Тақырып. Мен және әлем

Дәріс жоспары (1 сағат)

1.Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану

7-тақырып????????

2.Адамдағы сұлулық сезімі. Оны құрудағы заңдары.

Негізгі эстетикалық категориялар

 

Қандай да болсын эстетикалық теория белгіті бір эстетикалық категориялар жүйесін құрмай тұрмайды. Тіпті сол категориялар жүйесі болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектігін танытады, іс жүзінде теория етеді. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі — сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.

 

Үйлесімділік

 

Үйлесімділік деп отырғанымыз — белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Сұлулық — материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды. Ал әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.

 

Сұлулықтың, ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық сынды, табиғи өлшемдерін эстетикалык түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. "Жылтырағанның бәрі әдемі емес" демекші, керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасынан жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін.

 

Ізгілік пен жылылықтан алыс сұлулық кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге мүлдем болмайды. Өмір мен өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып сұлулық, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені сұлулық үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек.

 

Қазақтар киелі әйел құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.

 

Асқақтық

 

Асқақтық — жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория. Осы игерілмеген, кейде шамадан тыс қатерлі күштердің алдында тұлға еріксіз болып кетеді. Егер сұлулық еркіндік саласына жатса, онда асқақтық адамның салыстырмалы тәуелділік аймағында қалып қояды. Бұл жағынан асқақтық әрекет етіп отырған объектінің қабылдаушы субъектіден басымдылығын білдіреді. Табиғаттың орасан зор пәрменді құбылыстары, тарихи төңкерістер, тұлғалардың жанқиярлығы, рухани немесе әлеуметтік ерліктері мен ауқымды шығармашылығы адамдағы асқақтықтың объективті бастауларына жатады.

 

Трагедиялық

 

Трагедиялық пен жоғарыда айтылған "tcamapcuc" ұғымы тығыз байланысты. Қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-касірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы.

 

Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Жалпы да кең мағынасында комедиялық деп Э.Кассирер ұғымында, өткенмен қоштасу түрін айтамыз. Комедиялық белгілі әлеуметтік құбылыстың, адамдар іс-әрекеті мен мінез-құлқының, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің алдыңғы қатарлы қоғам мұратына тарихи тұрғыдан сәйкес келмеуіне мысқыл түрінде көрінеді. Комедиялық жаңа мен ескінің, мазмұн мен форманың, мақсат пен оған жету жолдарының, іс-қимыл мен жағдайдың, адамның шынайы табиғаты мен оның өзі туралы пікірлерінің бір-біріне сәйкессіздігінен байқалуы мүмкін. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кездеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа жөне т.б.

 

Эстетикалық талғам

 

Эстетикалық талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын эстетикалық талғам деп көркемдік талғамды айтады. Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта, өнерде әсемдікті қабылдап, жасау қажеттілігін білдіреді. Керісінше, нашар эстетикалық талғам адамның шындыққа эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа балайды, ал кейде адамның сұрықсыз нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып-білуімен сипатталады. Дамыған эстетикалық талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Абай сұлудың сыртқы сұлулығын осылайша жыр әуезіне қосады. Қарасаң шынымен де адам тамсанатындай көз алдыңа ару елестейді.
Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар.

Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Абайдың да айтар ойы осымен ұласады. «Шу дегенде көрінер сұлу артық», - деп сақтандыра келе «Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей баға берме» - дейді.
Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ.
Ал енді осы сұлулық жайында айтылған халық сөзіне мақалына тоқталсақ. (оқушылар кезекпен тұрып мақал айтады).
«Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».
Көрініс.(оқушылар рөлінде)

Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да: - Айтып жіберіңізші Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?
Кісі (тоқтайды, күлімсірейді): - Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.
Екінші кісі: Сізге көп рахмет!
-Оу оның не қиындығы бар! (тағы күлімсірейді).
Міне, осы бір сәттен нені байқадыңдар, балалар?
Оқушылар жауабы: Бұл көріністе көптеген мәнді жайттар бар. Сіздің дауысыңызды естіп, қасыңыздан өтіп бара жатқан кісі мойын бұрып, тұра қалды да, сізге сұрақты көзбен жылы ұшырай қарады. Кісінің күлімсіреп жауап бергенінен екінші кісі де жылылық сезіп, ол адамның жақсы екендігіне көз жеткізгендей болды.
Мұғалім: Өте дұрыс. Демек, әлгі адамның бойында жақсы адамға тән ізгі қасиеттердің бар екендігін, адаммен қалай сөйлесу керектігін білетін тәрбиелі жан екенін байқадыңдар.

Эстетикалық көркемдік пен этикалық көркемдік етене байланысып, адамның әдептілік мұратын қуаттап тұр.
Әдептілік осы тұрғыдан адам баласының асыл мұраты ретінде ұлы шығыс поэзиясында қызықты әрі мол жырланады. Мысалы әлемге әйгілі «Ләйлі - Мәжнүн» ғашықтық дастанында екі ғазиз жастың кіршіксіз махаббаты әдептілік пен көркемдіктің біте қайнасқан бірлігі ретінде өте әсерлі бейнеленген. Шындығына келгенде әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Өкінішке орай бүгінгі таңда осы жағындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен, жалпы отбасы мен мектепте эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән берілмегендіктен ақсайтынымыз анық. Мәселен адамның киім киюінің өзі үлкен тәрбие екендігін аңғара бермейміз. Кейбір адамдар сұлулық деп әйтеуір сәнді, қымбат киім кигенді түсінетіндей. Кісінің киген киімі шаш қойысы мен тарасы, түр-түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Әйтпесе, адам жеке даралық, өзіндік келбетінен айырылып қалады. Кейбір қыздар мен ер балалар осы жағын ескермегендіктен жұрт көзіне ала бөтен оғаш көрініп немесе күлкіге ұшырап жүргендері де жоқ емес.

Әсіре сәншілдік, әсіре боянымпаз – сыланымпаздық сияқты, бойын күтпеу, олпы-солпы киіну, сақал-шашын, тырнағын уақытымен алып, таз ұстамау, аяқ киімінің бауын ұқыптап байлап, майлап, тазартып кимеу сияқты әдеттер де көркемдік тәрбиедегі кемістіктер болап табылады.
Мәселен Әл-Фараби былай деген екен: «Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады.... Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - десе қазақтың халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген – тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді.

М.Жұмабаев баланың бойында сұлулық сезімдерінінің дұрыс қалыптасуының маңызын: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауапсыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті»- деп тұжырымдады.