Синхросигналдың бақылауды бөгейтін және бір разрядты жылжуы бар қабылдағыштары

 

Циклды бір разрядқа бөгейтін және бір разрядты жылжуы бар қабылдағыштың құрылымдық сұлбасы 11.3 суретте көрсетілген.

 

Сурет 11.3 – Циклды бір разрядқа бөгейтін және бір разрядты жылжуы бар қабылдағыштың құрылымдық сұлбасы

 

Синхросигнал қабылдағышының негізгі түйіндері: синхротоптардың анықтағышы, анализатор және шешуші құрылғы. Тактылы жиілікті бөлгіш (ТЖБ), басқару сұлбасы (немесе тиым салу элементі ЖОҚ) негізінен қабылдаушы генераторлық жабдыққа (ГЖқаб) жатады.

Синхротоптарды анықтағыш қабылдау станциясының кірісіне түсетін, топтық ИКМ сигналдан синхросигналға сәйкес келетін, кодалық комбинацияны бөлуге арналған. Анықтағыш ретінде әдетте жылжу регистрлары қолданылады, оның отводтарына тікелей немесе инвертор арқылы көп кірісі бар ЖӘНЕ элементі қосылған (сурет 11.4).

Әр тактылы интервал ұзақтығындаа жылжу регистрына қабылданатын сигналдың бір символы жазылады, келесі символ келгенде алдыңғы симол регистрдың келесі ұяшығына жылжытылады. Осылайша k такт ұзақтығында регистрға k-символдық кодалық комбинация жазылады. Содан кейін k символдан тұратын қабылданған кезектіліктің әр қайсы анықтағышқа жазылған синхротоптың копиясымен салыстырылады. Олар сәйкес келсе көп кірісі бар ЖӘНЕ элементінің шығысында логикалық 1 пайда болады, ал кері жағдайда - 0.

Синхротоптардың анықтағыштары бөгеу желілерінде іске асуы мүмкін, бөгеу желілерінің отводындағы сигналдар қайталағыштар және инверторлар арқылы суммалайтын құрылғыға беріледі. Берілген құрылымды кодалық топ түскенде сумматор шығысындағы кернеу максималды мағынаға ие болады, бұны табалдырықтық құрылғы белгілейді және оның шығысында осы кезде 1 пайда болады.

 

Сурет 11.4 – Синхротопты анықтағыштың құрылымдық сұлбасы

 

Анализатор. Анықтағыш шығысынан 1 кезектілік анализаторға түседі, оның екінші кірісіне қабылдаушы генераторлық жабдықтан ГЖқаб импульстердің кезектілігі түседі. ГЖқабтан түскен импульстердің жүру жиілігі синхроимпульстердің жүру жиілігіне тең немесе циклдың қайталану жиілігіне еселі болады. Әр бір сынақ процессінде анализатор анықтағыш сигналының жүру периоды бойынша және импульстердің пайда болу уақыты бойынша синхросигналға сәйкестігі туралы шешім қабылдайды. Әдетте бұл мәселені 2:(1 + 1 =0, 0 + 0 = 0, 1+0= 1 и 0 + 1 = 1) модулі бойынша сумматор іске асырады. Салыстырылатын сигнал символдарының сәйкес келмеуі қате импульстері түрінде тіркеледі. Анализатор шығысындағы қате импульстерінің болмауы салыстырылатын сигналдардың импульстердің жүру периоды бойынша және олардың пайда болу уақыты бойынша сәйкестегін дәлелдейді.

Синхротоп берудің әр циклында берілген жағдайда анализаторға тұрақты жергілікті импульстер кезектілігі беріледі. Онда анализатор сұлбасы жеңілдетіледі; қарапайым жағдайда анализатор ретінде ЖӘНЕ немесе тиым салу элементі ЖОҚ қолданылуы мүмкін, бұл шығыста қандай сигнал (синхронизм немесе қате) қажеттігіне байланысты. кейбір жағдайда шешуші құрылғының құрылу әдісіне тәуелді, анлизатор шығысынан аталған екі сигналды да шешеді. Осылайша, анықталатын кодалық топтың қабылдағыштағы синхросигналға сәйкестігі екі кезеңмен іске асады.

