Ызылорда облысы аймағындағы балық шаруашылығының қазіргі жағдайы

Осыдан 20 жыл бұрын Арал тенізі апатты болған. Теніздігі су 150 км қаладан кеткен, ал бүгін ғана қаланы 17 км ажыратады. Арал ауданында балық шаруашылығы мен басқа да ссалалар дамып келе жатыр. 1984 жылы балық өндіру толығымен тоқтаса, ал казіргі кезде 500- ден 5 мың тоннаға дейін өсіп отыр. Соңымен қатар экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауданның жақсарып келеді. Арал тенізінде судың мөлшері азайуы ауыр жағдайға келтірді, осыған байланысты теніздің жартысынан көп өсімдік пен жануарлырдың генофонды жоғалды. Ел басынын көмегімен Арал тенізін жоғалпау жұмыстары, балық саның көбейту үшін жұргізілді. Соның арқасында бүгінгі күні 22 балықтын түрлері сақталды, ал бүрынғы кезде тек қана камбала балык болған еді.

Қызылорда облысында балық аулау Сырдария, Шағын Арал және әртүрлі су қоймалары мен тоғандарда жүзеге асырылады.Сырдария, Кіші Арал сияқты табиғи ірі су артериясына қарағанда,тоғандардан балық аулау ауқымды материалдық шығындарды және балық өсіруге қажетті өндірістік алаңды қажет етеді.Мысалы, тауарлық балық өсірудің бір бірлігіне шаққандағы жемнің шығыны 4,6 құрайды, ал бір маусымдағы минералдық тыңайтқыштың (суперфосфата и селитры) шығыны-280 кг/га, езілмеген әктің шығыны 1т/га құрайды.

Екі жылда өсіру жағдайында тауарлық карп(тұқы) салмағы 330 -400грамды, ал өнімнің балығы бір гектардан 10-12ц құрайды, ал үш жылдық өсіру жағдайында 600-800 грамм- бір гектардан -14-16 пайызды құрайды.

ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің балық шаруашылығы Комитетінің ұдайы өндіріспен айналысатын кәсіпорындары балық ресурстарын сақтау және ұдайы өндіру мақсатында, жыл сайын «Балық ресурстарының ұдайы өндірісі» 038 бюджеттік бағдарламасы аясында республиканың шаруашылық су қоймаларын балықтандыруды жүзеге асырады.

Балық өндірушілердің мәліметттеріне сүйенсек, 2015 жылдың қараша айына елімізде 3,882 млн тонн балық өндірілген, бүл 2014 он бір айынан көп екенің көрсетеді.

Уылдырықсыз өсіру шаруашылықтарында жасанды өсірудің негізгі обьектілері болып,сиг, осетр,карп (тұқы)және шөппен қоректенетін балық түрлері табылады.

2013 жылы 158,4 млн. дана өсіріліп, суға жіберілген:оның ішінде:Майлыбалық балық питомнигінде - 41,0 млн. дана,Атырау осетр өсіретін балық зауытында -7,0 млн.дана, КазПАС -0,8 млн.дана, Қамыстыбалық питомнигінде15,2 млн. дана, Петропавл балық питомнигінде- 86,0;Қапшағай НВХ -8,4 млн.дана.

Тірі табиғат обьектілерін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы қолданыстағы заңға сәйкес, жануарлар әлемін пайдаланушыларға бекітілген су қоймаларынан арнайы пайдалануға рұқсат етіледі.

Осы нормаға сәйкес, 2006 жылдан бастап, Балық комитеті халықаралық, республикалық жән жергілікті маңызы бар балық шаруашылығының су қоймаларын пайдаланушыларға ұзақ мерзімге (5-49 жылға дейін) пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұл норма пайдаланушыларға ұзақ мерзім ішінде балық шкізатына қол жетімділікті қаматмасыз етеді және балық шаруашылығын дамытуға және балық ресурстарының ұдайы өндірісіне жеке қаржылық қаражаттарды салу және инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Одан басқа,балық шаруашылығының су қоймаларын пайдаланушыларға ұзақ мерзімге беру, пайдаланушылардың қаржы қаражаттарын ғылыми, ұдайы өндірістік жұмыстарға салуы, қорық сақшыларының қызметін құру арқылы күзет шараларын күшейту, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы балық аулау саласына жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасауды қарастырады,ол саланың бәсекеге қабілеттігін арттырады.

Өткен мерзім ішінде, балық шаруашылығының су қоймаларын бекіту бойынша конкурс жүргізу Ережесіне және конкурсқа қатысатын қатысушыларға қойылатын квалификациялық талаптарға, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, халықаралық және республикалық маңызы бар 368 су қоймасынан, балық шаруашылығының 162 субьектісіне 286 су қоймасы бекітілді.

