Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер

рефлексивтік ойлаудың басым бөлігі мидың маңдай бөліктерінде өтетінді

Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтарымен байланыстырылған,
мидың артқы бөлімінің желке тұсындағы бөлігі; визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап беретін
самай бөліктері; ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін
жоғарғы бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.   қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың
маңдай бөліктерімен өзара байла- нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар. Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын  

Жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын (фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар аудару қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «жұмыс» жадысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «Жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді жадыдағы ақпаратпен «жұмыс істеу» мүмкіндігіне жол ашады. Басқаша айтқанда– ақпаратты белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық, есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады. Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін.

Білім беру үшін жадыны зерттеудің маңызы
Джон Саймонстың жақында Миды бұлшық еттермен салыстыру жиі кездеседі, өйткенi миды жаттықтырсаң,ол жұмыс істеуін жақсарта бастайды. Сіз де есіңізде сақтағыңыз келетін ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішіңізден) жаттықсаңыз, онда өзіңіздің жадыңызды жақсарта аласыз. Көптеген студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу,нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болды.
1. орын әдісі /Loci әдісі/ «алма» деген сөзді айтқанда Сiз қонақ бөлмеде диванда домалап жатқан алманы елестете аласыз.
2. «алып шығу тәжірибесі» тәсілі нақтылап оқу стратегиясы қолданылған қайта оқуға қарағанда, қайта тестілеу жақсы нәтиже беруі мүмкін
3. механикалық жаттау әдісі Көптеген студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу, нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болды
4. тиімді әдіс барлық жағдайда жадыда ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып, стратегиялық қолданыстарға сүйеніп есте сақтау
5. нақтылау әдісі «Дәрігер қорғаушыны жек көрді» немесе сөйлемдерді «Дәрігер нашар іс-тәжірибесіне қатысты талап-арызға байланысты қорғаушыны жек көрді»

Механикалық жаттау әдісі.

Зерттеулердiң бiрiне қатысушыларға сөздер тiзiмi беріліп, оларды белгілі бір уақыт ішінде дауыстап айту сұралады. Қатысушылардан айталаған сөздерді еске түсіруді сұрағанда,жадыда жатталған сөздердiң саны тiзiмнің неше рет оқылғандығына тiкелей байланысты

болатыны анықталды. Көптеген студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу,нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болдыСоған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға қарағанда,

«Нақтылайтын» өңдеу әдісі

жадыда ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып,стратегиялық қолданыстарға сүйеніп есте сақтау анағұрлым тиімдірек (тиімді әдіс) болып шықты. «Нақтылайтын» өңдеуКөптеген адамдар актерлер өз рөлдерiн механикалық қайталауды пайдаланып жаттайды деп есептейді, бірақ Хельга Нойс жүргізген (2006) зерттеу бұның олай емес екендігін көрсетті. Нойс сөздердің мағынасына және кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады. Осы ақпаратты сәйкес фактілер мен білімге қатысты қарастыратын «нақтылай» өңдеу («elaborative» processing) әдісі анағұрлым тиімдірек болып табылады. «Дәрігер қорғаушыны жек көрді») немесе нақтылайтын сөйлемдерді (мысалы, «Дәрігер нашар іс-тәжірибесіне қатысты талап-арызға байланысты қорғаушыны жек көрді») қолдана отырып жаттаған.

Мнемоника есте сақтауды жақсарту үшін Loci әдісі (орын әдісі) – есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс. Мысалы, «алма» деген сөзді айтқанда Сiз қонақ бөлмеде диванда домалап жатқан алманы елестете аласыз. Үйіңіздің барлық бөлмелерін қайтадан «аралап шығып», сөздердің барлық тізімін есіңізге түсіре аласыз. Loci әдiсін қолданушы адамдар зерттеуге берілген 50 сөздiң 90 пайызынанастамын бір рет оқып шыққаннан кейін есте сақтауға болатынын көрсеттi.

Америкалық жазушы және есте сақтау бойынша чемпион атанған Джошуа Фоер өзінің «Эйнштейнмен Айда серуендеу» кітабында Loci әдісінің анағұрлым айқын жолын ойын карталарын есте сақтау үшін қалай пайдаланғанын суреттейді. Бірнеше затты белгілі бір орынмен байланыстыруға мүмкіндік беретін Фоер әдісі оған 2006 жылы өткен АҚШ чемпионатын-да есте сақтау бойынша рекорд орнатуға көмектесті, мұнда ол 52 картаны 1 минут 40 секундтың ішінде есте сақтады. Loci сияқты әдiстерді біз кездесулерді, туған күндерді, маңызды тапсырмаларды және соған ұқсас мәселелерді оңай есте қалдыру үшін қолданамыз. Фоер мысалында көрсетілгендей,мнемониканың маңызы өте жарқын визуалды образдарды құру болып табылады. Алып шығу тәжірибесі

Жады мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг «алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдің артықшылықтары туралы білгендердің алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест), қайта жаттау (жаттау, жаттау, жаттау, тест) және қайта тестілеу (жаттау, тест, тест, тест). Бiрақ Тулвинг таңдалынған жаттау тәсіліне қарамастан,барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқады. Десек те, нақтылап оқу стратегиясы қолданылған қайта оқуға қарағанда, қайта тестілеу жақсы нәтиже беруі мүмкін. Америкалық психологтар Джефф Карпике және Роди Редигер шетел тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген. Олар оқу барысындағы қайта тестілеу бір аптадан кейін өткізілген емтиханда лексиканы 80%-ға дейін есте сақтауға және оны қайталап айтып беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайдаланылатындәстүрлі стратегиялар есте сақтаудың 30%-ға төмендеуін көрсеткендігін анықтады.

 

Алайда, қазіргі заманғы ғылым мен оны сабақта тікелей қолдану арасында іргесі ажыраған «құз-шыңырау» бар. Көптеген ғалымдар бұл аралықтағы бос кеңістікті жою әлі ерте деп дау тудыруы да мүмкін. Бұған қарамастан Кембридж университетінің Госвами және Саймонс сияқты зерттеушілері «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызуға» дайын.Оқудың ынталандырушы және аффекттік теорияларыбаса назар аудара отырып қарастырған. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге–өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды.

Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау

құралын жасап шығарды:

Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек
Болашағы болжанған және бірізділікке негізделген әлем қажеттілігіне орай қауіпсіздікке деген талап туындайды
Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-үшке, жетістіктер мен шеберлік,құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілет және әлеуеттік шамасын толық көрсете білу.

Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім берудің қисын мен интуиция,

зияткерлік пен сезімді қамтитыны туралы идеяны да өрбітті. Оның ойынша, оқудың сиапаттамасы төмендегідей:

• «Білім беру үдерісіне үлес қосатын сезіну және тану аспектілеріне қатысты жеке тұлғамен тұтастай алғанда өзара қарым-қатынас жасау қасиетіне ие.

• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан пайда болған күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.

• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.

• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.

• Оның мәнділігi – мағынасында. Мұндай білім беру орын алған жағдайда оқушы үшін

мағына элементі жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).

Қорытынды: «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және шынайы дүниенiң мәнмәтінінде шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде қабылданумен қатар, тұлғаның әлеуметтік мәнмәтіндер мен институционалдық құралдар аясындағы өткен және ағымдағы тәжірибесімен өзара қарым-қатынаста қалыптасқан әлеуметтік өнім ретінде қарастырылады.

Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық когнитивтік және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табылады

«мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын екi маңызды мотив бар, олар өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау Өзін-өзі сыйлау«мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне жатады. Ол екi компоненттен тұрады – жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын

және бағаланғанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде қабiлеттi және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиiмдiлiк компоненті (Bandura, 2001).