Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.

Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).

Əңгімелеу– оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу; түсіндіру– бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу; сұхбат– оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді; дəрісбаян (лекция) -көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Оқу сөз-жарысы (дискуссия)əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді; кітаппен (оқулықпен) жұмыс– кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.

Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер.Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

Оқудың практикалық əдістері -оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.

Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.

Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.

3. Шəкірттердің танымдық əрекеттеріне орай оқу əдістерініңмынадай түрлері ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.

Түсіндірме – көрнекіліəдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады; қайта жасау (репродуктивті) əдістеоқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді; проблемді оқу əдісі- оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді.

Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық)əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады;қытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді; оқудың зерттеу əдісі– оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.

Оқудың белсенді əдістері– оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық жəне ізденісті - зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы. Оқу танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар,проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.

 

 

. Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады.

Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Дидактикалық категория ретінде оқу формасыоқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс.

Жеке-дара оқу формасымұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.Оқудың топтық формасындаоқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.Толық сыныппен жұмыс(фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.Оқудың ұжымдық формасы.Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.Жұптасып оқуданегізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады. Дəрісханалықжəне дəрісханадан тыс, сыныптықжəне сыныптан тыс, мектеп ішілікжəне мектептен тысоқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.

Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.

Сабақ –оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.

Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады.

Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:

- жаңа білім материалын хабарлау;

- білімді бекіту;

- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;

- қорытындылау;

- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.

Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:

- оқу саяхаттары;

- кино-теле-сабақтар;

- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.

Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:

- жаңа материалды игеру;

- бекіту;

- қайталау;

- білімді бақылау, тексеру.

Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция).

Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Оқу конференциясы –білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі. Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар –оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі. Факультатив сабақтар -оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы. Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады Дипломдық жоба-білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды. Өндірістік практика- жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі. Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу. Үйдегі өзіндік жұмыстар -дəрісхана оқуларынан тыс білім игеру процесінің құрамдас бөлігі. Кеңес –оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Емтихан -оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы. Сынақ -міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады. Пəн үйірмелеріжəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады.

Конкурс жəне олимпиадалар –оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады.

 

 

Дәріс

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегіпедагогикалық технологиялар

1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі

2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама