Плеврит дамуын анықтаудағы көп мағлұмат беретін зерттеу әдісі

кеуде торы ағзаларының рентгеноскопиясы//

+кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы//

бронхография//

бронхоскопия//

кеуде торы ағзаларының УДЗ

 

***

Бала 5 жаста. Шағымдары: тыныс алудың қиындауы, ұстамалы жөтел. Анамнезінде: емшек жасынан атопиялық дерматит көріністері; ентікпемен, ұзаққа созылған продуктивті емес құрғақ жөтелмен жүретін жиі респираторлық аурулар (жылына 7 ретке дейін), анасында поллиноз. Қарау кезінде дистантты ысқырықты тыныс. ТЖ 40 рет/мин. Кеуде торының перкуссиясында өкпенің барлық бөлігінен қораптық дыбыс естіледі. Өкпенің барлық бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Баланың тыныс ырғағының өзгерісін анықтаңыз://

тахипноэ//

биот тынысы//

инспираторлы ентікпе//

+экспираторлы ентікпе//

аралас ентікпе

 

***

10 айлық бала. ЖРВИ-мен ауырған науқаспен қатынаста болған соң тұмау, дене қызуының 37,5 С дейін жоғарылауы пайда болды. Учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша келесі ем тағайындалды: мұрнына интерферон, көп мөлшерде су ішу. Аурудың 5-күнінде баланың жағдайы нашарлады. Дене қызуы 38,5 С дейін жоғарылады, әлсіз, тәбетінің төмендеуі, құрғақ жөтел, ентікпе пайда болды. Қайта қарау кезінде өкпе үстінде қораптық дыбыс, аускультация кезінде қатты тыныс, кеуде торының төменгі жағында екі өкпеде де ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естілді. ТЖ 55 рет/мин. ЖЖЖ 136 рет/мин. Қан анализінде: Нв 110 г/л, лейкоциттер 15 тыс., т/10, с/50, э/1, м/5, л/36, ЭТЖ 25 мм/сағ. Осы ауруды анықтауда қолданатын қосымша диагностикалық критерийді анықтаңыз://

қызба//

тахипноэ//

интоксикация//

ұсақ көпіршікті сырыл//

+лейкоцитоз

 

***

Бала 9 жаста. ЖРВИ фонында ысқырықты тыныс, жиі продуктивті емес жөтел анықталды. Өкпенің аускультациясында тыныс әлсіреген,барлық бөлікте ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуссия кезінде – қораптық дыбыс. Осындай симптоматика мысықпен қатынаста болғанда,физкультура сабағында тез жүгіргенде пайда болады. Баланың анасында – күз кезінде жиі түшкіру және көзінің жасаруы. Болжамды диагнозды анықтаңыз://

обструктивті бронхит//

жедел пневмония//

жедел трахеит//

+бронхиалды демікпе//

созылмалы бронхит

 

***

10 айлық бала. Пульмонологиялық бөлімшеде емделіп жатыр. Жағдайы ауыр. Дене қызуы 38,5 С. Мазасыз. Тәбеті төмендеген. Жөтелі жиі, ұстамалы, қақырық қиын бөлінеді. Мұрынмен тыныс алу қиындаған, жедел ринит көрінісі. ТЖ 58 рет/мин. Тыныс шығару ұзарған. Өкпенің барлық бөлігінде тыныс қатты, құрғақ ысқырықты және ұсақ көпіршіктіылғалды сырылдар естіледі. Перкуссияда – өкпенің барлық бөлігінде қораптық дыбыс. Қан анализі: Нв 90 г/л, лейкоциттер 11,0 мың., ЭТЖ 20 мм/сағ. Осы ауру клиникасындағы негізгі синдромды анықтаңыз//

интоксикация//

респираторлық//

+бронхообструктивті//

бронхөкпелік//

анемиялық

***

Бала 5 жаста. Жиі ылғалды жөтелге, әлсіздік, дене қызуының 39С дейін жоғарылауына шағымданды. Стационарға түсер алдында дене қызуы 5 күн бойы 38-39 С дейін болды. Жөтелі ылғалды,ТЖ 50 рет/мин. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Аралас ентікпе. Оң жақ жауырын сызығы бойында 6-7 қабырғааралық деңгейінде сықыр естіледі. Тыныс алу түрі қандай?//

пуэрильды//

везикулярлы//

қатты//

+бронхиальды//

амфоралық

 

***

Тыныс алу жолдарының қабынулық ауруларының қоздырғаштарын анықтау мақсатында қолданылатын зерттеу әдісі://

бактериоскопия//

цитология//

+бактериологиялық себу//

иммуноферментный анализ//

иммунофлюоресценция

 

***

Сау 5 жастағы баланың ТЖ мен ЖЖЖ қатынасы://

1: 1//

1: 2//

1: 3//

+1: 4//

1: 5

 

***

Бала 7 жаста. Бронхиалдық обструкцияның алғашқы эпизоды 5 айында атопиялық дерматит фонында көрінді. Келесіде бронхообструкциялық синдром ЖРВИ-мен шақырылды. Қазірге кезде аурудың өршуі темекі түтінімен байланысты. Жөтелі ұстама тәрізді, құрғақ. ТЖ 40 рет/мин. Тыныс шығаруы ұзарған. Ысқырықты тыныс. Перкуссияда – өкпе үстінен қораптық дыбыс естіледі. Аускультация кезінде тынысы әлсіреген, құрғақ ысқырықты сырылдар. Болжамды диагнозды қойыңыз://

бронхит//

ларингит//

трахеит//

пневмония//

+бронхиальды демікпе

 

***

Бала 11 жаста. Дене қызуы 40 С. ТЖ 36рет/мин, ЖЖЖ 96 рет/мин. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Жиі ылғалды жөтел. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Аралас ентікпе. Оң жақта жауырын бұрышынан өкпенің төменгі шекарасына дейін өкпелік дыбыстың тұйықталуы, тыныстың әлсіреуі, крепитация. Рентгенологиялық зерттеуде – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің көлеңкесі. Диагнозды қойыңыз://

бронхит//

+пневмония//

плеврит//

альвеолит//

бронхиальды демікпе

***

Бала 10 жаста. Салқындаудан кейін құрғақ жөтел пайда болды. Аурудың 4 күнінде дене қызуы 38,5 С дейін жоғарылады, жөтелі күшейген, бас ауруы, әлсіздік пайда болды. Өкпе перкуссиясында оң жақ өкпенің S5 деңгейінде өкпелік дыбыс қысқарған. Аускультацияда барлық бөлікте қатты тыныс, таралған құрғақ сырылдар. Болжамды диагноз –«Жедел бронхит». Диагнозды нақтылау үшін қандай әдіс қолданылады://

қанның жалпы анализі//

қақырық микроскопиясы//

қақырықты бактериологиялық себу//

+кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы //

спирография

 

