Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.

Ндылықтар теориясы. Басқару теориясы.

Тұтас педагогикалық процесс теориясы

Негізгі ұғымдар:тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас педагогикалық процесс теориялары.

Ғылыми теория - білімдердің жүйесі бола отырып, айналадағы обьективті шындықты танудың негізгі құралы болады. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін танымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.

Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі, Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.

Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мектепті басқару, тұтас педагогикалық процесс, т.б. теориялар білім беру ұйымдарында кеңінен қолданыс тауып отыр.

Тұлғалық-бағдарлық теорияадамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.

Тұлғалық-бағдарлы теория педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субьект, оның нәтижесі мен негізгі өлшемі ретінде қарастырады. Тұлғалық көзқарас негізіне, сонымен бірге бала жайында терең білімді, оның өз басына тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайтыны жайлы көзқарастар жүйесі. Сондықтан да ұстаз осы бағыттағы қандай да болмасын өзінің әрекетінде тұлғаның дара екрешелігін тануды мақсат етеді.

Іс-әрекеттік теория- тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді.

Іс-әрекеттің мақсаты - адамдардың ақиқат өмірін қайта жаңғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда болып, оның негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады.

Құндылықтар теориясы -нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарға негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді қамтиды. Сондықтан да тұлғаның өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып-білуі, одан әрі жалпы адамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Түйіндей келе, құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайын, екіншіден, шығармашылыққа қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын іске асырады.

Мектепті басқару теориясы. Мектепті басқару жұмыстары мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, оларды оқытып-тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.

Ылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспарланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; басқарылатын обьектілер мен процестерді моделдеу; құбылыстардың сандық өлшемдерін қолдану.

Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогикалық процесте ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару.

Басқару теориясының нәтижесі – мектепті тиімді басқарудың жаңа заңдарының пайда болуы, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдармен жетілдіру, принциптер, ережелер, тұжырымдар.

Педагогикалық процесті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйымдастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару обьектісінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді талап етеді.

Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты-құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық тұрғыдан жүзеге асырумен тікелей байланысты.

Жеке тұлғаның қалыптасуы біртұтастықта іске асады. Сондықтан мұғалім дайындығына кешеді тәсіл қажет, мұғалімде педагогикалық процесс туралы біртұтастық туралы түсінік болуы керек. Біртұтастықты түсіну үшін оның кішкентай құрамды бөлігін білу де маңызды. Жүйелі көзқарас тұрғысынан “қарапайым бірлік” моделін жасауға болады. Қарапайым бірлік арқылы қайшылыққа толы біртұтастықты елестете отырып, нақтылы обектіні зерттеуге қажетті белгілі бір жағдайды білуді талап етеді. Абстракциядан нақтылыққа көтерілу, яғни теориялық ойдың нәрсені бейнелеуде бірті-бірте толық, жан-жақтылыққа және біртұтастыққа қозғалысы, ғылыми әдістің бірқатар анықтамаларын логикаға келтіруге мүмкіншілік береді.

Абстрактылықтан нақтылыққа көтерілуді былай сипаттауға болады: таным барысында нақтылы нәрсеге тән әртұрлі заңдылықтар ашылады және ол, сол нақтылы нәрсенің белгілі бір даму сатыларынан табылып, бірізді қалыптасып, категория ретінде көрінеді, оның өзінде даму үстіндегі бірте –бірте жетілген және дамыған формалары мен қатынастары бейнеленеді.

Сондықтан талдаудың мақсаты - абстракцияны көрсету арқылы, оның маңызды қырларын анықтап, біртұтастықты қайтадан жасауға болады. Демек “негізгі абстракция” бірқатар талаптарға сай болуы тиіс: ол нәрсенің мәні мен себебін көрсетуі керек; ол шектеулі болуы тиіс, сондай абстракция ғана құбылыстың басқа қырлары мен қасиеттерін жанастырады

 

4-дәріс. Әлеуметтік педагогиканың категориялық-терминологиялық аппараты (проблемалық дәріс). «Әлеумет» термині («әлеуметтік») (лат. socialis – қоғамдық) қоғамдық өмірмен байланысты және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді. Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеуметтік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік, т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарастыру қажет.

Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:

1) мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие;

2) әлеуметтік институттар және оның субьектісі ретіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі.

1 Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің мәні

 

Әлеуметтік тәрбиенің мағынасы - баланы жасанды ортаға емес, шынайы өмірге, бірінше орында оның әлеуметтік күш-қуатын және жан дүниелік әлеуетін қоғамдық өмірге дайындау. Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие азамат қалыптастыруға бағытталады. Ол платон кезеңінен белгілі жәйт. Әр мемлекет өзінің тарихи даму кезеңдерінде арнайы немесе арнайы емес бағытта әлеуметтік тәрбие беруді көздейді, ол өскелең ұрпақты болашақ қоғамдық өмірге дайындауды белгілейді.

