Оқытудың соңғы нәтижесі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Фармакогнозия және химия кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пәні: «Дәрілік ресурстану»
Мамандығы: 5В110300 - «Фармация»
Оқу сағатының көлемі/
кредит - 90 (2 кредит)
Курс – 5
Семестр - 9
2016-2017 оқу жылы
Силлабус фармакогнозия және химия кафедрасында «Фармация» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды
Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама №12 10.06.2016 ж
Кафедра меңгерушісі
х.ғ.д., проф. Ә.Қ.Патсаев
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
1. Тоқсанбаева Жанат Сәдібековна, фарм.ғ.к., профессор м.а. – 70 ғылыми мақалалардың, 2 ҚР алдын ала патентінің, 1 оқулық, 3 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Электрондық адресі (e-mail) – toksanbaeva_zhanat@ mail.ru
2.Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна, фарм.ғ.к., профессор м.а. – 70 ғылыми мақалалардың, 1 ҚР алдын ала патентінің, 2 оқулық, 4 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Электрондық адресі (e-mail) – kulpan_ok@ mail.ru
1.8 Байланыс ақпараты:
- Кафедраның мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы, 1, ОҚМФА-ның бас ғимараты, 5 қабат, тел. 8-7252-530836 (ішкі – 340), электронды мекен-жайы (e-mail): halia_pak@mail.ru
1.9 Пәннің саясаты:
1. Сабақ кестесі бойынша барлық дәрістер мен зертханалық сабақтарға қатысу;
2. Сабақтарға кешікпеу;
3. Сабақта арнайы киімде болу (халат, калпак);
4. Сабақтарды жібермеу, сырқаттанған кезде анықтама әкелу;
5. Келмеген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытында өтеу;
6. Оқу үдерісінде белсенді қатысу;
7. Академияның ішкі ережелерін және тәртіпті сақтау;
8. Үй жұмыстарын және СӨЖ-ді уақытылы орындау;
9. Тапсырмалар орындалмаған кезде студенттің қорытынды бағасы төмендейді.
10. Оқытушылармен және курстас студенттер арасында жақсы қарым-қатынаста болу қажет.
11. Кафедраның мүліктеріне ұқыпты қарау.
12. Дәріске себепсіз қатыспаған кезде айып балдар енгізіледі. Әр қатыспаған дәріске жиналған балдан 0,66 балл алынады
13. СӨЖ уақтылы тапсырылмағаны үшін айып балдар енгізіледі – СӨЖ қорытынды бағасынан 1,33 балл алынады.
Бағдарлама
Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер ресурстануы - өсімдіктердің жабайы өсетін түрлерінің қорын, олардың таралуын, дайындауды ұйымдастыру сұрақтарын, олардың тиімділігі мен нақты бір дәрілік өсімдіктерді қорғауды зерттеуге арналған ботаника және фармакогнозия ғылымының бөлімі
2.2 Пәннің мақсаты:
Дәрілік өсімдіктер ресурстануын оқуда студенттерді медицинаға қажетті өсімдіктер әлемінің қорын жанжақты мобилизациялау, Қазақстан Республикасында шикізат алуға қолданылатын жаңа дәрілік өсімдік түрін оқып білуді қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
1. Студенттерді жабайы өсетін флора арасынан, тек препараттары терапевтік эффект және айқын фармакологиялық әсер көрсететін түрлерін анықтауға үйрету;
2. Медициналық тәжірибеге енгізу үшін ең перспективті дәрілік өсімдіктерді оқу және бірқатар мәселелерді шешу (өсімдіктің химиялық құрамын, ең маңызды биологиялық белсенді заттардың жинақталу динамикасын, сапалық және сандық құрамының орналасқан жері мен орта факторларына байланыстығын зерттеу);
3. Әрбір регион үшін дәрілік өсімдік қорын сандық бағалау, сонымен қатар кең таралған түрлерінің ірі массивін және дайындау нәтижесінде түрлерінің сиректеуі мен тапшы түрлерін анықтау;
4. Студенттерді дәрілік өсімдіктерді тауарлық – ресурстық зерттеуге үйрету;
5. Дәрілік өсімдік шикізаттарды нормалау мен стандарттауды оқып білу;
6. Ең жоғары әсер етуші заттар құрамының популяциясын анықтау мақсатында химиялық таксация жүргізу;
7.Дәрілік өсімдіктерді дайындаудан кейін қайта қалпына келтіру жылдамдығын оқу, сонымен қатар өндірістік дамыған региондарда дәрілік өсімдіктердің таза экологиялық қорын анықтау.
