрлым кең таралған GSM 900/1800 және CDMA стандарттарын қолданумен төрт ұтқыр байланыс желісі құрылды. Сонымен қатар ұтқыр байланыс нарығының жоғары шоғырланған болып табылатындығын айта кеткен жөн: нарықтың 90 %-ы екі ірі оператор өзара бөлісіп отыр, нарықтың қалған қатысушыларының үлесіне кемінде 10 % тиеді.
2009 жылы ұтқыр байланыс абоненттерінің саны 14,9 млн. абонентті құрады, бұл әрбір 100 тұрғынға 95 абонент тығыздығына сәйкес келеді. 2005 жылдан бастап абоненттер өсімінің қарқыны біртіндеп төмендеуде (2005 жылы - 121 %, 2006 жылы - 45 %, 2007 жылы - 60,8 % және 2008 жылы - 16,9 %) және абоненттік базаның өсуі белсенді өсу сатысынан баяу өсу сатысына өтті. Осыған байланысты осы сегменттің ішінде бәсекелестік құрылымның өзгеруі: тарифтер негізіндегі бәсекеден ұтқыр байланыстың ұсынылатын қосымша қызметтерінің спектрі бойынша бәсекеге қарай өзгеруі байқалады.

2009 жылы бекітілген байланыс нарығы абоненттерінің саны 3,9 млн. абонентті құрады. 2009 жылы нарықтың жалпы көлемі 82,7 млрд. теңге мәніне жетті, бұл нарық көлемі 82,3 млрд. теңгені құраған 2008 жылмен салыстырғанда 0,5 % өсімді көрсетті.

Телекоммуникациялық нарықтың жалпы құрылымында Интернет және деректер тарату қызметтерінің үлесі соңғы 4 жылда азын-аулақ өзгерді және 2009 жылы 10 % шамасын құрады. Абсолютті көрсеткіштерде нарық көлемі 2009 жылы 43,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, берілген сектор ішіндегі табыстар құрылымы елеулі өзгерді. Интернет және ІР-телефония қызметтері табыстарының үлесі елеулі өсті; арналарды жалға алу табыстарының үлесі төмендеді.

2009 жылы Интернет желісін тұтынушылардың саны, байланыс операторларының есептеріне сәйкес, 3,15 млн. тұтынушы мөлшерінен артты, бұл 100 тұрғынға 19,8 тұтынушы тығыздығына сәйкес келеді.

Соңғы жылдар ағымында құрамына ақылы теледидар, веб-хостинг, ІР-телефония, телерадио бағдарламаларын тарату және телекоммуникациялардың басқа қызметтері кіретін телекоммуникациялардың қосымша қызметтері үдемелі дамып келеді. Байланыстың басқа қызметтері сегментінің жалпы көлемі 2009 жылы 67,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға көбірек.
«Қазақтелеком» АҚ-ның экономикалық шоғырлануын төмендету мақсатында соңғы жылдары «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен аффилиирленген байланыс операторларында үлестерді (акпияларды) өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «NEO» сауда маркасы бар «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұялы байланыс операторының жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51 %-ын сату аяқталды және қалааралық және халықаралық телефон байланысының, сонымен қатар Интернет желісіне қол жетімділік қызметінің операторы болып табылатын «Нұрсат» акционерлік қоғамына үлесті өткізу жоспарланып жатыр.
Телерадио бағдарламаларды тарату қызметінің табысы 2009 жылы 13,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,8 %-ға артқанын көрсетеді. Телерадио бағдарламаларын қалыптастыру тракты 215 электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) ұсынылған. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Африка елдерінің аумағында хабар таратуды жүзеге асыратын «Caspionet» спутниктік арнасы жұмыс істейді. Кабелді хабар таратудың 67 операторы және спутниктік хабар таратудың 2 операторы жұмыс істейді. Республикалық хабар таратумен ірі елді мекендердің - облыс және аудан орталықтарының тұрғындары ғана толық көлемде қамтылған. Ауылдық аумақтардың көпшілігі мемлекеттік телевизиялық арналардың (Қазақстан, Хабар, Ел арна) ғана хабар таратуымен қамтылған.

