Тақырып 10. Сактандыру.

Сабақтың мақсаты –сактандыруды терендетіп түсіну.

 

Сұрақтар:

 

Сақтандырудың экономикалық мәні.

Сақтандырудың категориясының белгілері.

Сақтандырудың түрлері.

 

Сактандыру - қоғамның экономиклық қатынастарының айрыкша сферасын бейнелейтің коне категорияларын.Сактандыру сферасы адам өмірiнiн,өндірістiк және элеуметтiк-экономикалық қызметтің барлық жағын камтиды.Сактандыруга турткi болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам омрнiн кауп-катерлi сипаты.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

 

Cлайд №1

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

Атынастардың ықтималдық сипаты.

2) Қатынастардың төтенше сипаты .

 

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты,

- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құның қайта бөлуге қатысуы,

- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады,

- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы,

- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.

 

Казақстан Республикасының Азаматтык кодексi бойынша мыналар сактандырудың нысандары болып табылады:

Мiндеттлiк дэрежесi бойынша-ерiктi және мiндеттi .

Сактандыру обьектiсi бойынша-жеке және мүліктiк

Мiндеттi сактандыру-занамалық актiлер талаптарына орай жүзеге асырылатын сактандыру.Ол сактанушының есебiнен жүзеге асырылады.

Ерiктi сактандыру-тараптардың еркiн бiлдiруiн орай жүзеге асырылатын сактандыру.

Сақтық қызмет-сақтық ұйымының сақтық шарттарын жасау мен орындауга байланысты Казақстан Республикасының заннамаларының талаптарына сәйкес уэклеттi орғанның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметің ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сактандыру салаларга,сыныптарга ж-е түрлерге бөлінедi. Сақтық ұйымының сақтық қызметi өмірдi сактандыру саласы ж-е жалпы сактандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.

Слайд №2

Жалпы сактандыру саласы:

· ерiктi сактандыру,

· көлік құралдарын сактандыру,

· жүктердi сактандыру

· мүліктi сактандыру: т.б сактандыруга болады.

 

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады: бюджеттік және сақтық әдістері.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдың ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру – талаптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі – сақтық ұйымның сақтық шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті орғанның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі “өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныңда мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныңда мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық –құқықтық жауаптылықты сақтандыру.

Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.

 

Әдебиеттер:

1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.