Турғын, қызметтік, өндірістік үй-жайга не ңоймага заңсыз кіріп жасалган тонау

3. Ірі мөлшерде жасалган тонау -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) аса ірі мөлшерде жасалса -

¥рлыққа, алаяқтыққа, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға етуге қарағанда тонау жымқыруға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 191-бабында «тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру деп» көрсетілген.

Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Соны-мен бірге тонау көп объектілі қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

Тонау объективтік жағынан белсенді эрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық жымқыру салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтік жағының ерекшелігі - қылмыстың істелу тэсіліне, кінэлінің бөтеннің мүлкін ашықтан ашық жымқыруға салуымен ерекшеленеді.

Ашықтан-ашық жымқыру деп танылу үшін біріншіден меншік иесі немесе өзге де ие-ленуші, сондай-ақ басқа да адамдар кінэлінің күқыққа қайшы эрекеттерін көріп тұрумен бірге оның қылмыстық мәнін сезінуі қажет, екіншіден кінэлі адам осы жағдайларды сезіп, көріп түра отырып, соған қарамастан қылмысты эрекет істеуі қажет.

Егер кінэлі адам жымқыруды жасырын түрде жүзеге асыру ниетінде болып, бірақ қылмыстық құқық бұзушылықты істеу кезінде көзге түсіп қалса, соған қарамастан ол өз эрекетін ары қарай жалғастырса, онда оның істеген әрекетін тонау деп бағалау керек. Мүлдай ретте, яғни ұрлықтың тонауға үласып кетуі — мүлікке толық иелік еткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Тонаудың жиі кездесетін түрі бөтеннің мүлкін жэбірленушінің көзінше оған күш қолдану ниетінсіз тартып алып қашу болып табылады. Тонау бөтеннің мүлкіне иелік ету-мен бірге оған өзінің қалауынша толық билік жүргізу мүмкіндігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бөтеннің мүлкін ашықтан ашық иеленуге бағытталған, бірақ толық іске аспаған эрекет тонауға оқталғандық деп танылады.

Бөтеннің мүлкін қасақаналықпен немесе бұзақылық ниетпен Бұлдіру, я болмаса осы мүлікке өзінің нақты немесе болжамалы қүқығын өз бетінше жүзеге асыру мақсатымен, сондай-ақ оған уакытша пайдалану ниетімен иелік ету тонау деп қарастырылмайды, мүлдай реттерде кінэлінің әрекеті істің нақты жағдайларына қарай Қылмыстық кодекстің 202, 293, 389-баптары бойынша саралануы мүмкін.

Тонаудың субъектісі болып — 178-баптың 2,3, 4-бөліктері бойынша 14-ке толған, ал осы баптың бірінші бөлігі бойынша 16-ға толған есі дұрыс адам саналады.

Субъективтік жағынан тонау тікелей қасаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Тонаудың ауырлататын түріне:

1) жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;

2) бірнеше рет;

3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

4) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау; (191-бап, 2-бөлігі).

аса ауырлататын түріне:

б) ірі мөлшерде жасалған тонау жатады (191-бап, 3-бөлігі).

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-эрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) аса ірі мөлшерде жасалса, (191-баптың 4-бөлігі) тонаудың аса ауырлататын түріне жатады.

Тонаудың ауырлататын немесе аса ауырлататын түрлері ұрлықтың (188-бап) осы тңзғыдағы түрлерімен үқсас. Бірақ тонаудың ауырлататын мына түрлерінің — жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы; адамдар тобының сөз байласуы бойынша; тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонаудың үрлықтың осындай ауырлататын түрлерінен өзіндік өзгешелігі бар екенін айтқан жөн.

Тонаудың ауырлататын түрі - жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолдану қатерін төндіру болып табылады (191-баптың 2-тармағының «1» тармақшасы). Бұл ауырлататын белгіні дүрыс қолдану үшін мынадай үш мэн-жайды еске алу керек: біріншіден — жаңа Қылмыстық кодексте күш қолданумен бірге күш қолдану қатерін төндіруді ауырлататын түр ретінде көрсеткен. Бұл жерде күш қолдаігу дегеніміз жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде қол тигізу арқылы Қылмыстық кодекстің 108-бабына жатпайтын болмашы жарақат салу, тырнау, дақ түсіру болып табылады.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде күш қолданамын деп қорқытуына - кінәлінің сөз жүзінде немесе ым көрсету арқылы жэбірленушінің немесе басқа адамдардың қарсылығын жоюға бағытталған іс-эрекеттерін жатқызамыз. Мүлдай қорқытулар накты жағдайларға байланысты әр түрлі болып келеді, оны істің нақты мэн-жайына қарай тергеу, сот органдары анықтайды.

