Бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау
1. Кәмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаган адамды қадагалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жүмыскерінің кәмелетке толмаган адамның ал-когольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді түтынуына не қаңгыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар Іс-әрекеттер жасауына акеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
2. Кәмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген взге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаган адамды ңадағалауды жүзеге асыруга міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кәмелетке толмаган адамга қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
Кэмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тэрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кэмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кэмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді түтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана экімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-эрекеттер жасауына экеп соққан, дэлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісінше орындамауымен балаға қатал қараумен ұлітасса — жауаптылық Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша белгіленеді. Қылмыстық құқык бүзушылықтың объектісі - кэмелетке толмағандардың дене жэне психикалық жағынан дұрыс дамып, қалыптасуы.
Объективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылық бірнеше балама эрекеттерді: а) кэмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау; б) осындай міндеттерді тиісті дэрежеде орындамау арқылы сипатталады. Өзіне жүктелген міндет-терді толық орындауға мүмкіндігі бола тү_ра оны орындамау немесе эрекетсіздік жасау міндеттемені орындамау, ал өзіне жүктелген міндеттерге салдыр-салақ, үстірт қарау мін-деттемелерді тиісті дэрежеде орындамау деп танылады.
Қылмыстық құқык бұзушылық үшін жауаптылыққа тартудың негізгі шарты - кэмелетке жасы толмаған балаға тэрбиелік қадағалаудың жоқтығынан алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық затгарды тұтынады, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналы-сады, немесе қылмыс, эртүрлі теріс қылықтар, қасақана экімшілік қүдық бұзушьшық іс-эрекеттерді бұзады.
Субъективтік жағынан қьшмыстык кұқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жаса-лады. Кінэлі адам кэмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жөніндегі өзінің қрсықтық мін-деггерін орындамағанын, оларға жауапсыз қарағанын сезеді жэне сол эрекетгерді істеуді тілейді.
Кэмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кэмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кэмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен үласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы (ҚК-тің 140-бабы 2-бөлігі).
Баптың осы ауырлататын бөлігін қолданудың негіз шарты кэмелетке толмаған балаға қатыгездікпен қарау болып табылады. Қатыгездікке кэмелетке толмаған баланы үнемі сабау, ұрып-соғу, қорқыту, аштықта, ыстықта үстау, үрейін алу, жүйкесін бұзу т.с.с. жа-тады.
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы: 1) кэмелетке толмаған баланың ата-анасы; 2) кәмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жолындағы міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдар, атап айтқавда - бала асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар; 3) кэмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тэрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің қызметкерлері (мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлері, орта мектептердің, кәсіптік-техникалық оқу орындарының, мектеп-интернаттардың жэне қиын балаларды тәрбиелейтін тэрбие мекемелерінің педа-гогтары, аурухана қызметкерлері жэне т.б.).