Азақстан Республикасында шетел азаматтары ретінде кімдер танылады?

A) ҚР аумағында жүрген басқа мемлекеттің азаматтылығы туралы дәлелі бар тұлғалар

C) ҚР азаматтары емес шет ел азаматтары

F) Құқықтық мәртебесі «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР заңымен анықталатын тұлғалар

30.ҚР шетелдiктердiң құқықтық жағдайының принциптерi:

A) ҚР шетелдiктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие

B) Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге кґзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады

C) Шетелдiктердiң ґздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс

31.ҚР-да шет ел азаматтары қандай құқықтардан шектелген:

А) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер саяси мақсаттарды кґздейтiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерге бірігу құқығы

В) Шетелдiктер жекелеген қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану заңдарға сәйкес ҚР азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.

С) ҚР сайлау және сайлану құқықтары шектелген

 

1.ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық бірлестіктер:

А) ҚР азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады

В) коммерциялық емес ұйымдар

С) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруда құрылатын бірлестіктер

2.ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi :

Е) Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi

F) қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi

G) қайырымдылық қызметке қатысу мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi

3.Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi:

А) Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең

В) Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды

С) Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi

4.Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары:

А) өз қызметi туралы ақпарат таратуға

С) соттар мен басқада мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға

Е) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға

5.Қоғамдық бiрлестiктiң мiндеттерi:

В) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге

F) ҚР заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға

G) ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге

6.ҚР заңнамасына сай саяси партия ұғымы:

А) Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы органдарында бiлдiру мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн ҚР азаматтарының ерiктi бiрлестiгi

В) мақсаты саяси билікке жетуді көздейтін қоғамдық бірлестіктер

С) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруда құрылатын бірлестіктер

7.Саяси партияларға бiрiгу құқығы қандай тәртіппен жүзеге асырылады:

С) Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады

D) Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды

Е) парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ

8.Саяси партиялар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас келесі негіздерде жүзеге асырылады:

В) Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi

С) Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi

Е) Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi

9.ҚР аумағында келесі сипаттағы саяси партиялар құруға жол берілмейді:

А) Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне

В) Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған

С) Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға

10.ҚР Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту келесі негіздерде жүзеге асырылады:

А) партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда

В) берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтайшы құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда

С) Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болмаған жағдайда

1.Сайлау құқығы:

A) конституциялық құқықтың сайлауға байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жүйесінен қалыптасатын институты

B) азаматтардың мемлекетпен кепілденген сайлауға қатысу құқығы

C) азаматтардың мемлекетпен кепілденген сайлану құқығы

2.Сайлау туралы заңдағы бекітілген сайлау құғының принциптері:

C) Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi

D) Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ

E) Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады

3.Жалпыға бірдeй сайлау құқығы шектеледі:

A) Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған

B) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам

C) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам ҚР Президенттігіне, Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына үміткер бола алмайды

4.Тeң сайлау құқығы келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:

C) Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады

D) Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады

E) Үміткерлердің сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi

5.ҚР сайлау жүйелері қолданылады:

A) Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған үміткер сайланды деп саналады

B) Қайта дауыс беру дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған үміткер сайланды деп саналады

C) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады

6.Мажоритарлық сайлау жүйесі:

A) Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысы бойынша есептеу жүргізетін жүйе

B) Қайта дауыс беру кезiнде басқа үміткерге қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс саны бойынша есептеу жүргізетін жүйе

D) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады және сайлаушылардың 50% астамының дауысын алу қажет

7.Пропорционалды сайлау жүйесі:

F) Саяси партиялардан Мәжіліс депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша өткізілетін жүйе

G) партиялық тізімдермен сайлау ұйымдастырылатын жүйе

H) Сайлау дауысын есептеуде мандаттар жиналған дауыстар көлеміне байланысты үлестірілетін сайлау жүйесі

8.Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн құрайды:

A) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

B) аумақтық сайлау комиссиялары

C) округтiк сайлау комиссиялары мен учаскелiк сайлау комиссиялары

9.Республиканың Орталық сайлау комиссиясы:

B) Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады

C) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады

D) Республика Президенттiгiне үміткерлерді тiркейдi

10.Республиканың Орталық сайлау комиссиясының сайлау заңнамаға сай құзіреті болып:

A) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылау

B) Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады

C) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады

11.Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiгі:

A) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады

C) учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды

D) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған үміткерлерді, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi

12.Учаскелiк сайлау комиссиялары:

A) сайлау учаскесiнде депутаттардың және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi

B) сайлау өтетін жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады

C) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды

13.Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi:

E) Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады

F) комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсiби тұрақты негiзде жүзеге асырады

G) Сайлау комиссиясының сайлау өткiзу кезеңiнде өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды

14.Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру тәртібі:

A) Сайлау комиссияларының қызметi алқалылық, жариялылық және ашықтық негiзiнде жүзеге асырылады

B) төменгi тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиiстi жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi 7 күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады

C) Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, олар заңды болады

15.Сайлау үрдісінің негізгі кезендері:

А) сайлау учаскілерін қалыптастыру

C) сайлау округтерін қалыптастыру

D) сайлаушылардын тізімін қалыптастыру

16.Сайлау округтерiн құру тәртібі:

А) ҚР мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланылады.

C) Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады

D) ҚР бүкiл аумағы бiртұтас жалпы ұлттық сайлау округi болып табылады

17.Сайлаушылар тiзiмдерiне қандай тұлғалар кіреді:

A) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары.

тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар

B) Республика Президентiн сайлауға байланысты арнайы тізім қалыптастырылады

D) ҚР тұрақты тұратын шетел азаматтары тіркеледі

18.Республика Президенттiгiне үміткерге қойылатын талаптар:

А) Президент болып сайлану үшiн азамат жасы 40 жасқа толған ҚР азаматы болуы тиіс

В) тумысынан ҚР азаматы болуы керек

C) мемлекеттік тілде еркін ойын білдіре алу керек

19.Мәжiлiс депутаттығына үміткерге қойылатын талаптар:

А) Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат жасы 25-ке толу керек

C) Жасы 25 толған ҚР азаматы Мәжіліс депутаты бола алады

D) ҚР азаматы болу керек