Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Зат және оның бөлігі. Бүтін мен бөлік»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Күні, айы, жылы: 19. 04. 2016 жыл

Мақсаты

Білімділік: «Бүтін және бөліктер» терминін енгізу, бөліктерден бүтінді құрастыруға, бүтінді бөліктерге бөлуге үйрену; бүтіннің тең бөліктерінің атауымен таныстыру; сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;

Дамытушылық: сөйлеу тілдерін және ойлауларын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық -Сендер аппликация жасауды жақсы көресіңдерме? Біз сендермен көптеген аппликациялар орындадық. Бүгін мен сендерге біздің аппликациялық жұмыс үшін бөлшектер дайындауды ұсынамын. Іс әрекетке деген құзығушылықтары пайда болады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Педагог балаларға түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршы, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыштар таратады. Содан соң тақтаға геометриялық фигуралардан құрастырылған аппликацияны іледі. -Аппликациядан не көріп тұрсыңдар? Қалпағы бар саңырауқұлақ құрастырылған фигураларды қалай атауға болады? Дөңгелекті бөліктерге бөлдік. Бұл бөлік жартысы деп аталады. Фигураны екіге бөлуді үйренеміз. Ол үшін дөңгелекті шеттері бір- біріне дәл келетіндей етіп ұқыптап бүктейміз. Олар сызық бойымен бүктеп қию үшін, қайшы беруге болады. -Бізде неше жарты пайда болды? -Егер біз әрбір жарты дөңгелекті тағы да екіге бүктейтін болсақ, онда ширек бөліктер пайда болады.     Дөңгелектерді ширек бөліктерге бөлуге уақыт беріп, көмектеседі. Содан соң бөліктерін көрсетіп, неше ширек бөлік шыққанын санайды. «Дөңгелек құрастыр» ойынын ойнауды ұсынуға болады. -Шаршыны жарты бөлікке (ширек бөлікке) бөліп көріңдер. Қалай дайындауға болатынын айтыңдар. Содан соң мысалы, мынадай түрдегі өрнекті партаға қоюды ұсынады: -Шаршыны екіге бөлгенде, қандай фигуралар шықты? (Екі кішкентай тіктөртбұрыш). Ал шаршының ширек бөліктері ше?(Олар да-шарлар,бірақ кішкентай). -Қане,жарты бөліктерінің тең екендігін тексеріп көрейік.Оларды бір-бірінің үстіне қойыңдар.Дұрыс,олар-фигураның тең бөліктері. -Жарты және ширек бөліктерден бүтін фигураны құрастырыңдар. -Фигураны тең емес бөліктерге бөлуге болады. Қарапайым геометриялық конструктор таратылып(суретті 5-6 бөлікке бөлуге болады ),фигураны (суретті)құрастыруды сұрайды.Тіктөртбұрышты тағы басқа бөліктерге бөлуге болады. Дәптердегі жұмыс бүтін және бөлек туралы түсініктерін бекітеді.Педагог сергіту сәтінен кейін,дәптерлерін ашып,№1 тапсырманың суреті бойынша әңгіме жүргізеді.Балалар дөңгелек,шаршының бөліктерінің атауын дауыстап айтады. Ары қарай №2 тапсырмадағы осы суреттің бөліктерін бояуды тапсырады. №3 тапсырма зейіндерін дамытуға арналған.Дөңгелектің бөлігін таңдап алу керек,бірақ алдымен ондағы өрнекке талдау жасап алған жөн. Аппликацияға талдау жүргізеді. Дөңгелектің, шаршының атауларын қайталайды. Практикалық жұмыс жұмыс жүргізіп, фигураларды тең екіге бүктейді. Содан соң 4-ке бүктейді, қияды. Өрнек құрастырады. Олардың бөліктерінен бүтін фигура құрастырады. Фигураны бөліктерге бөлуге, бөліктерден бүтін фигура құрастыруға болатындығы туралы қорытынды жасайды. Тең бөліктер бір -бірінің үстіне қойғанда, сәйкес келеді және өз (жарты, ширек).     Геометриялық конструктормен немесе бөліктерге бөлінген суретпен жұмыс істейді.   1-тапсырманы ауызша орындайды. 2-тапсырмадағы бөліктерді бояйды. 3-тапсырманы таңдап алады,алдымен оны көрсетіп,содан соң жапсырады.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: Педагог аплекацияға қайтадан оралады. -Енді біз осындай аппликацияны жасай аламыз. Ба?Олар қалай аталады? Оларды біз қандай фигуралардан алдық? -Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық? -Бүтін фигураларды қандай бөліктерге бөлуге болады?(Тең және тең емес бөліктер). -Фигураны оның бөліктерінен құрастыруға бола ма? Балалардың жұмысын мадақтап,бағалайды.   Аппликация бөліктерін атайды,оларға дөңгелектің жартысы,шаршының жартысы,дөңгелектің ширегі,шаршының ширегі деген атаулар береді.Бүтін фигураларды тең және тең емес бөліктерге бөлуге болатындығы туралы қорытынды жасайды.Бөліктерден бүтін құрастыруға болады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: бүтінді бөліктерге бөлуге,бөліктерден бүтін құрастыруға болатындығын;дөңгелек пен шаршыны тең екі және 4 бөлікке қалай бөлетіндігін;

Қандай түсініктерді игерді: кез келген бүтін фигурадан,заттан бөліктер алу,бөліктерден затты құрастыру туралы түсінікті;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дөңгелек пен шаршыны жарты және ширек бөліктерге бөлуді,бөліктерден фигура құрастыруды.