Тақырып . Суық және ыстық аймақтардағы экстремальды жағдайлар – 2 сағат

Дәріс жоспары:

1. Суық климатты аймақтардағы автономды тіршілік.

2. Арктикадағы автономды тіршілік.

3. Суық климатты аймақтарда байланыс жүйесін қалыптастыру.

4. Науқастардың алдын-алу.

5. Ыстық климатты аймақтардағы ТЖ.

6. Қоректену және азық-түлікпен қамтамассыз етілу.

7. Улы жәндіктер т.б. зақымданулардан сақтану.

 

Адам суық климаты аймақтарда өмір сүру үшін, әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүр. Полярлық теңіз саяхаттары «Челюскин» кемесінің Аритикада апатқа ұшырауы кезінде қандай қиындықтар болатынына дәлел. 13 ақпанда 1934 жылы мұз кұрсауында қалған экипажға кұрамында 10 әйел адам және 2 бала болып, кейін қатал климат жағдайынан құтылды. Капитан Шмидт басқарған экипаж табиғаттың қатал күшіне төтеп бере отырып асқан тәртіппен ұйымдасқан түрде 2 айдан астам уақыт жан сақтап, поляр ұшақтарынан көмек келгенше шыдаған.

Күшті бораннан адасқан адамдар материктік түндрада көптеген уақыт автономды өмір сүруге мәжбүр болады.

Мұндағы басты адам өміріне қауып төндіретін өте төменгі температура . суықты женуге, оған шыдауға және жан сақтау амалдарын жасамаған жағдайда адам өміріне қауіп төніп үсуге тіпті өлімге дейін әкеп соғуы мүмкін. Бәрімізге адам организміне суқтық өтуі немесе өтпеуі киімнің қалың және жұқа екендігіне байланысты екені мәлім . полярлық және суық климатты аймақтарда киілетін киім неғұрлым қалың болса, соғурлым суыққа шыдайды. Суық климатты жер бетінде киілетін киімдер сыртқа жылу жібермейтің және суық өткізбейтін материалдардан жасауы қажет. Бұндай киімдер адамды белгілі уақытқа дейін тондырмай бірқалыпты температураны ұстайды. Бірақ – ертеме кешпе бәрі бір суық организмді тоңдыра бастайды, себебі бұл организмнің суық температурада қаншалықта да болуына байланысты. Сондықтан апатка ұшыраған адамдар уақытша паналайтын баспаналар жасаулары керек. Баспана жасауға ең қолайлы зат қар себеіб оны жеңіл кесуге кыйуға болады. Сонымен бірге қар түйірлерінің пішінін өзгертіп әртүрлі ұзындықта баспана салуға дәлдестіріп кесіп алуға болады.

Ең суық климатты Арктикада қар қалындығы бар болғаны 25-90 бірақ күшті жел соғуының нәтижесінде кей кездерде қар жоталарының биіктігі 1,5-2 м дейін көтерледі. Бұл қар жоталарының тығыздығы сондай шынжыр табанды тракторға дейін көтере алады. Тығыз қардан пышақ немесе қол арасымен кесіп әр түрлі пішінде желден қорғайтын ықтасындар жасауға болады. Сонымен бірге суықтан сақтану үшін эксимостардын ине тәріздес жасалған лашығы пайдалануға болады. Уақытша баспананы жылыту, тамақ дайындау үшін шырақтар, май шам, кепкен спирт таблеткаларын тюлень, ақ аю майларын және құрғақ шөптерді пайдалануға болады.

Ең тиімді жылыту құралы ретінде май шамдары-пайдаланылады. Ол үшін консерва банкасының түбін тесіп одан бет орамалы немесе киім жыртындысынан жасалып, майға суарылған фильтер жасап жағуға болады. Май түйірін банка үстін қойғанда еріп баяу тамшылап төмен ағып шамның жақсы жануына мүмкіндік жасайды. Шамды қобдишадан, аптечка қорабынан тіпті майыстырылған темірге ортасына жанар май күйып бірнеше фильтр салып жағуға болады. Бір, екі мұндай шам қатты аяздарда да, баспана ішін жылыта алады.

Катал климатты жерлерде негізінен организмге суық өтіп әр түрлі аураларға әкеп соқтырады. Мұндай жеңіл аурулардан бастап, үсіп калуға тіпті қатып өлуге дейін болуы мүмкін. Баспанасыз жерде және жеңіл киіммен немесе жылыту көздері жок болған жағдайда суық температура мен қатты желде ұзақ уақытта болған жағдайда жалпы организмнің тоңыуына әкеп соғады. Бұл жағдайдың тез болуына шаршау, жеткіліксіз тамактану, қан кету себеп болады. Үсу процесінің 4 сатысы болады.

