Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.

Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Икемділік туражәне айқас болуы мүмкін. Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі)– сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті жалпы формула бойынша есептеледі:

Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.

Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:

1. Нүктелі икемділік коэффициенті – бастапқы мағыналарына қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да 2 формуланың біреуімен есептеледі:

Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р0 / Q0] немесе Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р1 / Q1],

мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.

Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.

2. Доға тәрізді икемділік коэффициенті– орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі:

Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]

Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:

1. Сұраныс баға бойынша икемді деп саналады, егер бағаның аз пайыздық өзгеруі сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 16 суретте көрсетілген.

2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (17 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.

3. Мүлде икемсіз сұраныс – бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге тең, өйткені бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады (18 сурет).

P P

 

 

Q Q

16 сурет. Икемді сұраныс 17 сурет. Икемсіз сұраныс

4. Мүлде икемді сұраныс– бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.

5. Бірлікті икемділігі бар сұраныс– бағаның пайыздық өзгеруі сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең (20 сурет).

 
 


P P P

 

Q Q Q

18 сурет. Мүлде 19 сурет. Мүлде 20 сурет. Бірлікті

икемсіз сұраныс икемді сұраныс икемділік

 

Сұраныс қисығының пішініндегі айырмашылықтарға қарамастан икемділікті тек қана соның негізінде талдау жеткіліксіз, себебі икемділік қисық сызықтың әр жерінде әр түрлі. Сұраныстың ең жоғары нүктесінде икемділік шексіздікке тең, ең төменгісінде – нөлге тең, қисық сызықтың орта нүктесінде – 1-ге тең (21 сурет). Сатушының табысы баға мен икемділікке байланысты екендігі (жеке икемділік жағдайында ол ең жоғары) суреттің төмеңгі графигінде көрсетілген.

P

(ED=∞)

 

ED>1

 

P* (ED=1)

 

ED<1

0 (ED=0)

 

 

TR

 

21 сурет. Сұраныс қисық

сызығын бойлай қозғалыстағы

икемділік коэффициентінің өзгеруі.

Баға бойынша икемділікке қатысты бірнеше ережелер:

1. Тауардың орнын алмастырушылары неғұрлым көп, соғұрлым оған деген сұраныс икемді, өйткені баға өскен жағдайда оны арзандауымен ауыстыруға болады.

2. Тауар неғұрлым қажетті болса, соғұрлым оған сұраныс икемділігі аздау.

3. Тұтынушының шығындар құрылымында тауардың неғұрлым көп меншікті салмағы болса, соғұрлым оған деген сұраныстың икемділігі жоғары. Мысалы, басқа тамақ өнімдеріне қарағанда (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар құрылымында үлесі жоғары тамақ өніміне баға өссе де, оған деген сұраныс басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде қысқарады.

4. Қолға неғұрлым қиын түсетін тауар болса, соғұрлым сұранысы икемді. Солай, тауарлар тапшылығы жағдайларында, сұраныс икемділігінің көрсеткіштері көптеген тауарлары бар дамыған нарық жағдайларындағыдан аздау.

5. Қажеттіліктерді қанықтыру деңгейі неғұрлым жоғары, оған деген сұраныстың икемділігі соғұрлым төмен.

Егер жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.

6. Уақыт өткен сайын сұраныс икемділеу болады. Жаңа тауар пайда болғанда, оған деген сұраныс баға бойынша икемділігі аздау. Арада уақыт өткенде нарық қанығып, субтитут – тауарлар шығып, тауарға көптің қолы жетеді, бірақ баға түскен жағдайда, яғни оған деген сұраныс бағаға байланысты, одан тәуелді болады.

Баға бойынша сұраныстың айқас икемділігі – басқа тауарға бағаның өзгеруіне байланысты бір тауарға сұраныстың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды. Баға бойынша айқас икемділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

ЕXY = Х тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруі / Y тауар бағасының пайыздық өзгеруі = [ ∆QХ / ∆РY] ∙ [РY / QХ].

Егер Х және Y тауарлары өзара ауыстырылатын (алмасатын) болса, айқас икемділігінің коэффициенті оң сан болады, себебі, бір тауар бағасы өскен жағдайда оны басқа, арзандауымен ауыстыруға болады. Майдың бағасы өскенде, тұтынушы оны арзан маргаринге ауыстырады. Неғұрлым айқас икемділік коэффициентінің шамасы көп, соғұрлым тауарлар өзара алмасушылығының дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары өзара толықтырушы жағдайда айқас икемділігінің коэффициенті теріс сан болады. Автомобильдерге бағаның өсуімен байланысты бензинге сұраныс азаяды. Айқас икемділігінің коэффициент шамасы неғұрлым көп, соғұрлым тауарлар өзара толықтырушылық дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары тәуелсіз болса, айқас икемділік коэффициенті 0 (нөлге) тең.

Сұраныстың айқас икемділігі симметриялы және бейсимметриялы (симметриясыз) болуы мүмкін. Шарикті қаламның бағасы өссе, капиллярлы қаламның да бағасы өседі (және керісінше).

Бұл сұраныстың симметриялық айқас икемділігінің мысалы. Егер етке баға төмендесе, кетчупке сұраныс өседі, бірақ, кетчуп бағасының өсуі етке деген сұранысты өзгертпейді – бейсимметриялы айқас икемділіктің мысалы.