Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің өзекті мәселелері.
Жетім және қамқорлықсыз қалған балалардың өзекті
Мәселесі.
МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ..................................................................................7
1.Жетімдік .Жетімдердің қоғамдағы орыны....................10
1.1.Балалар құқығы туралы конвенция.............................45
Негізгі бөлім
2.Бала асырап алудағы құқықтар мен міндеттер
2.1 Опеока және патронат мәселесі.Бала асырап алу тәртібі.....................................................................................
2.3.Шетел асқан қара баланың көз жасы мен жетім балалардың тағдыры
3.1.Рахым нұры...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің өзекті мәселелері.
Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары «әлеуметтік жетімдік» дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары тірі жетімдер. Қазіргі кезде жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған 204 мекемеде ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 18198 бала, олардың ішіндегі 2105 бала - денсаулық сақтау жүйесінің сәбилер үйлерінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 балалар үйінде - 1294 бала, білім беру жүйесінің 159 ұйымында - 14799 бала тұрып, тәрбиленіп жатыр.
Ата-аналары тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда қалыптасқан имандылық принципінен басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық база құру болып табылады.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі қазіргі заманғы ұлттық заңнамалық базаны мына нормативтік актілер құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Неке және отбасы туралы», «Бала құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Қорғаншы және қамқоршы органдар туралы ереже, Патронат туралы ереже; «Соттардың балалар тәрбиесімен байланысты дауларды шешуде заңнаманы қолдануы туралы», «Соттардың бала асырап алу туралы істі қарау кезде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары және басқалар.
Бұл ретте заңнамадағы елеулі ақтаңдақтарды, қолданыстағы актілерді жүзеге асыру тетіктерінің жоқтығын және жеткілікті дәрежеде өкілетті мемлекеттік органның жоқтығын атап өткен жөн.
ҚР Білім және ғылым министрлігінде арнайы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құру біздің көзқарасымызша балалардың, соның ішінде ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін үйлестірудің елеулі мәселелерін принципті түрде шеше алған жоқ.
Мүмкін біздің жағдайымызда бұл мәселені шешу үшін жалпыға танылған халықаралық стандарттардың талаптарын сақтай отырып Бала құқықтары жөніндегі Ұлттық Омбудсмен институтын құру керек болуы мүмкін.
Қорғаншы мен қамқоршы органдардың мәртебесі мен функциялары түбегейлі өзгерісті талап етеді. Қазіргі кезде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған негізгі мемлекеттік құрылым болып табылатын бұл органдар көбінесе облыстық білім беру департаментінің құрамында жұмыс істейтін және барлық уақытта элементар құқықтық білімі бола бермейтін бір ғана инспектордан тұрады.
Мамандандырылған балалар мекемелерінің ведомство ішінде бастарының бірікпеуі де негізгі мәселе күйінде қалуда.
Біздің жекелеген нормативтік құқықтық актілерге іріктеп жүргізілген талдауымыз кейбір нормаларды жүзеге асыру тетіктерінде жекелеген ақтаңдақтардың бар екенін куәландырады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 1 тармағымен кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал ету шарасы ретінде бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу қолданылуы мүмкін деп белгіленген.
Аталмыш Кодекс мұндай шараларды қандай органдар тағайындауы мүмкін екендігін қарастырмағандықтан, бүгінде іс жүзінде бұл шараларды соттан басқа әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарайтын кез-келген орган тағайындай алады. Бұл ҚР Конституциясының 16 және 21 баптарына сай келмейді.
Дәл осындай сәйкессіздік «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығының 11-бабының нормаларында және «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңының 30-бабында бар, осы заңнамалық актілерге сәйкес балалар олардың келісімінсіз және сот шешімінсіз оңалту және бейімделу орталықтарына орналастырылуы мүмкін.
Осыған байланысты балалардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс тобы ҚР Үкіметіне қолданыстағы барша заңнамаға талдау жасауды және кәмелетке толмағандардың бостандығын қандай да бір шектеу, оның еркін-жүріп тұру құқықтарын шектеу тек қана сот шешімімен болуы тиіс екендігі туралы нормалармен толықтыруды ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептерді, ішінара алғанда жаппай оқыту Қорынан оқушыларға материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша тексеру барысында аз қамтылған балалардың тегін тамақ пен өзге де материалдық көмек алудан бас тартқан фактілері белгілі болған.
