Л.Н. Толстойдың пікірі бойынша адам өмірінің мағынасы неде?

А) өзін-өзі жетілдіруде

В) басқаға қиянат жасамауда

С) жақсылық жасауда

D) әрекетсіздікте

Е) ғылыми танымда

 

158. XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында орыс философтарының қайсысы «Жалпының бірлігі жайындағы» философияның негізін қалады?

А) Владимир Соловьев

В) Николай Бердяев

С) Павел Флоренский

D) Семен Франк

Е) Николай Федоров

 

159. Владимир Соловьевтың антропологиялық концепциясы бойынша адамның басқа жануарлардан айырмашылығы неде?

А) Ұждандық сезім

В) Еңбек етуі

С) Тілі

D) Намыс

Е) Санасы

 

160. Владимир Соловьевтың философиясындағы басты категория:

А) софия – даналық

В) сүйіспеншілік

С) мейірімділік

D) әдептілік

Е) табандылық

 

161. Николай Бердяевтің ілімі бойынша әлемнің негізіне не қаланған?

А) еркіндікке ұмтылу

В) иррационалдық бастама

С) даналық (София)

D) ақыл-ой

Е) гуманизм

 

162. Кім үшін христиандық социализм идеалды қоғам болып саналады?

А) С.Н.Булгаков

В) П.Флоренский

С) С.Франк

D) Н.Федоров

Е) А.Бердяев

 

163. XIX ғасырдағы иррационализм өкілдері:

А) Шопенгауер, Кьеркегор, Ницше

В) Лейбниц, Фейербах, Маркс

С) Фихте, Гегель, Фейербах

D) Конт, Спенсер, Дюринг

Е) Монтень, Авенариус, Дьюи

 

164. .Ақыл-ойдың орнына ерік-жігер идеясын алға тартқан философ:

А) Артур Шопенгауэр

В) Карл Ясперс

С) Рихард Авенариус

D) Мартин Хайдеггер

Е) Фридрих Шеллинг

 

165. Шопенгауердің пікірі бойынша әлемнің негізінде не жатады?

А) әлемдік ерік

В) жүгенсіз сезім

С) иррационалдық бастама

D) бейсаналық

Е) абсолюттік идея

 

166. ХІХ ғасырдағы «аса күшті адам» (сверхчеловек) идеясының негізін қалаған философ:

А) Фридрих Ницше

В) Мартин Хайдеггер

С) Жан Поль Сартр

D) Альбер Камю

Е) Зигмунд Фрейд

 

167. Фридрих Ницшенің іліміндегі басты идеяны атаңыз:

А) аса күшті адам идеясы

В) жаңа адам идеясы

С) дүниені өзгерту идеясы

D) «бақытыңа деген ерік» идеясы

Е) сублимация идеясы

 

168. Ницше философиясының негізгі ұғымын атаңыз:

А) билікке деген ерік

В) субъектінің ерігі

С) «ол», «мен», «меннен жоғары»

D) үрей, күнә, сандырақ

Е) шекаралық жағдай

 

169. Философиядағы психоанализ теориясының негізін қалаған:

А) Зигмунд Фрейд

В) Артур Шопенгауэр

С) Уильям Джемс

D) Макс Адлер

Е) Дильтей

 

170. Зигмунд Фрейдтің философиясындағы негізгі ұғым:

А) бейсаналық

В) саналық

С) алғы саналық

D) өмірге деген ерік

Е) билікке деген ерік

 

171. Зигмунд Фрейдтің психоанализ теориясы бойынша адам психикасының үш сатысы:

А) Мен, Жоғары Мен, Ол

В) Мен, Сен, Ол

С) Жоғары Мен, Жоғары Сен, Жоғары Ол

D) Мен, Олар, Біздер

Е) Жоғары Мен, Сен, Ол

 

172. Американдық прагматизмнің өкілдері:

А) Чарльз Пирс, Уильям Джемс, Джон Дьюи

В) Гегель, Людвиг Фейербах, Мартин Хайдеггер

С) Николай Данилевский, Питирим Сорокин, Владимир Соловьев

D) Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы

Е) Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд

 

173. Социология ғылымының негізін қалаған XIX ғасырдағы француз позитивисті:

А) Огюст Конт

В) Джон Стюарт Милль

С) Отто Нейрат

D) Герберт Спенсер

Е) Морис Шлик

174. «Позитивті ғылым өзіне өзі философия» деп айтқан:

А) Огюст Конт

В) Иммануил Кант

С) Карл Ясперс

D) Рихард Авенариус

Е) Карл Маркс

 

175. Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер XIX ғасырдағы қай философиялық ағымның өкілдері?

А) Позитивизм

В) Неопозитивизм

С) Эмпириокритицизм

D) Постпозитивизм

Е) Прагматизм

 

176. XIX ғасырдағы қай Батыс Еуропа философиялық ағымының төрт даму кезеңінің біреуі эмпириокритицизм болып табылады?

А) Позитивизм

В) Неотомизм

С) Прагматизм

D) Герменевтика

Е) Персонализм

 

177. Позитивизмнің эмпириокритицизм деген түрінің басты өкілдері кімдер болады?

А) Эрнст Мах пен Рихард Авенариус.

В) Морис Шлик пен Рудольф Карнап.

С) Бертран Рассел мен Людвиг Витгенштейн.

D) Томас Кун мен Пол Фейерабенд.