***

Бала 10 жаста. Салқындаудан кейін құрғақ жөтел пайда болды. Аурудың 4 күнінде дене қызуы 38,5 С дейін жоғарылады, жөтелі күшейген, бас ауруы, әлсіздік пайда болды. Өкпе перкуссиясында оң жақ өкпенің S5 деңгейінде өкпелік дыбыстың қысқаруы, аускультацияда – оң жақ жауырынасты аймағында бронхиалды тыныс, крепитация. Антибактериалды терапия тағайындалады. Аллергоанамнезінде – амоксициллинге есекжем. Оптималды антибиотикты таңдаңыз://

цефуроксим//

цефтриаксон//

+азитромицин//

левофлоксацин//

гентамицин

 

***

SаО2 қандай деңгейінен төмен кезінде оттегілік терапия қолданылады://

+90%//

91%//

92%//

93%//

94%

 

***

10 айлық бала. Дене қызуы 38,0 С. Ұстаматәрізді, құрғақ жөтел. Экспираторлық ентікпе. Өкпенің барлық бөлігінде тынысы қатты, құрғақ ысқырықты және ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар анықталады. Перкуссияда – өкпе үстінде қораптық дыбыс. Анықталған диагнозға сәйкес терапия тағайындаңыз://

амоксициллин (ауыз арқылы)//

+беродуал (ингаляция)//

амбробене (ауыз арқылы)//

проспан (ауыз арқылы)//

пульмикорт (ингаляция)

 

***

Қай ауру кезінде вентиляциялық тыныс жеткіліксіздігі дамиды?//

+пневмония//

бронхиалды демікпе//

обструктивты бронхит//

гиповолемиялық шок//

керосинмен улану

 

***

Қандай ауру кезінде шунт-диффузды типті тыныс жеткіліксіздігі дамиды?//

пневмония//

бронхиалды демікпе//

обструктивты бронхит//

+гиповолемиялық шок//

керосинмен улану

 

***

Қай ауру кезінде тыныс жеткіліксіздігінің аралас түрі дамиды?//

пневмония//

бронхиалды демікпе//

+бронхоэктаздық ауру//

гиповолемиялық шок//

керосинмен улану

 

***

Тыныс жеткіліксіздігінің дамуын көрсететін параметрді анықтаңыз//

РаО2 90 мм рт.ст. төмендеуі//

РаО2 80 мм рт.ст. төмендеуі//

РаО2 70 мм рт.ст. төмендеуі//

+РаО2 60 мм рт.ст. Төмендеуі//

РаО2 50 мм рт.ст.төмендеуі

 

***

Тыныс жеткіліксіздігінің дамуын көрсететін параметрді анықтаңыз//

РаСО2 45 мм рт.ст. жоғарылауы//

+РаСО2 50 мм рт.ст жоғарылауы//

РаСО2 55 мм рт.ст. жоғарылауы//

РаСО2 60 мм рт.ст. жоғарылауы//

РаСО2 65 мм рт.ст. жоғарылауы

 

***

Бала 10 жаста. Ерте жастан респираторлық аурулармен көп ауырады. Жиірек – «оң өкпенің ортаңғы бөлігінің пневмониясымен». Салмағы – 24 кг. Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштықтың жоғарылауы. Тері жамылғысы бозғылт, ауру өршуінде акроцианоз байқалады. Саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Кеуде торы деформацияланған, ассимметриялық. Оң жақ бөлігі тыныс алудан қалып қояды. ТЖ 40 рет/мин. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде өкпелік дыбыс қысқарған, әлсіреген тыныс фонында әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Тыныс жеткіліксіздігінің типін анықтаңыз://

вентиляциялық//

обструктивті//

шунт-диффузды//

+аралас//

декомпенсациялық

 

***

Қыз бала 12 жаста. 2 жасында «Бронх демікпесі» диагнозы қойылған. Ауру өршуі ентікпемен, ысқырықты тыныс азайған, дәрігерге қаралмаған. Әрдайым, әсіресе, таңертең жасыл түсті қақырықты жөтел мазалайды. Уақытылы соңғы 6 айда жиі көрініс беретін ысқырықты тыныс естіледі, ылғалды жөтел. Оң жақ жауырын асты аймағында әлсіреген тыныс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Форсирленген тыныс кезінде – ысқырықты сырылдар. Кеуде торының рентгенограммасы: S4 аймағында өкпелік тінде ұяшықтық сурет.Болжамды диагноз://

рецидивті обструктивті бронхит//

жай созылмалы бронхит//

бронхиалды демікпе//

өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары//

+бронхоэктаздық ауру

 

***

Бала 2 жас 10 айлық. Шағымдары: ылғалды жөтел,физикалық жүктеме кезіндегі ентікпе, тәбетінің төмендеуі. 6 айлық жасынан бронхообструкция симптомымен жүретін «жедел сол жақтық пневмония» диагнозымен бірнеше рет емделген. Тамақтануы төмендеген, көз астында көлеңке, бозғылт. Кеуде торының құстәрізді деформациясы. Саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. ТЖ 48 рет/мин. Физикалық жүктеме кезінде артады. Өкпе үстінде 10 сегмент деңгейінде сол өкпенің артқы жағында өкпелік дыбыс қысқарған, осы аймақта әртүрлі калибрлі ылғалды және «пулемет» типті құрғақ сырылдар естіледі. Болжамды диагноз қойыңыз://

солжақтық ошақтық пневмония, жедел ағымды//

солжақтық ошақтық пневмония, созылыңқы ағымды//

рецидивті обструктивті бронхит//

бронхиалды демікпе//

+бронхоэктаздық ауру

 

***

Бала 15 жаста. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан. 8 жасынан темекі тартады. Шағымдары: сары түсті қақырықпен көрінетін таңертеңгілік жиі жөтел, кейде жасыл түсті. Тамақтануы нашар, салмақ-бойы көрсеткіші жасына сай емес. ТЖ 18 рет/мин. Перкуссия – өкпе үстінен ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатты, сырылдар жоқ. Жалпы практика дәрігері «созылмалы бронхит» диагнозын қойды. Кеуде торының рентгенологиялық зерттеуі жүргізілді. Болжамды диагнозды нақтылайтын рентгенограммалық өзгерісті көрсетіңіз://

бронхөкпелік суреттің күшеюі//

+бронхөкпелік суреттің деформациясы//

өкпе түбірінің деформациясы және кеңеюі//

өкпе аумағының түссізденуі//

перибронхиалды ошақтық инфильтрация

 

***

Бала 17 жаста. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан. 8 жасынан темекі тартады. Шағымдары: сары түсті қақырықпен көрінетін таңертеңгілік жиі жөтел, кейде жасыл түсті. Жылына 4-5 рет іріңді қақырықты жөтел бөлініп, дене қызуы 37,5 С дейін жоғарылайды. Тамақтануы нашар, салмақ-бойы көрсеткіші жасына сай емес. ТЖ 18 рет/мин. Перкуссия – өкпе үстінен ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатты, сырылдар жоқ. Кеуде торының рентгенологиялық зерттеуі жүргізілді. Болжамды диагнозды нақтылайтын рентгенограммалық өзгерісті көрсетіңіз://

