Орташа және шекті шығындар

Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.

 

Өндірістік орташа жалпы шығындарды ( АТС ) жлпы шығынның ( ТС ) өндірілген өнім көлеміне ( Q ) қатынасымен анықталады да , өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындар көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:

 

ТС

АТС=

Q

Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді. Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар ( А FС ) және орташа айнымалы шығындар ( АVС ) . Олар келесідей анықталады:

 

AFC=FC/C; AVC= VC/Q

Өндірістің шекті шығыны ( МС ) жалпы шығындардың өзгеруінің ( ТС) өнім көлемінің өзгеруі ( №№) қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни:

Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығындарды былай есептеуімізге болады:

 

 

 

36. Микроэкономика пәні нені оқытады?

Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

 

37. Микроэкокномиканың негізгі түсініктері?

Микроэкономика – экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұлардың өзара байланысын төмендегі сызбадан көреміз.

 

38. Сұраныс мәні, түсінігі?

Сұраныс – адамдардың сатып алуға деген қабілеті.

 

39. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі дегеніміз не?

Сұраныс б-ша...

Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Икемділік туражәне айқас болуы мүмкін. Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі)– сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті жалпы формула бойынша есептеледі:

Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.

Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады: