А) гидравликалық, б) электромагниттік

 

1.4. Автоматты және жартылай автоматты ілініс ажыратып және қосу процесстерін автоматты түрде басқаруды қамтамасыз етеді. Ажырату және қосу сигналы жартылай автоматты іліністерде жүргүзуші арқылы берілісті ауыстыру 10 иінтірегін қозғағанда немесе арнайы түймені басқанда беріледі. Автоматты іліністерде сигнал іліністі автоматты басқару жүйесінен түседі.

 

Ілініс конструкциясы

2.1. Бір дискілі фрикциондық дискілер отандық автокөліктерде көп таралған. Қозғалтқыштың маховигіне 1 (4-сурет) іліністің штампталған болат қаптамасы 3 бұрандамалар арқылы бекітілген. Шойын қысушы диск 2 қаптамамен, қаптамадан қысушы дискке айналма күш беретін төрт жұпты серіппелі пластина 4 арқылы бекітілген. Қаптама мен қысушы диск арасына серіппе 5 орнатылған. Әрбір серіппе, қысушы диск пен қаптама арасында орындалған дөңеске орталықтандырылады. Серіппе мен қысушы диск арасына жылу өткізбейтін тығырық орнатылған.

Төрт іліністі өшіру иінтірегі 9, инелі мойынтірек осі арқылы қысушы диск және аша 11 мен қосылған. Қаптамада ашаның тірегі ретінде, ашаға қысушы дискті ауыстырғанда теңселмелі қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін сфералық сомындар қолданылады. Іліністі құрастырған кезде осы сомындардың көмегімен ажырату иінтірегінің орнын реттейді.

Іліністің ажырату муфтасы эксплуатация процесі кезінде толтырылмайтын, тұрақты майлау материалы бар, мықты мойынтірекпен жабдықталған. Аша 8 картердің 10 ішінде, төлкенің үстінде бұрылады.

 

Сурет-4 – Ілініс схемасы:

а) жалпы көрінісі; б) жетектегі диск;

 

Серіппелі-фрикционды айналмалы теңселуді сөндіргіш іліністің жетектегі дискісіне 6 орнатылған (4-сурет). Жіңішке болат дискіге 6 екі жағынан да металласбест композициялы пресстелген фрикциондық қаптама 18 тойтарылған (прикреплены-шегеленген). Диск күпшекпен 12 жетекші біліктегі 13 беріліс қорабында орнатылған, айналмалы теңселуді сөндіретін сегіз серіппемен 14 қосылған. Серіппе дискінің 15 біріктірілген терезелерінде және алдын ала қысуы бар фланц 20 күпшектеріне орнатылған.

Айналмалы теңселуді сөндіргіш, қозғалтқыштағы айналу моментінің пулсациясы нәтижесінде пайда болатын,трансмиссиядағы айналмалы теңселудің алдын алады. Айналу моментінің теңселуі кезінде сөндіргіштің серіппелері дискіге күпшекке қатысты орын ауыстыруға мүмкүндік жасайды. Олар айналу моменті ұлғайған кезде қысылады және азйғанда ұлғаяды. Осы кезде дисктердің 15 үйкелісі пайда болады және айналмалы теңселу дискісінің 20 энергиясы жылуға айналады. Айналмалы теңселуді сөндіргіш тұтастай трансмиссияның төзімділігін арттырады, әсіресе тісті доңғалақта және кардан білігінде. Сонымен қатар ол іліністің бірқалыпты қосылуын арттырады.

Бір дискілі іліністе, 5 а-суретте көрсетілгендей орталық диафрагмалық серіппе қолданған. Қалыпты жағдайда ол радиалды кесілген, қиылысқан конус тәріздес болады. Диафрагмалық серіппе 7 жапсырма 8 және екі тіреуіш сақина 1 арқылы ілініс қаптамасына 6 жапсырылған. Осы кезде диафрагмалық серіппенің қысушы дискпен 5 түйісетін сыртқы бөлігі күшті серіппеден дискке 5 береді.

 

2.3.Екі дискілі ілініс жетекші бөлігіне қатысты келесі детальдары бар:

Маховик 4, орташа жетекші диск 13 және қаптама.жетектегі бөлігіне айналмалы теңселуді сөндіргіші бар екі жетектегі дискі 2 жатады. Дискті қысушы күш, қысушы серіппе 14 арқылы пайда болады. Момент қозғалтқыштан маховиктегі төрт саңылау арқылы беріледі.

 

Сурет-5 – Ілініс

а) бір дискілі; б) екі дискілі;

Ортаңғы жетекші дискіде 13 иінтіректі механизм 15 орнатылған. Оның серіппесі іліністі ажыратқан кезде, Z – тәрізді иінтіректі бұрады, ал иінтірек өзінің ұштарын маховикпен қысушы дискіге тірей отырып, ортаңғы жетекші дискінің маховик және қысушы дискіден бірдей ара қашықтықты сақтауын қамтамасыз етеді.

Іліністің негізгі айналатын детальдары статикалық балансты ұстап тұрады. Сонымен қатар ілініс қозғалтқыштың иінді білігі мен маховикті құрастырғанда да балансты сақтайды. Балансировканың дәлдігі іліністің өлшемі мен қозғалтқыштың тезжүрістігне тәуелді. Іліністі маховиктен шешкен кезде, міндетті түрде олардың өзара қалай орналасуын белгілеп алу керек, кейін қайта құрастырған кезде олардың өзара балансын бұзбай үшін.

2.4.Іліністің механикалық жетегі әдетте педальді ілініске жақын орналастырған кезде қолданады. Иінтірек 6 білікке ажырату ашасымен 7 бекітілген,педаль иінтірегі 2 тартқышпен 3 қосылған. Аша муфтаға берік мойынтірекпен 8 әсер етеді. Ілініс қосылып тұрған кезде мойынтірек және ажырату иінтірегінің сақинасының 9 арасында саңылау болады. Механикалық күшейткіштің электрсеріппесі 10 педаль кабинаға полына тірелген кезде немесе жүрісті шектегіш кезінде жетектің бөлшектерін бастапқы қалыпта ұстап тұрады. Педальдің бастапқы жүрісінде электрсеріппе оның орын ауыстыруына қарама-қарсы әсер етеді. Электрсеріппенің осі педаль осінен төмен орналасқан кезде, электрсеріппенің күші іліністі ажыратуға қабілетті болады. Электрсеріппе педальдағы максималды күшеюді 20-40% төмендетеді.