Е) Огюст Конт пен Герберт Спенсер.

 

178. Позитивизм «дұрыс, болымды» білімнің негізі деп нені айтады?

А) ғылымды

В) өнерді

С) философияны

D) дінді

Е) мифті

 

179. Полани, Кун, Лакатос, Фейерабенд позитивизмнің қандай формасының өкілдері болды?

А) Кейінгі позитивизмнің

В) Эмпириокритицизмнің.

С) Лингвистикалық талдаудың

D) Логикалық позитивизмнің

Е) Махизмнің

 

180. Фома Аквинскийдің ілімін XX ғасырда жаңғыртқан бағыт:

А) Неотомизм

В) Неореализм

С) Неопротестантизм

D) Христиандық эволюционизм

Е) Персонализм

 

181. XX ғасырдағы қай философиялық ағымның басты категориялары «жалғыздық», «жаттандылық», «үрей», «жауапкершілік», «ажал», «түңілу» т.б. болып табылады?

А) Экзистенциализм

В) Неокантиандық философия

С) Иррационализм

D) Өмір философиясы

Е) Неотомизм

 

182. ХХ ғасыр философиясының қай бағытының өкілдері қазіргі заманғы антропологиялық дағдарыс жайындағы мәселелерді алға қояды:

А) Экзистенциализм

В) Поспозитивизм

С) Философиялық герменевтика

D) Сыншыл рационализм

Е) Структурализм

 

183. «Шекаралық жағдай» қай философиялық ағымға тән ұғым?

А) экзистенциализмге

В) өмір философиясына

С) діни философияға

D) позитивизмге

Е) неміс классикалық философиясына

 

184. Экзистенциализм үшін қандай мәселе басты болып табылады?

А) Тұлғаның бірегей болуы, бостандығы, жауапкершілігі

В) Ғылыми танымның мәселелері

С) Гносеология мәселелері (болмыс туралы ілім)

D) Тарихи танымның мәселелері

Е) Ғылыми танымның методологиясы және логикасы

185. «Фундаментальді онтология» ілімін дамытқан неміс экзистенциализмінің негізін салушы:

А) Мартин Хайдеггер

В) Огюст Конт

С) Жак Деррида

D) Жан Поль Сартр

Е) Эдмунд Гуссерль

 

186. Карл Ясперстің философиясындағы негізгі ұғым:

А) шекаралық жағдай

В) еркіндік

С) қамқорлық, болмыс-осында

D) үрей, күнә

Е) ғылыми идеялар

 

187. Жан Поль Сартрдың экзистенциалдық философиясындағы басты мәселе:

А) Бостандық және жауапкершілік

В) Махаббат

С) Өмір

D) Қасірет

Е) қайғыру

 

188. Танымның негізгі түпкі бастамасын неопозитивизм өкілдері калай өлшейдіі?

А) Верификациялау

В) Интерпретация

С) Когнитивтік

D) Детерминация

Е) Интенционалдық

189. Карл Поппер әрбір ғылыми білімді жоққа шығарудың мүмкіндігін мойындайтын қандай принципті алға қойды?

А) фальсификация принципін

В) эстетика принципін

С) құдайға сену принципін

D) этика принципін

Е) жалпыға бірдей байланыс принципін

 

190. Философиялық герменевтиканың негізгі мәселесі:

А) Қолжазбаның, мәтіннің мәнін түсіндіру және мағынасын ашу

В) Ғылыми білімнің логикасы және методологиясы

С) Табиғи тілдің құрылымын талдау

D) Жеке адамның тіршілік етуін талдау

Е) Философиялық білімнің логикасы және методологиясы кепілі болу

 

191. Герменевтикалық шеңбердің авторы, герменевтика мәселесін дамытқан неміс философы:

А) Шлейермахер

В) Фейербах

С) Гегель

D) Фихте

Е) Ницше

 

192. Гадамер герменевтиканы қалай түсінеді?

А) болмыс туралы ілім және танымды ұғыну теориясы ретінде

В) мәдени және ғылыми құндылықтардың саласы ретінде

С) «билікке ерік» ретінде

D) интуиция ретінде

Е) сатушыларға, финансистерге, тілмаштарға қамқоршылықты көрсету

193. ХХ ғасырдағы қай философ-жазушының шығармашылығында абсурд (сандырақ, танту) және өлім мәселелері қозғалады:

А) Альбер Камю

В) Умберто Эко

С) Анри Бергсон

D) Габриель Марсель

Е) Мишель Фуко

194. Скиф даласынан грек жеріне келіп, өзінің даналығымен жеті данышпанның бірі ретінде аты шыққан антикалық дәуірдің ойшылын атаңыз:

А) Анахарсис

В) Заратуштра

С) Фалес

D) Солон

Е) Македонский

 

195. Қазақтардың арғы тегі ІХ ғасырға дейін дүниедегі ең жоғарғы құдірет иесі ретінде кімді дәріптеген?

А) Тәңірі – Көк аспан

В) Ахурамазда

С) Алла

D) Періште

Е) Ібіліс

 

196. Ежелгі қазақтар ислам дініне дейін пәле-жаланы немен аластауға болады деп сенген?

А) отпен

В) топырақпен

С) сумен

D) құрбандық шалумен

Е) ауамен

 

197. Ислам дінін қабылдағанға дейін ежелгі қазақтар жаратылыстан тыс күш иелері: ата-бабалардың аруақтарымен, жын-шайтандармен кім тілдесе алады деп сенген?

А) бақсылар

В) молдалар

С) имамдар

D) астрологтар

Е) философтар

 

198. Ертедегі түркілердің саяси тарихы мен әлеуметтік өмірі, дүниетанымы жайлы құнды деректерге ие, ҮІІІ ғасырда жазылған ертедегі түркі жазба ескеткіштерін атаңдар:

А) «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштері

В) «Диуани лұғат ат-түрік», «Диуани хикмет» кітаптары

С) «Жами ат-тауарих», «Тауарих хамса» кітаптары

D) «Ригведа», «Самаведа» әдебиет ескерткіштері

Е) «Ведалар», «Құран» кітаптары

 

199. ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген және өлімнен қашып, мәңгілік өмір іздеген кемеңгер ойшыл кім?

А) Қорқыт

В) Жүсіп Баласағұн

С) Қожа Ахмет Яссауи

D) Махмұт Қашғари

Е) Мұхаммед Хайдар Дулати

 

200. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттың» авторы кім?

А) Әл-Фараби

В) Джаухари

С) Әл-Кинди

D) Ибн-Сина

Е) Ибн-Рушд

201. Әл-Фараби этикасындағы басты категория:

А) бақыт

В) өмірдің мәні

С) адалдық

D) әділеттік

Е) дін

 

202. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы басты кейіпкерлер:

А) Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Оғдұрмыш

В) Аруз батыр, Төбеноз, Бисат, Дамрул

С) Алшағыр, Қараман, Қобыланды, Қарлыға

D) Бекежан, Төлеген, Шеге, Қаршыға

Е) Рүстем, Афрасиаб, Виштасп, Сиавуш

 

203. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы басты төрт өлшемдік қағида:

А) әділет, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат

В) табандылық, қайсарлық, жанкештілік, шыдамдылық

С) қайырымдылық, қарапайымдылық, сабырлылық, кемтарлық

D) білім, икемділік, біліктілік, ақылдылық

Е) кішіпейілділік, ізеттілік, жомарттық, батылдық

 

204. Суфизмнің түркі тілдес философиядағы негізін салушы:

А) Иассауи

В) Баласағұн

С) Қашғари

D) Әл-Фараби

Е) Бируни

205. Иассауидің ұстазы:

А) Арыстан бап

В) Тұрхан бей

С) Платон

D) Рудаки

Е) Зафер бап

 

206. Қожа Ахмет Иассауи өзінің діни-философиялық көзқарастарын қандай кітапта баяндайды?

А) «Диуани Хикмет»

В) «Тарих-и Рашиди»

С) «Диуани лұғат ат-түрік»

D) «Жамиат тауарих»

Е) «Құтты білік»

 

207. Қожа Ахмет Иассауи өзінің философиялық ілімінде «дүниені ақыл-ойдың көмегімен емес, интуиция көмегімен дәлірек танып біле аламыз, ал дүниені танып білу арқылы біз Алланы, оның құдіретін танып білеміз» деп санайды. Мұндай көзқарас философияда қалай аталады?

А) мистикалық пантеизм

В) сыншыл рационализм

С) релятивизм

D) фатализм

Е) сенсуализм

 

208. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің тарихи-философиялық ойларын қай кітапта баяндайды?

А) «Тарих-и Рашиди»

В) «Шайбани нама»

С) «Шахнама»

D) «Жамиат тауарих»

Е) «Құтты білік»

 

209. Қазақ ағартушылығы идеологиясының басты мәселесі:

А) ағартушылық, білім беру, пайдалы білімдерді халық арасында насихаттау

В) халықтар достығы идеясы, орыс халқымен одақтасуға және туысқандыққа шақыру

С) халық бұқарасының әл-ауқатының нашарлығы

D) зиялылық білім беру жүйесін дамыту

Е) діни ілімді тарату , қоныс аудару саясатымен күресу

 

210. Шоқан Уалиханов өзінің шығармашылығында бірінші кезекте діни наным-сенімнің қай түрін талдап қарастырады?

А) шамандық (бақсылық )

В) ислам

С) буддизм

D) христиан діні

Е) зороастризм

 

211. Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасын қай ағымға жатқызуға болады?

А) деизмге

В) пантеизмге

С) солипсизмге

D) материализмге

Е) идеализмге

212. Абайдың философиялық-этикалық ілімінің басты қағидасы:

А) «Адам бол!»

В) «Өзіңе қаламағанды басқаға жасама!»

С) «Тірі жан атаулыға қиянат жасама!»

D) «Тағдырдың жазғанын ерлікпен қарсы ала біл!»

Е) «Зұлымдыққа күшпен қарсылық көрсетпе!»

213. Шәкәрім Құдайбердіұлының ар іліміндегі басты категория не?

А) ұждан

В) адамгершілік парыз

С) ақиқат

D) сенім

Е) ақыл-ой

 

214. ХХ ғ басындағы (1900-1920 жж) қазақтың қоғамдық-философиялық ақыл-ойының көрнекті өкілдері кімдер болды?

А) Шәкәрім, А. Байтұрсынов,Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, С.Торайғыров

В) Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатов

С)Т. Рысқұлов,С. Садуақасов,С. Сейфуллин, А.Байтұрсынов,Ш.Құдайбердиев

D) М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, І.Кеңесбаев

Е) М.Дулатов, М.Әуезов,Б. Майлин, С.Сейфуллин

215. Болмыс туралы философиялық ілім:

А) онтология

В) гносеология

С) антропология

D) социология

Е) аксиология

 

216. Болмыс дегеніміз:

А) санадан тыс және объективті түрде өмір сүретін және дамитын материалдық және рухани дүниені бейнелейтін категория

В) біздің санамызда өмір сүретін ойлар мен пікірлердің жиынтығы

С) алғашқы, қазіргі, болашақ өмірдің жиынтығы

D) адамның практикалық іс-әрекеті мен тіршілігінің жемісі

Е) табиғаттағы материалдық денелердің жиынтығы

 

217. Материяның дұрыс анықтамасын табыңдар:

А) материя дегеніміз – объективті шындықты белгілейтін философиялық категория

В) материя дегеніміз – барлық заттардың пайда болатын және жойылған соң қайта оралатын шығу тегі

С) материя дегеніміз-өмір сүретін және бізге әсер ететін құбылыстар

D) материя – барлық зат құралатын бөлшектер

Е) материя деп біздің өмірімізге тығыз байланысты нәрселерді айтамыз

 

218. Материяның ажырамас қасиеті, атрибуты :

А) қозғалыс

В) өзгермейтіндігі

С) тұрақтылығы

D) өзгеріс

Е) тыныштық

 

219. Қозғалыс ұғымының қай анықтамасы ең жалпы философиялық сипатқа ие болып табылады?

А) қозғалыс – кез келген өзгеріс, жалпы өзгеріс

В) қозғалыс – сананың ұғымы

С) қозғалыс – денелердің кеңістіктегі орын алмастыруы

D) қозғалыс – адам түйсіктерінің жиынтығы

Е) қозғалыс – физикалық-химиялық процестер

 

220. Қозғалыс категориясының анықтамасы:

А) материяның өмір сүру тәсілі

В) механикалық орын ауыстыру

С) физикалық қозғалыс

Д) денелердің орын ауыстыруы

Е) өзгеріс, прогресс

 

221. Кеңістік және уақыт дегеніміз:

А) материяның өмір сүру формалары

В) олар сананың априорлық формалары

С) ерекше, өз алдына болатын табиғи реальдылық

D) материалдық объектілерден тәуелсіз, өз алдынаөмір сүретін ерекше мәндер

Е) ойлаудың модустары

222. Даму туралы философиялық ілім:

А) диалектика

В) синергетика

С) динамика

D) метафизика

Е) механика

 

223. Диалектикалық әдіске не тән?

А) өзара байланыс пен дамуды мойындау

В) қозғалыстың сыртқы қайнар көзінің барлығын мойындау

С) тыныштықты жоққа шығару

D) шеңбер бойынша қозғалысты мойындау

Е) кері қозғалысты терістеу

 

224. Метафизикаға не тән?

А) заттар мен құбылыстарды жеке дара, өзара байланыссыз қарастыру

В) тыныштықты жоққа шығару

С) дамудың ішкі қайнар көзін мойындау

D) өзіндік дамуды, өзара байланыс пен дамуды мойындау

Е) кері дамуды, яғни регрессті мойындау

 

225. Стихиялық диалектиканың негізін салушы кім?

А) Гераклит

В) Фалес

С) Анаксимандр

D) Аристотель

Е) Демокрит

 

226. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс диалектиканың қандай тарихи формасын қалыптастырды?

А) материалистік диалектика

В) идеалистік диалектика

С) анайы, стихиялық диалектика

D) пікір сайысы ретіндегі диалектиканы

Е) субъективтік диалектика

 

227. Диалектиканың қай заңы дамудың қайнар көзін ашып көрсетеді?

А) қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы

В) сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы

С) теріске шығаруды теріске шығару заңы

D) табиғи сұрыпталу заңы

Е) детерминизм заңы

 

228. Диалектикалық қарама-қарсылықтарға не тән?

А) бірлік және өзара байланыс

В) шартты бірлік

С) абсолютті сыйыспаушылық

D) бірін-бірі теріске шығару

Е) түрлі заттарға тиесілі

 

229. Диалектиканың қай заңы жаңаның пайда болу, қалыптасу механизмін ашып көрсетеді?

А) сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы

В) қарама-қарсылықтардың бірлігі және күресі заңы

С) теріске шығаруды теріске шығару заңы

D) мүмкіндік пен шындықтың өзара әрекеттесуі заңы

Е) ықтималдық заңы

 

230. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

А) сапа – заттардың маңызды қасиеттерінің жиынтығы

В) заттардың сапасы мен қасиеті бір-біріне тең

С) сапа – заттардың барлық қасиеттері мен өлшемдерінің жиынтығы

D) сапа – бір заттың басқа заттан айырмашылығын көрсетеді

Е) сапа – заттардың құндылығы

 

231. Қай категорияларда даму сатылары көрсетіледі?

А) мүмкіндік және шындық

В) мән және құбылыс

С) мазмұн және форма

D) қажеттілік және кездейсоқтық

Е) жекелік пен жалпылық

 

232. Заттың, құбылыстың потенциалды және актуалді өмір сүруін көрсететін жұп категориялар:

А) Мүмкіндік пен шындық

В) Себеп пен салдар

С) Мән мен құбылыс

D) Қажеттілік пен кездейсоқтық

Е) Бөлшек пен бүтін

 

233. Заттың ішкі және сыртқы жақтарының байланысын бейнелейтін қай жұп категориялар:

А) форма және мазмұн

В) мүмкіндік пен шындық

С) кездейсоқтық және қажеттілік

D) себеп пен салдар

Е) жеке, өзгеше, жалпы

 

234. Форманың диалектикалық-материалистік түсінігін атаңыздар:

А) форма – бұл мазмұнның өмір сүру тәсілі

В) форма – бұл заттың идеалды мәні

С) форма – бұл заттың қозғаушы себебі

D) форма –бұл мазмұнның элементтерінің ішкі және сыртқы ұйымдасу тәсілі

Е) форма – бұл материалдық объектінің ұзындығы

 

235. Заттың, процестің сыртқы, байқалатын сипаттарын бейнелейтін категория:

А) құбылыс

В) кездейсоқтық

С) мүмкіндік

D) мазмұн

Е) мән

 

236. Бейнелеу дегеніміз не?

А) бір-біріне әсер ететін объектілердің белгілері мен қасиеттерінің қайта көрсетілуі

В) объектілердің күрделі, өзара әрекеттесулерінің нәтижесі

С) барлығына бірдей тиесілі өзара әрекеттесудің өзі

Д) өзара әрекеттесудің механикалық бейнеленуі

Е) өзара әрекеттесу объектілерінің көшірмесі

 

237. Мына аталған қатарды қалай сипаттауға болады: тітіркену, қозу, психика, сана

А) тірі материядағы бейнелеудің даму сатылары

В) адам миының, санасының, танымының атрибуттары

С) кез-келген жанды тіршілік иелерінің қасиеттері

D) жануарлар психикасының элементтері (жоғары сатыдағы сүт қоректілердің)

Е) жалпы материяның қасиеті

 

238. Сана дегеніміз, ол:

А) шындықтың адам миында бейнеленуі

В) Құдайдың ақыл-ойының ұшқыны

С) өзін-өзі ойлайтын материя

D) идеялардың, ойлардың, сезімдердің т.б. жиынтығы

Е) ойлау, интеллект

 

239. Философиялық дұрыс пікірді көрсетіңіз:

А) сана – жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті

В) адам санасы – әлемдік рухтың көрінісі

С) сана – материалдық сипатқа ие

D) сана – сезімдік көңіл-күйдің көрінісі

Е) сана – материяның барлық қасиеті

 

240. Сананың пайда болуының алғы шарттары:

А) еңбек және тіл

В) тілдің қалыптасуы (сөйлеу) және тұрмыс жағдайлары

С) коллективтік (ұжымдық) іс-әрекеттер мен отты пайдалану

D) қоғамдық (әлеуметтік) қатынастар

Е) географиялық ортаның қолайлы жағдайлары

 

241. Төмендегі пікірдің қайсысы дұрыс?

А) тіл – сананың материалдық құралы (тасушысы)

В) тіл – сананың басқа формадағы жалғасы

С) тіл – сананың сыртқы көрінісі

D) тіл – сананың дыбысқа айналуы

Е) тіл – мәдениетте бейнеленген рухани құндылық

 

242. Адам іс-әрекетінде сананың алатын орны:

А) Сана – адамның іс-әрекетінің жалпыға бірдей идеалдылық түрі

В) Санада ұғынумен қоса сөйлеу қызметі де атқарылады

С) Адамда тек қана рационалдық саналы бастама бар

D) Сана – адамның іс-әрекетінің идеалдық формасы

Е) Ес, ерік, эмоциялар, ойлау қоғамдық тарихтың нәтижелері болып шығады.

 

243. «Біздің миымыз бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты ойды бөліп шығарады» деген қай философиялық бағыттың өкілдері:

А) Вульгарлық (тұрпайы) материалистік бағыттың өкілдері

В) Субъективтік идеалистік бағыттың өкілдері

С) Стихиялық материалистік бағыттың өкілдері

D) Диалектикалық-материалистік бағыттың өкілдері

Е) Метафизикалық материалистік бағыттың өкілдері

 

244. Адам миының негізгі функциясы:

А) сана

В) таным

С) ой

D) ұғым

Е) пікір

 

245. Құбылыстардың қайсысы қоғамдық сананың қарапайым деңгейіне жатады?

А) көңіл-күйлер мен сезімдер

В) ғылыми трактаттар

С) моральдық кодекстер

D) құқық нормалары

Е) бейнелеу өнері

 

246. Құбылыстардың қайсысы қоғамдық сананың теориялық деңгейіне жатады?

А) саяси доктриналар

В) әдеттер

С) халық медицинасы

D) ырымшылдық

Е) қарапайым сана

 

247. Идеология ұғымының дұрыс анықтамасын көрсетіңіздер:

А) идеология дегеніміз – қоғамдық болмысты белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесі тұрғысынан теориялық формада бейнелеу

В) идеология дегеніміз - әлеуметтік болмыстың жалпы тұрғын халықтың мүддесін білдіретін жүйеленген бейнесі

С) идеология дегеніміз – таптық мүдделерді мифтерде, дінде, философияда, әлеуметтік ғылымдарда бейнелеу

D) идеология дегеніміз - дүниеге деген көзқарастар жиынтығы, жалпы алғанда қоғамдық психология

Е) идеология дегеніміз - ұлттық идеялардың жиынтығы

 

248. Мораль, өнер, құқық, саясат, философия, ғылым, дін – бұлар:

А) қоғамдық сананың формалары

В) адамның білімдерінің дербес салалары

С) адамдардың рухани өмірінің құрылымы

D) бұлардың барлығы дүниетанымның мазмұнын құрайды

Е) дүниетанымның тарихи түрлері

 

249. Құқық, құқықтық қатынастар және құқықтық нормалар нені құрайды?

А) Құқықтық сананы

В) Моральды

С) Саяси сананы

D) Өнерді

Е) Идеологияны

 

250. Қоғамдық сананың қай формасы дүниені көркем образдар түрінде бейнелейді?

А) Эстетикалық

В) Діни

С) Саяси

D) Өнегелік, моральдық

Е) Идеологиялық

 

251. Төменде көрсетілген ұғымдардың қайсысы эстетикалық санаға жатады?

А) сәулеттік пен аласалық, әдемілік пен ұсқынсыздық

В) шарапат пен зұлымдық, борыш, ар-ождан

С) құдай, ғибадат, дұға, монастырь

D) мемлекет пен тұлға, билік, заң

Е) фактілер, эксперимент, болжам, теория

 

252. Қоғамдағы моральдің функциясы:

А) қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қатынастарды реттеу

В) қоғамдық прогресті алға жылжыту

С) еңбек өнімділігін арттыру

D) қоғамдық құрылыстың сипатын өзгерту

Е) қоғамның әл-ауқатын арттыру

 

253. Адамның игілігіне бағытталған қасиеттерді белгілейтін этикалық категория:

А) жақсылық, ізгілік

В) жамандық, зұлымдық

С) әділеттілік

D) жауапкершілік

Е) бақыт

254. Дәстүрлер, әдеп-ғұрыптар, қалыптар, идеалдар қандай құндылықтарға жатады?

А) этикалық құндылықтарға

В) саяси құндылықтарға

С) діни құндылықтарға

D) эстетикалық құндылықтарға

Е) ғылыми құндылықтарға

 

255. Табиғаттан бөлініп, өзінің көп түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мақсатты, саналы ұйымдастырылған іс-әрекетпен айналысатын, адамдардың үлкен топтарының жиынтығын анықтайтын ұғым:

А) қоғам

В) ұлт

С) халық

D) тайпа

Е) этнос

256. Қоғамның базисін не құрайды?

А) Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар

В) Әлеуметтік-экономикалық

С) Өндіру тәсілі

D) Өндірістік қатынастар жүйесі

Е) Материалды игіліктерді өндіру

 

257. Танымның объектісі дегеніміз не?

А) Зерттеуге жататын дүниенің фрагменттері (бөліктері)

В) Дүниеде жоқ нәрсе

С) Адамнан дербес болып тұрған нәрсе

D) Адамнан тыс жайғасып тұрған зат, құбылыс

Е) Танымның субъектісі

 

258. Гносеология дегеніміз:

А) Танымның формалары және заңдылықтары туралы ілім

В) Шынайы заттар туралы ілім

С) Материя туралы ілім

D) Объектілердің түрлері туралы ілім

Е) Болмыс туралы ілім

 

259. Сезімдік таным дегеніміз не?

А) Сезім мүшелерімен заттардың қасиеттері тікелей бейнеленетін, түйсік және қабылдау түріндегі таным

В) Күнделікті тіршілікпен байланысты таным

С) Абстрактылы философиялық таным

D) Сезімдер мен күйзеліс, уайымдау

Е) Нақтылы ғылыми таным

 

260. Сезімдік танымның формалары:

А) түйсік, қабылдау, елестету

В) түйсік, елестету, ұғым

С) елестету, ой-тұжырым, қабылдау

D) қабылдау, түйсік, елестету

Е) елестету, ой-тұжырым, ұғым

 

261. Сананың, ақыл-ойдың тітіркену арқылы болатын сезіну қабілеті:

А) Түйсік

В) Тезис

С) Теология

D) Тендер

Е) Теизм

 

262. «Бақылаудың негізінде қалыптасқан материалдық заттың біртұтас бейнесі». Бұл анықтама сезімдік танымның қай элементіне қатысты?

А) қабылдау

В) түйсік

С) түсінік

D) эмоция

Е) бақылау

 

263. Ойлаудың негізгі формаларын атаңыз:

А) ұғым, пікір, ой тұжырымы

В) пайым, ақыл-ой, интеллект

С) есте сақтау, ақыл, тұжырымдау

D) даналық, ақыл-ой, ғұламалық

Е) ақыл-ой, интеллект, парасат

 

264. Ұғым дегеніміз не?

А) Заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі

В) Бір нәрсені сезу

С) Заттың бейнесі

D) Ойдың бөлігі

Е) Бір нәрсе туралы түсінік

 

265. Ақиқат дегеніміз не?

А) білімнің шындыққа сәйкестігі

В) пайдалы табысқа жеткізетін білім

С) авторитетті пікір

D) ғалымдардың шартты келісімінің нәтижесі

Е) заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы

266. Қай білім объективтік ақиқат болып табылады?

А) мазмұны адамға да, адамзатқа да тәуелді емес, объективті дүниені көрсететін білім

В) категориялар, теориялар, заңдарда объективті дүниені дұрыс бейнелейтін білім

С) мазмұны шындыққа неғұрлым жақын сияқты, практикалық тұрғыдан тексерілген білім

D) логикалық қайшылықсыз білім

Е) көпшілік тарапынан қабылданған білім

 

267. Танымның мақсаты не болып табылады?

А) практика

В) жаңа заңдарды анықтау

С) зерттелмеген құбылыстарды ашу

D) толық білімге жету

Е) әлемді басқару

 

268. Білімнің ақиқаттылығының критерийі (өлшемі):

А) практика

В) эксперимент

С) тәжірибе

D) пайдалылық

Е) келісім

 

269. Эмпирикалық деңгейде қолданылатын ғылыми таным тәсілін табыңыз:

А) бақылау

В) анализ

С) индукция

D) идеалдау

Е) дедукция

 

270. Эмпириялық зерттеудің қай әдісінде зерттеуші зерттеп отырған процестің өтуіне белсенді

түрде араласады?

А) эксперимент

В) бақылау

С) суреттеу

Д) өлшеу

Е) анализ

 

271. Төмендегі методтардың қайсысы жалпы логикалық әдіске жатады?

А) анализ және синтез

В) аксиомалық әдіс

С) эксперимент

D) өлшеу

Е) бақылау

 

272. Танымның жалпы логикалық әдісін көрсетіңіз:

А) абстракциялау

В) бақылау

С) салыстыру

D) өлшеу

Е) сипаттап жазу

 

273. Танымның қай әдісінде объектілердің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталады?

А) жалпылау

В) анализ

С) синтез

D) абстракциялау

Е) бақылау

 

274. Төмендегі жауаптардың қайсысы материалистік көзқарас бойынша дұрыс болып есептеледі:

А) табиғат – бүкіл материалдық шындық

В) табиғат – адам өмір сүретін географиялық орта

С) табиғат - Жердің биосферасы

D) табиғат - біздің ғалам

Е) табиғат – флора және фауна

 

275. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекет қатынасы неге байланысты?

А) материалдық өндіріс

В) фаталдық қажеттілік

С) биологиялық заңдылық

D) құдайлық мән

Е) геодетерминизм

 

276. Географиялық детерминизм дегеніміз не?

А) Географиялық орта қоғамдық дамудың ерекшелігіне, мәдениеттің даму дәрежесіне, қоғамның құрылымына және т.б. себепші болады

В) Табиғи орта – адамдардың мекендейтін қажетті ортасы

С) Өнегеліліктің заңдары көбінесе айнала табиғи ортамен байланысты

D) Географиялық орта қоғамдық прогресті тездете немесе баяулата алады

Е) Адамдардың дүниені эстетикалық тұрғыда қабылдауға қабілеттері климаттық жағдайларға байланысты

 

277. В.Вернадскийдің ілімі бойынша, өркениеттің даму сатысында адамзаттың парасатты әрекеті планеталық маңызға ие болатынын бейнелейтін ұғым:

А) Ноосфера

В) Геосфера

С) Ғарыштық сфера

D) Биосфера

Е) Атмосфера

 

278. «Ноосфера» ұғымы нені білдіреді?

А) адамзат ақыл-ойы үстемдік ететін өріс (ақыл-ой өрісі)

В) адамзаттың біртұтас дүниежүзілік жүйеге бірігуі

С) қоршаған ортаны глобальды модельдеу жүйесі

D) биологиялық эволюция өрісі

Е) адам іс-әрекетінің өрісі

 

279. Экологиялық мәселенің мәні немен анықталады?

А) табиғат пен қоғамның арақатынасындағы қайшылықтармен

В) саясат, идеология және дін арқылы

С) табиғаттың шикізатын дұрыс пайдаланбаумен

D) ауаның, мұхиттардың ластануымен

Е) табиғи апаттармен, техногендік апаттармен

280. “Антропосоциогенез” ұғымының мазмұны неде?

А) адам мен қоғамның пайда болуы мен қалыптасу процесі

В) адамның ұзақ уақыт қалыптасу кезеңі

С) қоғамның қалыптасу процесі

D) қоғамның табиғаттан бөлініп шығу процесі

Е) сананың, қоғамның пайда болуы.

 

281. Адам дегеніміз:

А) ақыл-ойы бар рухани-материалды жаратылыс, еңбектің, әлеуметтік қатынастардың және түсінікті тіл арқылы қарым-қатынастың субъектісі

В) құдай жасаған жаратылыс

С) күрделі организм

D) эволюцияның тұйық тармағы

Е) басқа планетаның тұрғыны

 

282. Адамның іс-әрекетінің негізінде не жатады?

А) қажеттілікті қанағаттандыру

В) мақсаттар туралы ойлану

С) мемлекет пен қоғам тарапынан қатаң талаптың қойылуы

D) ішкі дауыстың талабын қанағаттандыру қажеттілігі

Е) материалдық байлыққа кенелу.

 

283. Адам бойындағы ерекше, оның өзіне ғана тән қасиеттерін білдіретін ұғым:

А) өзіндік қасиет (индивидуальдылық)

В) жеке тұлға

С) кісі /индивид/

D) субъект

Е) объект.

 

284. Тұлға ұғымы білдіреді:

А) адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралығының өлшемін;

В) адамның биологиялық ерекшеліктерін;

С) адамның сыртқы пішінін;

Д) адамның психикалық күйін;

Е) адамның өзіндік санасын.

 

285.Әлеуметтену адамдардың нені игеру барысында жүзеге асады?

А) Әлеуметтік тәжірибені

В) Дінді

С) Тәжірибені игеру

D) Нанымдық

Е) Жеке тәжірибені

 

286. Адам өмірінің мағынасы неде?

