Кесте Ғимараттың өрт тұрақтылық дәрежесі

Ғимараттың өрт тұрақтылық дәрежесі Құрылыстық конструкциялардың минимальды өрт тұрақтылық шегі, сағат (сызықтың үстінде) және сол бойынша өрттің максимальды таралу шегі, см (сызықтың астында)
қабырғалар бағаналар Баспал дақты алаң, қиғаш баспал дақтар, аралық адым дық баспалдақты торлар Плита лар, төсеуіш тер(сонымен бірге жылыт қышпен) және басқа қорша ғыш тасушы конструкциялар Қаптамалардың элементі
Таси тын баспалдақты тор өзі таситын Сырттан таситын (сонымен бірге қалқа панель дерден) Сырттан таситын (қалқаншалар) Плиталар төсегіштер(сонымен бірге жылытқышпен өткелдер) Бөре нелер, Ферма лар, аркалар, рамалар
  2,5 1,25 0,5 0,5 2,5 1 1 0,5 0,5
II   2 1 0,25 0,25 2 1 0,75 0,25 0,25
III   2 1 0,25. 0,5 0 ‘ 40 0,25 2 1 0,75 0,25 н. н. н. н. н. н. н. н.
IIIa 1 0,5 0,25 0,25 0,25 1 0,25 0,25 0,25
IIIб 1 0,5 0,25.0,5 0 ‘ 40 0,25 1 0,75 0,75 0,25 0,25 . 0 ‘ 0,5 25(40) 0,75 25(40)
IV 0,5 0,25 0,25 0,25 0,25 0,25 0,25 н. н. н. н. н. н. н. н.
IVa 0,25 0,25 0,25 н. н. 0,25 0,25 0,25 0,25 0,25 н. н. 0,25
V Нормаланбайды
Ескерту. 1. Жақшада тік және көлбеу конструкциялы учаскелер үшін өрттің таралуыкелтірілген. 2. «н.н.» қысқартылуы, нормаланбайды деген көрсеткішті білдіреді.

 

I және II ғимараттарда өрт тұрақтылық дәрежесінде, өрт тұрақтылық шегі 1 және 0,5 сағатқа сәйкес, жанбайтын материалдармен, каркаспен, гипсокартонды беттерден жасалған қоршауларды қабылдауға рұқсат етілген. Сонымен бірге жалпы коридорларда, баспалдақты торларда, вестюбильдердегі, холлдардағы және фойелердегі гипсокартонды беттерді жанғыш бояулармен бояуға рұқсат етілмейді.

Өрттік крандарды орнатуға арналған шкафтардың есіктерін жанғыш материалдардан жасауға рұқсат етіледі.

Барлық ғимараттарда өрт тұрақтылық дәрежесіне сай төбесін, шатырын және төбедегі көз шатырларын (сонымен бірге қаптамаларды) еденді, есікті, дуалды, терезе мен фонардың бекітпелерін, сонымен бірге қабырға мен төбенің өңдеулерін, олардың бойымен өрттің таралу шегінен тәуелсіз жанғыш материалдардан жасауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар шатыр мен төбедегі көз шатырларының қаптамаларын (V дәрежелі өрт тұрақтылық ғимараттан басқа) өрт қорғанысты өңдеуден өткізу керек.

Өрт қорғанысты өңдеудің сапасы, өрттен қорғайтын отын салмағын жоғалтқан кезде, сынақ кезінде 25 %-тен аспауы керек.

Ғимараттар (V дәрежелі өрт тұрақтылық ғимараттарды қоспағанда) шатыры мен көз шатырларын орнату кезінде, төбесін жанғыш материалдардан жасауға рұқсат етілмейді.

Жанғыш сұйықтарды сақтайтын немесе қолданылатын, өндіретін ғимараттарда, еденін жанбайтын материалдардан жасау керек.

Барлық өрт тұрақты ғимараттарда V-ден басқа, жанғыш қаптамалармен қаптауға және қабырғаны және төбені қабыршықты жанғыш материалдармен клейлеуге және жалпы коридорларларда, баспалдақты торларда, вестьюбильдерде, холлдарда, фойелерде рұқсат етілмейді, сонымен бірге вестьюбильдерде, баспалдақты торларда және лифтілік холлдарда еденін жанғыш материалдардан жасау керек.

I – III дәрежелі өрт тұрақты ғимараттарда сыртқы қабырғаларының ішкі бетінің қаптамасын, жанғыш материалдардан жасауға рұқсат етілмейді. Жанғыш материалдарды (Г1 тобы) аспалы желдеткіш фасадтары үшін, құрылыс жұмысы мен бақылау органдары комитетімен сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.

Өрт қауіпсіздігі конструкциясы бойынша ғимараттар мен өрт бөліктері 6- кестеге сәйкес класстарға бөлінеді.

Өрт қауіпсіздігі конструкциясында тесіктерді толтырудың өрт қауіптілігі (есік, дуал, терезе және люктер) нормаланбайды, арнайы айтылған жағдайлардан басқа.

Өртке қарсы қабырғалармен бөлінген ғимарат, сонымен бірге ғимараттың бөлігі- өрт бөліктері (келесі ғимараттар)- өрт тұрақтылық дәрежесі бойынша конструктивті және функционалды өрт қауіпсіздігі класстары бойынша бөлінеді. Өрт қималарын бөлу үшін, 1- ші типті өртке қарсы қабырғалар қолданылады.

Ғимараттың өрт тұрақтылық дәрежесі, оның құрылыстық конструкциясының өрт тұрақтылығымен анықталады.

Ғимарат пен өрт бөліктері 7- кестеге сәйкес, өрт тұрақтылық дәрежесі бойынша бөлінеді.