Бірінші кезеңде анықтағышқа түскен кодалық топ синхротопқа символ саны бойынша және олардың жүру сипаты бойынша сәйкестігіне бағаланады. Екінші кезеғде сигналдар жүру периоды жіне пайда болу уақыты бойынша салыстырылады. Анализатор шығысындағы сигнал салыстырудың жалпы бағасын көрсетеді.

Шешуші құрылғы. Анализатор және басқару сұлбасы арасына шешуші құрылғы ШҚ қосылған, ол анализатор шығысындағы сигналдың белгілі бір параметр бойынша бағалануын және осы бағалау нәтижесі бойынша синхронизмнің барлығы немесе жоқтығы туралы шешім қабылдайды.

Егер шешім қабылдау уақыты аралығында қате импульстарының саны табалдырықтық мағынадан асса, онда ШҚ синхронизмнің бұзылғанын тіркейді және жүйенің іздеу режиміне өтуін қамтамасыз етеді. Бұл режимде анализатор шығысындағы қате сигналдары ГЖқаб импульстік кезектіліктерді жылжыту құрылғысына беріледі. Синхронизм қалпына келгеннен кейін ШҚ қайтадан анализатор шығысына қосылады, сонымен жүйенің бөгеуілдер әсерінен жаңылысынан қорғанысты қамтамасыз етеді.

Синхронизмді іздеу процессіндегі түйіндердің өзара әсері. Бақылауды бөгейтін және бір разрядты жылжуы бар жүйелерде синхронизмді іздеу алгоритмі 11.5 суретімен түсіндіріледі. Бұл жерде вертикальды сызықшалармен топтық ИКМ сигналдың импульстік позициялары белгіленген; олардың әр қайсында импульс немесе пробел беріледі.

Синхронизм жағдайын іздеу топтық ИКМ сигнал символдарының кезектіліктерін тексеру арқылы іске асады. Салыстыру эталоны ретінде жергілікті синхросигнал қолданылады, бұл сигналды ГЖқаб құрайды немесе анықтағышқа жазылған сигнал қолданылады. Жергілікті синхросигнал генераторы бар қабылдағыштар әдетте күрделілеу сондықтан сирек қолданылады.

 

Сурет 11.5 – Бақылау циклға бөгелетін синхрондау жүйелерінде синхронизм жағдайын іздеу алгоритмі

 

Аппаратура жұмысқа қосылғанда синхросигнал қабылдағышы анықтағыш көмегімен топтық ИКМ сигнал символдарының кез келген тобын тексере бастайды, олардың біріншісі синхросигналдан k импульсті позицияға жылжулы деп есептейміз. Егер бірінші тексеруде анализаторда салыстырылатын кезектіліктердің символдары сәйкес келмесе, онда анализатор қате сигналын құрайды, бұл сигнал СҚ (сурет 11.3) көмегімен ГЖқаб кезектіліктердің берушіге қатысты тактылы жиіліктің бір периодына жылжуын іске асырады. ГЖқаб жиілікті бөлуші шығысында бұл период қайталану циклының Тц қалыпты жиілік периодына қатысты ұзартылған болады және Тц + Т (ұзартылған цикл) құрайды. Осылайша, әр келесі жылжумен тексеру циклға бөгеумен жүреді.

Қазіргі кезде синхросигнал ретінде импульстердің және бірлердің алмасатын кезектілігін қолданатын АУБ ИКМ ЦБЖ қолданылады. Синхросигнал импульстерінің жүру жиілігі циклдардың жүру жиілігінің жартысын құрайды, бұл оның ақпараттық топтық ИКМ сигналды имитациялауын (жалған синхронизм) азайтады.

Бұл құрылғылардың принципиалды кемшілігі синхронизм жағдайын іздеу процессінде бақылау тексеру бір цикл арқылы жүретіндігі. Бірақ іске асыру оңай болғандықтан және қызметтік ақпарат (бір символды синхросигнал) көлемі аз болғандықтан бұл типті құрылғылар қатысты түрде аз арналы АУБ - ИКМ ЦБЖ практикалық қолданыс тапты.

 



/cgi-bin/footer.php"; ?>