КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАМДАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАМДАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау негіздері ...........................5
1.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi ..10
2 «ФУДМАСТЕР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ.....................................................................17
2.1 «ФудМастер» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы..............................................17
2.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайына талдау..............................19
3. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БОЛЖАМДАУ МЕН ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ........................................................................26
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары ...................................................................26
3.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары..........37
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
Фудмастер» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және болжамдау
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қаржылық жағдай тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қаржылық болжамдау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын болжамдау болып табылады. Қаржылық болжамдау болжамдаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және болжамдау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау және алынған нәтижелерге сәйкес кәсіпорын қаржылық жағдайын нығайту жолдарын анықтау.
Көзделген мақсатқа сай келесі міндеттер қойылған:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының түсінігі және оның кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайларын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау;
- «Фудмастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту жолдарын іздестіру және қаржылық жағдайын ынталандыру бағыттарын анықтау.
- қаржы саласында алған білімімді қолдану;
- өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және
заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау
және оларды жою жолдарын ұсыну.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізі болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты және төлемқабілетті болса, онда ол несиені алу, инвестицияларды тарту, жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас кәсіпорындар алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым кәсіпорын тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы немесе кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БОЛЖАМДАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