Телевизиялық және радио бағдарламаның республикалық желісінің жұмысын «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы — республиканың эфирлік хабарлар тарату операторы іске асырады, ол барлық телевизиялық және радио бағдарламаларды таратуды іске асырады және республиканың халқын мынадай аса ірі жалпы ұлттық телевизиялық және радио бағдарламалармен қамтамасыз етеді: «Хабар» - 98,6 %; «Қазақстан» - 98,3 %; «Ел арна» - 87,4 %; «Бірінші арна Еуразия» - 86,8 %; Қазақ радиосы - 87,8 %; «Шалқар» радиосы - 46,2 %. Қалған жалпы республикалық телевизия және радио арналары халықты қамтудың төменірек көрсеткіштеріне ие.

Пошта байланысы жоғары әлеуметтік маңызға ие және Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады.

Пошта байланысының қазақстандық саласы дамудың кішігірім қарқынын көрсетіп отыр: 2009 жыл ішінде «Қазпошта» акционерлік қоғамымен 13 млрд. теңге сомасындағы табыстар жиынтығы алынды, бұл 2008 жылдың көлемінен 6,4 %-ға кем. Пошта қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мен арттыру үшін жеткізу уақыты мен шығындарды қысқарту мақсатында пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың жаңа технологияларын үнемі енгізіп отыру қажет. Бекітілген Параметрлерге сәйкес пошта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері, жай жазбаша хат-хабарды жіберудің бақылау мерзімі мыналардан тұрады:
Астана, Алматы қалалары және күнделікті тікелей әуе, темір жол және автомобиль арқылы хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында - Д+3 (Д - бұл жай хат хабарды тарату, +3 - қабылдау кезінен жеткізгенге дейінгі пошталық жөнелтімнің өту күні);

Астана, Алматы қалалары және тікелей әуе, темір жол және автомобильдік хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында аптасына 3 және одан да көп күн - Д+4; қалған облыс орталықтары арасында Д+6; осы облыстың облыс және аудан орталықтары және облыстың қала, аудан орталықтары арасында - Д+3; жергілікті пошта жөнелтілімдері - Д+1.

Қазіргі уақытта қолданыстағы пошта хат-хабарларын жіберудің бақылау мерзімдері бойынша сапа параметрлері төзімді. Бірақ тәуелсіздік алудан кейін басталған республиканың экономикасындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ ұсынылатын пошта қызметтері параметрлеріне жаңа әлемдік сапа стандартының пайда болуы Қоғамның пошта желісінде жаңғыртуды талап етеді. Байланыс саласындағы Өңірлік ынтымақтастықтың кезекті отырысында (ағымдағы жылы) Қазақстан бойынша 2012 жылға халықаралық пошта жөнелтімдері үшін жаңа параметрлер - Д+5 талқыланды, бұл бүгінгі күні Қазақстанның пошта саласы үшін қиындық туғызады, ал бірқатар өңірлер үшін қолданыстағы желі және пайдаланатын көлік түрінде орындалмайтын міндет болып табылады.
Ауыл тұрғындарын қаржылық қызметтердің толық спектірімен қамту үшін, 2006 - 2010 жылдары банктік операцияларды ұсыну және қолма қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті, күрделі және техникалық жайлылық деңгейі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің және Ішкі істер министрлігінің нормативті талаптарына сәйкес келетін, пошта байланысының 380 ауылдық бөлімшелері құрылды. Сондай-ақ 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде 8,5 мың бірліктен артық сандағы пошталық жабдықты жаңғырту жүргізілді, тозған автокөлік құралдарын ауыстыру жүзеге асырылды, заманауи пошталық вагондар сатып алынды (15 бірлік), хаттарды, сәлем саухаттарды және бандеролдарды жеткізу 69,2 %-ға артылды, кезеңдік баспаларға жазылу 23,7 %-ға артты, қаржы қызметтерінің көлемі 2,5 есе өсті, ауылдық жердегі Интернетке қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі 115 бірлікке кеңейтілді, ауыл тұрғындарын пошта-қаржылық қызметтердің кеңейтілген ассортиментімен қамту 1,2 есе көбейтілді.