Екіншіден: тонауда күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру қорқыту кінэлінің пікірінше тонауға нақты бөгет келтіреді-ау деп жорамалданған меншік иесіне, өзге де иеленушіге немесе басқа да адамдарға қарсы бағытталады. Үшіншіден: тонау арқылы күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру өзінің мэні жөнінен адамның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайды.

Тонауға байланысты күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру бөтеннің мүлкін алу немесе оны үхтап тұру мақсатымен істеледі. Осыған орай егер кінэлі адам мүлікке күш қолданбастан ашықтан ашық иелік етсе, бірақ өзін үхтау барысында қарсыласып күш қолданса, онда оның эрекеті күш қолданумен үлітасқан тонауға жатпайды. Кінэлі адам мүддай ретте жәй тонағаны үшін (191-баптың 1-тармағы) жэне жеке адамға қарсы қылмыс істегені үшін жауапқа тартылады.

Тонаудың ауырлататын түрі — адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс істеу құрамында ұрлықтағы осыған ұқсас қүрамға қарағанда өзгешелігі бар. Бұл жерде адамдар тобы алдын ала тонау қу-рамын істеу туралы сөз байласады, сондықтан да осы қылмысты істеуге қатысқандардың барлығы да осы қылмыс құрамының (бірге) орындаушылары болып табылады.

Тонаудың тағы бір ауырлататын түрі - тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған қылмыс құрамы болып табылады. Мұндай ретге кінэлі адам тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін тек қана ашықтан-ашық талан-таражға салу ниетін басшылыққа алады. То-науды оған үдсас қылмыс кұрамдарынан ажырата білу керек. Тонау ұрлықтан мүлікті алу тэсіліне байланысты ажыратылады. Тонау мүлікті ашықтан-ашық алса, ұрлықта ол жасырын жүзеге асырылады. Тонау мен қарақшылық бір-бірінен біріншіден күш қолдану мэніне байланысты ажыратылады. Тонау күш қолданбау арқылы да істеледі, ал қарақшылықтың объективтік жағының міндетті белгісі күш қолдану болып табыла-ды. Сондай-ақ тонаудағы күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру адамның өмірі мен денсаулығына кауіпті емес, ал қарақшылықтағы күш қолдану эрдайым қауіпті. Тонаудың құрамы материалдық құрамға жатады, ал қарақшылық формальдық қылмыстық құкық бү-зушылық қүрамына жатады. Яғни қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап зардаптың болған болмағанына қарамастан аяқталған қылмыс деп та-нылады. Тонау мен қорқытып алушылық кү-рамдарының да өзара өзгешелігі бар. Тонауға күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту бөтеннің мүлкіне иелік ету немесе оны ұстап тұру үшін қолданылады. Ал қорқытып алушылықта қорқыту қылмыскердің қойған талаптарының жэбірленушінің тез орындауына бағытталған қорқыту құралы бо-лып табылады. Тонауда қорқыту жэне мүлікке иелік ету бір мезгілде жүзеге асырылады, ал қорқытып алушылықта бөтен мүлікті немесе мүлікке қүқықты беруді корқыту арқылы талап ету болашақтың ісі болып табылады.

Тонауды бұзақылықтан ажырата білген жөн. Тонауда бөтеннің мүлкі кінэлінің пай-дасына ашықтан-ашық тегін алынады, ал бұзақылықта меншікке қол сүғу бұзақылық ниетпен бөтеннің мүлкін жою немесе Бұлдіру арқылы жүзеге асырылады.

192-бап. Қарақшылық

4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды ңолданып;

5) денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалган қарақшылық -

3. Мынадай:

1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан;

2) ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру мақсатында жасалган ңарақшылық -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) аса ірі мөлшерде жасалса -

Қарақшылық - жымқыруға салудың ең қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстық занда «қарақшылық, яғни бөтен мүлікті жымкырудың мақсатында шабуыл жасауға үліыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолдану мен қатерін төндірумен күш қолданамын деп қорқытумен үлггасқан шабуыл жа-сау» деп (192-бап) анықталған.

Қарақшылықтың қауіптілігі бетеннің меншігіне қол сүғумен бірге, осы қол сұғудың өте қауіпті тэсілі - шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей күш қолданамын деп қоркытумен ұштасқанында болып табылады. Қылмыстық құқык бұзушылықтың бұл түрінің қоғамға қауіптілігінің көтеріңкі жағдайы оның екі бірдей объектісі — меншікке жэне адамның өмірі мен денсаулығына бір мезетте қылмыстық құқық бұзушылық қол сұғуы арқылы сипатталады.

Қарақшылықтың объективтік жағы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай куш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылықтың объективтік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау жэне күш көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Шабуыл жасау деп кінэлі адамның жэбірленушіге кенеттен, оның қарсылығын той-тару мақсатында өте үрдіс түрде күш қолдануы болып табылады. Шабуылға ашық түрде жасалған зорлық эрекеттерінен бөтен жэбірленушіні ту сыртынан ү_ру, тасада тұрып оған оқ ату, жэбірленушінің өміріне, денсаулығына қауіп келтіретін жағдайда оған қатты эсер ететін, уландыратын немесе жындандыратын нэрселер беру аркылы оны есеңгірететін жағдайға келтіру сияқты эрекеттер жатады.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап), орташа ауырлықтағы зиян келтіру (107-бап) не-месе денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуының немесе еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға экеліп соққан зиян келтіру (108-бап), сондай-ақ жэбірленушінің өміріне тікелей қауіп тудырған басқадай күш қолданулар жатады.

Өмірге, денсаулывда қауіпті күш қолдануға адамның тыныс жолдарын бекіту, биік-тен жерге тастау, жүріп бара жатқан немесе тұрған көліктен итеріп жіберу немесе жэбірленушіні уландыратын немесе оның нерв жүйесіне қатты эсер ететін нэрселер қолдану жатады. Күш қолданудың осы түрлерін қолданудың өзі жэбірленушінің денсаулығына ешқандай зиян келтірілмегеніне қарамастан қарақшылық эрекеті ретінде сараланады.

Қарақшылықтың құрамын күш қолданумен бірге адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану қатерін төндірумен үлггасқан деп қорқытумен де үлітасқан эрекеттер құрайды. Мұндай ретте қорқыту шын мэнінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы жэне қарсыласқан жағдайда ол қоркытудың нақты іс жүзіне асатынына жэбірленушінің ешбір күмэні болмауы керек.

Қаракдпылықтағы күш қолдану бөтеннің мүлкіне иелік етудің құралы болып табы-лады. Сондықтан да күш қолдану иелік етуден бұрын жүзеге асырылады. Егер кінэлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде ү_рлауды жүзеге асыру барысында меншік иесінің немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып күш қолданса, онда оның эрекеті қарақшылық ретінде сараланады. Егер кінэлі адам бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, бірақ қылмыс істеген жерде көзге түсіп калып, қашып кугылу мақсатымен жэбірлеушіге күш қолданса, онда оның эрекеті қарақшылық емес, ұрлық жэне жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сараланады.

Қаракдіылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннің мүлкіне иелік жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталды деп саналады. Сондықтан да қарақшылық қү_рамы заңда формальдық құрам ретінде қарастырылған.

Қарақшылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Қаракшылықтың субъектісі болып 14-ке толған есі дү_рыс кез келген адам танылады.

Қарақшьшық қү_рамының ауырлататын түрлері болып:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын затгарды қолданумен жасалған;

д) денсаулыққа ауыр зиян келтірумен жасалған қарақшыльщ танылады (192-баптың 2-тармағы).

Осы 192-баптың 2-тармағында көрсетілген алдыңғы үш ауырлататын белгілер ұрлықта немесе тонауда айтылған ауырлататын белгілермен мэні бірдей. Бұл жерде қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылыққа ғана тэн эрекеттердің мэнін ашу қажет.

Бұл жерде қылмыстың құралы: а) қару; б) қару емес, бірақ қару ретінде пайдаланыла-тын заттар болып табылады.

Қаруға атылатын жэне суық қарулар жатады. Атылатын қаруға тапанша, автомат, пуле-мет, гранотомет, мылтық, гранат, мина жэне басқа жарылатын заттар жатады. Аңшылық мылтығы, газ пистолеті жэне баллондары қаруға жатпайды, бірақ қарақшылық істеуде қару ретінде пайдаланылғанда осы құрамның ауырлататын түрін құрайды.

Қару ретінде пайдаланылатын заттарға жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, соның көмегімен олардың өмірін жоятын, оларға дене жарақатын келтіретін кез келген заттар жатады. Мысалы, балта, тас, балға, отвертка, лом темір, шоқпар, пышақ, үхтара жэне т.б. Осы заттардың алдын ала қарақшылық қылмыстық құқық бұзушылық үшін істеуге бейімделуі немесе қылмыс болған жерден кездейсоқ табылып, кінэлінің пайдалануы кылмыстық кұкьік бұзушылықты саралауға ешбір эсер етпейді. Ең басты-сы осы көрсетілген заттар қарақшылықта жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін қару ретінде қолданылуы қажет.

Қаруды немесе басқа заттарды қолдану деп кінэлінің оны адамның денсаулығына зиян келтіру үшін шын мэнінде пайдалануы немесе шабуыл барысында оны дереу қолданбақшы болып қорқытатын эрекеттерді істеуі болып табылады.

Іске жарамсыз қарумен немесе қарудың макеті арқылы жэбірленушіге оның өмірі мен денсаулығына қауіпті дене жарақатын салу ниетінсіз қорқыту қару қолданған қарақшылық деп саналмайды. Бірақ та, жэбірленуші мұндай эрекетті өз өмірі мен денсаулығына нақты қауіп тудырды деп санағандықтан, мұндай шабуыл Қылмыстық кодекстің 192-бабының 1-тармағы бойынша сараланады.

Қарақшылықта қару қолданып шабуыл жасаған адам заң бойынша белгіленген тэртіппен қаруды алып жүруге тиісті рұқсаты жоқ болса, онда оның әрекеті қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 192 жэне 287-бап-тарымен саралануға жатады.

Денсаулыққа ауыр әсер келтірумен үлггасқан қарақшылық деп, меншік иесіне меншіктің өзге де иеленушісіне немесе басқа адамдарға мүлікке байланысты олардың қарсылығын жою мақсатымен Қылмыстық кодекстің 106-бабында тізбектелген жарақаттардың бірін келтіруді айтамыз. Мүлдай ретте кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 192-бабымен тікелей сараланады. 106-баппен қосымша саралануға жатпайды.

Егер қарақшылықпен шабуыл жасау нәтижесінде адамның өміріне қасақана қол сұғылатын болса, онда кінәлінің іс-эрекеті қарақшылық қүрамы шегінен шығып ке-теді. Мүлдай ретге жэбірленушіге қаза келтіру косымша саралауды қажет етеді. Қарақшылықпен шабуыл жасау кезінде адам өлтіру орын алса, онда кінэлінің әрекеті қарақшылық құрамымен қоса пайдакүнемдікпен адам өлтіру (99-баптың 2-тармағының «1» тармақшасы) құрамымен косымша сараланады. Егер кінэлінің ниеті жэбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірумен ғана шектеліп, оның адам өлтіруге деген ниеті анықталмаса, бірақ денсаулыққа осындай ауыр зиян келтіруден абайсызда жэбірлену-шінің өлімі орын алса онда оның эрекеті Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-тармағының «1» тармақшасы бойынша сараланады.

Мынадай:

1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жэбірленушінің өліміне әкеп соққан;

2) ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық (192-баптың 3-бөлігі) қаракшылықтың ауыр түріне, ал 1) қылмыстық топ жасаса; 2) аса ірі мөлшерде жасалса (ҚҚ-тің 192-бабы 4-тармағы) аса ауыр түріне жатады.

Осы белгілердің біріншісінің жэне соңғысының мазмүны талан-таражға салудың басқа нысандарындағы осындай белгілермен бірдей.

Осы белгілердің ішіндегі денсаулыққа ауыр зиян келтіру мен мүлікті ірі мөлшерде талан-таражға салу мақсатындағы қарақшылық қү_рамдарының өзіндік ерекшеліктері бар.

Мүлікті ірі мөлшерде талан-таражға салу мақсатындағы қарақшылық құрамдарының өзіндік ерекшеліктері бар.

Мүлікті ірі мөлшерде талан-таражға салу мақсатында жасалған қарақшылықта кінэлі адамның қүлы айльщ есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүлкін нақты иеле-нуі шарт емес. Өйткені қарақшылықтың ауырлататын немесе аса ауырлататын түрлері де оның негізгі қү_рамы сияқты формальдық құрамға жатады, осыған орай бү_л жерде кінэлі адамның ниетінің ірі мөлшердегі мүлікті иемдену мақсатында шабуыл жасауын анықтау ғана жеткілікті.

Қарақшылықты қорқытып алушылык ісүрамынан (194-бап) ажырата білу керек. Қарақшылық жасағанда қылмыстық қүқық бүзушылықтың заты болып тек мүлік, ал қорқытып алушылықта - мүлік, мүлікке қү-қық, мүліктік сипаттағы басқа да эрекеттер жатады. Қарақшылықта күш қолдану немесе қолданамын деп қорқыту орын алады, ал қорқытып алушылықтың непзп құралы қоркыту арқылы ғана жүзеге асырылады, күш қолдану қорқытып алушылықтың ауырлататын қү_рамына ғана жатады. Қарақшылықтағы қорқыту тек қана күш қолданамын деп қорқытумен шектеледі, ал қорқытып алушылықтағы қорқытудың шеңбері одан кеңдеу (масқаралайтын мэліметтерді таратумен, мүлікті жою немесе Бұлдірумен қорқыту сияқты эрекеттер).

Қарақшылықта мүлікті беруді талап ету шабуыл жасаған уақытпен сайма-сай келеді, ал қорқытып алушылықта мүлікті болашақта беруді талап етеді, қарақшылықтағы күш қолдану өмірге жэне денсаулывда қауіпті болады, ал қорқытып алушылықта - кінэлі адам кез келген күш қолдануды, оның ішінде қауіпсізін де қолдануға қүқы бар. Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп саналады, ал қорқытып алушылық бөтен мүлікті немесе мүлікке қүқықты беруді немесе мүліктік сипаттағы басқа да іс-эрекеттерді жасауды талап еткен кезде аяқталған деп саналады. Қарақшылық бандитизммен (268-бап) мынадай белгілер бойынша ажыратылады.

Қарақшылықтың тікелей объектісі болып меншік қатынастары саналса, бандитизмнің тікелей объектісіне қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін катынастар жатады.

Қарақшылық жеке орындаушылар немесе адамдар тобы арқылы жасалуы мүмкін, банда қүрамының міндетті белгісі үйымдасқан топ болады. Қарақшылық кұрамындағы адамдар тобы қылмыстың ауырлататын түрі болып саналады, ал бандитизмде үйымдасқан жэне түрақты топ қылмыстық қүқық бұзушылықтың қүрамының негізгі белгісі болып табылады. Қарақшыльщ қару қолданылып немесе қарусыз жүзеге асырылуы мүмкін, ал бандитизмнің міндетті белгісі — топтың мүшесінің ең болмағанда біреуінің қарулануы болып табылады. Бандитизм қүрамындағы каруға адамды немесе басқа нэрселерді жарақаттауға бейімделген заттар жатса, қарақшылықтағы қару қолдану деп занда көрсетілген қару түрлерімен қоса кару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды айтамыз. Қарақшылық құрылысы жағынан формальдық қүрамға жатады. Сондықтан да ол ша-буыл жасау сэтінде-ақ аяқталған деп саналады. Бандитизм - келте қылмыстық қүқық бүзушылық қүрамына жатады, ол бандыны ұйымдастыру сэтінде-ақ аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық құрамы дептанылады. Бұл қылмыстық құқық бүзушылықтың құрамдары мақсатына байланысты да ажыратылады. Қарақшылық тек пайдакүнемдік мақсатпен жасалады, ал банда азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында пайдакүнемдік немесе басқадай мақсаттармен жасалады. Қарақшылықтың субъектісі 14-ке толған, ал бандитизмнің субъектісі 16-ға толған адам болады.

§4. Талан-тараждың түрлері

Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексте бөтеннің мүлкін үхақ-түйек жымқыруға салғаны үшін қылмыстық қүқық бұзушылық үшін жауаптылық ҚК-тің 187-бабында көрсетілген. Мүлдай іс-эрекет қылмыстық қүдық бұзушылық ретінде қарастырылады. Тонау немесе қарақшылық жасағанда талан-таражға салынған заттың құнына қарамастан ондай іс-эрекет қылмыстық құқық бүзушылық деп танылады.

Қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда жымқырудың түрі негізінен үшке бөлінеді: а) жай — яғни талан-таражға түскен мүліктің қүлы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен белгілі бір еседен асып түсетін (бү_л тонауға жэне қарақшылыққа жатпайды); б) жымқырудың екінші бір түрі - азаматтарға едэуір залал келтірген (негізі-нен үрлық қүрамы бойынша); в) жымқырудың - үшінші түрі ірі мөлшер немесе ірі залал, яғни заңмен белгіленген есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің қү_ны немесе залалдың мөлшері. Жымқыруға түскен мүліктің құны қылмыс істеген уақыттағы зиянмен белгіленген айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді. Жымқыруға ұшыраған мүліктің бағасы мем-лекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе комиссиялық бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. Жымқыруға түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының қорытындысы бойынша аньщталады.