Тақырып. Заклепкалы қосылыстар және оларды есептеу.

Заклепканың бір жағы бастырмалы, екінші жағы жұмыр қалпақшасы бар стерженьді келеді, ал оның көмегімен қосылған қосылыстарды заклепкалы қосылыстар деп атайды. Заклепкалы қосылыстар 19 ғасырдың 30 жылдарынан бастап қолданылып келеді. Заклепкалы қосылыстар төмендегідей жағдайларда қолданылады:

1. Берік қосылыстар күйінде;

2. Тығыздаушы берік қосылыстар күйінде.

Тығыз берік қосылыстар қысыммен жұмыс істейтін кателдар мен трубаларда қолданылады,

заклепкалы қосылыстардың пісірілген қосылыстарға қарағанда артықшылықтары мынадай:

1. Айнымалы күштерді жақсы қабылдайды.

2. Заклепкалы қосылыстар неғұрлым сенімді.

Заклепкалы қосылыстар іс жүзінде жауапты және айнымалы соққы күштерін қабылдайтын

қосылыстарда қолданылады. Сондай-ақ кейбір түсті металл қортпаларынан жасалған бөлшектерді пісіру әдісімен қосқанда, олардың беріктілігі кемиді, сондықтан оларды заклепкалар арқылы қосады.

Заклепкалар екі түрлі қондырылады қалыңдығы 12 миллиметрден аспайтын бөлшектерде тесік (саңылау) арнаулы штамптармен дайындалады. Ал қалыңдығы 12 миллиметрден асатын бөлшектерде бұрғылау әдісімен жасалады. Заклепкалар автоматпен және қолмен отырғызылады. Көбінесе заклепкалар Ст. 2, Ст 3, Ст. 10 т.б. болат түрлерінен жасалады, сонымен қатар алюминийден, мыстан және жезден жасалатын заклепкалар да кездеседі.

Зеклепкалы немесе пісірілген қосылыстар көбінесе қиылып немесе жаншылып істен шығады. Сондықтан олар іс жүзінде ығысуға немесе сырғуға есептеліп жасалады. Заклепкалы қосылыс күштің әсерінен кесіле бастайды(28.1-сурет), сондықтан олар қиылу кернеулеріне есептелу қажет. Заклепкалы қосылыстарды есептеу кезінде, әсер етуші күш жіктегі барлық заклепкаларға бірдей таралған деп қарастырамыз. Пайда болатын кесілу кернеуі былайша анықталады:

28.1-сурет. Заклепкалы қосылыстарды есептеу.

Жоғарыдағы формуладан қажетті заклепкалар саны былайша анықталады:

Заклепкаларда қиылумен бірге олардың бүйір беттерінде жаншылу кернеулері пайда болады және олар былайша анықталады:

Мұндағы, заклепкалы қосылысқа әсер ететін күш, заклепка диаметрі, қосылған дене қалыңдығы, заклепка саны, кесілу кезіндегі мүмкін болатын кернеуі.

Екі жерден қиылатын заклепкалы қосылыстардағы қажетті заклепкалар санын мына теңдеуден анықтауға болады:

Іс жүзінде есептеу жоғарыдағы көрсетілген қиылу және жаншылу шарттарынан заклепкалар саны анықталады және оның жоғарғы мәні қабылданады. Көп қатарлы заклепкалар не шахмат тәрізді, не параллель қатарлар ретінде орналасады.

Берік заклепкаларды орналастырғанда олардың аралық қадамын дан көбірек алған жөн,

заклепка қадамы, заклепка диаметрі.

Заклепкалы қосылыстарды есептеудегі мүмкін кернеулер шамасы. Кесте-28.1

Бұзылу түрлері Заклепка қондырылатын тесік Материал
СтО, Ст2 Алюминий Қызыл мыс Ст3
Заклепканың кесілуі   Заклепканың жаншылуы   Қалпақшаның жұлынуы Негізгі бөлшектердің созылуы Бұрғылау Штамптау Бұрғылау Штамптау    

 

Заклепкалардың орташа диаметрі шамамен болған жөн, мұндағы қосылыс бөлшектерінің қалыңдығы.

Мүмкін кернеулер шамасы 28.1-кестеден заклепка материалына және оны қондыру техналогиясына тікелей байланысты алынады.

Егер қосылысқа айнымалы күштер әсер ететін болса, қосылған бөлшектердің мүмкін кернеуі коэффицентіне көбейту арқылы азайтылады. Орташа көміртекті болаттар үшін:

Мұнда, айнымалы күштің ең жоғарғы мәні, айнымалы күштің ең төменгі мәні.