Оқытудың соңғы нәтижесі
Дублиндік дескрипторлар | ОҚМФА қабылдаған мамандық құзыреті | Пәнді оқытудың нәтижесі | (МЖББС) Концепция бойынша оқытудың нәтижесі | |
А | Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Дәрілік ресурстанудың міндеттерін және оның фармацевттің болашақтағы кәсіби қызметіне маңызын, дәрілік ресурстану саласындағы ғылыми зерттеулердің қазіргі таңдағы бағыттарын, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді білетіндігін демонстрация жасайды | Р22 |
Ресурстанудағы негізгі түсініктерді, жабайы өсетін флора арасынан препараттары терапевтік эффект және айқын фармакологиялық әсер көрсететін түрлерін анықтау әдістерін біледі | ||||
Әртүрлі өсу жерлері мен қоғамдастықтағы дәрілік өсімдіктерді сыртқы белгілеріне қарай анықтау, дәрілік өсімдіктердің қорын сандық бағаалау жүргізу және дайындаудан кейін қалпына келу жылдамдығын анықтау үдерісін біледі | ||||
Дәрілік өсімдіктерді өсіру және ресурсын анықтау тәсілдерін, номенклатурасын және жабайы өсетін және мәдени өсірілетін дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын білетіндігін демонстрация жасайды | ||||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | Қ Р Денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және басқа дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздерін және т.б. білетіндігін демонстрация жасайды. | |||
Дәрілік өсімдіктерді қорғау және тиімді пайдалану жөнінде мемлекеттік іс шаралар жүйесін, дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау, сертификаттау саласында жұмыс жасайтын мамандардың міндеттері мен құқықтарын, ДӨ және ДӨШ жұмыс жасаудағы техника қауіпсіздік ережесін білетіндігін демонстрация жасайды | ||||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Халық медицинасында қолданылатын Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің түрлерін анықтауды, өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің морфология – анатомомиялық құрылысын анықтауды, ресурстық зерттеу нәтижелерін талдауды, әдебиеттермен жұмыс жасауды білетіндігін демонстрация жасайды | |||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни түрде ойлау, креативтілік, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, басқа халықтың дәстүрін, мәдениетін мойындауды, қоғамның әлеуметтік дамуының беталысын, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес бағыт алуды білетіндігін демонстрация жасайды | |||
Командада жұмыс жасауды, өз көз қарасын дәлелдеуді, жаңа шешімдерді ұсынуды, ымыраға келуді, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілеуді білетіндігін демонстрация жасайды | ||||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Ресурстану саласындағы кәсіби қызметінде пайдаланатын техниканы және компъютерлік ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу жүргізу технологиясын және техникасын меңгергенін демонстрация жасайды | |||
Дәрілік ресурстану жөнінде интернет ресурсына (Medlife, SCOPUS, PubMed және т.б.) іздеу жүргізуді және деректерді өңдеуді білетіндігін демонстрация жасайды | ||||
В | Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Фитоценоздың геоботаникалық сипаттамасын, бағалы дәрілік өсімдіктерді гербариилеуді, сирек және құрып кетудың алдындағы өсімдіктерді қорғаудағы іс-шараларды жүргізеді | |
Ресурстанудағы негізгі түсініктерді, жабайы өсетін флора арасынан препараттары терапевтік эффект және айқын фармакологиялық әсер көрсететін түрлерін анықтайды | ||||
Әртүрлі өсу жерлері мен қоғамдастықтағы дәрілік өсімдіктерді сыртқы белгілерін, дәрілік өсімдіктердің қорын сандық бағаалау жүргізу және дайындаудан кейін қалпына келу жылдамдығын анықтау үдерісін меңгереді | ||||
Дәрілік өсімдік түрлерін тиімді пайдалануды және қорғауды, өсімдіктердің морфологиясы, систематикасы, экологиясы мен фитоценологиясы туралы алған білімдерін тәжірибе жүзінде пайдаланады | ||||
Систематикалық белгілеріне қарай пайдалы дәрілік және улы өсімдіктерді диагностикалайды, онтогенез үдерісіндегі өсімдіктердің жас ерекшеліктерін ажыратады | ||||
