Эмоциялық жағдайдың түрлері.
Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайдың түрлеріне бөлінеді. Олардың негізділеріне көңіл-күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс (титыктау) жатады.
Көңіл— күй— бүл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау және т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.
Адамдардың көңіл-күйі әртүрлі себептерге байланысты болады. Ондай себептерге адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір жұмысты ойдағыдай сәтті орындау бірнеше күнге, ұзақ мерзімге көтеріңкі, жағымды көңіл-күйді шакырады. Көңіл-күйдің сондай болу себебі адам жүйке жүйесінің жағдайына және жалпы оның денсаулығының жагдайына байланысты.
Адамдарда көңіл-күйі әртүрлі болғанмен, әрбір адамға көңіл-күйдің басым келетін түрі тән. Осы көңіл-күйдің басымдылығына қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, басқаларын жабырқау, көңілсіз деп атайды. Осындай жетекшілік ететін көңіл-күй мінез бітісі болып табылады.
Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдыгына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне ықпал етеді.
Мысалы, адам шалт көңіл-күйде ерекше белсенді болады, көңілсіз жағдайда, қайғылы жағдайда - белсенділік танытпайды. Көңіл-күй адамның қоршаған ортаға қатысына әсер етеді. Жағымды көңіл-күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздікті және қиындықты жеңіл бастан кешіре біледі.
Адам саналы құбылыс жағымсыз көңіл-күймен күресе алады және күресуге тиісті: салғырттық, көңілінің қошы болмау, орынсыз қызбалы. Адам әр уақытта өз басында және басқаларда сергектік, көңіл көтеріңкілік жағдайды қалыптастыруы үшін өмір сүретін, жеке еңбек ететін ортада көзқарастардың, сенімдердің, қызығулардың мәні орасан зор.
Белгілі "Дала" атты дастанын Ілияс Жансүгіров қандай көтеріңкі көңіл-күймен, мынадай жыр арнаумен бастауы лирик ақынның кең даласына, байтақ Отанына деген сүйспеншілік сезімін білдіреді:
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, естім, есейдім,
Ен далам — анам, мен балаң
Бұрынғы өткен күнінді
Берейін жырлап елге анам...
Көргеніңді бүгінгі,
Жаз, жаз қалам, тер, қалам
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам
Ен далам - анам, мен балаң,
Ендеше қалам бер маған, - деді.
Ал Ілияс кілең шығарма толғағын бастан кешірген, шабыт ләззатына құныққан бейнеде, жыршылдық сезімдері тұтанған күйде көрінетін. Біз алдымен мінберге домбырасымен көтерілген, "кеңесті, кең даласына" барлық ыстық махаббатын, ақындық сезімін, адамдық санасын түгел ұсынған ақынның өзін көреміз.
Мәселен, табиғат райы мен жыл мезгілдері шығармашылықпен шұғылданатын жазушылардың, ақындардың көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Александр Дюманы (әкесі) замандастары ешуақытта да сөнбейтін көңілді, жүзінен ешуақытта да күлкі кетпейтін адам ретінде еске алады, оның оптимизімін, іскерлігін, сергектігін ерекше бағалайды.
Ал орыстың ақыны А.С.Пушкин көңіл-күйі көтеріңкі, шабытпен жұмыс істейтін, жыл мезгілдерінің ішінен күзде ерекше көңіл-күймен, ерекше шабытпен жігерлене еңбектенетін. Ол өзінің көптеген тамаша туындыларын осы мезгілде Болдин күзі кезінде жазған болатын.
Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жагдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайлармен болады. Аффектілер коп жағдайда кенеттен болады, бірнеше миыут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.
Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.
Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам агзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездейсоқ қуанған жағдайда "не айтарын білмей, аузына сөз түспей, абдырып, сасқалақтап қалады". Әсіресе, осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер "ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім, дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылығын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.
Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін - өзі басқара алмаудың көрсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында ксздесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оның алғаш кезінде басып отыруға әрекеттенуі керек.
Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік-жігер сапалары өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы, Л.Н.Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" романының басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін білмей, құлап қалады. Аффекті адамды тез арада билеп кететін көңіл-күй жағдайы. Мысалы, сондай сезімдерге ашу сезімі жатады. Халқымыз: "Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа — ақыл қос", "Ашу - дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досынды қолда", "қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жек көрінішті көрінеді". Сондықтан "Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр" дейді халық нақылы.
Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдету қажет.
Аффект кезінде адам "ештеңе білмей қалдым, көзім түк көрмеді", - дейді. Бұл мүмкін емес. Әр уақытта да өз қылығына есеп беріп отыруға және қандай эмоциялық жағдайда болса да, өз сезімін басқарып отыруға тиісті.
Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.