перибронхиалды ошақтық инфильтрация //

бронхөкпелік суреттің күшеюі //

+бронхөкпелік суреттің деформациясы //

өкпе түбірінің кеңеюі//

өкпе түбірі структурасының бұзылысы

 

***

Бала 10 жаста. Дене қызуы 40 С. ТЖ 36рет/мин, ЖЖЖ 96 рет/мин. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Жиі ылғалды жөтел. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Аралас ентікпе. Оң жақта жауырын бұрышынан өкпенің төменгі шекарасына дейін өкпелік дыбыстың тұйықталуы, тыныстың әлсіреуі, крепитация. Рентгенологиялық зерттеуде – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің көлеңкесі. Диагнозды қойыңыз://

бронхит//

+пневмония//

плеврит//

альвеолит//

бронхиальды демікпе

***

Қыз бала 8 жаста. Шағымдары: таңертеңгі жөтелдің «ауыз толтырып» қақырық шығуы, күні бойы – «жөтелдеу», тез шаршағыштық, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, физикалық жүктеме кезінде ентікпе. Саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары сағат әйнегіндей. ТЖ 40 рет/мин. Оң жағында жауырын асты аймағында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі, форсирленген тыныс кезінде – ысқырықты сырылдар. Болжамды диагноз – «Бронхоэктаздық ауру». Осы ауруды нақтылау үшін қандай әдіс қолданылады?//

рентгенография//

+компьютерлік томография//

пикфлоуметрия//

спирография//

бронхоскопия

***

Қыз бала 9 жаста. Шағымдары: таңертеңгі жөтелдің «ауыз толтырып» қақырық шығуы, күні бойы – «жөтелдеу», тез шаршағыштық, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, физикалық жүктеме кезінде ентікпе. Саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары сағат әйнегіндей. ТЖ 40 рет/мин. Оң жағында жауырын асты аймағында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі, форсирленген тыныс кезінде – ысқырықты сырылдар. Болжамды диагноз – «Бронхоэктаздық ауру». Осы ауруды нақтылау үшін қандай әдіс қолданылады?//

рентгенография//

+компьютерлік томография//

пикфлоуметрия//

спирография//

бронхоскопия

 

***

Бала 9 жаста. Шағымдары: таңертең жасыл түсті қақырықтың шығуымен жүретін жөтел, күні бойы – сирек жөтел, бірақ әрдайым сары немесе жасыл түсті қақырық бөлінеді, тез шаршағыштық, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, физикалық жүктеме кезінде ентікпе. Тамақтануы нашар, тері жабындысы бозғылт, саусақтары «барабан таяқшасы», тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. ТЖ 43 рет/мин. Оң жақ жауырын асты бөлігінде әлсіреген тыныс фонында әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, көбінесе ұсақ көпіршікті, және (трескучий) құрғақ сырылдар естіледі. Форсирленген тыныс кезінде ысқырықты сырылдар естіледі. Осы патологиялық процесті басатын оптималды дәрілік затты таңдаңыз://

+аугментин//

ацетилцистеин//

беродуал//

эуфиллин//

рибомунил

 

***

Бала 10 жаста. Ерте жастан респираторлық аурулармен көп ауырады. Жиірек – «оң өкпенің ортаңғы бөлігінің пневмониясымен». Салмағы – 24 кг. Шағымдары: дене қызуы, әлсіздік, шаршағыштықтың жоғарылауы. Тері жамылғысы бозғылт, ауру өршуінде акроцианоз байқалады. Саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Кеуде торы деформацияланған, ассимметриялық. Оң жақ бөлігі тыныс алудан қалып қояды. ТЖ 40 рет/мин. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде өкпелік дыбыс қысқарған, әлсіреген тыныс фонында әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Созылмалы гипоксияның көрінісін беретін симптоматиканы көрсетіңіз://

тамақтанудың нашарлауы//

тері жабындыларының бозаруы//

шаршағыштықтың жоғарылауы//

кеуде торының деформациясы//

+саусақтарының «барабан таяқшалары» тәрізді болуы

 

***

Бала 3 жаста. Бронхиалды обструкциямен өтетін респираторлы аурулармен емшек жасынан бастап ауырады. Созылыңқы пневмония бойынша көп рет ем қабылдаған. Емнен кейін көп уақытқа дейін қақырық бөлінуінің қиындауымен жүретін жөтел сақталады. Аллерголог консультациясынан кейін қабынуға қарсы терапия– ұзақ уақыт пульмикорт ингаляциясын қабылдады. Препараттың әсері қысқауақытты және толық емес болды. Тексеру барысында бала көп жөтеледі, қақырығы жабысқақ. Оң жақ жауырын асты аймағында әлсіреген тыныс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Форсирленген тыныста – ысқырықты сырылдар. IgE деңгейі 40 UI|ml, балалар фадиатопы теріс, кеуде торы рентгенограммасында: S4 деңгейінде өкпе тінінде ұяшықтық сурет, қақырық анализі – жасыл түсті, жабысқақ, эпителий 6-7 к/а, лейкоциттер 10-20 к/а. Оптималды муколитикалық препаратты тағайындаңыз://

амброксола гидрохлорид//

бромгексина гидрохлорид//

аскорилэкспекторант//

+флуимуцил антибиотик//

карбоцистеин

 

***

Бала 5 жаста. Анамнезінде: көп ретті пневмониямен ауырған, әрдайым ылғалды жөтел. Пульмонолог консультациясына жүгінді. Жөтел жиі таңертеңгілік уақытта жасыл түсті қақырық шығуымен, күні бойы – сирек жөтел, бірақ үнемі. Тез шаршағыштық, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, физикалық жүктеме кезінде ентікпе. Тамақтануы нашар, тері жабындысы бозғылт. ТЖ 40 рет/мин. Оң жақ жауырын асты аймағында әлсіреген тыныс фонында әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, көбінесе ұсақ көпіршікті, және құрғақ сырылдар естіледі. Анасының айтуы бойынша өң жақ өкпесінде ылғи, бала сау болған кезде де, сырылдар естіледі. Лабораториялық және инструментарлық зерттеу жүргізілді. Қақырықтың бактериологиялық анализ қорытындысы бойынша осы ауру этиологиясын анықтаңыз://

+haemophilus influenza//

staphylococcus aureus//

klebsiella pneumonia//

pseudomonas aeruginosa//

enterobacteriaceae

***

10 жасар қыз бала. Таңғы уақытта көп мөлшерлі сары және жасыл түстес қақырықты жөтелге шағымдалды. Тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, тәбеті төмендеуіне, физикалық жүктеме кезінде ентігудің пайда болуына шағымданады. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары сағат әйнегі тәріздес екеніне мән берді . ТАЖ мин 20 рет. Оң жақ жауырын асты аймағында тыныстың әлсіреуінде құрғақ және ылғалды орта және ұсақкөпіршікті сырылдар, тынысты кезінде – ысқырықты сырыл естіледі. Кеуде қуысының рентгенограммасында: өкпе тінінің S8 де ұяшықты (ячеистый рисунок) көрініс байқалды. Лабораторлы және инструменталды зерттеулер жүргізілді. Қақырықтың бактериологиялық анализі бойынша аурудың этиологиялық факторын анықтаңыз://

staphylococcus aureus//

+sterptococcus pneumonia//

klebsiella pneumonia//

pseudomonas aeruginosa//

enterobacteriaceae/

 