Ақпараттық технологиялар

Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы ұлттық экономиканың барынша серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты Қазақстандағы ІТ-нарығының жалпы көлемі, бағалаулар бойынша, 2009 жылы 90 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен.

ІТ шығындарының құрылымы экономикасы дамыған елдер үшін сипатты болып табылады, яғни компьютерлік жабдықтардың үлесі БҚ және ІТ-қызметтері секторларының үлестерінен басым болады. 2009 жылғы компьютер жабдығына арналған шығындар шамамен 71 млрд. теңге, ІТ-қызметтері шығыны - 12,6 млрд. теңге құрады.

ІТ-саласында қазақстандық кәсіпорындардың қалыптасуында ең маңызды фактор мемлекеттік саясат болып табылады. 2007 және 2008 жылдары елдің мемлекеттік органдарының ақпараттандыруға инвестициялық шығындары бағалау бойынша 15,1 және 17,7 млрд. теңгені құрады. Дағдарысқа қарамастан, мемлекет ІТ-қызметтері нарығында ірі тапсырыс беруші болып қалады. 2009 жылы бюджеттен ІТ инвестициялауға 18,8 млрд. теңге бөлінді. 2004-2010 жылдарда «электрондық үкіметті» (бұдан әрі - ЭҮ) қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын іске асыру, БҰҰ дайындаған, электрондық үкіметке ғаламдық дайындық бойынша рейтингте Қазақстанға соңғы жылы, Ресейді (59-орын), Беларуссияны (64-орын) және Украинаны (54-орын) артта қалдырып, 81-орыннан 46-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. АКТ және мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында 2008 жылы «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.

Ақпараттық технологиялар құрылымында үш ірі секторды көрсетуге болады: АТ-жабдықтарының өндірісі секторы, қорабтық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және ІТ-қызметтер секторы.

Қазақстанның ІТ-нарығы құрылымындағы өндіріс секторы және ІТ-жабдығын іске асыруда жалпы көлемінде басыңқы болып табылады (79 %), ол компьютерлерге, қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үдерісін сүйемелдейтін желілік және периферийлік компьютерлік жабдыққа сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді. Осы сегментте жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы түсімі 2009 жылы 71 млрд. теңге шамасына жетті. Сарапшылардың бағасы бойынша жергілікті қамтудың үлесі 2 млрд. теңгеден аспайды (2 % - ға жуық). Сектордың маңызды ерекшелігі оның импортқа тәуелділігі, ол микроэлектрондық құрушылардың жеке меншік өндірістік базасының болмауының салдары болып табылады.
Қазақстандық кәсіпорындар танымал халықаралық өндірушілердің компьютерлерін және сәйкесті жабдықтарын өткізумен, сонымен қатар жеке меншік сауда маркілерімен компьютерлерді жинау және өткізумен де айналысады. Қазақстандық өндірушілер БҚ сегментінде басым болып отыр (2008 жылғы сатылған компьютерлердің жалпы көлемінің 70%-дан астамы); бірақ ноутбуктер (0%) мен серверлер сегменттерінде біршама артта қалып келеді (14 %-дан кем).
Экономикалық бәсеңдеу және олармен байланысты бизнес пен халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі БҚ нарығына маңызды әсер етеді. 2009 жылы БҚ сатылым көлемі 6,6 млрд. теңге сомасын құрайды, ол 2008 жылға салыстырғанда 13 %-ға кемуіне әкеледі. Қазақстанда БҚ нарығында шетел өндірушілерінің өнімі басымды орын алады. Қазақстандық компаниялардың үлесі лицензиялық БҚ нарығында маңызды емес (2 %-ға жуық).

Қазақстан Республикасындағы АТ-қызметтері нарығының көлемі 2009 жылы 12,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 8 %-ға төмендеуге сәйкес келеді. Сарапшылардың бағасы бойынша 2009 жылы ІТ-қызметтерін ұсыну секторында жергілікті қамтудың үлесі 30 % - дан артық емес.