СТАТОР ЖӘНЕ РОТОР ОРАМАЛАРЫН ЕСЕПТЕУ
3.1 Статор орамасының типін таңдау
Бір қабатты орамалар қуаты аз асинхронды машиналарда, ал екі қабатты орамалар қуаты орта және үлкен машиналарда қолданылады. Өйткені екі қабатты орамалар орта және үлкен қуатты машиналар үшін технологиялық тұрғыдан тиімдірек және орама қадамын оңтайлы қысқартуды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты айналу осінің биіктігі h ≤ 132 мм машиналарда бір қабатты орамаларды, ал h > 132 мм болғанда, екі қабатты орамаларды қолдану ұсынылады (Ескерту: егер p > 1 және h=160,180 мм болғанда бір қабатты орама қолданған дұрыс болады).
3.2 Орама қадамын қысқарту коэффициенті және орама қадамы – у.
Бір қабатты орамалар үшін , сондықтан орама қадамы 36/6=6 бүтін сан.
Екі қабатты орамалар үшін , сондықтан 6 бүтін сан.
3.3 Орама коэффициенті .0,966*1=0,966
Қысқарту коэффициенті =1 Үлестірілу коэффициенті электр машиналарының жалпы теориясынан белгілі бір полюске және бір фазаға келетін науашалар санының – q функциясы болып табылады және ол формула бойынша немесе кесте 3.1 бойынша анықталуы мүмкін.
мұндағы
Кесте 3.1
q | ∞ | ||||||
1,0 | 0,966 | 0,960 | 0,958 | 0,957 | 0,956 | 0,955 |
3.4 Асинхронды қозғалтқыштың есептік қуаты (Вт) – =1,11*26*0,88*0,966*0,117*104,6*(0,126)(0,126)=4739
D, lб, Ω,koб1 –1.6.2, 2.1, 2.18, 3.3 пунктері бойынша; А=28 – сызықтық жүктеме мен Вδ=0,88 – магниттік индукция сурет 3.1а және сурет 3.1б бойынша алынады. (Ескерту: егер қозғалтқышты қайта есептеу аз жылдамдықтан үлкен жылдамдыққа жүргізілетін болса, онда суреттегі графиктер бойынша алынған магниттік индукция Вδ мәнін қатынасына бөлу қажет; мұндағы -бастапқы машинаның магнит өрісінің синхронды айналу жиілігі)
3.5 Статор орамасының номинал тоғы (А) – =4739/3*220=7,4
мұндағы =0,97*220=213,4
3.6 Статор орамасы фазасы сымдарының қимасы (мм2) – =7,4/6,5=1,12
мұндағы J1 – тығыздығы (А/мм2);
h ≥ 80 мм болғанда, J1 = (6,5 – 7,0) А/мм2
h ≥ 180 мм болғанда, J1 = (5,5 – 6,0) А/мм2
3.7 Элементарлы сымның (өткізгіштің) диаметрін және қимасын таңдау
Бұл әдістеме айналу осінің биіктігі h ≤ 280 мм қозғалтқыштар үшін жасалған. Мұндай қозғалтқыштарда жұмсақ секциялы орамалар қолданылады.
Жұмсақ секциялы орамалар үшін оқшауламасы жоқ элементарлы сымның диаметрі d екі шартты қанағаттандыру керек:
мм, мм
мұндағы h – қозғалтқыштың айналу осінің биіктігі, мм.
Осы шарттарды ескере отырып оқшауламасы жоқ сымның диаметрін d П1-кестесі бойынша жуықтап ең жақын стандартты қимасын таңдаймыз. Сол кесте бойынша элементарлы сымның қимасын – qэл (мм2) және оқшауламалы сымның диаметрін dоқ (мм) табамыз. Оқшауламалы сым диаметрінің мәні dоқ+1,5 ≤ bш1 шартын қанағаттандыруы қажет. Бұл шарт ораманы статор науашасына орналастыру кезінде сымның еркін өтуінің технологиялық талабымен анықталады. Егер осы шарт қанағаттандарылмаса, оқшауламасы жоқ элементарлы сымның диаметрінің кіші жаңа мәнін қабылдау қажет.
3.8 Фазадағы параллель элементарлы сымдар саны – 1,13/0,985=1бүтін сан.
Егер nф бүтін санға тең болмаса, онда nф жақын бүтін санға жуықтаймыз да, qф және qэл мәндерін J1, d өзгерте отырып қайта есептейміз.
3.9 Кесте 3.2 бойынша статор орамасының параллель тармақтарының санын – а (бір-екі нұсқасын) таңдаймыз.
Кесте 3.2
Орама типі | Полюстер жұбының саны – р | |||
Мүмкін параллель тармақтар саны – а | ||||
Бір қабатты орама | 1,2 | 1,3 | 1,2,4 | |
Екі қабатты орама | 1,2 | 1,2,4 | 1,2,3,6 | 1,2,4,8 |
3.10 Эффективті сымдағы элементарлы сымдардың саны (яғни, ораманың бір параллель тармағындағы сымдар саны) – =1, бұл жағдайда келесі шарттар орындалуы қажет: nэл = бүтін сан, nэл < 4, a ≤ nэл. Егер бұл шарттар орындалмаса, онда 3.6 – 3.10 пункттері бойынша қайта есептеулер жүргізу қажет.
Енді ток тығыздығының мәнін дәл есептейміз (нақтылаймыз) – 6,54 мұндағы , егер ток тығыздығы мәні ұсынылған мәндердің шектерінен шығып кетсе, онда 3.7-3.10 пунктері бойынша қайта есептеулер жүргізу қажет.