***

11 жасар қыз бала. 3 жасынан бастап участкелік дәрігер мен өкпенің созылмалы ауруы бойынша пульмонолог дәрігердің қарауында тұр. Таңғы уақытта көп мөлшерлі сары және жасыл түстес қақырықты жөтелге шағымдалды. Тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, тәбеті төмендеуіне, физикалық жүктеме кезінде ентігудің пайда болуына шағымданады. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары сағат әйнегі тәріздес екеніне мән берді . ТАЖ мин 40 рет .В Оң жақ жауырын асты аймағында тыныстың әлсіреуінде құрғақ және ылғалды орта және ұсақкөпіршікті сырылдар, тынысты кезінде – ысқырықты сырыл естіледі. Осы жерде өкпе дыбысының қысқаруы байқалады. Кеуде қуысының рентгенограммасында: өкпе тінінің S8 де ұяшықты (ячеистый рисунок) көрініс байқалды. Лабораторлы және инструменталды зерттеулер жүргізілді. Қақырықтың бактериологиялық анализінің қорытындысы бойынша антибактериальды терапия тағайындалды. Оптимальды антибактериальды препаратты көрсет://

ампициллин//

+цефуроксим//

цефтазидим//

гентамицин//

левофлоксацин

 

***

12 жасар қыз бала. 2 жасынан бастап участкелік дәрігер мен өкпенің созылмалы ауруы бойынша пульмонолог дәрігердің қарауында тұр. Таңғы уақытта көп мөлшерлі сары және жасыл түстес қақырықты жөтелге шағымдалды. Тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, тәбеті төмендеуіне, физикалық жүктеме кезінде ентігудің пайда болуына шағымданады. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары сағат әйнегі тәріздес екеніне мән берды. ТАЖ мин 40 рет. Оң жақ жауырын асты аймағында тыныстың әлсіреуінде құрғақ және ылғалды орта және ұсақкөпіршікті сырылдар, тынысты кезінде – ысқырықты сырыл естіледі. Осы жерде өкпе дыбысының қысқаруы байқалады. Кеуде қуысының рентгенограммасында: сол жақ өкпе тінінің базальді бөлігінде ұяшықты (ячеистый рисунок) көрініс байқалды. Лабораторлы және инструменталды зерттеулер жүргізілді. Қақырықтың бактериологиялық анализі бойынша (Moraxella cataralis) антибиотик тағайындаңыз://

ампициллин//

+амоксиклав//

меропенем//

гентамицин//

левофлоксацин

 

***

1 жасар ұл бала. Өмірінің алғашқы айларында бронхиальды обструкция симптомдарымен пневмонияға қарсы ем алған. Пневмонияға қарсы терапия кезінде ентігу және ысқырықты сырылдар ұзақ уақыт сақталған. Жиі ылғалды жөтел болды. Болжамды диагноз «бронхиалды демікпе», пульмонолог және аллерголог консультациясына жіберілді. Баланың тәбеті төмендеген, салмағы 7 кг. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы тежелген. Бозарған. ТАЖ мин 50 рет.Өкпенің барлық аймағы бойынша қатты тыныс, ылғалды әртүрлі калибрлі және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс. Іші желденген. Нәжісі ботқа тәріздес, майлы. Анасының айтуы бойынша нәжісінің өзгеруі антибактериальды терапияның салдарынан пайда болған дисбактериоз деп ойлайды. Болжамды диагнозыңызды қойыңыз://

созылмалы бронхит//

облитерациялық бронхиолит//

бронхиалды демікпе//

бронхоэктатикалық ауру//

+муковисцидоз

 

***

1 жас 6 айлық қыз бала. Өмірінің алғашқы айларында бронхиальды обструкция симптомдарымен пневмонияға қарсы ем алған. Пневмонияға қарсы терапия кезінде ентігу және ысқырықты сырылдар ұзақ уақыт сақталған. Жиі ылғалды жөтел болды. Аллерголог дәрігердің нұсқауы бойынша ұзақ уақыт ингаляция арқылы пульмикорт қабылдаған, әсері тиімсіз болған. Сәби пульмонолог консультациясына жіберілді. Баланың тәбеті төмендеген, салмағы 8 кг. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы тежелген. Бозарған. ТАЖ мин 50 рет.Өкпенің барлық аймағы бойынша қатты тыныс, ылғалды әртүрлі калибрлі және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс. Іші желденген. Нәжісі ботқа тәріздес, майлы. Осы ауру бойынша негізгі муколитикті тағайындаңыз://

амброксол//

бромгексин//

+пульмозим//

флуимуцил//

ацетилцистеин

 

***

5 жасар ұл бала. Муковисцидоздың өкпелік формасы бойынша ауырады. Тыныс алу акітісі кезінде қосымша бұлшықеттер қатысады, тыныс шығаруы ұзарған. ТАЖ мин 50 рет. Ысқырықты дистантты тыныс. Жиі қақырықсыз жөтел. Өкпенің барлық аймағы бойынша қатты тыныс, ылғалды әртүрлі калибрлі және құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Перкуссия барысынды – қораптқы дыбыс естіледі. Оптимальды бронхдилятациялық препаратты тағайындаңыз://

сальбутамол//

+сальметерол//

вентолин//

беродуал//

атровент

 

***

1 жасар қыз бала. Өмірінің алғашқы айларында интоксикация және бронхиальды обструкция симптомдарымен пневмонияға қарсы ем алған. Пневмонияға қарсы терапия кезінде ентігу және ысқырықты сырылдар ұзақ уақыт сақталған. Жиі ылғалды жөтелмен сипатталады. Аллерголог дәрігердің нұсқауы бойынша ұзақ уақыт ингаляция арқылы пульмикорт қабылдаған, әсері тиімсіз болған. Сәби пульмонолог консультациясына жіберілді. Баланың тәбеті төмендеген, салмағы 8 кг. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы тежелген. Бозарған. ТАЖ мин 50 рет. Өкпенің барлық аймағы бойынша қатты тыныс, ылғалды әртүрлі калибрлі және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс. Іші желденген. Нәжісі ботқа тәріздес, майлы. Лабораторлы және инструментальды зерттеулер жүргізілді. Аурудың алтын стандартты диагностикасын анықтаңыз://

иммунореактивті трипсинді анықтау//

+тердегі хлорид деңгейін анықтау//

нәжістегі липидтерді анықтау//

эластаза 1 активтілігін анықтау//

нәжістегі трипсин активтілігін анықтау

 

***

1 жасар ұл бала. Өмірінің алғашқы айларында бронхиальды обструкция симптомдарымен пневмонияға қарсы ем алған. Пневмонияға қарсы терапия кезінде ентігу және ысқырықты сырылдар ұзақ уақыт сақталған. Жиі ылғалды жөтелмен сипатталады. Сәби пульмонолог консультациясына жіберілді. Баланың тәбеті төмендеген, салмағы 8 кг. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы тежелген. Бозарған. ТАЖ мин 50 рет. Өкпенің барлық аймағы бойынша қатты тыныс, ылғалды әртүрлі калибрлі және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс. Іші желденген. Нәжісі ботқа тәріздес, майлы. Лабораторлы және инструментальды зерттеулер жүргізілді ( IgI, IgA ға қан анализі, иммунограмма, копрограмма, кеуде қуысының КТ, тершеңдік тесті, эластазы 1 активтілігіне тест және т.б). Осы ауру бойынша алмастырушы терапияны тағайындаңыз//

урсосан//

+креон//

мезим-форте//

панкреатин//

фестал

 

***

6 жасар қыз бала. Ерте жастан бастап жиі оң өкпенің S8,10 локализациясы бойынша пневмония анықталған, осыған байланысты тереңдетілген зерттеме жүргізілді. «Спецификалық емес өкпенің созылмалы ауруы». Рентгенограммалық зерттеме бойынша: оң жақ өкпенің S8,10 күшеюі және бронхөкпелік суреттің деформациясы, сегменттер көлемінің кішіреюі анықталды. Кеуде сегменттеріне компьютерлі томография жүргізілді. Зерттеу барысындағы өзгерісті анықтаңыз://

S8,10 инфильтрация //

S8,10 эмфизема//

+S8,10 пневмофиброз//

S8,10 бронх стенозы//

S8,10 бронх ұлғаюы

 

***

1 жасар қыз бала. Анамнезінде ерте жастан жиі бронхиальді обструкциямен дене температурасы 38-39 С көтерілуімен және интоксикация симптомдарымен көрінеді. Сонымен қатар бірнеше рет пневмонияға қарсы ем қабылдаған. Балпда физикалық және жүйке-психикалық дамуы тежелген, тәбеті төмендеген. АІЖ жағынан мыналар мазалайды – жиі іштің кебуі болады, нәжісі үнемі балшық тәрізді және жағымсыз иісті, копрограммада- стеатория. Ішек дисбактериозына қарсы ем қабылдаған, бірақ емнің оң әсері уақытша ғана болған. Диагнозды нақтылау үшін, негізгі зерттеу әдістерін тағайындаңыз.//

қандағы IgE анықтау//

қандағы IgА анықтау//

қандағы электролиттерді анықтау//

+тер сұйықтығынан хлорды анықтау //

нәжістен гелмент жүмыртқаларын анықтау

 

***

Бала 4 жаста. Болжамды диагноз «Бронхоэктатикалық ауру». Бронхоскопиялық зерттеу кезінде іріңді эндобронхит табылған. Бронхтардың жуынды сулардына микроскопия жүргізілді, цитологиялық көріністерінде көрінеді://

+ нейтрофилдермен//

лимфоциттермен//

эозинофилдермен//

плазматикалық клеткалармен//

шарко-Лейдена кристаллдарымен

 

***

5 жасар қыз. Оң жақ сегменттік пневмония созылыңқы ағымды. Қабыну процесс көрінбейді.Ылғалды жөтел сақталады, қақырық жасыл түсті, локальді симптоматика. Бронхоскопиялық зерттеу жүргізілген. Іріңді эндобронхит көрінді. Бактериологиялық себу кезінде, бронхтардың жуынды сулардында- гемофильді таяқшалар көрінген. Оңтайлы антибактериальды препарат таңдаңыз//

ампициллин//

+амоксиклав//

цефтазидим//

гентамицин//

левофлоксацин

 

***

Қызға-2 жас. Шала туылған салмағы 1000 гр. Ұзақ уақыт ИВЛ және кислородотерапия қабылдаған, асқынуында бронхөкпелік дисплазия пайда болған. Осы кезеңде бронхиалды обструкция қайталанатын сипаты байқалады. Оңтайлы бронхолитикалық препаратты және оңтайлы енгізу тәсілін таңтаңыз//

аскорил сироп ауыз арқылы//

ипратропиума бромид – аэрозоль//

адреналин небулайзер арқылы//

+беродуал небулайзер арқылы//

эуфиллин тамшылатып

 

***

Қызға-1 жас. Шала туылған салмағы 1000 гр. Ұзақ уақыт ИВЛ және кислородотерапия қабылдаған, асқынуында бронхөкпелік дисплазия пайда болған. Осы кезеңде бронхиалды обструкция қайталанатын сипаты байқалады. ТЖ 44 в мин. Оңтайлы бронхолитикалық препаратты және оңтайлы енгізу тәсілін таңтаңыз//

ипрадол таблеткаауыз арқылы//

ипратропиума бромид – аэрозоль//

эуфиллин тамшылатып//

+беродуал небулайзер арқылы//

адреналин небулайзер арқылы

 

***

Бала 4 жаста. Балабақшаға барғаннан бастап (2 жастан) жиі жедел респираторлық аурулармен ауыра бастаған, анасының айтуынша –жиі пневмониямен. Амбулаторлық картасында: жыл сайын учаскелік дәрігердің қарауы бойынша 3-4 рет «жедел бронхит» диагнозы, ал 2 рет ек диагнозы, ал 2 рет «екі жақты пневмония» диагноздары қойылады.Аурудың кері даму процессі 2-3 аптаға созылады жөтел осы мерзім ағымында сақталады- басында құрғақ,ылғалды жөтел кезінде шырышты қақырықпен көрінеді. Дәрігердің қарауы кезінде тынысы қатты, құрғақ және ылғалды ірі –және орташа көпіршікті сырылдар. Перкуторлы өкпеде – анық өкпелік дыбыс. Ұсынылған пульмонологтың рентгенограммасында кеуде клеткасы органдары (4 рентгенограмма) – бронх-өкпе суреті күшейтілген. Компьютерлік томография өткізу кезінде кеуде органдарында ошақты және инфильтративті өзгерістер табылған жоқ, өкпе тінінің құрылымы бұзылмаған, бронхтар сегментарлы деңгейге дейін байқалады, бронхтардың саңылауы өзгермеген. Болжам диагнозын қойыңыз//

жіті қарапайым бронхит//

+рецидивті бронхит//

рецидивті обструктивті бронхит//

қарапайым созылмалыбронхит//

шырышты-іріңді созылмалы бронхит

 

***

Ұл бала 14 жаста. Созылмалы бронхитке ем қабылдайды. Асқынуы ауру ЖРВИ болды. Қақырықты бактериологиялық зерттеу кезінде – Sterptococcus pneumonia анықталды. Ем: гентамицин бұлшық етке, амброксол ауыз арқылы, ингаляция беродуалмен, эреспал ауыз арқылы, инфлюцид ауыз арқылы, постуральный дренаж, кеуде қуысын уқалау, емдік гимнастика. Қандай препарат осы жағдайда орынсыз болып табылады//

+гентамицин//

амброксол//

беродуал//

эреспал//

инфлюцид

 

***

Л бала 3 жаста. Педиатрға бронхтық обструкция көрінісімен шағымданған. Температура жоқ. Анасына симтоматика белгілері мысықпен ойыннан кейін байқалған. Бронхтық обструкция эпизоды балада бірнеше мәрте болған, диагноздар қойылған – пневмония, бронхит, обструктивті бронхит.

2 жасқа дейін атопиялық дерматит көрінген. Осы кезеңде байқалады құрғақ тері. Тынысы өкпеде қатаң, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуторлы – өкпелік дыбыс қорап тәрізді. Болжам диагнозын қойыңыз//

рецидивті бронхит//

рецидивті обструктивті бронхит//

созылмалы бронхит//

+бронх демікпесі//

аллергиялық альвеолит

 

***

Бала 5 жаста. Дәрігерге шағымданды- тыныс алудың ауырлауы, ұстама тәрізді жөтел. Анамнезінде көріністер, емшек жасында атопиялық дерматит; жиі респираторлық аурулар (бір жасқа дейін 7 рет), ентікпемен қоса жүреді, ұзақ құрғақ жөтелмен; анасы психикалық поллинозбен ауырады. Перкуссияда кеуде клеткасының барлық бөлігінде қорап түсі өкпелік дыбыс. Тыныс өкпеде қатаң, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Болжам диагнозын қойыңыз//

рецидивті бронхит//

рецидивті обструктивті бронхит//

созылмалы бронхит//

+бронх демікпесі//

аллергиялық альвеолит

 

***

2 жасар қыз бала. Алғашқы қойған диагнозы «бронхиалды демікпе». Осы жасқа дейін пневмония бойынша ем қабылдаған. Ауру асқынуы барасында экспираторлы ентікпе, ылғалды ұсақ-, ортакөпіршікті сырыл және аздаған құрғақ ысқырықты сырыл естілді. Пульмонологтың қарауы барысында созылмалы бронхөкпелік процесс анықталмады. Баладағы бронхобсруктивті синдром ерекшелігін түсіндіріңіз. Бұл келесі бронхиалды аппараттар еркешелігіне байланысты://

бронхиалды ағаш саңылауының жіңішкеруі//

бронх сіңір тіндерінің әлсіз жетілуі//

+бронх бұлшықет тіндерінің әлсіз жетілуі//

бронх шырышты қабатының әлсіз болуы//

цилиндрлік эпителий санының көп болуы

 

***

5 жасар бала. Шағымдары: тыныс алуының қиындауы, ұстамалы жөтел. Анамнезінде: еметін жасында атопиялық дерматит дамыған; ентікпемен, құрғақ қақырықсыз жөтелмен жүретін жиі респираторлық аурулармен (жылына 7 рет) ауырған; анасы поллинозбен ауырады. Қарау барысында дистантты ысқырықты тыныс естіледі. ТАЖ мин 40 рет. Кеуде қуысының перкуссиясында қорапты тыныс естіледі. Диагнозды анықтайтын зерттеу жұмысын жүргізіңіз://

жалпы қан анализі//

+IgE ге қан анализі//

кеуде қуысының рентгенографиясы//

пикфлоуметрия//

спирография

 

***

5 жасар ұл бала. Шағымдары: ентікпе, ысқырықты тыныс, физикалық және эмоционалды жүктеме кезінде жөтел. Бронхиальды обструкцияның алғашқы көрінісі – 3 жасында көрінген. Жедел респираторлы ауру кезінде бронхиалды обструкция(3 реттен аса) симптомы пайда болған. Дәрігерге қаралу алдында бронхиалды обструкция эпизоды пайда болды, және вентолинді тоқтатқанда бояғыш иіс пайда болды. Физикалық жүктеме кезінде бронхиалды обструкция симптомдары көрінді. ТАЖ-мин 28 рет.Өкпе перкуссия барысында – анық өкпелік дыбыс. Везикулярлы тынысы әлсіреген, өкпенің барлық аймағында құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Балаға диагнозды анықтайтын зерттеме жүргізіңіз://

иммуноглобулин А ға қан анализі//

+иммуноглобулин Е ға қан анализі//

иммуноглобулин G ға қан анализі//

иммуноглобулин М ға қан анализі//

иммунограммаға қан анализі

 

***

6 жасар ұл бала.Шағымдары: ентікпе, ысқырықты тыныс, физикалық және эмоционалды жүктеме кезінде жөтелБронхиальды обструкцияның алғашқы көрінісі – 4 жасында көрінген. Жедел респираторлы ауру кезінде бронхиалды обструкция(3 реттен аса) симптомы пайда болған. Дәрігерге қаралу алдында бронхиалды обструкция эпизоды пайда болды, және вентолинді тоқтатқанда бояғыш иіс пайда болды. Физикалық жүктеме кезінде бронхиалды обструкция симптомдары көрінді. ТАЖ-мин 26 рет. Жөтелі қақырықты, өнімі аз. Везикулярлы тынысы әлсіреген, өкпенің барлық аймағында құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Ем тағайындалды. Дәрігердің қателігін анықтаңыз://

пульмикортпен ингаляция//

беродуалмен ингаляция//

0,9% натрий хлоридімен ингаляция//

+минеральды сумен ингаляция//

амбробенемен ингаляция

 

***

Ерте жастағы балаларда бронхиалді демікпе асқынуының негізгі триггері://

физикалық жүктеме//

эмоциональді жүктеме//

+респираторлы инфекция//

дәрілік препараттар//

аэрохимикаттармен тыныс алу

 

***

8 жасар қыз бала. Бронхиальды демікпемен ауырады. Бронхиальды обструкциялы симптомдары күндізгі уақытта айына 1-2 рет, түнгі уақытта 1 рет. Пикфлоуметрия жүргізілді. Баланың тыныс шығаруының болжамды жылдамдығын анықтаңыз://

+80%//

75%//

70%//

65%//

60%

 

***

9 жасар ұл бала. Ерте жастан бронхиальды демікпемен ауырады. Бронхиальды обструкциялы симптомдары күндізгі уақытта аптасына 1 рет, түнгі уақытта айына 3 рет. Пикфлоуметрия жүргізілді. Баланың тыныс шығаруының болжамды жылдамдығын анықтаңыз://

+80%//

75%//

70%//

65%//

60%

 

***

7 жасар ұл бала. Ерте жастан бронхиальды демікпемен ауырады. Бронхиальды обструкциялы симптомдары күн сайын және түнгі уақытта жиі қайталанады. Сальбутамолды жиі пайдаланады. Постоянно пользуется сальбутамолом. Пикфлоуметрия жүргізілді. Баланың тыныс шығаруының болжамды жылдамдығын анықтаңыз://

80%//

75%//

70%//

65%//

+60%

 

***

Балаға 1 жас 3 ай. Жиі жіті респираторлық аурулармен ауырады, үнемі ентігу, ысқырықты тыныспен байқалады. Бірнеше рет тағайындалғанын антибактериальды терапия тағайындалған, бірақ нәтиже болмады. Оң әсер вентолина небулайзер арқылы қолданғанда байқалды. Әжесі бронх демікпесімен зардап шегеді, анасында – маусымдық аллергиялық ринит. Базистік препарат тағайындаңыз://+пульмикорт//

преднизолон//

беродуал//

сальбутамол//

цетиризин

 

***

Балаға 1 жас 8 ай. . Жиі жіті респираторлық аурулармен ауырады, үнемі ентігу, ысқырықты тыныспен байқалады.Бірнеше рет "Бронхообструктивті синдроммен асқынған, екі жақты пневмония", диагнозы қойылды. Іс жүзінде үнемі бактерияға қарсы препараттар, бронхоспазмолитиктер, муколитиктер, антигистаминді дәрілер тағайындалған. Тексеру кезінде анықталды: жалпы иммуноглобулин Е 323,90 IU/ml (0.00-100.00); ЕСР 18.70 ug/l (0.00-7.10), фадиотоп ересек – оң, фадиотоп балалар үшін – оң. Кезекті асқынған аурулар кезінде учаскелік дәрігер ем тағайындады. Орынсыз болып табылатын келесі препарат://

+амоксициллин//

пульмикорт//

монтелукаст//

беродуал//

амбробене

 

***

Бала 10 жаста. Ерте жастағы бронх демікпесімен зардап шегеді. Бронхтық обструкция бірінші эпизоды, 5 айынды атопиялық дерматит фонында пайда болды. Кейіннен бронхообструктивты синдром фонында ЖРВИ пайда болды. Қазіргі уақытта асқыну аурулары темекі түтінмен, физикалық жүктемемен,ылғылды мекемеде өршиді. Кезінде асқыну аурулары кезінде сальбутамолды ингаляция арқылы алады, амбробене ауыз арқылы. Қабынуға қарсы терапия тағайындаңыз://

аспирин//

индометацин//

+серетид//

фенспирид//

преднизолон

 

***

Қыз, 1 жас 6 ай. Жиі жіті респираторлық аурулармен ауырады, үнемі ентігу, ысқырықты тыныспен байқалады , құрғақ сипаттағы ұстама тәрізді жөтел, әсіресе түнгі уақытта. Бірнеше рет жіті пневмонияға ем қабылдаған. Соңғы уақытта анасы қиындаған және ысқырықты тыныс алу толық денсаулық фонында болғанын атап өтті, дене жүктемесінде жөтел өршиді. Пульмонологта тексерілді. Анамнезінде анықталды қолайсыз тұқым қуалаушылық анықталды: әкесінде, оның туыстары мен анасында – поллиноз. Кеуде қуысына компьютерлік томография жүргізілді, жалпы қан анализі: лейкоциттер 10,13 х 109/л, Нв 126 г/л, нейтрофилдер 41,30 %, лимфоциттер 38,00%), моноциты 6,80 % эозинофилдер 13,60 % (0,50-7,00), ЭТЖ - 4,0 мм/сағ. Деңгейіне иммуноглобулин Е 124.10 UI/ml (0.00-60.00), фадиатоп балалар оң, фадиатоп ересек теріс, ЕСР 63.20 ug/l (0.00-7.10). Ауруларды емдеу үшін ең тиімді базистік препаратты таңдаңыз://

+будесонид//

фликсотид//

серетид//

циклезонид//

симбикорт

 

***

Гиперреактивті бронхтардың даму механизміндегі бронх демікпесінде жетекші рөл атқарады://

+бронхтардың Созылмалы қабынуы//

организмнің сенсибилизациясы//

тұқым қуалаушылық//

бронхтың шырышты қабатының ремоделденуі//

бронхтың лабильділігі

 

***

Ұл бала, 8 жаста. 5 жасынан бастап зардап шегеді маусымдық аллергиялық ринитпен зардап шегеді. Аллерголог және пульмонолог тексеруінде болды. Анамнезінде жиі жағдайларда қиындаған ысқырықты тыныс алу, түнгі уақытта ұстамалы сипаттағы жөтел, суық ауада жөтел қозады, темекі түтінімен, аэрозольді заттармен тұншығу (ауаны хош иістендіргіштер). Бұл аурудың негізгі диагностикалық әдісін анаықтаңыз//

иммуноглобулин Е-ге қан анализі//

қан анализі, фадиатоп ересектерге//

кеуде қуысы ренгенографиясы//

+бронхолитикалық пробамен спирография//

теріні аллергиялық тестілеу

 

***

Балалар бронх демікпесін емдеу кезінде ингаляциялы глюкокотикостериодтарды қоданғанда ең жиі асқыну болып табылады://

семіздік//

остеопороз//

гипертрихоз//

+кандидоз//

гипергликемия

***

Ұл бала, 6 жаста. Емшек жасында атопиялық дерматит көріністері көрінді. Анамнезінде жиі жағдайлары қиындаған ысқырықты тыныс алу, ұстамалы сипаттағы жөтел фонында дерматитпен асқынған, сондай-ақ респираторлық вирустық инфекциялармен өршіген. Әсіресе түнгі уақытта жөтел мазалайды, суық ауада қозады, темекі түтінімен, мысық жүнімен контакт. Нуждается в постоянном қолдану бронхоспазмолитиктерді қолдануды үнемі қажет етеді . Иммуноглобулин Е деңгейі 200.10 UI/ml (0.00-100.00), фадиатоп балалар оң, фадиатоп ересек оң, ЕСР 42 ug/l (0.00-7.10). Иммунопатологиялық процесс әсер ету мақсатындағы препаратты таңдаңыз//

серетид//

сингуляр//

+омализумаба//

цетиризин//

теофиллин

***

Ұл бала, 4 жаста. Балаға алғаш рет дәрігер пульмонолог диагноз қояды. " Бронх демікпесі, ұзақ сақталушы-орташа дәрежелі". Тексеру тағайындалды және аллерголог консультациясына жіберіледі.Базистік терапия ретінде ИГКС таңдалған - фликсотид 125 мкг күніне 2 рет спейсер арқылы. Осы препараттың ең аз қолданылу мерзімі құрайды://

1 ай//

+ 3 ай //

6 ай//

9 ай//

12 ай

 

***

4 айлық қыз баланың анасы келесі шағымдардыатады: баласындағы қорқақтық, тершеңдік, ұйықтап жатқанда селк етуді байқаған. Қарау кезінде: бас пішіні қалыпты, шүйдесі тақыр, үлкен еңбегі 2,5х2,5 см. шеті жұмсақ. Бұлшықет тонусы шамалы төмендеген. Ішкі ағзалар патологиясыз. Бала 2 айынан бастап D витаминін қабылдаған. Алдын ала қоятын диагнозыңыз://