Өсімдік текті дәрілік шикізаттарды дайындау негізін, негізгі дайындау ұйымдарын және олардың қызметін, ДӨШ дайындау, қорғау және табиғи эксплуатациялық алқаптарда дәрілік өсімдік ресурстарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді | ||||
ДӨШ-ның мүмкін болатын дайындау көлемін және табиғи қорын анықтау үшін ресурстық зерттеу әдістерін, ДӨ-ді кәсіптік өндіру тәсілдерін меңгереді | ||||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және өсімдіктердің «Қызыл кітапқа» енгін сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған түрлерін реттейтін басқа нормативтік-техникалық құжаттарды ресурстану саласында пайдаланады | |||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын бақылау, сертификаттау, стандарттау, қолданыстағы талдау әдістерін жетілдіреді, бизнес-жоспарды құрастырады, дәрілік өсімдіктердің ресурсын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізеді | |||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни түрде ойлау, креативтілік, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, басқа халықтың дәстүрін, мәдениетін мойындайды, қоғамның әлеуметтік дамуының беталысын, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес бағыт алады | |||
Командада жұмыс жасауды, өз көз қарасын дәлелдеуді, жаңа шешімдерді ұсынуды, ымыраға келуді, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілеуді игереді | ||||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Фармацевтттерге және халыққа дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін интернет ресурсына, Medlife, SCOPUS, PubMed және басқа дерек базаларынан қажетті ақпараттарды іздеуді және фармакогнозия, фитохимия, фитотерапия, ДӨ ресурстануы бойынша деректерді өңдеу жүргізуді және оларды өзінің кәсіби қызметінде пайдаланады | |||
Халық медицинасында қолданылатын Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің түрлерін анықтауды, өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің морфология – анатомомиялық сипаттамасы жөнінде интернет ресурстарынан іздейді және өңдейді | ||||
Кәсіпкерлік құзыреті | Қажет кезінде ауруларға және дәрігерлерге фитотерапия, гомеопатия сұрақтары және өсімдік текті емдік заттарды, гомеопатиялық препараттарды және диеталық қоспаларды таңдау бойынша кеңес береді | |||
С | Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | · Дәрілік өсімдік шикізаттарын және өсімдік текті дәрілік заттарды қабылдау, стандартты жағдайға келтіру, талдауды, қайта өңдеу, сақтау, босату, ареалы шектеулі, Қызыл кітапқа енген, сонымен қатар шикізат көзі тапшы дәрілік өсімдіктерді зерттеу жүргізу жөнінде өз пікірін ұсыныс түрінде тұжырымдайды | |
· ТМД елдерінде интродуцияланған бұта және ағаш өсімдіктерін, дәстүрлі мәденилендірілген шетелдік өсімдіктер флорасының шикізат қорын, экспортталатын дәрілік өсімдіктер немесе тағамдық, витаминдік, жабайы өсімдік жемістерін және техникалық өсімдіктер қорын, көптонналы және тапшы дәрілік өсімдік шикізат түрлерін дайындауды ұйымдастыу үшін перспективті аудандарды анықтау, барлық ареал бойынша іздеу жөнінде білімін тұжырымдайды | ||||
Аудан, облыс, аймақ немесе республика территориясында өсетін дәрілік өсімдіктердің барлық негізгі түрлерінің қорын есепке алуды, ірі өндіретін массивтерді таксация жасау үшін үлгілерін жинауды және шикізат қорын анықтауды, қолданыстағы НТҚ сәйкес шикізаттарға химиялық таксация жүргізуді тұжырымдайды | ||||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңдарды, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және басқа дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздерін және т.б. біліп ситуациялық жағдайларды шешеді. | |||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Оқу тәжірибелерінің және талдаулардың нәтижесін бағалайды және интерпретациялайды, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді | |||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, басқа халықтың дәстүрін, мәдениетін, қоғамның әлеуметтік дамуының беталысын, ескере отырып әлеуметтік қақтығыстарды реттейді және алдын алады, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес тиісті бағыт алуды біледі | |||