Әр кезеңдерде философиялық және педагогикалық ағымдар, жеке педагогтар мен философтар әлеуметтік тәрбие идеясын алға мақсат етіп қойған. Ол еңбектер әлеуметтік педагогика теориясының негізіне алынып, тек ХIХ ғасырдың соңында ғана қоғам қабылдады. ХХ ғасырдың басында ол идеялар Ресейде әлеуметтік тәрбие түрінде дами бастады.

Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын түсінудің екі жолын қарастыруға болады.

Азамат тәрбиелеу (азаматтық тәрбие) әр қоғамға қажет, ол мемлекетке тәуелді және оның бақылауында жүргізіледі (В.В.Зеньковский, А.В.Луначарский, Н.Н.Иорданский т.б.). Мемлекет оқушы жастарды тәрбиелеуде, оларды қоғамдық өмірге дайындауды көздейді. Мемлекет азаматтық тәрбиенің мақсатын, мазмұнын және оны жүзеге асыру жолдарын анықтап, оған қажетті институттарды ұйымдастырып, ондағы тәрбиелік іс-әрекеттерді өзінің қадағалауында ұстайды. Мемлекеттің әлеуметтік тәрбие қызметі осы институттар арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық тәрбие арқылы жеке тұлға қалыптасып, оның отансүйгіштік сезімдері мен белсенді өмірлік ұстанымдары дамиды. Әлеуметтік тәрбиенің осындай міндеттерін өз кезеңінде Платон (б.з.д. 428 немесе 427 ж. б.з.д. 348 немесе 347 ж.) да белгілеген еді. Ол «Мемлекет» және «Заң» атты еңбектерінде жастарға азаматтық тәрбие берудің маңызын және оны іске асырудың жолдарын көрсетті. Өзінің дамуы жағынан алдыңғы шепте болуын ойлайтын мемлекет, жастарды бағытты іс-әрекетке тәрбиелеп, олардың әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. «Заң жасаушы», - дейді Платон,- бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Заң жасаушының назары ең алдымен бала тәрбиесінен басталуы қажет. Оның мұндай пікріге келу себебі, ол өз мемлекетінің дұрыс дамуына талдау жасаған.

Қоғамдық тәрбие, қоғам үшін адам тәрбиелеу (Зеньковский, Иорданский т.б.). Бұл бағытты қоғамдық-мемлекеттік деп атауға болады, өйткені оны жүзеге асыратын мемлекет және мектеп. Олар қоғамдық өмірді және мемлекетті жетілдіру болып саналады. Өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесін жетілдіре отырып, оны қоғамды өзгерту құралына айналдырады. Мәдениетті және тәрбиелі ұрпақ өзі өмір сүріп отырған қоғамды жағымды даму бағытына өзгертеді. Қоғам, балаларды өз ата-аналарына қарағанда жоғары мәдениетті деңгейде болуын тәрбиелеуді белгілейді. Әр жас ұрпақ өзінің алдындағы ұрпақтан мәдениетті болуы тиіс. Зеньковскийдің пікірінше, «Тәрбие заман талабына сай болуы керек, ол өмірге қажетті жаңа сапа, басқа дағдылар мен түсініктерді қалыптастыруы шарт.

Әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыруда жетекші рөлді мектеп атқарады. «Мектеп (басқа да тәрбие ұйымдары тәрізді), - деп жазды Зеньковский, - өзіне әлеуметтік тәрбие міндеттерін алуы тиіс, ол тек білімді адамдарды, іскер азаматтарды ғана тәрбиелеумен бірге, олардың қоғамдық жұмысты ынтымақтасып атқару қабілеттерін дамыту керек».

Бұл баланың жеке басына тән қасиеттеріне және даралық ерекшеліктеріне ешқандай нұқсан келтірмейді, тек оларға жаңа мағына береді.

Адамды әлеуметтік идеалға, яғни мұратқа сәйкес тәрбиелеу (Иорданский). Бұнан байқалатын мүмкіндік, жаңа ұрпақ қалыптастыру арқылы, соған сай қоғамды дамыту. Мұндай әлеуметтік тәрбиенің негізінде баланың әлеуметтік күш-қуатын, жаңа адам сапасын әлеуметтік мұратқа сәйкес бағытты дамытып, қоғамды жағымды өзгеріске түсіру.

Мұндай жалпы көзқарас педагогикада да және жеке алғанда, Ресейде де орын алған. Руссо ХVIII ғасырда өз шығармаларында «жаңа адам» қалыптастыру пікірі бойынша, сыртқы ортаның ықпалынсыз, тұтастығы бүлінбеген табиғат аясында «жаңа санаттағы» адамдарды қалыптастыру туралы жазды. Руссо тұжырымдамасының басты кемшілігі, ол баланың жеке тәжірибесі мен жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін бірге қарастырмаған. Ол «шектеулі» әлеуметтік тәрбиені ұсынған.

II Екатерина тұсында И.И.Бецкой (1704-1795) шетелден шақырылып, оның ұсынған жобасында дворян жастарын тәрбиелеу арқылы жаңа қоғам құру белгіленген. Ол үшін дворян жастарын қоғамнан және отбасынан алшақтатып, жабық оқу орындарын ашу қажеттігі айтылды. Ондай оқу орындары ашылған да еді. Бецкой ол мекемелерді ұйымдастыру негіздерін мен арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеген. Ол оқу орындарын бітірушілер де болды, бірақта олардың саны Ресей қоғамын өзгертетіндей шамада болмады. Дегенмен де, ол оқу орны қоғам дамуына белгілі деңгейде ықпал етті. Бұл жоба бастапқы белгіленген өз міндетін атқара алмады, өйткені крепостнойлықтың сақталуына орай, қоғамда сапалы өзгеріс болуы мүмкін емес еді.

1920-шы жылдары Кеңес үкіметі осындай міндеттерді тағы да көтерді, яғни әлеуметтік тәрбие арқылы - жаңа қоғам құрлысшыларын дайындау мәселесі қойылды. Мұндай тәрбие таптық, партиялық сипатта болды және оның басты мұраты - жан-жақты үйлесімді дамығанадам тәрбиелеу еді. Жас ұрпақты белгілі бағытта бір нұсқада тәрбиелу, ересек адамдарды қайта тәрбиелеу (отбасы мүшесі, еңбек және оқу ұжымы және т.б.) қолға алынды. Кеңестік Ресейде әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыру үшін соған сәйкес институттар мен академиялар қызмет етті. Мемлекет әлеуметтік тәрбие институттары арқылы түрлі адамдарға белсенді ықпал етті.

Осындай бағытта әлеуметтік тәрбие - әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруды, қоғамдық тәрбиені өмірлік қажеттілік деп таныды (Зеньковский, Иорданский т.б.). Әлеуметтік тәрбиенің негізгі міндеті - әлеуметтік белсенділікті дамыту, әлеуметтік әрекеттің «дәмін тату», ынтымақтастық рухын сезіну, қоғамдық мүддені жеке басынан, өзімшілдіктен жоғары қою.

Мемлекеттің білім беру жүйесі әлеуметтік тәрбие мақсатын жүзеге асырудың құралы болды. Ресейде әлеуметтік тәрбие академиясы құрылды. Ол ғылыми-педагогикалық орталыққа айналып, әлеуметтік тәрбиенің мазмұнын және оны іске асыру жолдарын негіздеді. Барлық оқу мекемелері (мектепке дейінгі, жалпы және жоғары мектеп) оқушы жастарды тәрбиелеуде мемлекеттің алға қойған міндеттерін орындады. Оқу орындарында әлеуметтік тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі оқытылды. 1923 жылы алғаш рет Иорданскидің әлеуметтік тәрбиеге арналған оқу құралы басылып шықты.

Басқа елдердің белгілі адамгершілік құндылықтарын оқушы жастарға күштеп жапсыру,санаға ендір және оларды насихаттау. Мұндай қатынас әсіресе балаларға, жеткіншектерге, жастар ортасына және жеке тұлғалардың санасына ықпал ету арқылы ендіруге бағытталады.Ол ақпарат құралдары, мемлекеттен тыс мекемелер, түрлі ұйымдар, жеке тұлғалар - сол мұраттарды, құндылықтарды және өмір сүру бейнесін қабылдағандардың қатысуымен насихатталып, жүзеге асырылып келеді. Оның бастауын Орта ғасырдан іздеу керек. Сол кезеңде Христостың идеяларын көпшілік санасына жаулауға дін таратушылар белсенді іс-әрекет етті және ол ілімді бүкіл әлемге таратты. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, қарудың күшімен де жүргізілді. Сол мақсатта түрлі арнайы бірлестіктер, діни қауымдар, мысалы, 1534 жылы иезуит ордені - Христос сарбаздары құрылды.

Қазақ жерінің оңтүстік өңірлеріне VIII ғасырдан бастап ислам ілімі таратыла бастады.

Қазіргі жағдайда бұндай бағыттар ақпарат құралдары, түрлі уағызшылар, қоғамдық ұйымдар арқылы біздің елімізде, бұрынғы ТМД мемлекеттерде американдық мұраттарды, құндылықтарды, діни ілімдерді насихаттауда. Сондай іс-әрекеттің мысалы ретінде діни секталарды айтуға болады, олар түрлі жастағы балалар, жеткіншектер арасында өз мұраттарын насихаттап, соларға тән ұстанымдарды сақтауға шақырады. Осындай діни секталар адамдардың психикасына ауыртпалық түсіріп, олардың басын айландырып, денсаулықтарына нұқсан келтіріп, олардың материалдық игіліктерін талан-тараж етуде. Көптеген елдерде мұндай секталардың жұмысына заң жүзінде тиым салынғаны белгілі.

Осындай әлеуметтік ықпалдар педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылмаған. Оны адамдардың санасын мәдени, идеологиялық және діни тұрғыдан жаулау деп қабылдаған абзал.

Сонымен, мемлекет тарапынан әлеуметтік тәрбие мазмұны, оны іске асыру жолдары бақыланады. Мемлекет жас жеткіншектерге әлеуметтік бағытта тәрбие беру үшін түрлі институттар құрады.

2 Әлеуметтік институттар және олардың субьектілер ретіндегі

тұлғаның әлеуметтік тәрбиесінің мәні

 

 

Өскелең ұрпақтың жеке тұлғалық сапасын қалыптастыруды және оны әлеуметтік тұрғыдан шешу талаптарын мемлекет анықтайды. Дегенмен де, нақты тәрбиелеуді іске асыратындар - әлеуметтік институттар мен адамның өзі. Әр әлеуметтік институт әлеуметтік-тәрбиелік қызметін мемлекеттің (қоғамның) талаптарына сай жүргізеді. Олар мемлекеттік (қоғамдық), арнайы және арнайы әлеуметтік-тәрбиелік міндеттерді шешеді. Әлеуметтік институттар тарапынан мынадай әлеуметтік тәрбие бағыттары бөлініп көрсетіледі:

- ресми шартты (мемлекеттік) қалыптағы тәрбие. Әр әлеуметтік институт мемлекеттің заңдарына, ережелері мен қоғамда қалыптасқан дәстүрлер негізінде тәрбиелеп, адамдарды қоғамдық өмірге дайындайды. Ол әлеуметтік-тәрбиелік міндеттерді өз құралдарымен және әдістерімен жүргізеді;

- әлеуеттік-шартты (ерекше) тәрбие, әлеуметтік мәртебемен құрылып, мекемесі анықталып, қызмет етеді. Әлеуметтік-себепті тәрбие жеке тәрбиеленушілердің менталитетін қалыптастыруға бағытталады, ол өзінің ерекшелігімен, әлеуметтік тұрғыдан толысуымен және кәсіби маңызды, әлеуметтік міндеттерді игереді, мысалы, мұғалім, дәрігер, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, әскерилер және т.б. Бұл жердегі мәселе төркіні адамдардың белгілі әлеуметтік мәртебені, әлеуметтік қызметті игеруі жайлы.

Әр мекеме, әр ұйым өзіне тән әлеуметтік ортаны (кәсіби бағытты) құрады. Ол жеке тұлғаны қалыптастырып, әлеуметтік мәртебемен ерекшелендіреді, осы ортаға тән адамның менталитеті қалыптасып, ол өзгелерден ерекшеленеді: мысалы, әлеуметтік педагог – мұғалімнен, әскери қызметкер - әлеуметтік қызметкерден, ал ол дәрігерден және т.б.;

- арнайы (өзіндік ерекшелігі бар) әлеуметтік тәрбие. Ол белгілі ортаға тән (отбасы, ұйым, мекеме). Бұндай тәрбие типіне нақты әлеуметтік идеал, модельдер, әлеуметік типке сай жеке тұлға қалыптастырылады. Ол адамгершілік-психологиялық ахуалға, қағидаларға, ұстанымдарға, қалыптасқан дәстүрге, тәрбие жұмысының тәжірибесіне, беделді адамдардың тәрбие үдерісін ұйымдастыруына, тәрбиелеуші ортаға, қалыптастырылатын адамның әлеуметтік тұрғыдан қажеттілігіне байланысты болады. Бұның өзіндік ерекшелігі болғандықтан, осы жерде және осы ортада туындайды және өз тәрбиеленушілерін өзге мекеме тәрбиесінен ерекшелендіреді.

Отбасында әлеуметтік тәрбиенің осы типін белгілі идеалға негізделген ата-ана тәрбиесі деп атауға болады. Әр ата-ана өз баласын тәрбиелеудің мақсатын өзі анықтайды. Оны олар әр түрлі шешеді, үнемі тар ауқымды өзімшілдікке ой алдырып, баласының болашағын жоспарлап, өз ұлы немесе қызы үшін жайлы жылы орынды армандап, сол жерден орын алғанын қалайды. Мұндай болашақ түрлі кейіпте суреттеледі, мысалы, ұлының қоғамда «жоғары мәртебелі орында қызмет етуі», өзінің «ізін жалғастырушы», «адам болу», ғалым, инженер атануы және т.с.с.

Отбасының, мекеменің өзіне тән ерекшелік ортасы, тәрбиеленушінің жағымсыз - әлеуметтік тәжірибесінің қалыптасуына ықпал етіп, соның салдарынан ол көшенің, жағымсыз ортаның, жеке адамның теріс ықпалына тәуелді болуы мүмкін. Басқа сөзбен айтар болсақ, ортаның өзі әлеуметтік ауытқуларды тудырып, тәрбиеленушінің көше ықпалында кетуіне, теріс әлеуметтік бағытта қалыптасуына әсер етеді. Мұндай жағдайда арнайы мемлекеттік мекемелердің баланы түзету, қайта тәрбиелеу бағытындағы қызметі іске асырылады (Луначарский, Макаренко, Сорока-Росинский және т.б.). Әлеуметтік тәрбиеге мұндай қатынасты - әлеуметтік қадағалауды әлеуметтендіру деп атап, арнайы құрылған тәрбие мекемелерінде жүргізеді. Бұл бағыт әлем елдерінде, Ресейде, Қазақстанда кең таралған. Әсіресе осы бағыттың дамуы Ресейде 1918 жылдан басталды, ондағы балалар арасындағы тәртіп бұзушылық пен панасыз балалар санынның артуына байланысты кең тарады. Қазіргі кезеңде де ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар үшін бұл мекемелердің атқаратын рөлі орасан зор.

Бағытты әлеуметтік-тәрбиелік қызмет ата-аналарының қарауынсыз қалған ерекше қажеттігі бар балалар мен жеткіншектер үшін әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Бұл адамның жеке әлеуметтік тәжірибесін, мүмкіндіктерін және оның өмір сүру ортасының әлеуметтік қажеттігін ескеруге байланысты, бағытты әлеуметтік тәрбиелеу дегенді білдіреді. Әр бір нақты жағдайға сәйкес өзіндік әлеуметтік –тәрбиелік мақсат пен оған жету тәсілдері анықталады.

Бала өсе келе, жиі жағдайда жеткіншек, боз бала, жас адам өзінің болашақ өмірі және кәсіби мамандығы туралы ойланады. Ол өз алдына мақсат қойып, кім болатынын, оған қалай қол жеткізетінін өзі белгілейді. Ол өзінің шамасынша, өзін жетілдіру бағыттарын анықтап, соған сәйкес өзінің жұмысын жоспарлап, өзінің әлеуметтік тәрбиесін жетілдіруге қызмет етеді. Бұл факт әлеуметтік тәрбиеге тағы бір көзқарастың субьектінің өзін-өзі жетілдіру ұстанымын - бағытты (саналы) әлеуметтік өзін-өзі жетілдіру қажеттігін анықтайды (Шульгин). Ол оның алдыңғы әлеуметтік тәжірибесімен және жеткіншекке, жас адамның жас кезеңіне сай әлеуметтік таңдауымен және оған қол жеткізудегі тәжірибелік іс-әрекетімен анықталады. Осыдан анықталатын жәйт, жас адам қандай болуы тиіс және отбасы мен мектепте әлеуметтік тәрбие арқылы оны өзін-өзі әлеуметтік тәрбиелеудің обьектісінен субьектісіне айналдыру қажеттігі байқалады.

Жас адам көп жағдайда алдыңғы тәжірибесінің нәтижесіне қарай әлеуметтік таңдау жасайды. Сондықтанда, әлеуметтік тәрбиедегі жетекші рөлді мемлекет өз қарамағына алып, ол отбасы және білім беру институттарының жұмысын қадағалайды. Дегенмен де, жас адамның мейілінше әлеуметтік таңдау жасауына түрткі тудыратын мүмкіндіктер де көп, олар: беделді адамдар, кино немесе бейнефильм кейіпкерлері, көркем әдебиет немесе т.б. көптеген жағдайларда, олар жағымды ықпал жасай бермейді. Осының бәрі жастардың әлеуметтік таңдау бағытының оң немесе теріс болуын сипаттайды.

Жоғарыда айтылғандар әлеуметтік тәрбиенің түрлі бағыттарын ашып көрсетеді. Әлеуметтік тәрбиенің негізгі бағыттарын кімнің белгілеп, шешетініне байланысты, оның негізгі тәрбие бағыттарының кешені қарастырылады (қараңыз: 1- сызба ).

 

 

Басқа мемлекеттер, діндер, қозғалыстар

 

 
Мемлекет

 

Қоғам

 

Азамат тәрбиелеу

 

Жаңа адам тәрбиелеу. Қоғамдық тәрбие, әлеуметтік Өзге мұраттар мен өмір белсенді тұлға қалыптастыру. салтын қалыптастыру    

 

 

 

   
Әлеуметтік институттар (отбасы, мектеп т.б.

 

Қоғамдық шартты тәрнбие  

 

Әлеуметтік бағытты тәрбие Әлеуметтік шартты тәрбие, Арнайы әлеуметтік тәрбие әлеуметтік идел бойынша

 

 

Түзету (қайта тәрбиелеу, түзету) әлеуметтік тәрбие
 

 

 

 

Бала, жеткіншек
Әлеуметтік өзін-өзі тәрбиелеу  

 

1-ші сызба. Әлеуметтік тәрбие

 

Сонымен, әлеуметтік тәрбие мынадай факторлармен сипатталады. Кім оны ұйымдастырады; бағыты; мазмұны; нәтижесі (әлеуметтік тәрбие қалыптастыратын тұлғаның типі) (қараңыз: 2-ші сызба).

 

Негізгі ұйымдастырушы

 

Мемлекет Қоғам

 

Әлеуметтік Қоғамдық ұйымдар, Басқа мемлекеттер, институттар қозғалыстар діндер

 

Бағыттар  

 

Азаматтық Қоғамдық Арнайы әлеуметтік Жаңа өмір салтын тәрбие тәрбие тәрбие енгізу

 

Идеал бойынша тәрбиелеу  

 

Әлеуметтік тәрбие үдерісін түзету  

 

Мақсат  

 

 

Азамат тәрбиелеу Қоғамдық өмірге «Жаңа адам» «Өзге көзқарастағы дайындау қалыптастыру адам тәрбиелеу  

 

 

Әлеуметтік тәрбие нәтижесін түзету  

 

 

Адам тұлғасын қалыптастыру типі  

 

 

Әлеуметтік белсенді Белсенді емес тұлға Бейқам (апатиялық) тұлға тұлға

 

 

Әлеуметтік жағымсыз тұлға  

 

 

2-ші сызба. Әлеуметтік тәрбиенің сипаты

 

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

 

1.Әлеуметтік тәрбие мәніне жалпы түсінік беріңіз.

2. Мемлекет тарапынан әлеуметтік тәрбиеге жалпы түсінік беріңіз.

3. Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын анықтайтын тұғырлардың типі қандай?

4. Әлеуметтік институттар тарапынан әлеуметтік тәрбиеге жалпы сипаттама беріңіз.

5. Отбасы тарапынан әлеуметтік тәрбиеге жалпы сипаттама беріңіз.

6. Интернат мекемелері тарапынан әлеуметтік тәрбиеге сипаттама беріңіз.

7. Субьект ретіндегі адамның әлеуметтік тәрбиесінің мәні неде?

8. Ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың әлеуметтік тәрбиесінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.

 

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

1. Отбасындағы әлеуметтік тәрбие және оның ерекшеліктері.

2. Қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік тәрбие.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Громова М.Т. Педагогические основы образования взрослых. – М., 1993.

2. Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. – М., 1997.

3. Немов Р.С. Психология образования; в 2 кн. – М.,1994. Кн.2.

4. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1996.

5. Ремшмидт Х. Подростковый и юношеский возраст: Проблемы становления личности. – М., 1994.

6. Дюргейм Э. Социология образования. – М., 1996.

 

 

Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдары және олардың талаптарын іске асыру.Әлеуметтік педагогика ұстанымдарының мәселелері оның теориялық-әдіснамалық негіздерінің әзірлемесімен байланысты. Бұл әлеуметтік- педагогикалық үдерістің тиімділігіне әсер ететін негізгі базалық ережелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Аталмыш тақырып мына проблемаларды қарастырады:

-«әлеуметтік педагогика ұстанымдары» ұғымы және оның мәні;

- әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдарына жалпы сипаттама және олардың талаптары.

Әлеуметтік педагогика ұстанымдары ұғымы және оның мәні.Ұстанымдар әлеуметтік оқыту және тәрбиенің негізгі заңдылықтарын көрсетеді, солардан туындайды және сондықтан, өзінің өмір сүруі мен әрекеттерінің обьективтік табиғатын құрайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогтың теориялық негіздемелері мен практикалық қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады. Ұстаным нормативтік-реттеуші қызметін атқарады.

Ұстаным көбінесе ережемен теңеседі. Алайда, өзінің көлемі жағынан ереже ұстанымнан тар шеңберлі. Ол ұстаныммен салыстырғанда, жеке ұғымға жатады және жеке ережені, нақтылы жағдаятта қолданылатын әдісті көрсете отырып, содан туындайды. Педагогикада алатын орнына қарай, ереже рецептуралық ұсынымдар сипатында болады Ұстанымның құрамында көптеген ережелер орын алады, бірақ, олардың жиынтығы құбылыстардың жиынтығы ретінде олардың мәнін бере алмайтындықтан, әлі де ұстанымды құрай алмайды.

Ереже – бұл маман қызметінің міндетті сипатын білдіретін белгілі бір норма.Ол ұстанымға қарағанда, неғұрлым жеке сәттерде атқарылу міндеттілігін көрсетеді және оның (ұстанымның) талаптарынан туындайды. Талаптар орындалуға міндетті ереже, шарт болып табылады.

Ұсыным – біреу немесе бір нәрсе туралы есепке алу, практикалық орындау үшін қажетті кеңес, тілек, жағымды пікір.

Өзінің мәні бойынша, әлеуметтік педагогика ұстанымдары әлеуметтік- педагогикалық қызметтің ұйымдастырылу мазмұнына және іс жүргізу жағына негізгі талаптарды білдіреді. Олар теория мен практиканың өзара байланысын анықтайды, болжалды нәтижеге жету проблемасын шығармашылықпен шешуге көмектеседі.

Ұстаным белгілі бір заңдылықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын және белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады.