А) адам өз өмірінің мағынасын өзі анықтайды

В) өз пайдасынан бас тарту, өзін-өзі шектеуде

С) ақыретте өз қылығына қарай құрметтелу немесе жазалануда

D) материалдық байлыққа кенелуде

Е) алдына қойған мақсатына жетуде.

 

287. Қоғамдық болмысқа жататын не?

А) өндірістік қатынастар

В) жасанды табиғат

С) әлеуметтік философия

D) географиялық орта

Е) қоғамдық мүдделер

 

288. Қоғамдық өндіріс дегеніміз не?

А) адамдардың өздеріне қажетті материалдың және рухани игіліктерді және өзін-өзі өндіруі

В) индивид еңбегінің нәтижелері

С) өнім шығарудың автоматтандырылған жүйелері қызметінің нәтижелері

D) ғылыми техникалық революция жағдайындағы бірлескен ұжымдық еңбектің нәтижелері

Е) атақты суретшінің еңбегі

 

289. Өндіріс тәсілі дегеніміз не?

А) өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың жиынтығы

В) өндіргіш күштердің, техниканың, еңбек құралдарының жиынтығы

С) өндіру, айырбас, бөлісу, тұтыну қатынастарының жиынтығы

D) өндірістік дағдыларды игерген адамдар

Е) ғылыми және техникалық жетістіктерді енгізу және пайдалану

 

290. Өндіргіш күштер дегеніміз не?

А) адам және өндіріс құрал-жабдықтары

В) өндірістің заттық және жеке, адамдық факторларының жиынтығы

С) өндірістік дағдыларды игерген адамдар жиынтығы

D) барлық техникалық, ғылыми, эстетикалық факторлардың жиынтығы

Е) қаржы ресурстары

 

291. Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкес келуі не үшін қажет?

А) өндіргіш күштердің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін

В) қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін

С) қоғамдық прогрестің алға жылжуын жеделдету үшін

D) ҒТР-ға қолайлы жағдайлар жасау үшін

Е) өндірісті кеңейту үшін

 

292. Қоғамдық экономикалық формация жөнінде қайсысы дұрыс?

А) қоғамның даму сатыларын білдіретін әлеуметтік-философиялық ұғым

В) түрлі уақытқа сай келетін хронологиялық түсінік

С) түрлі аймақтағы қоғам өмірін көрсететін географиялық ұғым

D) халықтың әдет-ғұрпына сай келетін ұлттық түсінік

Е) өндірістің даму деңгейін білдіретін экономикалық ұғым

 

293. Қай қоғамдық-экономикалық формацияда мемлекет пайда болды?

А) құл иеленушілік формацияда

В) алғашқы қауымдық формацияда

С) феодалдық формацияда

D) капиталистік формацияда

Е) қайта өрлеу дәуірінде

294. Қоғам өмірінің негізгі салаларын атаңдар:

А) экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани

В) экономикалық, моральдық, рухани

С) экономикалық және саяси, эстетикалық және этикалық

D) рухани және материалдық, ғылыми және мәдениеттік

Е) материалдық және ғылыми, экономикалық және саяси

 

295. Қоғам өмірінің қай саласы басты, негізгі болып табылады?

А) экономикалық саласы

В) саяси саласы

С) рухани саласы

D) әлеуметтік саласы

Е) діни саласы

 

296. Қоғамдық прогрестің объективтік өлшемі:

А) қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейі

В) саяси құрылыс, демократия

С) жан-жақты дамыған тұлға

D) техникалық және ғылыми прогресс

Е) адамгершіліктік прогресс, тұлға бостандығы

297. «Мәдениет» ұғымына берілген дұрыс анықтаманы табыңыз:

А) мәдениет – материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы және оларды жасау тәсілдері, оларды адамзат прогресі үшін пайдалана білу дағдысы

В) мәдениет – адамдар өмірінің негізін анықтайтын практикалық әрекеттер мен нанымдардың әлеуметтік мұраланған жиынтығы

С) мәдениет – адам жасаған барлық заттар

D) мәдениет - әлеуметтік ортамен анықталатын және сол қоғамның мүшесі болып табылатын жеке адам тарапынан қабылданған тұрмыс салты

Е) мәдениет – символдық әрекеттер, сөздер және еліктеу арқылы индивидтен индивидке ауысып отыратын идеялар тасқыны

 

298.«Өркениет» ұғымына берілген дұрыс анықтаманы табыңыз:

А) өркениет – қоғамның тарихи даму барысындағы оның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы

В) өркениет – адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңі

С) өркениет – мәдениеттің синонимі, кәрілік шағы, мәдениеттің соңғы сатысы

D) өркениет – дін негізінде біріккен адамдар жиынтығы

Е) өркениет – дамудың ең жоғарғы сатысы, одан кейін құлдырау басталады.

 

299. Мәдениеттің негізгі құрамдас екі бөлігі:

А) материалдық және рухани мәдениет

В) саяси және құқықтық мәдениет

С) сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеті

D) ішкі және сыртқы мәдениет

Е) қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті

300. Мәдениеттің қай түрі негізгі, анықтаушы болып табылады?

А) материалдық мәдениет

В) рухани мәдениет

С) еңбек мәдениеті

D) саяси мәдениет

Е) тұрмыстық мәдениет