Тозаңдатқыш абсорберлер

Тозаңдатқыш абсорберлердефазалардың жанасу беті газ массасында сұйық- тықтың ұсақ тамшы түрінде ыдыратылуы нәтижесінде жүзеге асырылады. Сұйық-тықтың тамшыларға ыдырауы жоғарыдан жүргізіледі де, газ төменнен жоғары қа-рай жіберіледі. Тамшылардың жалпы беті олардың мөлшері, жылдамдығы азайған сайын және суландыру тығыздығы артқан сайын артады. Тозаңдатқыш абсорбердің бүріккіш (сұйықтық бүріккіш арқылы тамшыларға ыдырайды), жылдам тік ағынды (сұйықтықтың тамшыларға ыдырауы газ ағынының кинетикалық энергиясының есебінен жүреді), механикалық (сұйықтықтың тамшыларға ыдырауы айналмалы детальдар арқылы жүзеге асады.

Бүріккіш абсорберлердің негізгі бөлігін тік бағана алады. Мұнда газ төменнен жо-ғарыға қарай қозғалады, ал сұйықтық 1 бағананың жоғарғы жағындағы бүріккіш арқылы жоғарыдан төменге қарай жіберіледі. Мұндай абсорбердің тиімділігі жоға-ры емес, бұл газдың бағананың жоғарғы жағында араласуымен, бағана қимасының сұйық тамшыларымен жеткілікті толмауымен байланысты.

Бүріккіш абсорберлер құрылымының қарапайымдылығымен, гидравликалық ке-дергісінің аздығымен, төмен құнымен ерекшеленеді. Оларды қатты ластанған газ-дарды өңдеу үшін пайдаланады.

Бүріккіш абсорберлердің кемшіліктеріне тиімділігінің төмендігімен бірге, газдың төмен жылдамдықта қозғалысы, ластанған газдармен жұмыстың қиындығы, сұйық-ты тамшыларға ыдыратуға кететін энергия шығынының көп болуы, тамшы санын арттыруға қажет абсорбенттің көп жұмсалуы жатады.

Тиімділігі жоғарырақ абсорбциялық қондырғыға жылдам тік ағынды абсорбер-лер жатады. Мұнда тамшыларға ыдыраған сұйықтық үлкен жылдамдықтағы газ ағынымен қосылады, кейін бөлгіш камерада газдан бөлінеді. Газдың жылдамдығы 20 – 30 м/с. Осындай қондырғыға Вентури абсорбері жатады, оның негізгі бөлігін Вентури құбыры құрайды. Сұйықтық 1 құбырдың конфузорына келіп түсіп, қабыр-шақ түрінде ағады, 2 құбыр мойнында газ ағынының әсерінен тмшыларға ыдырай-ды. Кейін сұйықтық газ ағынымен 3 диффузорға түседі, онда газдың жылдамдығы азаяды және кинетикалық энергиясы қысым энергиясына аз шығынмен айналады. Тамшылардың газдан бөлінуі 4 сепараторда жүреді.

Механикалық абсорберлерде сұйықтықты бүрку айналмалы құрылғы арқылы жү-зеге асады. 9-суретте қалақ және көлденең білікте орнатылған диск арқылы сұйық-тықтың бүркілуі көрсетілген.

Тозаңдатқыш абсорберлердің басқа түрлерінен механикалық абсорберлердің айырмашылығы – олардың тиімділігі жоғары. Бірақ кемшіліктері де бар: конструк-циясы күрделірек және процесті жүргізуге көп энергия шығыны кетеді. Сондықтан оларды бүріккішпен не газбен сұйықтықты тамшыларға ыдырату мүмкін болмаған жағдайда қолданады.

7-сурет. Бүріккішті абсорбер. 8-сурет. Жылдам тік ағынды абсорбер.

1 – бағана; 2 – бүріккіш. 1 – конфузор; 2 – құбыр мойны;

3 – диффузор; 4 – бөлгіш камера.

9-сурет. Механикалық абсорбер.

а – қалақ арқылы сұйықтықты бүрку;

б – диск арқылы сұйықтықты бүрку;

1 – біліктер; 2 – бүріккіштер;

3 – аралық қабырғалар.

Саптамалы абсорберлер

Саптамалы абсорберлер ішінде қатты заттармен толтырылған (саптамалар) ба-ғанадан тұрады. 3 саптамалы бағанада (10-сурет) 3 саптама 4 бекітілген торлардан тұрады, онда 2 таратқыш арқылы 3 саптаманы біркелкі суландыратын, сұйықтық пен газ ағыны өтетің саңылаулар бар. Бағана ішімен саптамалы абсорбер арқылы төменнен газ, ал жоғарыдан жұқа қабыршақ түзе сұйықтық түседі. Бірақ сұйықтық бағана ішінде саптама арқылы біркелкі таралмайды. Сұйықтық бағананың орталық бөлігінен қабырғасына қарай ағады (11-сурет). 11-суреттен көргендей, сұйықтық толық абсорбент енгізілетін жерден бағананың шетіне, шамамен 4-5 дм алыс кетеді. Сондықтан сұйықтықтың біркелкі таралуы үшін саптаманы қабат-қабатымен (биік-тігі 4-5 дм) орнатады, ал қабаттардың аралығына сұйықтықты бағананың ортаңғы бөлігіне қарай жинақтап, оның бағана қимасы бойынша біркелкі таралуына ықпал ететін 5 бағыттаушы конус орналастырады.

Саптамалы бағанада сұйықтық саптама бөліктері арқылы жұқа қабыршақ түрінде ағады, сондықтан фазалардың жанасу беті ретінде саптаманың сулану бетін алады. Алайда сұйықтық саптаманың бір бөлігінен басқа бөлігіне ағып өткенде сұйықтық қабыршағы бұзылады да, төмендегі бөлікте жаңа қабықша пайда болады. Саптама-дан төмен қабаттан сұйықтықтың бір бөлігі жай ағын, тамшы не шашыранды түрін-де ағады. Саптама бетінің бір бөлігінде, әсіресе, саптама бөліктерінің жанасу бетін-де тұрып қалған сұйықтықтың сулануы жүреді.

Саптама ретінде Рашиг сақиналары қолданылады. Рашиг сақиналары – биіктігі диаметріне тең жұқа цилиндрлер. Олардың мөлшері 15 – 150 мм. Сақиналар кера-микадан, фарфордан және сирек жағдайда болаттан жасалады. Қондырғыға мұндай сақиналар бос не қатарымен салынады.

Саптаманың негізгі сипаттамаларына меншікті беті σ (м2/м3) және ε бос көлемі (м3/м3) жатады. Көбінесе ε шамасын саптаманы сумен толтыру жолымен анықтай-ды. Судың көлемінің саптаманың алатын көлеміне қатынасы ε шамасын береді.