Тыныс алу жағдайын бағалау
Дені сау адамда тыныс алу қозғалыстары тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде болады: қабырға аралық, көк еттік және іш қабырғасы бұлшықеттері. Тыныс тынысалу орталығы және ми қыртысымен реттеледі. Оттегі жетіспегенде немесе қандағы көмірқышқыл газдың жоғарылауы кезінде тыныс алу орталығының тітіркенуі салдарынан тыныстың белсенділігі күшейеді. Кей жағдайларда тыныс алу орталығы ауырлауы мүмкін, ол тыныстың тереңдігі мен жиілігін азайтуға, не тоқтауға дейін әкеледі (гипервентиляция, қанда оттегі концентрациясының көп болуы).
Науқасты қарағанда тыныстың типін, жиілігін, тереңдігін және тыныс алудың қозғалыс сипатын анықтайды. Науқастың кеуде клеткасына қолын қойып, не фонендоскоптың көмегімен тыныс алу қозғалысын сезу арқылы, дем алу-дем шығару циклін қарап есептеуге болады. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жүргізу қажеттігін есте сақтау керек. Егер науқас біздің бақылауымызды білсе, ол «көмектесу» жасайды және тыныс алу қозғалысы жиілігін өзгертеді. Бұл дұрыс нәтиже алуға кедергі жасайды.
Мына әдісті қолданған дұрыс: науқастың қолын алып, пульс жиілігін есептеп жатқандай болып, шын мәнінде бір минуттағы тыныс алу қозғалыс жиілігін есептеу керек.
Тыныс алудың үш типін ажыратады: кеуде, іш және аралас.
· Тыныс алудың кеуделік типіндетыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі.
· Тыныс алудың іштік типіндекөк ет және іштің бұлшық еттері жұмыс істейді. Демді ішке алғанда көк ет жиырылады және төмендейді, ол кеуде қуысында теріс қысымды жоғарылатады, осы кезде өкпе ауаға толады, іш қабырғасы сыртқа қарай шығады. Демді сыртқа шығарғанда– көк ет босаңсиды және көтеріледі, іш қабырғасы бастапқы қалыпқа келеді. Бұндай тыныс типі ер адамдарда жиі кездеседі.
· Тыныс алудың аралас типіндетыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің, көк ет және іштің бұлшық еттері арқылы жиырылады.
Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі (ТҚЖ) немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс).
Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде.
Тыныстың тереңдігі. Науқастың тыныштық жағдайында дем алу және дем шығару ауа көлемімен анықталады. Үлкен адамда тыныс алу көлемі орташа 500 мл құрайды. Дем алған және дем шығарған ауа санына байланысты тыныстың тереңдігі көбеюі (терең тыныс) немесе азаюы (беткей тыныс) мүмкін. Беткей тыныс көбінесе тыныстың ақаулы жиілеуімен бірге жүреді. Терең тыныс керісінше, тыныс жиілігінің сиреуімен бірге жүреді.
Тыныстың ақаулы типтеріне Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль тыныстары жатады (сур. 47).
Сурет 47.
Тыныстың ақаулы типтері
Ø Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады.
Ø Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады.
Ø Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.
Тыныс ырғағы. Дені сау адамның тынысы ырғақты болады, дем алу мен дем шығару арасындағы уақыт аралығы тең, дем алу мен дем шығару тереңдігі мен ұзақтығы бірдей болады. Дем алу немесе дем шығару фазаларының ұзаруы және қиындауы түрінде тыныстың бұзылуы ентігу деп аталады. Тыныс ырғағының бұзылуы қатерлі асқынудың дамығандығын көрсетеді және дәрігердің кеңесін қажет етеді.
Ентігу –тыныс жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуы, ауа жетпеу сезімімен көрінеді. Физиологиялық және ақаулы ентігуді ажыратады. Физиологиялық ентігу дені сау адамдарда физикалық күштен кейін, нервтік күйзелісте, ақаулы – тыныс алу мүшелері, нерв және жүрек-тамыр жүйесі ауруларында кездеседі.
Ақаулы ентігу түрлері
Инспираторлы ентігу- жоғары тыныс жолдарында механикалық кедергіге байланысты дем алудың қиындауы. Инспираторлы ентігу көмей стенозы, ірі бронхыны ісік басқанда және т.б. болады.
Экспираторлы ентігу – ұсақ бронхылар тарылғанда дем шығарудың қиындауы. Науқастар өкпеден ауаны сығып шығарғандай сезімде болады. Экспираторлы ентігу бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы бар науқастарда байқалады.
Аралас ентігу (дем алу мен дем шығарудың қиындауы) «асқынған» өкпе аурулары кезінде және жүрек жеткіліксіздігінде пайда болады. Ентігудің асқынған дәрежесі тұншығу деп аталады.