Жастарға арналған өзінің белгілі хатында И.П.Павлов ғылыми-зерттеу жұмысында құмарлықтың ерекше рөл атқаратындығып атап көрсетті: "ғылым адамнан үлкен қиындықты және ұлы құмарлықты талап етеді. Өз жұмысыңыз бен іздсністеріңізге құмар болыңыздар".
Ұлы Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және басқа кемшіліктердің түп тамыры надандығында, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының, көңіл-күйін, яғни, сана сезімін жетілдіру үшін қазак жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ергегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, ойы орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -
деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Абай жастарды оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып, дүние тану үшін оқу керек екенін еске салады. Қазақ жастарына "ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз" деп білім жолына құмартуға ақыл-кеңес берді:
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл болсеңіз, - дей келіп,
Военный кызмет іздеме,
Оқалы киім киюге...
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге, —
деп, шын қүмарлық үшін, қара бастың пайдасы үшін емес. халыққа қызмет ету, оқу, ғылым керек екендігін, жастарды соган құмартуға үндеді.
Құмарлық сезімі тек ғана адамдарда кездеседі. Құмарлық адамның қандай да болмасын қызығуымен, іс-әрекетімен байланысты. Құмарлық жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Жағымды құмарлыққа білім алуға, онергс, ғылымға, спортқа т.б. әуестену жатады. Жағымды құмарлықпен қатар жағымсыз құмарлық та кездеседі. Мысалы, нашақорлық, ішімдікке салыну, азарттық ойындарға, жеке бастың баюына құмарлық және т.б.
Стресстік жағдайлар."Стресс" — ағылшын сөзі, қазақшалағанда — күйзеліс мағынасында қолданылады. Стресс — кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп төнген жағдайда, үлкен шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады.
Осындай ахуалдар адамзат қызметінің әртүрлі түрлерінде: еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесінде, әртүрлі дау-дамай ахуалдарда кездеседі. Стресстік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек ғана психологиялық жагдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары және ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.
Жоғары сезімдер
Сезімдер, атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдердеп бөледі.
Жай сезімдергебелгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағатгандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады. Жай сезімдердің ерекше биологиялық мәні зор. Олар бас ми алабына дене жағдайы туралы сигналдарды жеткізіп отырады: денсаулыгы немесе аурулығы, қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы. Жоғары сезімдер адамның рухани дүниесін білдіреді және оны жеке тұлға анықтайды.
Жоғары сезімдеррухани қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді (моралдік, интелектуалдік және эстетикалық). Жоғары сезімдердің мазмұны, олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.
Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалык және интеллектуаддықболып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдер- қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адамның жоғарғы сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмүны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады.
Адамгершілік (моралдік) сезімдердегеніміз дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі және бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Бұл сезімдердің байқалуы көрсеткендей, адамдар адамгершілік талаптар мен ережелерді меңгереді. Адамгершілік талаптар қоғамның тарихи дамуының үрдісінде оның дәстүрлеріне, салтына, дініне, идеологиясына және т.б. байланысты қалыптасады және өзгеріп отырады. Мысалы, ар-намысты қорғау, көбінесе қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдарда жиі байқалады. Адамның өмір сүріп отырған қоғамы, оның нақтылы іс-әрскеті моралдік сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Егер саналы кісі ұжымдық және қоғамдық ережелерді бұзса, бұған қатты қиналады, ал бұларды ылғи орындап жүрсе, жаны рахаттанып, көңіл-күйі көтеріңкі, шат-шадыман күйде жүреді. Ата-аналар мен мұғалімдердің басты міндеті окушы санасында осындай сезімдерді қалыптастыру болып табылады.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылыгымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моралдік сезімдер адамдардың іс-әрекетінен, қарым-қатынасынан байқалады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осы адамгершілік сезімдерді ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, имандылыкқа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші орынға қояды.
Халқымыз: "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" деп, адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың үлгі-өнегесіне ерекше мән берген.
Адам өз ортасына қарап өседі. "Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады", "Он рет өсиет айтқанша бір рет өнеге көрсет" дейді халық. Мәселен, өткен замандардың бір ақылгойі Сенека "Уағыз айттып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай" деген екен.
Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады.
"Өлімнен ұят күшті", "Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әруақытта".
Баланың бойында жақсы адамгершілік сезімдердің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, оскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазына байланысты. Сондықтан да халқымыз: «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек.
Эстетикалық сезімдер. Қоғамның даму үрдісінде адам моралдік талаптармен ғана емес, сопымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ис болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық көңіл-күйлер өте коп қырлы және күрделі.
Эстетикалық сезімдер — болмыстагы шындықтың сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күйі. Эстетикалық сезім табиғат көріністерінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқиғалардан, онер туындыларынан пайда болады.
Адамның эстетикалық сезімі өз ортаеына, тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Эстетикалық сезімі жетілген адам табиғат сұлулығын қабылдап сүйсінеді. Адамның қоғамға, дүниеге көзқарасы эстетикалық сезімімен астарласып жатады.