Жұмыс үдерісін тиімді бағыттауды, командадағы жұмыстың барлық буынын оптималдауды және оның салдары, жалпы мақсат жетістіктерін жеделдетуді біледі | ||||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Ресурстану саласындағы кәсіби қызметінде пайдаланатын интернет ресурстарын тұжырымдайды және ақпараттарды тұжырымдайды | |||
Фармацевтттерге және халыққа дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін ақпараттарды негіздейді және дәйектейді | ||||
Кәсіпкерлік құзыреті | Өсімдік және жануар текті дәрілік шикізаттарды қолдануды және химиялық құрамы бойынша жіктеуді дәйектейді | |||
D | Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Өсімдік және жануар текті шикізаттар туралы жаңа және қосымша ақпараттарды жинауды жүргізеді | |
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және басқа дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздерін және т.б. жинайды және түсіндіруді жүзеге асырады | |||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын бақылау, сертификаттау, стандарттау, қолданыстағы талдау әдістерін жетілдіру, қорғау, мәдени түрде өсіру туралы жаңа ақпараттарды жинауды жүргізеді | |||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни түрде ойлау, креативтілік, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Ресурстану саласындағы жеке пікірлерін ұсынады, реферат, презентация, жоба түрінде безендіреді және тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірме мәжілістерінде, студенттік ғылыми конференцияларда және т.б. ұсынады | |||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Ресурстану саласындағы кәсіби қызметінде пайдаланатын ақпараттарды интернет ресурстары, Medlife, SCOPUS, PubMed базаларындағы және т.б. деректер көмегімен жинақтайды және түсіндіреді, | |||
Кәсіпкерлік құзыреті | Өсімдік және жануар текті дәрілік шикізаттардың номенклатурасы, жіктелуі, химиялық құрамы, және қолданылуы туралы мәліметтерді үздіксіз жанарту жүргізеді. | |||
E | Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Студенттерге /оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді | |
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни түрде ойлау, креативтілік, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Пациенттерге, дәрігерлерге дәрілік өсімдік шикізатарын дайындау, қолдану, сақтау, қорғау мәселелері бойынша кеңес беруде этиканы сақтайды | |||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және басқа дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздерін және т.б. білетіндігін көрсетеді. | |||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Көпшілік алдында дәрілік ресурстану саласындағы өз пікірін, ақпараттарды синтездеу және талдауларын көрсетумен баяндау дағдысын меңгереді | |||
Дәрілік ресурстану саласындағы ақпараттармен (оқу, анықтамалық, ғылыми) жұмыс жасау бойынша өз білімін, дағдыларын студенттерге айтып жеткізеді | ||||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Фармацевтттерге және халыққа дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін интернет ресурсына іздеу жүргізеді және деректерді өңдейді | |||
Кәсіпкерлік құзыреті | Дәрілік ресурстану саласында өзінің білімдерін жетілдіріп, басқаларын үйретеді. | |||
Әрі қарай өз бетінше оқуды жалғастыру қабілеттілігі | Фармакогнозиядан өндірістік тәжірибе, магистратура, үздіксіз кәсіби білім алу |
2.5 Реквизитке дейінгі: молекулярлы биология медициналық генетика негіздерімен, математика, биохимия, органикалық химия , ботаника, фармакогнозия негіздері
2.6 Реквизиттен кейінгі: фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармакология, фармакогнозия
2.7 Тақырыптық жоспар:әрбір сабақтың тақырыптары, формасы және ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік, оқытушының жетекшілігімен өз бетінше атқаратын, студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары)