Терминдер мен анықтамалар

АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

БҰРҒЫЛАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІ

Кіріспе

Машиналардың сенімділігін арттыру – машинажасау саласының маңызды міндеті.

Техникалық сенімділігінің деңгейі маңызды дәрежеде оны дамытудың негізгі бағыттарын - өндірісті автоматтандыруды, тасымалдау және жұмыс процесстерін қарқандандыруды, материалдар мен энергияны үнемдеуді –анықтайды.

Заманауи техника құралдары бір-бірімен тығыз байланыста болатын көптеген механизмдерден, аппараттармен жабдықтардан тұрады. Олардың ең болмаса бір бөлшегі істен шықса, егер сол бөлшектердің керекті қоры дер кезінде жасалмаған жағдайда, бүкіл жүйе істен шығуы мүмкін.

Жабдықтардың сенімділігінің жеткілікті болмауы, оларды жөндеу кезінде жұмсалатын зор шығынға және жөндеуде ұзақ тұрып қалуларына, сондай-ақ, кейде апатты жағдайларға, адам шығынына және алынған міндеттемелердің дер кезінде орындалмай қалуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнай-газ саласында қолданылатын жабдықтарға келсек, ауыр табиғат жағдайында жұмыс атқаратындықтан олардың сенімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе.

Сенімділік көрсеткіштері техника өнімдерінің ұзақ және сенімді пайдалануына тікелей әсер етеді. Сенімділік – нақты сандар мен көрсеткіштерден тұратын күрделі қасиет. Бұны әрқалай түсіндіруге болады. Мысалы, өндірісте 100 станоктың біреуі істен шықса ол 1%-ті құрайды. Ал, егер жұмыс процесі автоматтандырылған желі бойынша жүзеге асырылса, онда сол бір станок барлық 99 станоктардың жұмысын 100% тоқтатады. Сондықтан сенімділік көрсеткіші әр салада әр деңгейде бағаланады.

Сенімділік көрсеткіштер екі мағынада беріледі:

- сенімділік – техника бұйымының сапасы;

- сенімділік – бұл ғылым.

Сенімділік теориясы – бұл техникалық құрылымдардағы істен шығу заңдылықтарын оқып-үйренетін, сенімділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесін жасайтын, істен шығу жағдайын алдын ала болжауға және бұйымды шығаруды жоспарлағанда оның сенімділігін арттыру жолдарын қарастыруға үйрететін қолданбалы ғылыми пән.

Сенімділік теориясында келесі міндеттер шешіледі:

- есептеу жолымен техникалық құрылымдарының сенімділік көрсеткіштерінің сандық сипаттарын белгілейді. Сенімділік нормаларын таңдау әдістері негізделеді;

- уақытпен сенімділікті есептеу әдістетері игеріледі (сенімділікті болжау). Сенімділігі бойынша оңтайлы құрылымды таңдау негізделеді;

- істен шығу физикасы зерттеліп оқытылады;

- сенімділік пен экономикалық көрсеткіштердің арасындағы байланыс белгіленеді;

- сенімділікке сынау әдістетері игеріледі;

- есептеу-конструкциялық, өндірістік және пайдалану сенімділіктерін арттыру ұсыныстары негізделеді.

 

Терминдер мен анықтамалар

 

Сенімділік теориясының терминологиясы МЕСТ 27.002-83 «Техникадағы сенімділік. Терминдер мен анықтамалар» стандартында регламенттелген.

Ең көп қолданылатын терминдер мен түсініктер:

Сенімділік – бұл нысанның берілген режимдер мен қолдану, техникалық күтім жасау, жөндеу, сақтау және тасымалдау шарттарында, қажетті функцияны орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерін уақыт бойынша белгіленген мәндер шегінде сақтау қасиеті.

Сенімділік нысанның тағайындалуына және пайдаланылу шарттарына тәуелді қасиеттерден – істен шықпағыштық, шыдам мерзімі, жөндеуге жарамдылық және сақталғыштық – тұратын күрделі кешендік қасиет.

Ақаусыз күйі – ақаусыздық - нысанның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың бүкіл талаптарына сай келетін күйі.

Ақаулы күйі – ақаулылық – нысанның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық қажаттардың талаптарының кемінде біріне сай келмейтін күйі.

Жұмысқа қабілетті күйі – жұмыс қабілеттілігі – бұл нысанның берілген функцияларды орындау қабілеттерін сипаттайтын барлық параметрлері, нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық қажаттар талаптарға сай келетін күйі.

Жұмысқа қабілетсіз күйі – бұл нысанның берілген функцияларды орындау қабілеттерін сипаттайтын параметрлерінің кемінде біреуі нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық қажаттар талаптарына сай келмейтін күйі.

Шектік күйі – бұл нысанның тағайындалуы бойынша әрі қарай қолдануына рұқсат етілмеген немесе тиімсіз әлде оның ақаусыз немесе жұмысқа қабілетті күйңн қайта қалпына келтіру тиімсіз немесе мүлдем мүмкін емес жағдайы.

Шектік күйінің сынбағалары - нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық қажаттарда бекітілген объектінің шекті күйінің белгілері немесе белгілерінің жиынтығы.

Істен шығу – жұмыс қабілеттілігін толығымен немесе ішінара жоғалту оқиғасы. Істен шығу былайбөлінеді: функциялық істен шығу– қарастырылып отырған элементтің немесе нысанның өзінің функцияларын атқаруын тоқтатуы (мысалы, тістегершік тістерінің сынуы) және параметрлік істен шығу– нысанның кейбір параметрлерінің рауалы шектен тыс өзгеруі (мысалы, станоктың өз дәлдігін жоғалтуы).

Істен шығудың себептері жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді.

Істен шығудың кездейсоқ себептері – бұл көзделмеген асқын жүктелу, бақылаумен айқындалмаған материалдағы ақаудың болуы және дайындаудағы қателіктер, қызмет көрсету мамандарының қателіктері немесе басқару жүйесінің ағаттығы. Мысалдар: өңделетін ортаға қатты кірмелердің енуі, жолдың ірі тегіс еместігі, кедергілерді басып кету, дайындама өлшемдерінің рауалы емес ауытқуы немесе олардың дұрыс қысылмауы, қаяуы, шынықтырудан болған жарықтар. Жағымсыз жағдайлар үйлесімділіктері кезінде кездейсоқ факторлар істен шығуға әкеледі.

Істен шығудың жүйелі себептері – бұл зақымданулардың біртіндеп жинақталуынан пайда болатын заңды құбылыстар: ортаның, уақыттың, температураның, сәулеленудің – жегіде, ескеру әсер етуі, күшсалмақ пен үйкеліс жұмысы – шаршауы, сырғуы, тозуы, функционалдық әсерлер – бітеліп қалу, жабысу, ысыраптану.

Осы себептер және даму сипататы мен байқалуына байланысты істен шығулар: кенеттен болатын (қажалудан, асқын күшсалмақтан болған бұзылулар), даму жағынан біртіндеп және пайда болуы кенеттен (шаршаудан пайда болған бұзылулар, шамның жанып кетуі, оқшаулаудың ескіру әсерінен қысқа тұйықталуы), және біртіндеп болатын (тозу, ескеруі, жегіде, жабысуы). Кенеттен болатын істен шығулар өзінің күтпеген жағдайда пайда болуына байланысты біртіндеп болатын істен шығулармен салыстырғанда өте қауіпті болып келеді. Біртіндеп болатын істен шығулар сақтау мен пайдалану процестері кезінде параметрлерінің рұқсат етілген шектерінен шығып кетуімен көрсетіледі.

Істен шығуларды пайда болу себептеріне қарай құрылымының жетіспеушіліктерінен пайда болған құрылымлық, технологияның бұзылуы немесе жетілдірілмеуінен пайда болған технологиялық, дұрыс емес пайдалануынан пайда болған пайдалану түрлеріне бөледі.

Істен шығулар өздерінің физикалық табиғатына сәйкес бөлшектердің бұзылуы немесе олардың беттерінің бұзылуымен байланысты (сыну, үгітілу, тозу, жегіде, ескіру) немесе бұзылуымен байланыссыз (отынды беру, майлау немесе жұмыс сұйықтығын гидро жетекке беру арналарының бітелуі, қосылыстардың босауы, электртүйісулердің ластануы немесе босауы) болып бөлінеді. Осыған байланысты істен шығуларды келесідей әдістермен жояды:

- бөлшектерді ауыстырумен;

- реттеумен немесе тазалаумен.

