Тәжірибені өту кезіндегі талаптар
Технологиялық тәжірибеден
Жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандық: 0104000 – «Кәсіптік білім беру»
2016-2017 оқу жылы
Автор: Орманов А.К. - РМҚК «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» оқытушысы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып талқыланды
Хаттама №_____ «___»____________________2016 ж.
Циклдық комиссия төрайымы__________ Л.А.Мукушева
Түсініктеме хат
Технологиялық тәжірибе оқу процесінің органикалық бөлігі болып саналады және оқу процесінде оқушылардың алған білімдерін бекіту және тереңдету мақсатын көздейді, тәжірибелік қызметтің қажетті дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастырып, алған білімдерін шынайы өндіріс жағдайында коғамдық-пайдалы еңбекпен ұштастыруға мүмкіндік береді. Технологиялық тәжірибе тәжірибелі мамандар басшылығымен жүргізілуі қажет.
Технологиялық тәжірибе кезінде машықкерлер сол кәсіпорынның бекітілген тәртібі бойынша жұмыс істеп, осы ұйымның ішкі тәртіп ережелеріне бағынады. Машықкерлерге тәжірибе басталған сәттен-ақ еңбек қорғау ережесі және сол кәсіпорынның ішкі еңбек тәртіп мәселелері таныстырылады.
Технологиялық тәжірибенің мақсаттары:
- оқушылардың оқу орынында алған білімдерің бекіту, тереңдету және өндіріс жағдайларды оларды жүйелеу;
- ақпаратты сақтау және өңдеу, техникаға қызмет көрсету, бағдарламалық және аппараттық құралдарды қолдану туралы барлық технологиялық кезеңдерімен танысу;
- нақты кәсіпорынның ақпараттық жүйесі қалай жұмыс істейтіндігі, оны қалай қолдану, қызмет көрсету керектігі туралы білім алу.
Технологиялық тәжірибенің міндеттері:
- мамандық бойынша оқу орынында және кәсіпорында тәжірибе кезінде алған білімдерін жалпылау және жүйелеу;
- болашақ маманның өздік жұмыс мүмкіндіктерін тексеру;
- қорытынды мемелекеттік аттестацияға дайындық.
Тәжірибе базалары:
Мамандық бойынша тәжірибе базасын таңдауда есепке алу керек:
· Тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
· Тәжірибелік дағды алуда көмек көрсететін білікті мамандардың болуы.
Тәжірибе жетекшісінің міндеттері:
Кәсіпорындар, фирмалар, шаруашылық субъектілері машықкерлер жұмыс орындарымен және қажетті тәжірибелік материалдармен қамтамасыз етеді. Бұйрықпен тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Оның міндеті тәжірибеге жалпы жетекшілік ету:
· әр жұмыс орнында білікті мамандар арасынан жетекшілерді таңдау және олардың тәжірибешілермен жұмыс істеуін қадағалау;
· оқушыларды жұмыс орындары бойынша бөлу;
· оқушының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау: оларды орналастыру, тәжірибелік материал алуына көмектесу, консультациялар ұйымдастыру;
· оқушы-тәжірибешінің қызмет тәртібіне, технологиялық тәжірибе жоспарын орындау қатынасына қойылатын талаптарды орындау;
· тәжірибеші жұмысы туралы қысқаша сын-пікір құрастыру. Сын-пікірде оқушының тәжірибе бағдарламасын орындауы, оның жұмысқа қатынасы, еңбек тәртібі, технологиялық дағдыны игеруі белгіленеді.
Тәжірибе жетекшісі жұмыс орындарында оқушы инструктажын жүргізеді, тәжірибешілердің жұмысты орындауы мен тәртіп сақтауына тікелей жетекшілік етіп, үнемі бақылау жасайды.
Оқушының міндеттері:
· кәсіпорындарда, шаруашылық субъектісінің жұмыс тәртібін сақтауға;
· жұмыс орындарында берілген жұмысты өздігінен орындауға, оның нәтижесі үшін жауап беруге;
· белгілі тәртіппен күнделік жүргізуге, оны тәжірибе жетекшісіне күн сайын тексеріске және қол қоюға беруге;
· тәжірибе нәтижесі туралы белгілі қосымшаларымен оқу орнына жазбаша түрде есеп беруге.
Тәжірибе бағдарламасы дәлелді себептермен орындалмаған жағдайда, оқушы сабақтан бос уақытында тәжірибеге қайтадан жіберіледі.
Технологиялық тәжірибеде машықкерлер төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет:
Базалық:
-Тиянақты және сапалы жұмыс жасау;
-методикалық тапсырмаларды орындау;
-ұйыммен жұмыс жасау, ;
-керекті мәліметті жинақтау;
-іздеу қабілеті болу.
Кәсіптік:
- Есептеуіш машинамен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздік ережесін білу;
- ЭЕМ құрылғыларын білу;
- Есептеуіш техника құрылымының негізгі эксплуатациялық мінездемесі;
- Бұрыстығы мен қателердің негізгі типтері;
- Бақылау мен диагностика жүйесі құрылымын;
- Есептеуіш техника құрылымын бақылаудың негізгі тәсілдері;
- Жүйелік бағдарламаны қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу;
- Желілермен жұмыс істеу;
- Қосымша әдебиеттермен жұмыс;
Негізгі:
- желі топологиясын анықтау;
- ІР адресін анықтау;
- желілік технологияларды ажырату;
- хатаммалармен жұмыс;
- желі қорғау құралдарымен жұмыс;
- Интернетке қосылу;
- есептеу машиналарды баптау;
- эксплуатациялық мінездеме бойынша есептеуіш техника құрылымының жұмысқа бейімділігін бағалау;
- қолданушының есептік жазуын құру және конфигурациялау;
- бақылау өлшегіш аспабын пайдалану;
- тәжірибелік жұмыс орындау барысында еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (оқушылар үшін):
Бағдарламада көрсетілген пән бойынша тақырыптық жоспар және жұмыс мазұны үлгілі болып келеді. Сондықтан тәжірибе өтетін кәсіпорындарда, фирмаларда және шаруашылық субъектілеріндегі ерекшеліктер есебінде тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құрастыру қажет. Егер тәжірибе бағдарламасының жеке пунктері оқушымен орындалмаса, бұл мәселелер жұмыс бағдарламасынан алынып тасталынады. Осы мәселелерге жұмсалған уақытты басқа тақырыптарды терең меңгеруге мақсатты пайдаланған жөн. Бұл жағдай есепте жазбаша дәлелденуі қажет.
Жұмыс бағдарламасында оқушылар орындайтын тәжірибелік жұмыс түрлерін кәсіпорынмен немесе шаруашылық субъектісімен жүзеге асырылып жатқан әрекеттер сипатына сәйкес түзеткен жөн. Егер де қандай да бір себептермен өзгерістер пайда болған жағдайда, ол тәжірибе бағдарламасында белгіленуі қажет.
Жұмыс бағдарламасында әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың күнтізбелік мерзімі, орны – кәсіпорындарда, шаруашылық субъектісі белгіленуі қажет.
Жұмыс бағдарламасы циклдық комиссия отырысында қаралып, кәсіпорындармен, шаруашылық субъектісінің тәжірибе жетекшілерімен келісіліп (мақұлданып), оқу орнының директорымен немесе оның оқу-ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.
Бағдарлама:
1. Кәсіпорынмен танысу.
2. Қызметтік нұсқаулықтармен, жұмыс орындарымен, маман құралдарымен танысу.
3. Жұмыс орындарында өздік жұмыс. Жеке тапсырманы орындау.
Есептік құжаттар:
1. Титулдық бет
2. Жұмыс жоспар-кестесі
3. Тәжірибе күнделігі
4. Тәжірибе бойынша есеп
5. Тәжірибе нәтижесі
6. Мінездеме (мөр)
7. Қосымшалар
8. Келді-кетті қазағы
Есепке қойылатын талаптар:
· есептің көлемі 80 беттен көп болмау керек, сонын ішіне сызбалар, суреттер, кестелер, графиктер және т.б. кіреді, қосымшаларды санамағанда;
Тәжірибе бойынша құжаттар:
-Әрбір машықкерге кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі мінездеме дайындайды, онда тәжірибенің қорытындысы бойынша баға қойылады;
-Жетекшінің күнделіктегі, есеп берудегі, мінездемедегі қолдары тәжірибе өткізілген мекеме мөрімен бекітілуі тиіс.
- Машықкерлер тәжірибеде істеген жұмыстын барлығын есепке жазады.
- Оқушылар оқу орындағы тәжірибе жетекшісіне бағалары қойылған және кәсіпорынның мөрі қойылған күнделігін тапсырады.
- Келісім шарт.
Күнделікті жүргізу талаптары:
1. Технологиялық тәжірибе кезінде оқушылар күнделік арнап, оған өздері күнделікті жүргізген жұмыстары жайлы, өздерінің бақылағандары мен технологиялық процестерді үйрену нәтижелерін, корытындылары мен ұсыныс-пікірлерін жазып отырады.
2. Тәжірибе аяқталған соң күнделікке кәсіпорынның мөрі қойылады және осы кәсіпорынның тәжірибе жетекшісі бағалап қолын қояды.
Қорытынды:
Тәжірибе қорытындысы бойынша бағаны технологиялық тәжірибенің меңгерушісі қояды.
Оқу орынында оқушылар есептерді қорғайды да бағалары қойылады.
Тәжірибені өту кезіндегі талаптар
Тәжірибесін өткізу үшін компьютерлік лабораториясы, есептеу техникалары санитарлы-эпидемиялық нормаға сай болу қажет.