Тұрақты ток машинасы

Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы.

Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді.

Тұрақты ток машинасы
       

 

 

Тұрақты ток машинасы негізгі магнит өрісі параллель, тізбектеле және аралас қоздырылатын, сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады.

Тұрақты ток генераторы

Оның жұмыс істеу принципі магнит өрісінде зәкірді айналдырғанда оның орамасында ЭҚК-нің индукциялануына негізделген. Тұрақты ток генераторы коллекторлы және коллекторсыз түрге ажыратылады. Прокат стандарының, аэродинам. құбырлардың желдету қондырғыларын, ірі экскаваторлардың реттелінетін электр жетектерін, дербес тұрақты топ тораптарын қоректендіруге арналған қорек көзі ретінде, сондай-ақ автоматты реттеу жүйелерінде (мысалы, тахогенераторларда) қолданылады.


ТҰРАҚТЫ ТОҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ
1.1 Тұрақты ток дегеніміз _ зариядтардың бағытты қозғалысы.Төк қасиетіне қарай екі түрлі болады.Бірі тұрақты төк бағыты да, шамасы уақытқа сай өзгермейтін төк, батерия, аккумулиятор, күн нұры тақтасы қатарлылар тұрақты төк.Бұлардың кернеуі 3-36 волт аралығында болады.Ерекшелігі істетуге қолайлы.Сенімді, қауіпсыз, кемшілігі төк қайнарын ұзақ істетуге жарамайды.Электрон техникасы мен өнеркәсіп саласындағы әр түрлі електр жабықтарының барлығы тұрақты төкке озгерту арқылы ыс жүргізіледі.Тұрақты төкті DC арқылы таңбалайды.Електр жабықтарының құрабына жапсырылған маркада « DC пәлен волт» деп жазылған.Міне бұл сол електр жабықтарының тұрақты төкпен қамдау көлемін белгілейді.Және бірі, айнымалы төк.Електр станцияларындағы генерәтөрдән шығып жатқан төк айнымалы төк болады.Айнымалы төктің кернеуі 220 волттан жоғары, неше мың волтқа дейін жоғарылатып төмендетуге болады.
Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы. Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді.Тұрақты ток машинасы
Тұрақты ток машинасы негізгі магнит өрісі параллель, тізбектеле және аралас қоздырылатын, сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады.

Дереккөздер

Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті. ISBN 9965-36-055-3

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том