Эстетикалық сезімдер деп әдемі заттар мен құбылыстарды қабылдаумен байланысты, ол туралы елестетулсрмен және ойлармен байланысты адамнын коніл-күйінін жагымды сезімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский эстетикалық сезімдердің адамның көңіл-күйінде алатын орнын бағалай келіп былай деді: "Біз сұлулықты шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған шаттанамыз...".
Эстетикалық сезімдер бізде алдымен коршаған дүниенің құбылыстарымен, табиғатпен және оның өмірімен, адамдармен және оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда болады.
Н.Г. Чернышевскийдің анықтамасы бойынша, "Сұлулық дегеніміз - өмір". Бізді қоршаған дүние және өмір онда әртүрлі байқалады. Сондықтан да адамның эстетикалық сезімдері ерекше алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Эстетикалық сезімдер - пассивті бақылап ғана қоймайды, сонымен қатар олар адамның барлық іс-әрекетінің түрлерінде байқалады, олар іс-әрекетті ынталандырып, белсенділігін арттырады. Міне, эстетикалық сезімдердің тиімділігі, мәні осында.
Эстетикалық сезімдердің тамаша қайнар көздеріне - сазды, бейнелеу өнерін, поэзияны және т.б. жатқызуға болады. Өнер шығармаларын жасаудағы адамның шығармашылық қызметі негізінен эстетикалық қажеттіліктер арқылы ынталандырылады. Онер шығармалары адамдардың санасына негізінен эстетикатық сезімдер арқылы әсер етеді. Өнер мен әдебиет шығармаларында шындықты неғұрлым терең, толық және әділет бейнелесе, солғұрлым адамдарда эстетикалық талғамды көп қалыптастырады және бұл шығармалар эстетикалық көңіл-күйдің қайнар көзі және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағаланады.
Эстетикалық сезімдерді қалыптастыруда Абай мен Махамбеттің поэзиясының, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің құдіретті күй-өнерінің Ә.Қастеев пен О.Таңсықбаевтың бейнелеу өнері саласында қалдырған тамаша туындыларынан эстетикалық нәр аламыз, жас ұрпақтың эстетикалык қажеттігін қанағаттандыруга және олардың эстетикалық талғамын дамытуға көмектеседі.
Қазақ поэзинсының алыбы, гуманист-ақын Абай адамгершілікті, сұлулықты, шынайы махаббатты жырлады. Ақын өзінің көңіл-күйін, адамға, өмірге деген қарым-қатынасын музыка тілінде шебер бейелейді. Нысанасына дәл тиетін өлең-сөздің небір патшасын тудырған ақын-ән өнерінде де өнердің құдіретті күшін паш етеді:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй.
Интеллектуалдық сезімдер — адамның ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты. Ингелектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және практикалық мәселелсрді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл-күйді білдіреді.
Теориялық және практикалық міндеттерді шешекенде адам ерекше жағымды сезімде болады. Бұл сезімді бастан кешіргенде адам ерекше қуаныш жағдайында, көңіл-күйі, күш-жігері көтеріңкі болады.
Қанағаттану және қанағаттанбау сезімі адамда өзінің жеке интеллектуалдық үрдісінде пайда болады. Белгілі міндетті ойдағыдай шешуде қанағаттану сезімін тудырады.
Интеллектуалдық сезімдер тек адамның таным іс-әрекетіне байланысты пайда болып қоймайды, ақыл-ой үрдістерін дамыта отырып, сонымен қатар оларды ынталандырады, ақыл-ой қызметін күшейте түседі, ойлаудың жылдамдығына, нәтижелілігіне, білімнің мазмұнына және дәлдігіне әсер етеді. Мысалы, таң қалу және әуестену сезімі адамды әртүрлі мәселелерді шешуге, одан да терең білімді меңгеруге итермелейді. Таң қалу сезімі долелдеуді іздестіруге, өзіміздің ойымызды негіздеуге, пайда болған сұрақтарға дұрыс жауаптарын табуға итермелейді.
Интеллектуалдық сезімдерге сонымен қатар логикалық ойлаудың қанағаттанғандығын жатқызамыз, адамның ойы анықтылығымен, бірізділігімен, негізделуімен ерекшеленеді. Керісінше, ойлаудың логикасы бұзылған жағдайда, атап айтқанда, адам ойында анықтылық, бірізділік, нсгізделу болмағанда, қарама-қайшылықтар кездескенде адамда жағымсыз сезімдер пайда болады.
Мысалы, өте жақсы оқылған лектордың, баяндамашының дәрісі, мәнерлі де тартымды сөйлеген сөзі жағымды сезімді туғызады. Тілдің грамматикалық ережелерін сактамай, стилі жағынан өте ауыр, мазмұны жағынан тартымсыз лектордың сөзі бізде жағымсыз сезімді шақырады.