Өздерінің салдарына тәуелді істен шығулар: жеңіл – жеңіл қалпына келтірілетін, басқа тораптарды бұзылуына әкелмейтін орташа және қайталанып қирауын, ал кейбір жағдайда адамдар шығыны болуын тудыратын ауыр болып бөлінеді.

Бұйымды әрі қарай пайдалану мүмкіндігіне қарай тоқыраулар бөлінеді: толық, оларды жөнге кетірмейінше бұйым жұмыс істемейді және ішінара, олар бола тұра бұйымды ішінара пайдалануға болатын, мысалы, толық емес немесе төмендетілген қуаттылықта жұмыс істеу.

Істен шығуды түзету қиындығына байланысты техникалық күтім көрсетумен, орташа немесе күрделі жөндеумен түзетілетін және жөндеу орнына сәйкес – пайдалану және тұрақты орындарында жөнделетіндер, бұл көбінесе мұнай газ өндірісіндегі жабдықтарына арналған, болып бөлінеді.

Сонымен бірге өздігінен түзетілетін істен шығулар да кездеседі, мысалға, станокқа дайындаманы автоматты түрде беру жүйесінде.

Істен шығулар пайда болу уақытына байланысты: жайласу кезінде, пайдаланудың бірінші кезеңінде, бақылаумен бракталмаған ақаулы элементтердің жинауға түсуінен және жайласу болмауымен байланысты; қалыпты пайдалану кезіндегі (тозудан істен шығулардың пайда болуына дейінгі кезеңіндегі) болып бөлінеді.

Бөлшектер мен тораптардың істен шығулары әр түрлі машиналар мен әр қилы жағдайларға байланысты мүлдем әр түрлі болулары мүмкін. Егерде өндіріс орнында жөндеу цехы бар болса, парктегі бірнеше әмбебеап машиналарының істен шығулары салдарларын, сол өндіріс орнының күшімен түзетуге болады, ал олар атқаратын жұмысты жөндеу уақыты кезінде басқа машиналарға үлестіруге болады. Автоматты желіге ендірілген станоктың істен шығуы немесе заводта бір данада болатын арнайы станоктардың істен шығуы басқа да көптеген станоктардың тұрып қалуына, цех пен заводтың жоспарын орындамауына және қосымша шығындарға әкеледі.

Бұйымдардың сенімділігі олардың істен шықпағыштығымен, ұзақ мерзімділігімен, жөндеуге жарамдылығымен және сақтандырылуымен шарттандырылады. Осылай сенімділік өзінің қасиеттерінің сипатталуын пайдалану кезінде айқындап, өндіруші мен тұтынушының сенімін қаншалықты растайтынын көрсетеді.

Істен шықпағыштық – бұл нысанның белгілі уақыт немесе белгілі атқаратын жұмыс көлемінде өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтап қалу қасиеті. (атқаратын жұмыс көлемінің түсінігі –циклдермен, тоннамен немесе басқа өлшем бірліктерімен белгіленген, жұмыс көлемі мен ұзақтылығы, циклдарда, тондарда және басқада бірліктерде көрсетілген нысан жұмысының ұзақтығы немесе көлемі).

Шыдам мерзімі – белгіленген техникалық күтіммен және жөндеумен шектік күйге жеткеше нысанның жұмысқабілетін сақтау қасиеті.

Ресурс – нысанның пайдалана бастағаннан бастап немесе жөндеудің белгілі түрінен кейін шектік күйге өткенше атқаратын жұмыс көлемі.

Қызмет мерзімі – осы кездердегі пайдаланудың күнтізбектік ұзақтығы.

Жөндеуге жарамдылық – нысанның істен шығулар мен зақымданулардығ пайда болу себептерін болдырмауға және байқауға, техникалық күтім мен жөндеулермен жұмысқабілеттілік күйін сақтауға және қалпына келтіруге бейімділік қасиеттері.

Жөндеуге жарамдылығы бойынша нысандар қалпына келетіндер және келмейтіндер болып бөлінеді.

Сақталғыштығы – Сақтау және (немесе) тасымалдау кезінде және олардын кейін нысанның істен шықпағыштық, шыдам мерзімі және жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің мәндерін сақтау қасиеті.

Резервтеу – бір немесе бірнеше элементтері істен шыққанда нысанның жұмысқабілетін сақтау мақсатында қосымша құралдарды және (немесе) мүмкіндіктерді қолдану.