Мамандығы: жалпы медицина

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

 

СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НСҚАУЛАР

 

Мамандығы: жалпы медицина

Пәні: әлеуметтану

Қазақстан тарихы және саясаттану кафедрасы

Саясаттану, әлеуметтану, экономикалық теория курсы

№1 тақырыбы Әлеуметтану ғылым және оқу пәні ретінде

 

 

Құрастырушы: Садықова Л.К.

Қазақстан тарихы және саясаттану

кафедрасының оқытушысы

-----------------

Қол қою үшін

 

 

Семей 2008 ж.

 

1. Тақырып: Әлеуметтану ғылым және оқу пәні ретінде

2. Мақсаты:

Қоғамда күнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта-жігерді арттыру, келеңсіздіктерге апарып соғатын себептердің бірі – күрделі қоғамдық қатынастарға үстірт, жеңіл қарау, олардың мән-жайын терең түсінуден іргені аулақ салу, енжарлық, немқұрайлық сияқты қасиеттерден арылу үшін студенттердің ынтасын әлеуметтік мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сілтеу. Әлеуметтік ғылымның пайда болу генезисін түсіндіру; әлеуметтанудың зерттеу объектісін, пәнін, методологиялық негізін және қызметін қарастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

- әлеуметтану ғылымының қоғамдағы алатын орнын, маңызын түсіне білуі керек;

- студент әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін білуі тиіс;

- студент әлеуметтанудың ғылыми түсініктерін анықтай алуы тиіс;

- әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметін анықтай алуы тиіс.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі мен пәні.

2. Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.

3.Әлеуметтану ғылымының атқаратын қызметтері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Сабақ «шағын топтар» әдісі бойынша жүргізіліп, әр топ тьютордың жетекшілігімен семинар сабағының жоспардағы сұрақтары бойынша мазмұнына жауап береді. Әр сұрақты талқылап алғаннан соң, пікір-талас өткізілуі мүмкін. Сонымен қоса, семинар сабағында «Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні», «Әлеуметтанудың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі алатын орны» атты тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалады.

6. Әдебиет:

  1. Әбсаттаров Р., Дәкенов М, Социологияға кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 1999 ж.
  2. Социология: Учебник для вузов /Под ред. Прпоф. В.Н. Лавриненко. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 г.
  3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: курс лекций. М., 1997 г.
  4. Фролов С.С. Основы социологии. М., 1997 г.
  5. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология: краткий курс. М., 2002 г.
  6. Маркович Д. Общая социология. М., 1993 г.
  7. Мягков А.Ю. Социология: Основы общей теории. М., 2003 г.
  8. Гидденс Энтони. Социология. /При участии К. Бердсолл: Пер. с англ. Изд. 2-е, полностью перераб. и доп. М.: Едиториал УРСС, 2005.г.
  9. Булатова Д., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии. А., 2000г.
  10. Тұрғанбаев Ә.Х. Социология.- Алматы, 2008ж.

7. Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі қазіргі кездегі түсінігін анықтаңыз.

2. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні не?

3. Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістерін атаңыз?

4. Әлеуметтану қандай қызметтер атқарады?

5. Әлеуметтанудың неғұрлым маңызда категорияларын атап оларға анықтама беріңіз.

6. Әлеуметтану пәнінің құрылымы қандай?

7. Әлеуметтік түсінігі. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы.

 

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

 

СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Мамандығы: жалпы медицина

Пәні: әлеуметтану

Қазақстан тарихы және саясаттану кафедрасы

Саясаттану, әлеуметтану, экономикалық теория курсы

№2/3 тақырыбы Әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуы тарихы

 

Құрастырушы: Маркабаева А.М.

Қазақстан тарихы және саясаттану

кафедрасының оқытушысы

-----------------

Қол қою үшін

 

 

Семей 2008 ж.

 

1.Тақырып: Әлеуметтанудың қалыптасу және даму тарихы

2. Мақсаты:студенттердің әлеуметтанулық ойлардың негізгі бағыттары туралы білімін бекіту

3.Оқытудың міндеттері:

- студент ғылыми әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін білуі тиіс

- студент әлеуметтанулық ойлардың негізгі бағыттарын ажырата білуі тиіс

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы. Дамуының негізгі бағыттары.
  2. О.Конттың әлеуметтанулық теорияларының негізгі мәселелері
  3. Әлеуметтану ғылымының дамуыга үлес қосқан әлеуметтанушылардың теориялары

(Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер)

  1. Марксистік әлеуметтанулық теория
  2. Қазіргі заманғы батыс әлеуметтануы

5.Сабақ беру және оқыту әдістері:тәжірибиелік сабақ дәстүрлі әдіс бойынша оқытудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Ауызша жауаптан кейінтәжірибие сабағының жоспары бойынша студенттер жұптасып әлуеметтанулық ойлар тарихы бойынша кесте сызады, онда дәуір, әлеуметтанулық ой өкілдерін, олардың ойлары мен көзқарастарын қамтиды.

Ойшыл Шығармасының атауы Оның ойы мен көзқарасы (бағыты) Оның әлеум. Ғылымы дамуына қосқан үлесі
       

 

6.Әдебиетт:

1. Булатова А.Н. Курс лекции по социологии. А, 2000

3.Кравченко А.И. Социология . Справочное пособие. М, 1996

4.Лавриненко В.Н. Социология. М, 2007

5.Маркович Д. Общая социология. Ростов –на-Дону,1993Фролов С.С. Социология. М,1996

6.Социология. Уч. пособие. А,1997

7.Основы социологии. М,1993

8. Фролов С.С. Социология .М, 1997

 

7.Бақылау :сұрақтар:

  1. 19-20 ғ басындағы . Классикалық батыс әлеуметтануы өкілдерін атаңыз.
  2. О.Конт әлеуметтану ғылымының дамуына қандай үлес қосты?
  3. Г.Спенсердің қоғамның органикалық теориясының мазмұны неде?
  4. Э.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм теориясының мәні.
  5. М.Вебердің түсінушілік әлеуметтануының негізгі идеяларының мазмұны
  6. М.Вебер бойынша «әлеуметтік әрекеттердің түрлері »

 

  1. Марксистік әлеуметтанудың негізгі ережелері сіздің ойыңызша қазіргі жағдайда расталуда ма?