Дәріс. Төгінді суды пайдалану.
Төгінді су деп, өнеркәсіптің кір-қалдықтарымен ласталған, үй-тұрмыстық және мал қораларында пайдаланылып, төкпе кұбырларға /канализацияға/ түсетін жуынды суларды атайды.
Мұндай сулар құрамында әртүрлі пайдалы және зиянды элементтер мен химиялық қосылыстар көп болады. Пайдалы элементтер негізінен азот, фосфор, калий және басқа да өсімдікке қоректік маңызы бар заттардан тұрады. Қаладан шығатын төгінді судың әрбір текше метрінде шамамен 30-80 г азот, 5-16 г фосфор және 6-25 г калий болады. Сол себептен төгінді сулар егістікті ылғалмен, қоректік заттармен қамтамасыз етеді, бірақ олардың құрамында адам мен мал денсаулығына қауіпті ауыр металдар, бактериялар және органикалық қосылыстар кездеседі. Сондықтан, төгінді суларды, әсіресе өнеркәсіптік төгінді суларды, танапқа берер алдында, яғни егістікті суғарар алдында алдын-ала арнайы тазартулардан өткізу қажет.
Төгінді суларды химиялық құрамы мен суғаруға қаншалықты жарамды екеніне байланысты төмендегідей топтарға бөлуге болады:
Тұрмыстық төгінді (жуынды) сулар. Төгінді сулардың бұл тобына аурухана, асхана, монша және үйлерден төгінді құбырға келіп түсетін су жатады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті қоректік элементтермен коса (азот, фосфор, калий және т.б.), әртүрлі бактериялар және гельминт жұмыртқалары болады. Төгінді судың бұл түрінің химиялық құрамы хлорлы-сульфатты және бикарбонатты-сульфатты, еріген минералдық заттар концентрациясы 0,5-2 г/л, ал органикалық заттар мөлшері 200 г/л шамасында. Су құрамындағы натрий мен кальцийдің ара салмағы 1:2 қатынасындай. Бұл судың тағы бір артықшылығы - құрамында сода жоқ. Төгінді судың бұл тобын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғаруға кеңінен қолдануға болады.
Өнеркәсіптік төгінді сулар. Бұл сулардың химиялық құрамы негізінен өнеркәсіптік мекемелер технологиялары және қолданылған шикізаттар түріне байланысты.
Мысалы, мақта-мата комбинатының төгінді суларында сода мөлшері 200-300 г/л, химия өнеркәсібінен шыққан су құрамындағы еріген минералдық заттар мөлшері 5 г/л жетеді. Егін суғару үшін мақта-мата өндірісі төгінді суындағы соданы мүмкіндігінше азайту керек болса, химия өнеркәсібінен шыкқан су өздерінің құрамындағы минералдық заттар концентрациясын кемітуді қажетсінеді. Мұндай төгінді суларды пайдаланар алдында экологиялық мекемелерден рұқсат алынуы шарт.
Аралас (құрама) төгінді сулар. Бұл төгінді сулар тұрмыстық және өнеркәсіптік пайдалануда болған сулар коспасы болып табылады. Мұндай суларды қалалық төгінді су деп атайды. Төгінді судың бұл тобы да ауыл шаруашылығы дакылдарын суғаруға арнайы тазалаудан өткен соң, экологиялық мекемелер рұқсатымен пайдаланылады.
Мал шаруашылығы төгінді сулары. Бұл төгінді су мал фермалары пайдаланған сулардан тұрады. Олар өсімдікке қажетті қоректік заттарға өте бай келеді. Әсіресе, топырақ құнарлылығын арттыратын органикалық заттар жеткілікті болады. Көп жағдайда бұл су құрамындағы қоректік заттар концентрациясын азайтуға тура келеді. Ол үшін оған жай таза су қосады. Бұлардың құрамында да ауру қоздырғыш гельминттер болады. Сондықтан мал шаруашылығы төгінді суларын да егістік суғару үшін алдын-ала тазартудан өткізеді.
Төгінді суларды тазарту. Егістіктерді суғару үшін төгінді су механикалық және биологиялық тазартулардан өткізіледі.
Механикалық тазарту кезінде төгінді су арнайы тор көзді қалақша және құм ұстағыштар мен май сүзгіштер арқылы өтеді. Тор көзді қалақша көмегімен суда қалқып жүретін ірі заттар (кағаз, мата-шүберек) алынады. Құм ұстағыштардың негізгі міндеті ірі-ірі минералды бөлшектерді, яғни құм, қиыршықтарды ұстап қалу. Май сүзгіштер суда қалқып жүретін майдан арылтады. Арнайы шұңқырлар тұндырғыш қызметін атқарады. Бұл шұңқырлар арқылы судың кез-келген көлемі 1,5-2 сағатта өтуі шарт. Осы уақыт ішінде төгінді су өз құрамындағы болатын барлық май-қоқыстан, гельминт жұмыртқаларының 80-90%-ынан және бактериялардың 50-60%-ынан арылады. Сонымен қатар механикалық тазалау барысында төгінді судағы органикалық заттар мөлшері 40%-ға азаяды.
Осыдан кейін барып, су биологиялық тазартуға түседі. Тазартудың бұл түрі химиялық заттар қолдану арқылы табиғи, яғни арнайы танаптарда суды топыраққа сіңіру жолымен немесе биологиялық су қоймаларынан өткеру арқылы жүргізіледі.
Төгінді суларды арнайы танаптарға жіберіп топыраққа сіңдіреді, топырақ қабаты арқылы өткен су сүзіліп тазаланады да, төмендегі дренаж арқылы су қоймасына апарып жиналады. Биологиялық су қоймалары дегеніміз, бірінен кейін бірі орналасқан, құрамында 3-5-ке дейін, тереңдігі 0,5-1 метр болатын көлшіктер.
Берілген төгінді су бір көлшіктен екіншісіне ағып, құрамындағы зиянды заттарды тұнбаға түсіріп өте береді. Бұндай тазалауға 2-10 тәулікке дейін уакыт керек.
Төгінді су егін суғаруға мүлдем жарамсыз болғанда және қыс айларында оларды тазарту биологиялық қоймалар арқылы жүргізіледі. Мұндай қоймалар тотықтырғыш және жай су жинағыш коймалар болып бөлінеді.
Тотықтырғыш қоймалар тек жылдың жылы мезгілінде жұмыс істейді. Яғни, оларға егін суғаруға мүлдем жарамсыз суды құрамындағы гельминт жұмыртқаларынан арылту үшін жылдың жылы мезгілінде жинайды. Ал, су жинағыш қоймалар егін суғаруға жарамды, бірақ қыста ондай мақсатта пайдаланылмайтын төгінді суды келесі маусымға дейін жинап-сақтау үшін дайындалады. Мұндай қоймаларда болатын шіру үрдістерінің (су құрамындағы органикалық заттар шіриді) нәтижесінде жағымсыз иіс бөлінеді, сондықтан, оларды елді мекендерден едәуір қашықтықта орналастырады.
Тазаланған төгінді суды ауыл шаруашылық дақьшдарын суғаруға пайдалануға болады. Бүл жағдайда үш мәселе: кір судын алыска шығарылып, тазалануы; егінді суғарып, топырак ылғалдылыган арттыру; топыраққа көл мөлшерде минералдық, органикалык жөне бактериялык тыңайткыштар беру шешіледі.
Ауыл шаруашылық дақылдары төгінді сумен арнайы суғарылатын танаптарды суғармалы егішшлік танабы (СЕТ) деп атайды. СЕТ-ке келіп күйьшган су топыракқа сіңу барысында өз қүрамындағы бактериялардан және химиялық заттардан арылады. Төгінді сулармен суғарылатын танаптарға төмендегідей талаптар қойылады:
-мұндай танаптар мүқият тегістелуі қажет және елді мекеннен, құдықтардан және баска да су көздерінен кем дегенде 200 метр алыс болуы керек;
-жер асты сулары кем дегенде 3 метрден төмен орналасулары шарт;
-суғару тек топырак асты немесе қарық арқылы жүргізілгені жөн;
-судын танап сыртына қашып-шығуына жол берілмеуі керек;
-суғару режимі негізінен топырақтың су өткізгіштігіне байланыстырылуы қажет.
Осындай танаптарда санитарлық және гигиеналық талаптарға байланысты декоративті ағаштармен қоса, жем-шөп, сүрлем және техникалық дақьшдар өсірген жөн. Көкөністер ішінде тек баклажанды ғана аталған танаптарда өсіруге болады. Бірақ, оларды тамақкд пайдаланар алдында арнайы тазартудан өткізіп, әбден пісіру кажет. Баска көкөніс дақылдарын төгінді сумен суғаруға мүлдем болмайды.
Төгінді сумен суғарудың нормасы, яғни бір гектер танапқа берілетін төгінді су мөлшерін мына формуламен есептеп табуға болады:
М = П/ 10 К 5 ,м3 /га.
мұндағы: П - ауыл шаруашылығы дақылдары жоспарланған өнімімен топырактан алатын қоректік заттар мөлшері, кг/га; К -топырақтағы қоректік заттар пайдалану коэффициенті: азоттікі -0,6-0,7; фосфор және калийдікі -0,6; 8 -тазартылған төгінді судағы қоректік заттар ( РК) мөлшерлері, %.
Сонымен, маусымдық суғару нормасын қоректік заттардың әрқайсысы мөлшеріне сәйкес (РК) бөлек-бөлек анықтайды. Бұдан барып қай элементке тиісті норма аз болса, сол норманы қабылдайды. Содан кейін ауыл шаруашылығы дақылының жалпы маусымдық суғару нормасынан жаңағы норманы алады, шыкхан нәтиже, яғни айырмасы төгінді суға косуға кажетті таза су мөлшері болып табылады. Осылайша, жоспарланған өнімге жетіспей қалған қоректік заттар мөлшерін де тыңайткыш түрінде береді.
Мысалы: кұрамында азот -0,065%, фосфор -0,01% және калий -0,025% топырақта жүгері сүрлемі өнімін 60 т/га жеткізу жоспарланған. Бүл өніммен топырактан 300 кг/га азот, 60 кг/га фосфор және 180 кг/га калий алынады. Осыларды ескере отырып, тазартылған төгінді су және таза өзен суының бір гектарға берілетін мөлшерін анықтау керек.
Бір гектарға шаккандағы төгінді судың маусымдык нормаларына әр коректік элемент бойынша аныктаймыз:
азот бойынша М = 300/ 10 0,7 0,065/= 660 м3 /га;
фосфор бойынша М = 60/ 10 0,6 0,01 = 1000 м3 /га;
калий бойынша М - 180/ 10 0,6 0,025 - 1200 м3 /га.
Одан арғы есепттеулерге азот бойынша анықталған маусымдық норма алынады. Себебі, оның шамасы ең аз. Еғер фосфор немесе калий бойынша алсақ, онда топыракқа сумен бірге келетін азот мөлшері артык болады.
Сол себептен суғару нормасын азот бойынша аламыз да, жетіспеген фосфор (Р) мен калийді (К) тыңайтқыш беріп толықгырамыз. Олардың мөлшері былай анықталады: Р = (1000 -660)0,01 10 = 34 кг/га:
К = (1200-660)0,025 10 = 135кг/га;
Егер жүгерінің маусымдық суғару нормасы жалпы мөлшері 4500 м3 /га болса, төгінді суға косатын таза су мөлшерін былайша табады: М = 4500 -660 = 3840 мэ /га Төгінді сулармен суғарылатын егістік аумағы былай анықталады:
Ш=10\Ү 3 а/І (п/К),га
мұндағы: \Ү-төгінді судың жылдық мөлшері, м3 ; 5-төгінді су құрамындағы азот мөлшері, %; а -суғарылатын ауыспалы егістіктегі дақыл саны; п -әр дақыл өніміне қажетті азот мөлшері, кг/га; К -өсімдіктердің азот пайдалану коэффициенті жақсы болуы керек. Ол үшін жерді 30 см тереңдікке жыртады. Терең төгінді сулармен суғарылатын танап топырақтары ауа режимі өте қопсытқыштар көмегімен 35-45 см тереңдікте өңдеген өте пайдалы. Күзде суғарылған танаптарды көктемде 14-16 см тереңдікте қайта жыртқан жөн.
Сонымен, төгінді сумен суғарудың негізгі үш мақсаты болады:
-қоршаған ортаны әртүрлі төгінді сулармен ластануынан сақтау;
Ауыл шаруашылығы дакылдарын төгінді сулармен суғарғанда олардың өнімділігі 20-40% артып, өзен суын пайдалану 40-50% кемиді.
Төгінді сумен жаңбырлатып суғаруға болмайды. Экологиялық талаптарды ескере отырып, терең қарықтармен, топырақ асты қабаты арқылы суғару тәсілін қолдану дұрыс.