Баспасөз бетіндегі терминдер
Жаппай бұқаралық салада ғалам бейнесін қалыптастыру үшін қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін терминологияның маңызы зор. Адам санасы дамуының ең жоғары сатысы ұғымға негізделген ойлау болып табылады, өйткені адам санасындағы тарихи таным үрдісінің сөзде жинақталып көрсетілетіні анық. Адам танымы тек ұғым арқылы ғана анықталады десек, сол ұғымды білдіретін лексикалық бірліктер, терминдер болып саналады.
Терминдік жүйе, оны түзу ісі ұлттық тілдік ресми және мемлекеттің бүкілхалықтың тіл дәрежесіне көтеріліп, кең қолданысты, толыққан тіл ретінде әлем сахнасына шығып-танылуының негізі болып келеді. Қазақ терминологиясының қалыптасуна А.Байтұрсынұлының үлкен үлес қосқаны белгілі. Ол қазақ тіліне енген халықаралық терминдердің қазақ тіліндегі баламасының алынуы керек екендігін дәлелдеген. Бұған дәлел ретінде ғалым ел тарту жұмысы, аттамалы жер сияқты сөз тіркестерін аудармасыз, ал, жер жұмысының чиновнигі, рушылдық дәуір сияқты терминдерді аудармасымен (производитель работ, родовой строй) мысалға келтірген.
Еліміз егемендік алғалы бері қазақ баспасөзінің терминологияны қалыптастырудағы атқаратын рөлі айрықша. Термин сөздердің қолданылуына орай бірнеше мәселелер туындап отырғаны да рас. Акад. Ш. Сарыбаев бұл мәселелерге қысқарған сөздердің молаюы, терминдердің жазылу мәселесі (кілә, зауыт т.б.), лексикалық варианттардың қолданыста қатар жүруі (адрес-мекенжай, пресса-баспасөз, резюме-түйін т.б.), халықаралық терминдердің жаппай орынсыз аударылуы (үнжария-радио, салбырақ-балкон, шипашақ-рецепт, былау-ванна, зіл жәшік-сейф т.б.) ретінде талдау жасаған. Ғалым «Халықаралық, интернационалдық терминдерге тілімізде балама табылса, не мағынасы жуық сөздерге жұрнақ арқылы жаңа сөз тудыру мүмкіндігі болмаса, ондай сөздерді сол күйінде қабылдау қажет», - дейді .
Ұлттық терминологияны қалыптастыруда С. Ақаев «Терминді ұлттық тіл сөзі негізінде түзудің бір жолы – тілдегі жай, халықтық, байырғы, жергілікті, кәсіби сөздерді, қолданыстан шыққан, шыға бастаған этнографизмдерді жаңа мағынада пайдалану, олардың ұғымдық қорын қозғалысқа түсіру. Бұл сөздердің қайсысын да тіл үшін жат, бөтендеу деуге негіз жоқ. Олар – бірқатар ерекшелігі болғанымен, ұлттық тіл қалыбынан шыққан, сол тіл тезінде еленіп-екшеленген, сол тіл жүйесінің туындысы, өзі сөзі» дейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында терминдердің нормалану мәселесін қарастырған Ғ. Хасанов былайша тұжырымдайды: «БАҚ тіліндегі, әсіресе газеттерде, публицистикалық стильмен қатар, ғылыми стиль өмір сүреді... публицистикалық стильде нормаланған сөздер ғылыми стильге ауысып, бір-бірін толықтырып, ұлттық ғылым тілі қалыптаса бастайды. Ғылыми тілінің кейбір сөздерінің қалыптасуындағы БАҚ-та, әсіресе газеттерде, диалектілік лексикологияның, көнерген сөздердің қайта жаңғыруы жиі байқалады, әскери лексикаға қатысты сөздердің біразы көнерген сөздерден алынған. Ономастикалық атаулардың дұрыс жазылып нормалануы БАҚ арқылы жүреді. БАҚ тілінде бұл терминологиялық өрістің нормалануы жоғары дәрежеде...» .
Ал, Г.Я. Солганик: газетте терминологиялық лексиканың көптігі жайлы тоқтала келіп: «Ең алдымен неғұрлым кең таралған және техника саласындағы терминология, сондай-ақ тар кәсіптік терминология қолданылады», - деген.
Компьютердің әлемдегі танылған тәңірісі Билл Гейтс енді компьютерді ғарыш кеңістігіне шығармақшы. Интернет жүйесіне ұялы телефонды жалғастырмақ, байланыстырмақ.
Осы мақсатта ол Байқоңыр космодромынан ғарышқа 22 ракета ұшырып, әрқайсысына екі спутникпенорнатып, осы мәселесі шешпек көрінеді (ЖА., 7.02.1999).
Сөйлемдегі «компьютер», «ғарыш кеңістігі», «интернет», «ұялы телефон», «ракета», «спутник» сөздері әлгі айтылған техникалық терминдердің және осы бір сөйлемде тұнып тұрған орыс терминдерінің газет материалдарына қазіргі, ғылыми әлемге лайықты жаңа сарын беретіні айқын.
Газеттегі шағын жанрлар тілінде де термин сөздердің қолданылу жайы көңіл аударарлықтай. Бүгінгі уақыт жаңа қоғамдық-экономикалық даму қарсаңында тұр, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында бұл үрдіс жаңа пайда болған терминдер арқылы көрініс табуда. Зерттеуші С. Исақова: «Газетті тез шығару үшін тілшіге терминді пайдалану тиімді болады: термин тілдік бірлік ретінде нақты, шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды дәл бейнелейді.
Жұмыс барысында лайықты қолданылған термин сөздермен қатар, шет ел тілімен араласып ана тілімізді шұбарлап, қолданылған терминдерге де тоқталдық.
1. Жеке-дара немесе сөз тіркесі ыңғайына қолданылған түсініксіз атаулар. WESTERN UNION –дүниеніңтөрт бұрышына ақшаңды жедел жеткізіп береді (ЖА., 21.06.1999). «Cisco Systems»Қазақстан нарығына көндікті (ЖА., 10.1998.1999). «Эксон Мобил» соғыс ардагерлерін құтықтады (ЖА., 08.05.1999). берілген сөйлемдерде шетелдік сөздер жеке-дара қолданылған. Олар, әрине, оқырманның бәріне бірдей түсінікті бола бермейді. Оқырман WESTERN UNION-ның шет елге ақша аударатын орын екенін, «Cisco Systems» пен «Эксон Мобил» -дің өндірістік-шаруашылық компания екенін тек контексте қарап ұғына алады.
Заемның тек ұйымдастырушысы– аса ірі француз банктерінің бірі Societe Generale.Синдикат қатысушылары:Rabobaank, Natexis, BMCF, Garantibank, HSBC, BCEN, EBRD(ЖА., 25.02.1999); Сондай-ақ, Chevron Texaco, Exxon Mobil Dritish Petroleumб BG Group Total6 De Beeersкомпанияларының өкілдері де қатысты (ЖА.,28.06.1999). «Мегаполис» газетінде жұмыс істейтін жорналшылар өздерін жан-жақты, әрі «цивилизованный» адамдар деп есептейді және олар шығыстық, азиялық цивильдің емес, еуропалық цивильдің адамдары. Сондықтан да болар, бұл газеттің беттері біресе «City Center»,біресе«Ньюсмейкер»сияқты ағылшынша, латынша айдарлармен ашылады (АЙҚЫН., 26.02.1998) деген сөйлемдердегі белгіленген термин сөздердің бірінің үстіне бірінің үстемеленіп қолданылуы, оларға ешқандай анықтамалардың берілмеуі тілімізді шұбарламаса, байытып тұрған жоқ.
2. Қысқартылып қолданылған сөз тіркестері.Шағын жанрлардағы (әсіресе «Жас Алаш» газетінде) қысқа хабарламалар мен есептерде, репортаждарда қысқартылып жазылатын шетелдік компаниялар мен түрлі ұйымдардың, мекемелердің күрделі атаулары көбейіп келеді.
«Отандықтар» тағы бір жоба енгізбекші деген де әңгіме шығып қалды... Бұл туралы KZ-TODAY тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы департаменті төрағасының орынбасары Нияз Ыбыраев хабарлады (ЖА., 28.08.1999)осы байқаудың қорытындысы қалай шығарылғандығына, оған қатысушы әрбір жастың бағасын беретін қазылардың, ұйымдастырушыларының кім екеніне көз жүгірткеннен кейін және HIT-TV деп аталатын... (АЙҚЫН., 05.06.1998). SARSғарыштан келуі мүмкін деген болжамды растаушылар әлі де болса вирустың ғарыштық денелер арқылы тарап, соның нәтижесінде жерге жеткенін дәлелдеуге тырыспақ (ЖА., 27.05.1999). «ТұранӘлемБанк» халықаралық ISMAұйымына мүше (ЖА., 25.02.1999). «Bloomberg»зерттеу мекемесінің пайымдауынша, осы аптада доллардың еуроға шаққандағы бағамы төмендейді (ЖА.,31.07.1999). Тамыздың 1 күні көрермендер Vergabogsтобымен кездессе, екінші тамыз күні - Fragma, үшінші күні Самба-же Жанейра және Belliniтобының өнерін тамашаласса, ал Гала концерткеМамбо королі Lon bega қатысады (АЙҚЫН., 1998.07.1998). Ал, «31» - телеарнадағы «Состояние KZ» мұны бізде қазақ тіліне «Голливудская популярность»берілмекші, ал үйренгісі келетіндер дегенге дейін барды (АЙҚЫН., 19.12.1998). көш басында алып Ресей айналып өте алмайтын «чп»-лардың басы-қасына жұрттан бұрын жетіп, мәселенің мән-жайын жедел түсіндіре қоюдың «мәстірі» боп алған Сергей Шойгер тұр (ЖА., 15.11.1999).
Келтірілген мысалдардағы термин сөздердің әрқайсысына автор тарапынан түсініктеме беріліп отырғанда ғана жаппай оқырмандарға ұғынықты болар еді.
Қорыта айтқанда, шағын жанрда жазылатын газет материалдары термин сөздерге бай. Бірақ олардың орынды-орынсыз қолданылуы әрдайым ескеріліп отыруы міндетті, әрі қажетті.
Пайдаланылатын әдебиеттер: