Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат

Дәріс мақсаты: Құжаттардың ҒАА құрамындаескертпелер, түсініктемелер, көрсеткіштердің орнын анықтау.. Олардың құрамы, негізгі тәсілдері және құрастыру әдістері көрсету.

Тірек сөздер: ҒАА, түсініктемелер, ескертпелер, мәтін, тәсіл

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

  1. Ескертпелер және түсініктемелер. Олардың құрамы, негізгі тәсілдері және құрастыру әдістері.
  2. Көрсеткіштер. Олардың міңдеттері және түрлері.
  3. Көрсеткіштер нысандары, оларды құрастыру тәсілдері.

. Ескертулерде құжаттар мәтінінің құрамына, мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты мәселелер түсіндіріледі. Ескертулерде жарияланған деректерді терең зерттеу үшін қосымша мәліметтер айтылады.

Ескерту мәтінге және құжат мазмұнына жасалады. Мәтін бойынша сондай-ақ, құжат мазмұны бойынша түсінік беруге жататын мәселелер шеңбері басылым типіне сәйкес нақты дереккөздерге байланысты белгіленеді.

Құжат мәтініне сын нәтижелері мәтіндік ескертулерде көрініс табады. Мәтіндік ескертулерде:
мәтін тарихы баяндалады;

бірнеше деректер бар болғанда мәтін таңдау негізделеді (егер бұл алғысөзде жасалмаған болса);
үрлі оқылымдар анықталады;

авторы, мекенжайы, орны мен күні, дереккөзін белгілеу негізделеді;
мәтіннің ақаулары (мағыналық бұрмалау, мәтінде түсіп қалған жерлері, оқылмаған жерлері, мәтіннің бүлінуі) және мәтіннің ерекшеліктері (астын сызу, жаңылыс жазу) түсіндіріледі;
құжаттардағы қойылған қолдардың жоқтығы, анықталмаған қолтаңбалардың болуы, қойылған қолдар саны белгіленеді;
құжаттың цифрлық мәліметтерінің дәл келмеуі; өзге тілді сөздер және сөз орамы аударылады; мәтіндік құжаттағы жеке қысқартулардың мағынасы ашылады;
арнайы терминдер және аз қолданылатын сөздер түсіндіріледі (терминологиялық сөздік болмаған жағдайда);
деректерден үзінділер көрсетіледі;
археографтың ықшамдаулары түсіндіріледі;
құжат атауының сақталуы жөнінде айтылады;
жарияланған құжаттардың мәтінінде ескерілген құжаттың орналасқан орны көрсетіледі;
құжаттың жеке ескертулері келтіріледі;
басылымның басқа құжаттарына сілтемелер беріледі.
Ғылыми типтегі басылымның мәтіндік ескертулері мәтіннің шығу тарихын, оның ерекшеліктері мен қателіктері туралы зерттеу үшін тәптіштелген мәліметтер, сондай-ақ, ескерілген құжаттар мәтініндегі жарияланған деректер туралы толық ақпараттан тұрады.
Өзге тiлдi деректердi және белгiлi бiр басылымдағы аудармаларды жариялағанда, мәтiнге ерекше мағына берiледi, мәтiндiк ескертпелер екi тiлде құрылады – түпнұсқа тiлiндегi өзге тiлдi мәтiнге (түрлi оқуларды айту және тағы сол сияқты), аудармаға – басылымның тiлiнде.
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Басылымда ғылыми-көпшілік типтегі мәтіндік ескертпелер кіші дәрежеде, құжат мәтінін түсіну қажет болғанда оны дұрыс оқу және түсіну үшін беріледі.
Мәтіннің дұрыс еместігі және ерекшеліктері анықталады, айы-күнін қою анықталады, терминдер және аз қолданылатын сөздер түсіндіріледі, археографтың ықшамдаулары беріледі, өзге тілді сөздер аударылады, өзге құжаттарға сілтемелер беріледі.
Оқу типтегі басылымдардың мәтіндік ескертулері мәтінді дұрыс оқу және түсінуді жеңілдететін түсіндірмелерден тұрады. Мұнда шетел аудармалары және көнерген сөздер және фразеологиялық айналымдар, терминдер түсінігі, кіру құжатына нұсқау немесе мәтін деректеріндегі оқылуға келмейтін сөздер, оның жазылған күні туралы мәліметтер жүргізіледі. Басылым оқулығында ескертпелер мазмұн емес, мәтінмен жұмыстың нәтижесі ретінде баяндалады.
Оқу типіндегі басылым жарияланған құжаттардың үзіндісін беретіндіктен, мәтіндік ескертулерде үзіндіге түсінік берілмейді және мәтіннің алынбаған бөлігінің мазмұны баяндалмайды.
Мәтіндік ескертулердің белгіленуі және орналастырылуы. Мәтіндік ескертулер сілтеме (санмен, жұлдызшамен, әріппен) белгісімен белгіленеді және осы бетте жолма-жол беріледі. Нақты мәтіндік түсініктемені қажет ететін ғылыми басылымдарда (қолжазба тарихы, түрлі варианттар мен редакциялардың сипаттамасы, мәтін таңдауының түсінігі, күнін толтыру) олар құжаттан соң беріледі немесе кітап соңында, жеке сұрақтар бойынша ескертулер жолма-жол беріледі.
Кез-келген типтегі басылымның мазмұны бойынша ескертулер оқырмандарға дұрыс түсіну және шығарылатын құжаттар мазмұнын бағалау үшін жасалады.
Ғылыми және ғылыми-көпшiлiк басылымдарда мазмұны бойынша ескертулер олардың құрылуының негiзi болып табылатын мұрағаттық және баспасөз деректерiнiң сiлтемелерiмен шығарылады.
Ғылыми типтегі басылым мазмұны бойынша ескертулерге мынадай міндеттер жүктеледі:
дәлелді немесе өзге ықпалдар туралы ғылыми типтегі деректердің дұрыс емес көрсеткішін өңдеу;
мәліметтердің, жарияланатын деректердің дұрыстығына баға беру;
оқиғалар, тұлғалар, заттар туралы тұйық немесе астарлы сөздердің сырын ашу;
құжаттарда айтылатын фактілер, тұлғалар, мекемелер, оқиғалар, туралы қосымша мәліметтерді беру;
құжаттарда айтылған тұлғалар туралы негізгі өмірбаяндық деректерді, олардың қызметі жөнінде таныстыратын және баяндалған оқиғалардың дамуындағы олардың ролін көрсететін деректерді жеткізу;
жарияланған дерек мәтінінде көрсетілген (мазмұнын баяндау жолымен, дәйексөз келтірумен, мәтінді толық берумен) құжат мазмұнын ашу;
құжаттарда бейнеленген оқиғалар туралы немесе олардың әрі қарай қалай дамығандығы жөнінде қосымша мәліметтер беру.
Мазмұн бойынша ескертулер мұрағаттық және баспа деректердің сондай-ақ, ғылыми әдебиеттің зерттеулеріне негізделеді және жарияланған құжаттар табылған, бірақ басылым деректеріне енбеген жаңа маңызды мәліметтермен толықтырылады. Бұл жарияланған деректердің мазмұнына қатысты жеке мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерге жуық.
Ғылыми-көпшілік типтегі басылымның мазмұны бойынша ескертулер түсіндіруді қажет ететін жалпы оқырман қауымға арналады. Ескертулерде жинақтағы құжаттарда айтылатын тарихи фактілерге, оқиғаларға ғылыми баға беріледі, олардың арасындағы байланыстар ашылады. Көрсетілген тұлғалар жөнінде қысқаша биографиялық анықтамалар беріледі, сондай-ақ, фактілер, оқиғалар, жеке тұлғалардың әрекеті туралы қосымша мәліметтер беріледі. Мекемелердің, ұйымдардың ескі атаулары түсіндіріледі.
Оқу типіндегі басылымның мазмұны бойынша ескертулерде түсіндіріледі: тектері, мекемелер және ұйымдар атауы, мекемелер, көшелер, қалалардың ескі атаулары, деректердің түрлерінің атауы, сондай-ақ, оқушылардың білімін тереңдететін және ой-өрісін кеңейтетін қосымша дәлелді мәліметтер.
Мазмұны бойынша ескертулерде мазмұны түсіндіріледі: құжат бөлімі; құжат; құжаттар тобы.
Басылымда ескертуді орналастыру оның бағыты бойынша және ескерту санымен анықталады.
Ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымда ескерту көлемі үлкен болғанда, олар араб санымен нөмірленеді және кітап соңында ретімен немесе құжат ретімен, олардың әрқайсысының нөмірін сақтай отырып орналастырылады.
Оқу, сондай-ақ, кейбiр ғылыми және ғылыми-көпшiлiк басылымдарда кішігірім ескертулер мазмұны бойынша мәтiндiк жолма-жол немесе жарияланатын деректердiң мәтiнiнен соң берiледi.
Түсініктемелер маңызды ақпараттық-ағымдық және терең ғылыми рөл атқарады. Олардың міндеті жарияланатын құжаттар мәтінінің құрамына, мазмұнына (мазмұны бойынша түсініктемеде) және мәтіндік ерекшеліктеріне (мәтінге түсініктеме) байланысты сұрақтарды түсіндіріп беру. Түсініктемелер құжаттарды тереңірек зерттеуге қажетті қосымша мәліметтерді хабарлайды.

Мәтінге түсініктемелер құжат мәтініне сыни көзқарас нәтижелерін білдіреді. Олар мәтінді таңдап алуды негіздейді, әртүрліліктерді келтіреді; дереккөздің авторын, адресатын, жасалған күнін, орнын анықтауды негіздейді; ондағы кемшіліктерді (сөздер қалып қою, оқылмайтын жерлер, зақымдалулар) және ерекшеліктерін (сызылған, өшірілген, қосып жазылған, үстінен жазылған, жазуының өзгергендігі, т.б.) түсіндіреді; қойылған қолдардың болмау себебін, түсініксіз қолдарды, олардың санын, сандық деректердің қателігін білдіреді; шетел тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді аударып береді, мәтінде кездесетін жекелеген қысқарған сөздерді ашып жазады; келтірілген үзінділердің қайдан алынғандығын көрсетеді, археограф купюраларын түсіндіреді, құжат тақырыптарының сақталуы туралы хабарлайды, құжаттың өзінің түсініктемелерін келтіреді, т.б.

Ғылыми типтегі басылымдардағы мәтінге түсініктемелерде мәтіннің жасалу тарихы, оның ерекшеліктері мен кемшіліктері жайлы, сондай-ақ мәтінде айтылатын құжат дереккөздері туралы толық ақпарат болуы тиіс.

Шетел тіліндегі дереккөздер мен аудармалары бір басылымда бірге жарияланатын жағдайда, түсініктемелер екі тілде: шет тіліндегі мәтінге түпнұсқа тілінде, ал аудармасына – басылымның археографиялық ресімделуі тілінде берілуі тиіс.

Көпшілікке арналған басылымдардың мәтінге түсініктемесінде егжей-тегжейлі сипаттамалар аз болады, тек құжат мәтіні дұрыс оқылуы және түсінікті болуы үшін қажет болған жағдайларда ғана беріледі. Оларда мәтіндегі қателер мен ерекшеліктерге (бұрмалаулар, қалып қойған сөздер, зақымданған орындар, т.б.) түсінік беріледі, даталануына негіздеме жасалады, терминдер мен аз қолданылатын сөздерге, археограф купюрасына түсінік беріледі, шет тіліндегі сөздер аударылады, осы басылымдағы басқа құжаттарға сілтеме жасалады.

Ғылыми типтегі басылымдардағы мәтінге түсініктемеде мәтіннің дұрыс оқылуы мен түсінілуін жеңілдететін түсіндірулер барынша мол болады. Оларда шет тіліндегі және ескірген сөздердің аудармасы келтіріледі, арнайы терминдерге, түсіп қалған сөздерге түсінік беріледі, құжаттың жасалуы жайлы мәліметтер келтіріледі. Мұнда үзінділерге негіздеме беру, және мәтіннің алынып тасталған бөлігінің мазмұнын баяндау берілмейді.

Мәтінге түсініктемелер сілтемеге қойылатын белгілермен (сан, жұлдызша, әріптер) белгіленеді. Мәтінді қабылдауға кедергі келтірмес үшін оларды сол беттің аяқ жағына орналастырады. Ал оларды құжаттың, тіпті кітаптың аяқ жағына орналастырған жағдайда, пайдаланушы мәтін мазмұнынан жаңылып қалуы мүмкін.

Мазмұны бойынша түсініктемелер пайдаланушыға басылымға енгізілген құжаттардың мазмұнын дұрыс түсіне және бағалай алуына көмектесуге арналған. Ғылыми және көпшілікке арналған басылымдарда олар өздерінің құрастырылуына негіз болған мұрағаттағы және жарияланған дереккөздерге сілтеме жасап отырады.

Ғылыми басылымдардағы мазмұны бойынша түсініктемелердің мақсаты қандай да бір құбылыстың нақты жағдайы туралы дұрыс емес көрсеткіштерді түзету; жарияланып отырған дереккөз баяндайтын мәліметтердің анықтығына баға беру; құжатта айтылатын фактілер, оқиғалар, құбылыстар, партиялар, ұйымдар, жеке тұлғалардың мәнін түсіндіру; оқиғалар, тұлғалар, нәрселер туралы түсініксіз немесе басқа тілде айтылған сөздердің мағынасын ашу; құжатта сөз болатын фактілер, тұлғалар, мекемелер жайлы қосымша мәліметтер беру; құжатта сөз болатын тұлғалардың өммірбаяндық деректерін хабарлау (түсініктемелік атаулы көрсеткіштер болмаған жағдайда); жарияланған дереккөз мәтінінде аталатын құжаттар мазмұнын ашу; құжатта сөз болған оқиғаның алдында болған оқиғаларға немесе олардың одан әрі қалай дамығандығы туралы қосымша мәліметтер беру.

Анықталған, бірақ жарияланымға енгізілмеген құжаттарға негізделген мазмұны бойынша түсініктеме, сондай-ақ көпшілікке арналып жарияланған дереккөздер кейбір жағдайда жарияланатын дереккөз мазмұнына қатысты кейбір мәселелері бойынша ғылыми зерттеу болып шығатыны бар.

Көпшілікке арналған басылымдарда мазмұны бойынша түсініктеме жинақ құжаттарындағы тарихи фактілерге, оқиғаларға ғылыми баға беріп, олардың арасындағы байланыстарды ашуы тиіс. Жалпы оқырманға арналғандықтан олар барынша қысқа болғаны дұрыс. Оқулық типіндегі басылымдардағы осындай түсініктемелер жайлы да осыны айтуға болады.

Түсініктеме мазмұны жағынан құжаттың жекелеген бөлігіне, тұтас құжатқа немесе шығу тегі, тақырыбы, түрі, т.б. жағынан байланысты құжаттар тобына арналуы мүмкін. Түсініктемелер көлемі айтарлықтай болуы мүмкін ғылыми және көпшілікке арналған басылымдарда әдетте олар араб сандарымен нөмірленеді де, кітаптың соңына жалпы тәртіппен орналастырылады. Түсініктемелерді бұлай орналастыру тәртібі соңғы жылдар басылымына тән нәрсе; оның үстіне, ол таза техникалық (полиграфиялық) жағынан да қолайлы. Алайда бұл түсініктемелерді әрбір құжаттың соңына (дербес нөмірленуімен) да, тіпті әр беттің соңына да (бірақ бұл кезде мәтінге сілтемелерден бөлектенеді) орналастырылуы мүмкіндігін теріске шығармайды.

Қажет болған жағдайда барлық типтегі құжаттық басылымдарға хроникалар: тарихи, өмірбаяндық, т.б. берілуі мүмкін. Хрониканың әрбір бабы оның негізінде факті қалыптастырылатын фактіні, оқиғаны және дереккөзді белгілейтін датадан тұрады. Олар да құжаттардың өзі сияқты, яғни хронологиялық кезеңділікпен жүйеленеді. Егер оқиға қандай да бір уақыт ішінде өткен болса, ол хроникада бастапқы дата ретінде орналастырылады.

ҒАА жүйесінде басылымнан қажетті мәліметтерді тауып алуды жеңілдетуге арналған көрсеткіштер маңызды орынға ие.

Көрсеткіштердің үш негізгі түрі: атаулы, географиялық және заттық (әр түрлерімен) болады.Атаулы көрсеткіштің түрлеріне, мысалы, бүркеншік ат, корреспонденттер көрсеткіштері; географиялыққа – топографиялық, қандай да бір объектінің орналасқан орнының көрсеткіші; заттық көрсеткішке – фабрикалар, зауыттар, колхоздар, әскери құрамалар, партизан отрядтары мен бригадаларының, арнаулы топтардың көрсеткіштері, т.б. жатады.

Көрсеткіштер формасына қарай тұйық және толық болуы мүмкін. Біріншісіне объектілер белгілері мен сілтеме деректері жатса, екіншісінде бұлармен қоса түсіндірмесі де болады. Көрсеткіштер басылым құжаттарының типіне, сондай-ақ мақсаттары мен мазмұнына байланысты таңдап алынады. Оқулық басылымдарда әдетте көрсеткіштер жасалмайды.

Барлық көрсеткіштерде ұғымдарды белгілеу тек атау септікте беріледі.Ұғымдарды белгілеу оның басылымда қандай сапада тұрғанын анықтайды және одан үтірмен бөлінеді:

Даугяла Дзмітрый Іванавіч (1868 – 1942), беларускі гісторык, архівіст, археограф, кыніцазнавец 6, 137, 138, 218, 467 – 469, 539.

(Мікалай Улашчык. Выбранае. Мн., 2001. С. 569)

Гродно, Гроднен губ. қ. 34, 245, 350.

«Луч», өндірістік аяқ киім бірлестігі, Минск қ. 26, 48, 397

 

Ғылыми типтегі сериялық және көп томдық басылымдарға барлық басылымдағы көрсеткіштер басын біріктіретін арнаулы анықтамалық том құрастырылуы мүмкін.

Атаулы көрсеткіш фамилиялар, есімдер, лақап аттар немесе басқа да басылымда, оның ішінде сілтеме деректерінде кездесетін тұлғалар атауларының әліпбилік тізімдерінен тұрады. Өмірбаяндық анықтама берілген бетке сілтеме басқа қаріппен беріледі.

Көрсеткіштегі тұлға фамилиясы, есімі және әкесінің атымен немесе инициалдарымен белгіленеді. Егер мәтінде бірнеше бірдей фамилиялар инициалдарымен немесе инициалдарынсыз кездесетін болса, көрсеткіште аты-жөндері толық жазылады. Егер мәтінде тұлғаның аты-жөні толық берілмей (тек аты немесе лақап атымен ғана аталса), кім екені толық анықталмаса, көрсеткіште ол құжаттағыдай жазылады. Құжатта фамилиялары да, инициалдары да бірдей әртүрлі адамдар болса, бұл адамдардың аты-жөні толық жазылады. Ал есімдері бірдей болып, әкелерінің атын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, бұл тұлғаларға қатысты қысқаша түсінік беріледі:

Петров И. П. 2, 7, 10

Петров 6, 123, 234

Пушкин Александр Сергеевич 12, 45, 67

Пушкин Андрей Степанович 17, 57, 96

Хведченя Иван, шаруа Дмитровичи д. Брест у. 24, 85, 321

Хведченя Иван, шаруа Дудзинка қ. Борисовский у. 35, 47, 84

Егер бір адам құжат мәтінінде бірнеше атпен аталып жүрсе, ол туралы мәліметтің барлығы және сілтеме деректері оның жалпыға белгілі негізгі атауына жинақталады. Бұл тұлғаның басқа атаулары негізгі атауынан кейін дөңгелек жақша ішінде көрсетіледі, сондай-ақ көрсеткіштің тиісті жерінде әліпби бойынша негізгі атауына сілтеме жасай беріледі:

Казинец И. П. (Славка, Победит) 35, 67, 88

Победит см. Казинец И. П.

Славка см. Казинец И. П.

Егер құжат мәтінінде бір фамилия немесе есімдер әртүрлі жазылып жүрген болса, бұл адамның дұрыс атауынынң соңынан дөңгелек жақша ішінде барлық түрліше атаулар келтіріліп, содан кейін түсінік пен сілтеме деректері беріледі. Түрлі атаулар әліпби бойынша көрсеткіштің тиісті жерінде дұрыс атауына сілтеме жасай беріледі.

Көрсеткіште фамилиялар, есімдер, әкесінің аттары қазіргі фонетика бойынша беріледі, егер құжат мәтінінде ескірген түрлер кездесетін болса, олар негізгі атаудан кейін дөңгелек жақша ішінде беріледі. Оның үстіне көрсеткіштің тиісті жерінде әліпби бойынша негізгі формасына сілтеме жасалады:

Служка (Служчыч) Иван Григорьевич, господар дворяны 124, 170, 175

Служчыч см. Служка

Шетелдік есімдер көрсеткіште құжаттар жинағы басылатын тілдің транскрипциясында беріледі. Шетелдік фамилияларда кездесетін демеулік шылаулар (фон, дер, ван, ле, де, әл, ди, т.б.) фамилия мен инициалдарынан кейін келтіріледі. Шетелдік жазылуы қасына жақша ішінде беріледі:

Мабильон (Mabillion) Жан (1632 – 1707), франц. медиевші, палеограф 229, 267, 293

Фодлан-Ибн (Федлан) (Х ғ.), араб, жазушы және саяхатшы 218, 223

Гольц, фон дер (Fon der Goltz) 154, 189, 220

Басылым типіне байланысты атаулы көрсеткіш тұйық немесе толық болуы мүмкін. Ғылыми басылымдарда әдетте толық, ал көпшілікке арналған және оқулық басылымдарда – тұйық көрсеткіштер қолданылады:

Жылуновіч З. Х. 120, 170, 189

Доунар-Запольскі М. В. 24, 45, 68

Карскі Яухім Федаравіч (1861 – 1931), беларускі філолаг-славіст 6, 155, 161, 174, 319, 331, 389, 542

Ғылыми типтегі басылымдарда кейде қамтылатын тақырып шеңберінен де шығып кететін егжей-тегжейлі өмірбаяндық мәліметтер берілетін аңдатпалы атаулы көрсеткіш қолданылуы мүмкін:

Ходош Шепшель Шепшелевич (1896–1951), большевиктер партиясының 1917 ж. наурыздан бергі мүшесі, Белоруссиядағы Қазан революциясына белсене қатысушы, көп жылдар бойы кәсіподақ басшылық жұмыстарында болды 410

Атаулы көрсеткіш пен түсініктемелер мәліметтері мазмұны жағынан бірін-бірі қайталау болмауы керек.

Географиялық көрсеткішбасылымда кездесетін, түсініктемелері мен сілтеме деректері бар географиялық және топографиялық атаулардың әліпбилік тізімдерінен тұрады. Атаулар құжат мәтінінде қалай жазылса, сол қалпында беріледі. Негізгі етіп құжат мәтінінде тарихи жағынан соңғы болып саналатын атау алынады. Одан кейін дөңгелек жақша ішінде бұл атаудың барлық әртүрлі оқылымдары мен қазіргі кездегі атауы беріледі. Сонымен қоса әртүрліліктер кездескен бетіндегі көрсеткіште әліпби бойынша негізгі атауына сілтеме жасай беріледі:

Каспий (Хвалын) теңізі 128, 140, 189

Хвалын теңізі – қара Каспий теңізі

Күрделі географиялық атаулар көрсеткіште бірінші тұрған сөзінен басталады:

Давыдово Село, веска Віцебскага пав. 108

Девичье Село 132

Мудреный Луг, Лотыголь ауласындағы ориан 45, 46

Острая Лука, сеножать Віцебскага пав. 52

 

(Беларускі архіу. Мн., 1928. Т. 2. С. 301, 304)

Құжатта аталатын қандай да бір географиялық тұтастықтың бөліктері (қала немесе облыстың ішіндегі аудан, губерниядағы уездер, воеводалық ішіндегі повет) көрсеткішке өз атауларымен енгізіледі, ал түсініктемеде аталған бөліктің қандай географиялық тұтастыққа жататындығы көрсетіледі. Құжат мәтінінде географиялық тұтастық та және оның құрама бөліктері де аталатын жағдайда, соңғылары географиялық тұтастықтың ішінде әліпбилік ретпен жүйеленеді:

Минск

Ленин ауд. 23, 34, 56

Партизан ауд. 35, 46, 78

Фрунзе ауд. 45, 78, 96

Петровичи, д. Смиловичск вол. Игуменск у. 24, 45, 67

Пинск, Минск губ. қала 23, 45, 68

Туровль, Полоцк у. Витебск губ. м. 47, 85, 99

Уза, Либаво-Роменск т.ж. стн. 47, 65, 78

Атаулы көрсеткіштен ерекшелігі – географиялық көрсеткіш тек қана толық бола алады. Оның түсіндірмелерінің егжей-тегжейлік дәрежесі жарияланым мазмұны мен географиялық атаулар сипатына байланысты болады. Тек қана көрсеткішке кеңейтілген түсіндірме құжатта өзінің бұрынғы мән-маңызынан айырылған немесе жойылып кеткен мекендер сөз болғанда ғана берілгені жөн екенін айтқымыз келеді:

Малая Обрынь, дер. Турецк гмины Столбцовск пов. 3, 5, 7

Ленин пр-ті (қазір Франциск Скорин пр-ті) 2, 8, 12

Заттық көрсеткіш құжат мәтінінде айтылатын, басылым беттеріне сілтеме жасалатын ұғымдар мен заттардың әліпбилік тізімі болып есептеледі. Көрсеткіш барлық заттық белгілеулерді қамтитын жалпы немесе бір немесе бірнеше біртектес заттар белгілерін қамтитын арнаулы болуы мүмкін. Көп аспектілі құжаттарды қамтитын ғылыми типтегі басылымдарда, сондай-ақ құжаттар хронологиялық ретпен орналасқан басылымдарда заттық-тақырыптық көрсеткіш жасалады. Олардың айдары (рубрика) зат, ұғым, ал айдаршасы (подрубрика) – тақырып немесе тақырыптың бөлімі болады:

Беларускі архіу. Т. 2. (Заттық көрсеткіш: 323–341 бб.)

Белоруссия в эпоху капитализма. Мн., 1983. Т. 1. (Заттық-тақырыптық көрсеткіш: 256–259 бб.)

Всенородное партизанское движение в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны. Мн., 1978. Т. 2. Кн. 2. (Партизандық құрамалар көрсеткіші: 797–814 бб.)

Жалпы заттық көрсеткіш негізгі ұғымды білдіретін заттық белгілеулер-айдарлардан; осы ұғымдардың қасиеттерін, ерекшеліктерін нақтылайтын айдаршалардан; сілтеме деректерінен тұрады.

Айдарлар жиі кездесетін ұғымды білдіретін қарапайым, және айдаршаларды құрайтын жекелерге бөлінетін тұтас ұғымдардан тұратын күрделі болып бөлінеді:

Санын білдіретін статистикалық мәліметтер

жер 86, 87, 93, 94, 156, 158–162

егістік, егін жинау 88, 89, 132–134, 152, 153

қыстық бидай 88

жаздың егістер 88, 89

 

(Белоруссия в эпоху капитализма. Т. 1. С. 258)

Заттық көрсеткіштегі күрделі айдар шегіндегі айдарлар мен айдаршалар әліпби бойынша орналастырылады. Айдарлар бір сөзден тұруы немесе көп сөзді болуы мүмкін. Көп сөзді айдарларда зат есім мен сын есімдер үйлесіп келгенде біртектес ұғымдарды жақындастыру үшін және бірдей сөздерді қайталамау үшін инверсияға жол беріледі. Мысалы:

Беларусь Республикасының Ұлттық мұрағаты 56, 78, 89

Беларусь тарихи Ұлттық мұрағаты 123, 245, 324

Әбден қалыптасқан сөздер үйлесімі анықтамасында, мысалы, халық депутаты (депутат халықтық деуге болмайды), еңбек сіңірген әртіс (әртіс еңбек сіңірген деуге болмайды), т.б. инверсияға жол берілмейді.

Жалпы заттық көрсеткіш тек қана тұйық болады. Арнайы заттық көрсеткіштер тұйық және толық бола алады:

Имениелер

қазыналық 23, 45, 67

помещиктік 45, 68, 89

қарызы үшін сатылған 123, 321, 342

Сонымен қатар мерзімдік басылымдар, әскери құрамалар тізімінде аңдатпа сияқты қысқаша анықтамалар беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Басылымда түсініктемелердің алатын орны мен маңызын анықтап көрсетңіз?

2. Басылымда көрсеткіштердің алатын орны мен маңызын анықтап көрсетңіз?

3. Басылымда ескертпелердің алатын орны мен маңызын анықтап көрсетңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.

2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.

3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-

ких наук. С. 3-48.

5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.

Москва., 1977.

6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.

ДӘРІС-25-26