Оның ішінде Орал-Каспий бассейні бойынша 56 су қоймасынан 54 су қоймасы немесе 96,4%,Балқаш-Алакөл бассейні бойынша балық шаруашылығының 81 субьектісіне 172 немесе 79,6 %, су қоймасы,Арал-Сырдария бассейні бойынша -47 су қоймасынан 16 немесе41 %, Зайсан Ертіс- 49 су қоймасынан- 27 балық шаруашылығы субьектілеріне 44 немесе (89,8 %) су қоймасы бекітілген.

Кесте 1

Қызылорда облысының балық шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.
Тауарларлық балық өсіру бойынша су қоймалары су айдынының жалпы ауданы (жыл соңына), га
Балығы ауланған су қоймаларының ауданы, га
Олардаң аулаған тауарлық балықтар, тонна 3 843 3 891 4 393
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жұмысшылары, адам 51,3 44,8 34,1 34,4
Қызмет түрлері бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы - барлығы, теңге
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысы, теңге
ауыл, орман және балық шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысының ұлес салмағы барлық қызмет түрлері бойынша жұмысшыларға қарағанда, % 46,1 44,2 46,8 49,6
Ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша негізгі құрал-жабдықтарды пайдалануға беру, млн теңге 1 143
Балық өнімін өндіру (жас тонызытылған немесе мұздатылған балық, тонна 1 390 1 951
Сатылған балықтар жекелеген тауарлық топтар бойынша бөлшек сауда бойынша, млн теңге 378,6 747,3 1 182 1 651,6
Орташа баға жас балықтардың, теңге
Мәліметтер: Қызылорда облысы 2014 жығлы Статистикалық жинақ

 

Кестеде көрсетлген мәліметтер бойынша Қызылорда облысында соңғы 2013 жылы ауыл, балық және орман шаруашылығындағы жұмысшылар саңы көбейіп келеді. Мысалы, олардың ұлес еңбек ақысының үлес салмағы барлық қызмет түрлері бойынша жұмысшыларға қарағанда 2013 жылы 49,9 пайызға дейін көбейіп отыр. Соңымен қатар басқада балық өндірісінің көрсеткіштердің мөлшері соңғы жылы өсіп отыр. Бүл өте жақсы динамикалық өсу деуге болады. Бүған себеп болғаны мемлекет жағынан балық шаруашылығынын проблемаларын дұрыс шешу және де жергілікті атқару билік жағынан көмек көрсету болып отыр.

 

Қызылорда облысында балықшаруашылығын дамытудың бағдарламасы әзірленді.Облыста алғаш рет 2010-2020 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы енгізіліп жатыр.Оны жүзеге асыруға 11 млрд 587 млн тенге қажет.

Балық шаруашылығының кешенді бағдарламасы балық кәсіпшілігінің бұрынғы мүмкініктерін қайта қалпына келтіруді көздейді.Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері болып,су қоймаларының биоалуантүрлілігін сақтау, өнімдерді қайта өңдеу және кадрдар даярлау табылады.

Жоспарда Арал ауданында балықшыларды даярлау орталығының ашылуы, ау тоқу цехы, жағалау құрылымдарының цехын салу қарастырылған.Бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы аймақта балық аулау жыл сайын 15 мың. Тоннға артады деп болжам жасалған.2030 жылы балықты тұтыну адам басына шаққанда 20 кг дейін,орташа жылдық пайдалану көлемі 10 кг артатын болады.

Қызылорда облысының аумағындағы 400 өзеннен қазіргі күні 155 ғана қалып отыр. «Сырдария өзенінің сағасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуына байланысты балық ауалу көлемі артқан.

Мысалы, 2012 жылы 2,5 млн. тонна балық ауланған. Қызылорда облысы бойынша екі балық өңдейтін зауыт жұмыс істеп келген, бірақ қазір Арал кәсіпорны шикізаттың жоқтығына байланысты тұрып қалған, ал қызылорда балық зауыты жекешелендіру және қайта реформалау кезеңінде жабылып қалған.

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты-кәсіпшілік балық аулау болып саналады.Ол балықтың биологиялық алуантүрлігін сақтауды қамтамасыз ететін көлемде, өзендерде, су қоймаларында және көлдерде оңтайлы балық аулау кәсібін жүргізуге негізделген. Елімізде барлыө сі қоймалары мен көлдерде балық саның сақтау үшін жыл сайын балықшыларға көктем кезінде Үкімет басшысының қаулысымен мерзімді токтату жасалынады. Бүл өз жағынан балық инспекциясы арқылы бақыланады, тәртіп бұзған балықшылар мен браконьерлерге еліміздің заңдарына сәйкес айып пул салынады. Сөйтіп соңғы жылдары елімізде балық шаруашылығына ұлкен мән беруде.