Ұстанымдар былайша бөлінеді:

- ғылым ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары. Олар: жалпы әдістемелік сипатта және жалпы ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогикаға тән болады. Мұндай қағидалар: ғылымның заңға теңесетін бастапқы қалпы; негізінде заңдардың тобы жататын неғұрлым жалпы ереже; занның жекеше іске асырылуы. Мұндай ұстанымдарға ғылымилық, обьективтілік, тарихилық, практикаға байланыстылық жатады;

- практика ретіндегі әлеуметтік педагогика ұстанымдары (тікелей айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыруды негіздейтін ұстанымдар). Олар орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жоғары ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бастапқы базалық ережелерді, талаптарды білдіреді. Бәрінен бұрын соларды әлеуметтік педагогика ұстанымдарымен теңестіреді;

- әлеуметтік саланың мамандарын даярлау бойынша білім беру ұстанымдары. Бұл жоғары (орта кәсіптік) мектеп ұстанымдары, олардың талаптарын орындау мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді: Мұндай ұстанымдарға, сондай-ақ, жалпы сипат тән, жоғары (орта кәсіптік) мектептің заңдылықтарын көрсетеді және олардың талаптарын жоғары (орта) кәсіби мамандарды даярлауда ескеру қажет.

Ұстанымдардың ерекшелігі сонда, егер әлеуметтік педагог олардың талаптарын ескеретін болса, онда олардың жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі мейлінше өте зор. Іс жүзінде маман жеке өз тәжірибесі немесе басқалардың тәжірибесі арқылы көптеген (ал, кейде тек бірнеше, тұрпаттық) әлеуметтік-педагогикалық қызмет ұстанымдарын көрсететін ұсынымдарды пайдаланады және бұл оған жұмыс барысында көп көмегін тигізеді. Бұл жағдайда игерілген ұстанымдар маманның практикалық қызметін анықтайтын нормалар, ережелер нысанында іске асады. Әлеуметтік педагогика ұстанымдарын арнайы үйрену маманға кәсіпті меңгеру үдерісінде оған практикалық жұмысында табиғи қажетті болып саналатын ұсынымдарды игеруге мүмкіндік береді.

Практика ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары оның үдерісі мен нәтижесіне, тиісті қызметке, елеулі ықпал ететін факторларға сүйенетін топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз заңдылықтарына сүйенеді және олардан тиісті ұстанымдар туындайды. Әлеуметтік педагогикада факторлардың рөлі жоғарыда қаралды. Бұл ретте, олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудың тиімділігін негіздеуші ұстанымдардың жиынтығын анықтайтындығын атап көрсетеміз. Әлеуметтік педагогикада осы ұстанымдарды біліп, олардың талаптарын басшылыққа алу қажет.

 

Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдарына және олардың талаптарына жалпы сипаттама. 1. Объектілік фактормен байланысты әлеуметтік педагогика ұстанымдары:

Объектілік фактордан туындайтын неғұрлым маңызы ұстанымдар: табиғатқа сәйкестік, жеке даралыққабайланыстылық және гуманизм.

 

Табиғатқа сәйкестік

Ұстанымның бастауы. Педагогикаға ұстанымды енгізген Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол баланың дамуына табиғи және әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігіндегі индивид ретінде қарады. Мұның маңыздылығын көптеген педагогтар мойындады. И.Г.Песталоцци: «Өзімнің кемел жасымның көп бөлігін арнаған элементарлық білім беру идеясы, теориялық және практикалық түсіндіру... табиғатқа сәйкес даму және адамзаттың күші мен тума нышандарын қалыптастырудан өзге дәңеңе де емес» 1 - деп жазды.

Ұстанымның мәні. Адам табиғи болмысқа жатады және табиғаттың, соның ішінде және де әлеуметтік табиғаттың заңдары бойынша дамиды. Бұл белгілі бір жағдайларда нақтылы адамның тиісінше бағыты, даму динамикасы және тәрбиесі болатындығын көрсетеді. Адамға деген көзқарас әлеуметтік-табиғи болмысқа деген көзқарас болуға тиіс. Ұстанымның екі түрлі құрамдас бөлігі бар: тұтастай табиғат және оның бір бөлшегі – адам (адамның өзіндік табиғат). Адамды оның табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып және оның шегінен асырмай ғана дамытуға және жетілдіруге болады. Олай болмаған жағдайда оның болмысын бүлдіріп, құрту басталады.

Ұстанымның негізгі талаптарына мынадай қажеттіліктерді жатқызуға болады:

- адамның дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын білу және соларға

сәйкес бүкіл әлеуметтік-педагогикалық қызметті құра білу;

- адамның яғни әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісінің жас

шамасы мен жыныстық жеке даралық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс болашағының мүмкіндіктерін зерттеу, білу және ескеру;

- объектімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың таңдалмақшы

мақсаттарын, оларға жету құралдарын оның бейімделушілігімен, жеке даралық ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, өзгеру динамикасымен сәйкестендіру;

- ерекше мұқтаждықтары, жеке даралық, жеке даралық-түзеу және түзеу-қалпына келтіру арқылы даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыста, олардың әрқайсысы үшін жеке даралықтүрде өзін-өзі жетілдіруіне неғұрлым оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, зерттеу;

- әлеуметтік – педагогикалық жұмыс үдерісінде адамның табиғатына

сәйкес дамуын және тәрбиесін ғана емес, сонымен бірге, мақсаттарын іске асыруға оның табиғи мүмкіндіктерін де ескеру.

 

Жеке даралыққа негіздеу (жеке даралық тәсілдеме) ұстанымы

Ұстанымның бастауы.

Түзеу-тәрбиелеу мекемелерімен байланысты индивидуализациялау идеясы жайлы Дмитрий Андреевич Дриль(1846-1910) XIX ғ, басында-ақ айтқан болатын. Кейіннен ол оның жалпы педагогика үшін маңызына көңіл аударды. _________________________________________________________

1 Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж,Ж.Руссо, И-Г,Песталоцци, Педагогические наследие. М.:Педагогика, 1988, 210-б.

Ұстанымның мәні. Ұстанымның негізіне жататын нәрсе – адамды оның барлық жеке даралық ерекшеліктерімен, мүмкіндіктерімен, артықшылықтары және кемшіліктерімен, яғни ол қандай адам болса, сол күйінде қабылдау болып табылады. Адам - өзінің даму мазмұны, мүмкіндігі, тәрбиесі және соларға сай әрекеттері бар ерекше әлем. Бұл фактор нақтылы адаммен жұмыста оның дамуы мен тәрбиесінде жеке даралық әлеуметтік әлеуетін неғұрлым толығымен қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өз әдістері мен тәсілдері, ерекше тәсілдемесі қажеттігін негіздейді.. Ұстанымның мәні сонда - әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектінің жеке даралығын, оның әлеуметтік жағдайы мен мүдделерін ескере отырып, құрылады және іске асырылады.

Жеке тұлға, жеке даралық тәсілдеме ұстанымдарының талаптарын іске асыру мынадай ұсынымдардың есебімен қамтамасыз етіледі;

- адаммен (топпен) жұмыс жүргізу алдымен оны танып – білуден

басталады. Бұған бастапқы диагностика, әлеуметтік педагогтың объектінің жеке даралықерекшелігін неғұрлым толығымен білуге ұмтылысы ықпал етеді. Маманның бірінші кездесуінде-ақ адамның өзіндік ерекшелігін барынша толық бағалай білуге қабілеттілігі және өзінің онымен қызметін жеке даралығын танып-білген жеке тәжірибесі негізінде құруы ерекше мәнге ие;

- әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметтің үдерісіне

және өзінің де, оның да бір-біріне үйренісе бастайтын адаммен жұмыс жүргізуінің бастапқы кезеңіндеғі ерекшеліктеріне қарау қажет;

- объектінің жай-күйі мен оның жұмыс үдерісіндегі өзгеру динамикасын

ескеру қажет. Осы жұмыста объектінің жай-күйінің өзгеруі және іске асыру қызметінің талаптары есебімен мүмкіндігі жеткенше икемділігін көрсету;

- осы адаммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде ол үшін

неғұрлым «жайлы» жағдайларды туғызуға ұмтылу және оны өзін мақсатқа сай түрде танытуға және өзін-өзі іспен көрсетуге бағыттау қажет.

 

Гуманизм ұстанымы

Ұстанымның бастауы. Гуманизм идеясы қайта өрлеу дәуірінде (Италияда XIV – XVI ғғ., Еуропаның басқа елдерінде XV – XVI ғғ. соңында) пайда болған. Алайда, бұл идеяның жетілу үстіндегі адамның тәрбиесінде гуманистік қарым-қатынасқа қол жеткізуі үшін көптеген ғасырлар қажет болды.

Әлеуметтік педагогикадағы гуманизм ұстанымының мәні – адамның әлеуметтік құндылықтарының басымдылығын, оның құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, дамуы мен тәрбиесіне, өмірде өзін-өзі табуына, қоғамға сіңісуіне көмек көрсету үшін жағдай туғызуды білдіреді.

Ұстанымның негізгі талаптары:

- дамыту мен тәрбиелеу адамның мүддесін бағытталады және - тәрбие адамды оның жеке даралық мүмкіндіктеріне неғұрлым сәйкес келетін және жеке тұлғаның өзін-өзі құртуына жол бермейтіндей белгілі бір жағдайларға жеткізуі тиіс;

- Гуманизм шектен тыс қамқорлыққа және бетімен кетушілікке айналмауға тиіс;

- Баламен өзара қарым-қатынаста оның өзімен-өзі болу құқығын тану, жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу қамтамасыз етілуге тиіс.

Ерекше мұқтаждықтары бар балалармен өзара қарым-қатынас үдерісінде ерекше талаптар қойылады. Оның мәні - балаға мейіріміен қарай отырып, жеткілікті түрде қатал, бірақ өмірлік қажетті жағдайларда ұстау, оның неғұрлым толық және мақсатты дамуын, тәрбиесі мен өзін-өзі танытуын қамтамасыз ету болып табылады.