+рахит І, бастапқы кезең, жедел ағымды//

рахит І, деңдеу кезеңі, жедел ағымды//

рахит ІІ, бастапқы кезең, жедел ағымды//

рахит ІІ, деңдеу кезеңі, жедел ағымды//

рахит ІІ, деңдеу кезеңі, жеделдеу ағымды

 

***

10 айлық қыз бала. Енжарлық, әлсіздік, адинамия, тәбеті болмауына шағымданады. Анамнезінен: жүктіліктің үш кезеңінің ІІ-ІІІ кезеңі гестозбен, плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуімен асқынған, бірінші жүктіліктен туылған. Туылғандағы салмағы 3500 гр. Объективті: бала енжар, тежелген, тәбеті төмендеген. Терісі айтарлықтай бозарған, тіннің және терінің тургоры төмендеген. Шырышты қабаты бозарған, құрғақ, тілі «жалтыраған». Жүрек тондары ырғақты, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры + 3,0 см. ЖҚА – Гемоглобин – 75 г/л, Эр - 2.1 х 1012 , микроцитоз - + + + , анизоцитоз + +, ретикулоциттер 8%, сегменттер – 24%, лимфоциттер – 55%, моноциттер – 10%, эозинофилдер – 3%. ЭТЖ – 3 мм/сағ. Алдын ала қоятын диагнозыңыз://

жеңіл дәрежелі теміртапшылық анемия//

+ орташа ауырлық дәрежелі теміртапшылық анемия//

ауыр дәрежелі теміртапшылық анемия//

гипопластикалық анемия//

гемолитикалық анемия

 

***

10 жасар қыз баланың анасы келесі шағымдарды: баласының майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астының кенеттен ауырып, ауру сезімі оң иығына таралатынына, жүрегі айнып, іші өтіп, іші кеуіп кететіне шағымданды. Дене қызуы 37,80 көтерілген, әлсіреп, басы ауырған. Қандай диагноз туралы ойлауға болады://

+созылмалы холецистит//

өт-тас ауруы//

өт жолдарының дискинезиясы//

12 елі ішектің ойық жарасы//

вирустық гепатит

 

***

5 айлық қыз бала, жасанды сүт қоспаларымен тамақтандырылады. Қарап тексергенде маңдай, шеке төмпешіктері айқын, қабырға таспихы, білезіктер анықталды. Бұлшықет тонусы төмен. Бауыры қабырға доғасынан +1,5 см шығыңқы. Осы балаға D дәруменінің қанша мөлшерін тағайындайсыз?//

1000 ХБ//

2000 ХБ//

+3000 ХБ//

4000 ХБ//

5000 ХБ

 

***

Дәрігерге 11айлық баласымен ана келді. Бала дүкеннен сатып алған ірімшікті жегеннен кейін дене қызуы 38С дейін көтеріліп, құсу пайда болған. Іші күніне 10 ретке дейін өткен. Нәжісі сұйық, сары түсті, шамалы кілегей араласқан. БДҰ жіктелуі бойынша диарея түрін анықтаңыз//

+секреторлы//

инвазивті//

осмотикалық//

гиперкинитикалық//

персистирленген

 

***

7 жасар қыз баланың анасы дәрігерге келесі шағымдарын айтты: баласының түнде тынысы тарылып, «ысқырықты» тыныстан оянып кетті. Қарап тексергенде қыз бала – тітіркенген, қолын тіреп отыр. Тыныс шығаруы қиындаған. Өкепесінде қорапты дыбыс, ысқырған, құрғақ сырылдар. Балада тағамдық және дәрілік Сіз алдын ала қандай диагноз қоясыз?//

жедел обструктивті бронхит//

пневмония//

+бронх демікпесі//

кеңірдекте бөгде заттың болуы//

кеңірдектің тарылуы

 

***

10 айлық балада ЖРВИ ауруы тұсында 3 күні жағдай нашарлап, шулы, қорылдаған тыныс түрінде ентікпе пайда болды. Аускультация кезінде – тыныс шығаруы ұзарған, ысқырған, ызылдаған сырылдар екі жағынан естіледі. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз?//

бронхиолит//

қарапайым бронхит//

+обструктивті бронхит//

рецидивтенуші бронхит//

пневмония

 

***

4 жасар қыз баланың түнде тынысы тарылып, «ысқырықты» тыныстан оянып кетті. Қарап тексергенде қыз бала – тітіркенген, қолын тіреп отыр. Тыныс шығаруы қиындаған. Өкепесінде қорапты дыбыс, ысқырған, құрғақ сырылдар. Балада тағамдық және дәрілік Сіз алдын ала қандай диагноз қоясыз?//

жедел обструктивті бронхит//

пневмония//

+бронх демікпесі//

кеңірдекте бөгде заттың болуы//

кеңірдектің тарылуы

 

***

5 жасар қыз бала, суықтап қалған соң қынап үсті ауыратынына, жиі- жиі ауырсынумен, аз мөлшерде несеп бөлу. ЖЗА: зәрдің түсі лайланған, белок- 0,1 г/л, лейкоциттер – көру аймағында 15-20, бактерурия. Алдын ала қоятын диагноз://

+жедел цистит//

жедел пиелонефрит//

жедел гломерулонефрит//

рефлюкс-нефропатия//

вульвовагинит

 

***

5 жасар қыз бала, суықтап қалған соң қынап үсті ауыратынына, жиі- жиі ауырсынумен, аз мөлшерде несеп бөлу. ЖЗА: зәрдің түсі лайланған, белок- 0,1 г/л, лейкоциттер – көру аймағында 15-20, бактерурия. Баланы емдеу тактикасы//

+антибиотиктермен емдеу//

фитотерапия қолдану//

глюкокортикостероидттармен емдеу//

несеп айдаушы препараттар қолдану//

қабынуға қарсы нестероидтты препараттармен емдеу

 

***

1 жастағы қыз баланың анасы : баланың дене қызуы 38,0 С. Жөтелі ұстама тәрізді қақырық қиын бөлінеді. экспираторлы түрдегі ентікпе. Өкпенің барлық аясында қатқыл тыныспен, құрғақ ысқырықты және ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпеде – қораптық өкпелік дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады?//

жедел пневмония//

жедел ларингит//

+обструктивті бронхит//

жедел бронхиолит//

бронх демікпесі

 

***

10 жасар ер бала. ЖРВИ фонында ысқырықты сырылдар мен қақырықсыз жиі жөтел пайда болды. Өкпенің аускультациясында тынысы әлсіреген, өкпенің барлық аясында ысқырықты сырылдар. Перкуссияда –қораптық дыбыс. Жоғарыдағыдай белгілер үй жағдайында мысық бар кезде және дене шынықтыру сабағында, тез жүгіргенде байқалады. Балаға алды ала қандай диагноз қюға болады://

обструктивті бронхит//

жедел пневмония//