I- сатысында организмге суық өтпей тонған жағдайда, жылу бөлудің нашарлауы нәтижесінде денеде діріл пайда болады.

II- сатысында дене қызуы 35 °С дейін төмен түседі-бүлшық еттер де діріл пада болып, кейіннен жалпы әлсіздік білініп, тіл күрмеліп ойлау қаблеті баяулайды. Дене қызуы 32,2-30°С түскенде бұлшық еттер дірілі токтап катаяды. Тыныс алу және қан айналысы өз қалпында сақталады.

III- Сатыда дене температурасы 29°С дейін төмен түсіп зардап шегуші қоршаған орта мен уақытты бағдарлай алмайды. Тыныс алу баяулап, тамыр соғысы әлізденіп болар болмас қана сезіледі. Температура 26,6-25°С төмен түскенде, зардап шегуші есінен танады. Бірақ тез арада жылытып, көмек көрсеткен жағдайда барлық қауіп белгілері жойылады.

IV- Сатыда терен тыныс алу функциясы және бас миының орталық қан тамырлары жүйесінің жұмысы бұзылады. 24-23°С дене температурасында сінірлер рефлексі, ауырғандық сезім қызметі жойылады. Одан әрі дене температурасының 20-17 С төмен тұсуі орталық бас миының жұмысы біржола бұзүлуымен және өлімге әкеп соғуымен сипатталады.

VI- Дене температурасы 18 С дейін түскен адамдарды медицина тарихында аман алып қалған жағдай өте жиі болған. Бірақ әдебиетте дене температурасы 9 С дейін түскен әйелді құткарғандылығы айтылады.

VII- Ұсіген адамдарға көмек көрсеткен жағдайда, бірінші дәл сол уақытта қандай фактордың қауыпты екенін анықтау. Автономиялық өмір сұру жағдайында көмек көрсету кезінде қалайда бірінші кезекте зардап шегушіні жылыту. Орталық нерв жүйесіне кері әсер етуіне байланысты, казіргі уақытта көптеген мамандардың айтуынша әсіресе үшінші және төртінші ұсіну сатысында арақ беруге болмайды. Төменгі температурамен суық жел дененің ашық жерлерін үсіту себебі қан тамырларының жінішкеруіне байланысты тканьдерге коректік заттар жетпейді. Олардын өлуіне әкеп соқтырады. Бірінші сатыда тек тері қабаттары ағарып жаны кетеді. Одан кейін тері көгеріп, лай-қанды сүйық жиналған көпіршіктер пайда болады, бұл екінші үсу сатысы. Үшінші үсу сатысында тері қабаттарымен тереңдегі ткандер өледі..

Ал Арктика жерлерінде төменгі температурада организм көп мөлшерде су жоғалтады. Организнің көп мөлшерде суды қажет ету себебі, ауыр жұмыс істеу нәтижесінде, төменгі температура әсерінен және өте кұрғақ ауаны жүту кезінде өкпеге жету жолын ылғалдандыру үшін көп мөлшерде суйықтық жұмсалады.

Ішкі мүшелерге қан күйылуынын шамадан тыс артуы және бүйректердің суйықтықты сіңіруінің көбейуі не байланысты зәр шығару тәулігіне 15 ретке дейін кіші дәретке отырады. Жаз айларында Арктиканың биік аудандарында тущы су көзін табу қиындыққа түспейді, себебі мүз үстінде еріген қар суын кайнатпай, ешқандай химиялық өндеу жасамай ішуге болады. Ал түндрада жаз айларында су көздері өте көп бұлақ өзендер суын ішер алдында міндетті түрде қайнату қажет.

Шағын лашықты жылытуда май шамы әлде қайда тиімді. Оның құрылымы күрделі емес. Консервалық банкалардың үстіне шағын тесік жасайды, май еріп төменге ағады. Шамды сондай-ақ консервалық банкадан, қораптан немесе қарапайым жан жағы бітелген металл қағазынан жасайды. Мұндай шамның екеуі лашықта орташа температураны, ең қатты аязда да қамтамасыз етеді.Қосымша лашық ішінде тағам әзірлеуде оны жылытады.

Байланыс және сигнализация.

Төмен температура жалаңаш немесе жұқа киінген адамды тез тондыратыны белгілі. Дене температурасының бір қалыптылығы және әсірісі, оның “ядра”-сын сақтау үшін ағза арнаулы күзетуші механизмдерді іске қосады. Тері және терасты клетчатка, қан тамыры кішірейеді, бұлшық еттердің электрлік белсенділігі оның термолегуляторлы тонусы жоғарылайды, бәріне белгілі діріл дамиды. Дене өнімі 200-300, тіпті 450%-ке үлкейеді.

Егер адам “ауа райы” бойынша сәйкескиінсе, суық ағзаның энергия жұмсауына мүлде әсер етпейді, бірақ Арктикада, Антрактикада энергия кетіру байқалады.

Көп энергияның шығынды компенсациялауда арктикалық рациондар әрқашан жоғары калориялылығымен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта үсудің төрт сатысын айқындайды. 1-сатыда дене температурасы төмендемейді.

2-сатыда дене температурасы 35°С дейін төмендеген уақытта бұлшық еттерінің дірілі дамиды, кейін жалпы әлсіздік басып, сөйлеу қиындап, ойлауы баяулайды. 32,2-30°С кезінде діріл жойылады. Сондай-ақ, белсенді дем алу және қан айналу сақталады.

3-сатыда дене температурасы 29-27°С дейін төмендегенде, қошаған ортамен байланысы бірте бірте жойылумен және кеңістік пен уақытты бағдарлай алмауы мен сипатталады.

4-сатыда бас ми орталықтарының тамыры және тыныс алу әрекеттерінің терең бұзылуы дамиды. Дене температурасының 20-17°С дейін төмендеуі коллапстың, бас ми ауруына және ең соңында ағзаның өліміне әкеледі.

Төменгі температураның әсерінен әсіресе, жел кезінде ашық қалған дене мүшелері үсуі мүмкін, себебі ұлпаларға қан тасымалдайтын тамырлар тез қысқартылып олардың қоректенуі бұзылады. Шұғыл шаралар қолданылмаса, ұлпалар өліп кетуі мүмкін. Алғашқы сатыда тек терінің бозаруы және сезімталдылықтың жоғалуы ғана байқалады. Одан кейін тері көгере бастайды, қан сұйықтығына толы бөрткендер шыға бастайды (2-ші деңгей) бірінші сатыда көмек көрсеткенде баскиіммен, қолқаптың ішкі жағымен және т.б. жарақатталған бөлімді қызарғанша және ауырсынғанша зақымдалған ұлпаларда қан айналымды орнына келтіреді. Мұндай жерде қарды пайдалануға болмайды. Оның кристалладары үсіп кеткен теріні тез жарақаттап, инфекцияның түсуіне себепші болады. Қол-аяқ тонған кезде жәй ғана массаж жасай отырып, жылы сулы сабынмен жылытуға болады.

Ыстық кездегі төтенше жағдайлар. Ыстық көтерілу және оны емдеу жолдары. Организмнің қызуы дегеніміз жылу тепе-теңдігінің бұзылуы мен, организмдегі жылудың құрамының жоғарылауымен сипатталатын организмнің жай күйі. Организмнің қызуы қоршаған ортаның жоғарғы температурасының әсерінен пайда болады. Адам организмінің қызуы өндіріс орнында қоршаған орта температурасы жоғары болады. Қоршаған ортаның жоғарғы температуралы кезінде, организмнің қызуы бұлшықет жұмысы кезінде пайда болатын жылу өнімінің өсіміне әкеледі. Жасанды түрде болатын организмнің қызуы организмнің тұрақтылығын сақтау үшін кейбір ауруларды емдеу үшін қолданылады. Организмге әрекет ететін әртүрлі жылудың механизмдері де әртүрлі. Мысалы, конвекциондық және кондукциондық жылуы молекуладан молекулаға ауыса отырып, тканьдердің бетін қыздырады. Радиациялық жылу болса, адам мен жануардың тканіне терең енеді. Қоршаған орта температурасының жоғарылау нәтижесінде, радиация, кондукция, конвенция сияқты жылудың берілуі азаяды.

Ыстық климатта қоректену .

Шөл далада автономды өмір сүру жағдайына арналған тағамның авариялық рационы қандай болуы керек? Жоғарғы температура кезінде энергетикалық алмасудағы көмірсуларының маңызы өте зор. Тағамның құрамындағы көмірсулар адамның дене еңбегіне деген қабілетін арттырып, организмнің қызуын баяулатады. Ғалымдардың көрсеткеніндей ыстық климат жағдайында адам организміндегі аскарбин қышқылының мөлшері көп төмендейді екен. Ал ол үшін, яғни ыстық климат жағдайында жұмыс істейтін адамдар өздерінің күнделікті пайдаланатын витаминдерінің нормасын өсіруі керек. Шөл далаларды жылан, бақа, құрт, тасбақаны аулап жеуге болады. Мысалы, бақаның артқы аяқтарын, шегірткенің аяғын, жамбасын тамаққа қолдануға болады. Ал тасбақаның етін арнайы панцирьлерде дайындайды, оны ең басында ыстық суға 2-3 минут салып қояды.

Улы жәндіктердің шағып алуы: Шөл далада адам үшін қауіпті жәндіктер көп кездеседі. Бұл ең алдымен улы жыландар. Орта Азия шөл далаларында Гюрза деп аталатын ірі, ұзындығы 1,5 метрге жететін денесі толық, түр- түсі сол жер өңіне ұқсас жылан. Жаз айының соңғы кездерінде оны су тораптарының жанынан кездестіреге болады, ол ыстықтан қорғанып, ванна қабылдап жүреді. Кеміргіштерді аулаумен айналысады. Өйткені олар оның тамақ рационының құрамын құрайды. Ол өзінің өмір сүру образын түнде жүргізеді. Ал оған адам кездесе қалған жағдайда одан тығылып қалғандай болып, жиырылып алады. Ал оған көлденең жол бойында кезессек, жылан өзінің денесімен адамға атылып, оны өлімге апаратындай етіп шағып алады. Онтүстік Өзбекстан мен Тажікстанның онтүстік батысынан бастап, Каспий теңізінің шығыс жағалауына дейін Эфа деген жыланды кездестіруге болады. Ол Гюрзаға қарағанда кішірек, сарғыш және күңгірт түске ие, оның ерекше белгісі- басында крест тәрізді белгісі болады. Ал Орта Азиялық кобралар өте сирек кездеседі. Осындай жыландарға кездеспеу үшін, лагерьді тұрғызып, жасау кезінде мұқият болу керек, кемірушілердің інінен шығып келуі мүмкін. Жылан шағып алған кезде адамға дереу көмек көрсету керек. Тым болмаса организмдегі удың бір бөлігін алып тастау керек. Ол үшін әрбір жарақат крест тәрізді 0,5-1 см тереңдікке дейін тілінеді де уды ауызбен сорып алуға болады, немесе арнайы резиналы банкамен де аламыз. Кейін ол жарақатты марганец қышқылының ертіндісімен немесе сутегі тотығымен жуып, стерильді таңғышпен таңамыз. Жылан шаққан адамға тыныштық беріп, оған көбінесе шай, кофе немесе ыстық су берген жөн.

Сонымен бірге улы шаяндар да шағады. Адамның терісі қызарып, ткандері ісіп, адам қатты ауырады. Кейбір жағдайларда жалпы интоксикация процесі өрши түседі. 35-45 минуттан кейін жылан шағып алған соң, адамның тілі мен қызыл иектерінде шаншу тәрізді ауырады. Адамның жұту актісі бұзылып, температурасы жоғарылайды, жүрек айнып құса бастайды.

Ал шаянға қарсы сарысу болмаған кезде адамның жарақат алған жерін марганец калиийінің 2 проценттік ертіндісін ойып алағаннан, кейін жағады да, оған ыстық шай мен кофе береді.

Бірақ-та осындай улы жыландар мен улы шаяндардан да асып түсетін өрмекші тәрізді қара құрттар кездеседі. Оның уы жыланның уынан 15 есе күштірек болады. Бұл қарақұрт шағып алған жерде екі түрлі қып-қызыл нүктелер пайда болып кейін ол жоғалып кетеді, бір-ақ 10 минуттан кейін адамның бүкіл денесі ауыра бастайды, белі, іші кеудесі шаншиды. Адам күрт әлсірей бастайды, ол өлімнен қауіптеніп, қорқынышты бастан кешеді, маңдайынан суық тер шығады. Артерияльды қысым 200/100 мм рт.ст.- дейі жетеді, жүрек қызметі бұзылады, тамырдың соғуы баяулайды. Қарақұртқа қарсы 30-40 мл сарысуды адамның бұлшықеттерінің ішіне егу оң нәтиже береді. Ал ол жоқ болған кезде марганец калийінің 0,5 проценттік ертіндісінен таңғыш басады. Адамға су беріп оның қалтырап тоңуынан денесін жылытады.