Бұл бас тартуға олар аз қамтылған отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек алуы кезінде балалардың Қордан алған қаражаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органдар атаулы әлеуметтік көмек тағайындар кезде кіріс ретінде есепке алады деген уәж айтады. Бұл ретте отбасының жиынтық кірісі мөлшерінің сәл асып кетуі ата-аналарды атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігінен айырады, өйткені «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес отбасының жиынтық кірісіне тұрғын үйлік және атаулы әлеуметтік көмектен басқа белгіленген уақыт мерзімі ішіндегі кірістердің ақшалай немесе заттай алған барлық түрлері кіреді.
Мемлекеттік органдардың құқық қолдану практикасы да ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесін реттейтін қолданыстағы некелік-отбасылық заңнамада бірқатар ақтаңдақтардың бар екенін көрсетіп отыр.
«Неке және отбасы туралы» ҚР кодесінде «ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар» термині қолданылады, бұл халықаралық нормаларға сәйкес келеді және уақыт талабына сай. Бұл норма ата-аналар қамқорлығын жоғалту негіздерін айқындайды: ата-аналар өлімі, ата-аналар құқығынан айыру немесе оған шектеу қою, әрекетке жарамсыз деп тану; ата-аналық міндеттерінен жалтару; ұзақ уақыт бойы болмау және т.б.
Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының және ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі №1346 қаулысымен бекітілген Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережелерінің негізінде жүргізіледі. Осы құжатқа сәйкес орталықтандырылған есепке алу күні болып орта білім саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органында бала анкетасының көшірмесін тіркеу күні саналады. Ал біздің көзқарасымызша мұндай күн ретінде бала анкетасын оның іс жүзінде өмір сүретін және орналасқан жеріндегі қорғаншы және қамқоршы органда толтыру күнін санау қажет.
Заң ата-аналар қамқорлығынан айырылған балаларды отбасында тәрбиелеу нысанына басымдық береді. Мұндай жағдайда баланың отбасында тәрбиелену құқығын қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді. Отбасына жайғастыру түрлері бала асырап алу, сосын асырау (қамқорлыққа алу) және патронатқа беру, ал ондай мүмкіндік жоқ кезде барлық үлгідегі балалар мекемелеріне беру.
Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың қолданылып жүрген патронаттық түрі жеке мәліметтер бойынша барлық уақытта бірдей баланың мүддесін ойлай бермейді, керісінше жекелеген азаматтардың материалдық жағдайын шешеді.
Балаларды туыстарының асырауына және қамқорлығына бергенде, олардың балаға тиесілі әлеуметтік төлемге ғана қызуғушылығы болғанын растайтын деректерде де бар.
Ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау біздің көзқарасымызша оның тәрбиесін отбасылыққа барынша жақын қамтамасыз ету және оның отбасында тәрбиелену құқығы тұрғысынан жүзеге асырылуға тиіс. Жетімдер мәселесі «Әр отбасына - бала» принципімен емес, «Әр балаға - отбасы» принципімен шешілуге тиіс
Осыған байланысты бала асырап алу процесін ретке келтіріп, осы процеске және асырап алынған балалардың болашақ тағдырына бақылау жасауды қатайту қажет. Бала асырап алу жөніндегі халықаралық делдалдық ұйымдардың қызметі барынша ашық болуға тиіс, олардың жұмысы туралы тұрақты түрде жұртшылықты хабардар етіп отыру қажет.
Ең жас және қорғаусыз қоғам мүшелерін қорғауға деген әмбебап адамзаттық талпыныс күмән тудырмайды, біздің қоғамдағы талқылаулар мен даулардың мәні оған қалай қол жеткізу туралы мәселе болып отыр. Мемлекет қамқорлықсыз қалған балаларға орналастырудың қандай да бір нұсқаларын ұсынғанымен, әдетте отбасынан тыс өскен балалардың отбасында өскен балалармен салыстырғанда, әлеуметтенбеуі және көп жетістіктерге қол жеткізбеуі баршаға танымал және жан-жақты дәлелденген факт болып табылады.