Организмде жылу шектен тыс көп жиналғанда, жылу балансы тепе-теңдігі бұзылып, организмнің қызуына әкеп соғады. Организмнің қызуы қоршаған ортаған жоғарғы температурасы әсер еткенде, сондай-ақ денеде үнемі пайда болатын жылудың сыртқа шығу мүмкіндігінің кемуі нәтижесінде болуы мүмкін. Организмнің негізгі жылу шығару жолдарына дене қабаттарының және тыныс алу жолдарының уландыруы жатады.

Ыстық климатты аймақтармен жоғары температурада жұмыс процестері атқарылатын өндіріс орындарында, организмнің жылу бөлу тепе-теңдігін ұстап тұратын функциясының бұзылуы нәтижесінде организмнің қызуы мүмкін. Себебі бұл жағдайларда денеден сыртқа жылу бөлінбейді.

Қалыпты жағдайда организмдегі артық жылу бірнеше жолмен сыртқа шығады: 28% конвекциямен, 37% сәулеленумен, 11% өкпедегі сулардың булануынан, 4% ішке өткен қоректік заттармен ауаны жылыту үшін, 2% дененің қоршаған орта заттарына жанасуымен, 14% перспирация жолымен (дененің тері қабаттарының дем алуынан)38-39ºС дене қызуына организм артық жылуды тер арқылы ғана шығарады.

Сонымен бірге судың бір физикалық қасиеті жасырын булануы, 1г суды буландыру үшін 580 ккал жылу жұмсалады. Сондықтан дене қызуы жоғары көтерілген жағдайда, организмде су қоры болса организмнің қызу қаупі болмайды. Адамның салмағы жеңілдеп байқалмайтын персперация арқылы дене тікелей тері қабаттары арқылы шамамен 250-1700 гр су бөлігін шығарады.

Адам организмнің қызу қаупі төнген жағдайда жаңадан көптеген бездердің (олардың саны 2 млн-нан 5 млн) жандандырылуы байқалады. Егер қоршаған орта температурасы 37-38ºС болған жағдайда организмнің су жоғалтуы шамамен сағатына 1-2кг дейін көтеріледі. Ыстық күндері адам ауыр жұмыс істеген жағдайда 10-12 кг дейін сұйықтық жоғалтады. Шөлде автономиялық өмір сүрген жағдайдағы ыстық өту қаупін азайтуға болады. Ол үшін күннің ыстық уақытында ауыр жұмыс істеуді тоқтатып, қолдағы бар ауыз суын тиімді пайдаланып және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғану қажет. Организмге өтетін жылудың 72% күн сәулесі арқылы өтетіндіктен, жұпыны күн сәулесінен қорғайтын тент жабу арқылы күн сәулесін сағатына 72-114 ккал дейін азайтуға болады. Тентпен қорғанғанда ыстық құмнан денеге өтетін сағатына 100 ккал ыстықпен қорғайды.

Күн сәулесінен қорғану үшін, қолдағы бар материалдармен табиғи ерекшеліктерді жартас, ойлар, жыралар және бураларды пайдалануға болады. Немесе 0,5 – 0,8 м шұңқыр қазып, шеттері тастармен бастырылады. Шұңқыр үстіне жабылған мата бос болып, арасынан ауа кіретіндей болуы керек. Тамақ су қорын іздеу т.б. жұмыстар тек түнде немесе таң ата және кешкі салқындарда істеледі. Денеге тікелей күн сәулесі түспес үшін, тері қабаттарының ыстық ауадан күйіп қызбауы үшін сыртқы киідердің барлғын шешіп тастауға болмайды.

40º ыстықта соққан жел организмді суытпайды, керісінше конвективтік жылудың организмге өтуін ұлғайтады. Сондықтан киімін шешіп тастаған адамға, шешінбеген адамға қарағанда жеңіл сезілгенімен, терлеудің жиілеуі-не байланысты организм суықтық заттары көп мөлшерде жоғалтады.

Жалпы шөл далада құм бораны самум өте қауіпті. Боран басталар алдында тыныштық орнайды, жел сап басылады. Көк жиектен қара болар болмас бұлты пайда болып, әп сәтте аспанды жауып қара түнерген бұлтқа айналады.Мұндай құм борандары кезінде жан сақтау үшін ағаш, тас, т.б. биіктеу заттарды ықтап, басты кез келген мата немесе көйлекпен, ал мұрын мен ауыз қол орамалымен жабу керек. Әдетте құм борандары қысқа уақыт болады. Кей уақыттарда үздіксіз 2-3 тәулік соғуы мүмкін. Қалай да құм борандары кезінде, басылғанша жүруге болмайды.

 

Негізгі әдебиеттер [3-5, 11-13, 18]

Қосымша эдебиеттер:[34,37, 38