Дәріс: Мұнай қабатын пайдалануды бақылау және пайдаланудың геологиялық құжаттары

Кей ұңғымаларды анық және жүйелі бақылау арқылы толық қабаттық бақылауға мүмкіндік береді. қабат параметрін анықтап алу үшін бақылау ұңғымаларын қабаты барынша толық орындауға болады.

Қабат қысымын тек қана бақылау ұңғымасы ғана емес, сонымен қатар айдау және пайдалану ұңғымаларында бір уақытта өлшенеді.

Барлау жұмысының комплексі, яғни қабат қысымымен пайдаланады. Бақылау арнайы графикке түсіріліп, өндіріс басқармасына жіберіледі.

Барлық көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде төмендегілерді анықтайды.

Әр түрлі андикаторлық карталардағы өнімділік коэффициенті;

Қабатты пьезометрлік пайдалану сызығы арқылы пьезоөткізгіштіктің таралуы;

Қабат қысымының қабат бойынша өзгерісін, изобара картасын тұрғызу;

Пайдалану уақытында су-мұнай жапсарының өзгеруін карталарға түсіру;

Өндірілетін мұнай және газдардың физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгерісі;

Қабаттың құбыр зонасындағы мұнай мен газдың құмды шаю мүмкін критикалық ағын жылдамдығы;

Қабаттық өтімділіктің өзгерісінің қабат қысымы мен индикаторлық диаграмма бойынша;

Сұйықты алу (немесе газды) және қабат қысымының өзгерісінің өзгеруін, қабаттап алудың рационалдық өзгерісін;

Алынған мұнай мен газдың және орнына алынған судың тепе-теңдігін;

Технологиялық режим – барлық ұңғымалардың технологиялық режимдері мен қабат мұнайын алу көрсеткіштерінің орта мөлшері есебінен алынады.

Бақылау тиімді болу үшін және пайдалануды өзгерт шараларын жүргізу үшін өнімділік коэффициентін көтеру үшін пайдалану графигін тұрғызады.

Суретте пайдалану графигінде тек кейбір өлшемдердің өзгерісінің қисық сызығы көрсетілген. Графикте уақыт бойынша ұңғыманың қысымының өзгеруі Р, болашақ мұнай қоры qm, жиналған мұнай қоры Qn, газ факторы G, ал қалған факторлар осы суретке сәйкес орындалады.

 

1-сурет. Қабаттық игерім графигі.

QЖ – өндірілген сұйықтың жиналуы;

QН – өндірілген мұнайдың жиналуы;

qН – сол уақытта өндірілген мұнай;

G – газ факторы;

w – барлық сұйықтағы судың проценттік мөлшері;

n – игерілген ұңғыманың саны;

QCP – бір ұңғыманың орташа тәуліктік мұнай өндіруі;

T – уақыт.

Бұл суретте айдау көрсетілсе су айдау мөлшерін көрсетуге болады.

Графиктік сурет арқылы қабаттың өзгерісін жеке қарастырғанда қабат функциясын жеңіл барлануын және өзара байланысын меңгеру қажет.

Жеке функциядағы ординатаның көрсетілімін анықтау үшін берілген абциссасы (мысалы, Т, уақыты) өзгерістік графиктің қатарын құрайды, сипатына байланысты өзара қысымы, кәдімгі өнімнің (1 және 3 нүкте), қысымы мен суммалық өнімі (1 және 2 нүкте), қарапайым өнім және газдық телпек (3 және 4 нүкте) және т.б. басқа нүктедегі қатар үшін (Т2, Т3 үшін т.б.) берілген қатынасты шешіп, қисық сызық тұрғызамыз.

Қабаттағы қысымды жеке қарастыру үшін изобар картасын тұрғызамыз. Құруды ұңғыманы талдап қабат қысымын есептеуде жүйелік өлшеу жүргізу, барлау қабаттан мәлімет алу үшін қолданылады. Карта изобарын құру алдында пьезометриялық ұңғымадағы қабат қысымын өлшеп және оның деңгейін анықтайды.

Газ факторының өзгерісін бақылауда өлшеу жолымен анықтап, ереже бойынша айына екіден кем емес және белгіленгеннен жоғары болған жағдайға сәйкес графикке тұрғызылады.

Газ-мұнай және мұнай-су жапсарының қозғалысын бақылау үшін ұңғыма бойынша газ факторларының картасын тұрғызады.

Аудан дебютінің өзгеру сипатына байланысты бастапқы, жай және мөлшерлік дебитті ұңғыма бойынша нүктелік қою жолымен ұңғыманы шеңберге орнатып ммасштаб бойынша алынған ауданда ұңғыма дебиті көрсетіледі.

Арнайы ұңғымада игеру процесі алынған бөлігінен кернді алу мұнайдың қалдық қорын анықтау үшін қолданылады.

Қабатқа ауаны айдау жақында игерілген ұңғымада өндірілген газдың имиялық құрамының өзгеруін бақылап, сыбағалы салмағын өлшеп, оның жылулық қабілетін және ауада оттегі мен азоттың сақталуы. Қабатқа суды айдау алдында игерілген ұңғымадан алынған су құрамын анықтап алады.

Бақылау алдында игерілген мұнайлы қабаттағы су-мұнайлы және газ-мұнайлы жапсардың қозғалуына байланысты, оған аса көңіл бөлу керек.

Сол ууақытта жапсардың орын ауыстыруын қадағалауда көп әдіс қодданылады. Онда бірінші кезекте нейтронды гамма каротаж қолданылады, одан жақсы мәлімет алынғаннан кейін газ-мұнай жапсарының кері айдауын анықтайды.

Көрсетлген әдіс көмегімен қойнауқатта және жеке игеру ұңғымаларында тотығу суының ағын таралуының сипатын анықтауға, сұйықтың сүзбелену және қойнауқаттан мұнайды ығыстыру ерекшеліктерін анықтауға, сонымен бірге игеру ұңғымаларына тотығу суының жергілікті жарып шығуын орнатуға болады.

Радиоактивтік индикаторлар әдісімен зерттеулерді жүзеге асыру т.б. ұңғымалардың өткізуін қажет етеді. Бірақ техникалық жағынан өңделген, бұрғыланғандардың ішінен тиісті ұңғымаларды таңдау керек. Қойнауқатта индикаторларды кіргізетін ұңғымалардың күйіне назар аудару керек.

Берілген зерттеулер мұнай кәсібінде кең қолдануға йод пен тритий жарамды болатынын көрсетеді. Олар өнімді қойнауқатты мұнайдың, судың қозғалысын қадағалауға жарамды. Йод қойнауқатта сұйық қозғалысының жоғары жылдамдығы белгілі болған жағдайда ғана немесе ұңғымалар арасын шамалары арақашықтықтарында қолданғандықтан тритий өте келелі болып келеді. зерттеу мерзімі 100 күннен артпау керек.

Әдетте өнімді қабатқа 2,6-4 м2 тритиймен тамбаланған, жалпы активтілігі 4,97-7,6 кюри суды айдайды. Қойауқаттағы сұйықтың қозғалысын зерттеуде радиоактивтік изотоптардың пайдалануының мұнайды өндіру процесінің бақылауда маңызы зор. Тек қана геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу әдістері коллектордан мұнайды ығыстыру сипаты және қойнаауқатта сұйықтың қозғалуы туралы толық мағлұмат бермейтіні белгілі.

Мұнай-су жапсарының жағдайын оқу кезіндегі жақсы нәтижелері шектеу бойлық зонада орналасқан байқағыш ұңғымаларда осы жапсардың жағдайының өзгеруін бақылайды. Қойнауқаттық қысым таралуы және олардың өзгеруінен берілген бақылаулар жапсар қозғалысын оқу кезінде маңызды көмек көрсетеді.

Игеру процесінің жан-жақты газдауы үшін толық геологиялық документациясын енгізу керек. Ол үшін игеруге жіберген уақыттан бастап барлық берілгендерді бекітеді: игеру объектісі, оны тесу тәсілі және өнімнің өзгеруі, судың пайда болу мерзімін, су сипатын және т.б.

Ол үшін кәсіптің геологиялық бөлімінің коллекторын бақылаушы және өндіруші мастерлерімен жасалынған, алашқы рапорттардың материалдары бойынша берілгендерді бекітетін ұңғыма құжатын енгізу керек.

Құжат ұңғымасының маңызды құжаты болып табылады, онда игерудің барлық берілгендері мұқият бекітіледі.

Әрбір ұңғыма үшін келесі берілгендердің нұсқауымен график енгізу пайдалы: мұнай өндіру, су өндіру, газдық фактор, қойнауқаттық қысым, түп қысым, аралық сұйықталу қысымы, құбыраралық кеңістіктегі қысым. Келтірілген берілгендердің негізінде қойнауқат игеру графигін жасайды, схемасы 58-суретте көрсетілген. Осыдан басқа ұңғыма жағдайының көрсетілуі арқылы қойнауқатты игерудің қазіргі жағдайына сәйкес шартты белгілер бойынша карта жасалынады.

Ұңғымалар мен қабатты зерттеудің мәліметтер бойынша ұңғымаларды игерудің тенологиялық режимін орнату.

Ұңғымаларды зерттеу нәтижесінде жеке ұңғымалардан және жалпы қойнауқаттан мұнайдың тиісті таңдауын орнатуға мүмкіндік туады. Ұңғыма жұмысының технологиялық режимін дұрыс орнату кәсіпте маңызды есеп болып табылады. Осы себепті шешу үшін геологиялық, техникалық және экономикалық тәртіптерін, талаптарын қолдану қажет.

Ұңғыманы игерудің технологиялық режимін орнату – сәйкес депрессия кезінде берілген өнімнің алынуын қамтамасыз ететін ұңғыманың өрлеу механизмінің жұмыс істеу параметрлерін таңдау дегенді білдіреді.

Ұңғыма өнімін зертеу кезінде әдетте келес эмпирикалық формуланы қолданады:

Q = k (pcn - рлаб)n

Pcn, рраб – қойнауқаттың (статикалық) және оқпандық қысым, атм; к – ұңғыманығ өнімділігінің коэффициенті, т/тәу*атм; n – сүзбелі режимін сипаттайтын дәреже көрсеткіші.

Келтірілген формуладан ұңғыманың максимальды өнімі рлаб = 0 болғанда алынады, егер ол үшін сәйкес геологиялық және техникалық шарттар бар болса. Мұндай өнім потенциалдық деп аталады. Птенциалдық өнімді алу үшін әрқашан түптік қысымды нөлге келтіру қажет емес, бірақ ұңғымаға мұнайдың максимальды келуін қамтамасыз ететін игеру шарттарын және түптік қысымды жасау қажет.

Потенциалдық өнімді көп жағдайда техникалық және геологиялық себептердің алуға мүмкін еместігін есте сақтау керек. Осыған байланысты сұйықтың қалыпты игеруін және қойнауқаттан мұнайды көп беруін қамтамасыз ету үшін көптеген ұңғымалардан сұйық алуға шек қою керек. Ол үшін ұңғымаларды таңдап алу нормасын орнатады.

Таңдап алу нормасын рационалдық игеру шарттары болатын және ұңғыма өнімділігін сипатымен қамтамасыз етілген ұңғыманың максимальды өнімі деп түсіну керек. Ұңғымалардың мүмкін болатын максимальды өнімдерін көрсететін таңдап алу нормалары, орнатылған құрал-жабдықтардың техникалық мүмкіндіктерін ескеретін және әр айға өндіру бригадасын орнататын, мұнайды өндірудің теникалық нормасымен айрықшаланады.

Әдетте әр ұңғыма үшін уақыт ойынша өзгере алатын, техникалық және геологиялық шарттарға байланысты, берілген шарттарды ұңғымада ең жақсы өнімі болып табылатын, мұнай өндірудің кейбір техникалық нормасын орнатады. Мұнай өндірудің техникалық нормасы ең жақсы өнім деп игеру құрал-жабдықтарын рационалды қолдану және игерудің рационалды талаптары орындалғанда ұңғымадан алуға болатын максимальды өнімді айтады.

Жеке ұңғымалар үшін таңдап алудың орнатылған нормалары тұрақты өлшемдер болып табылмайды, олар игеру шартты жақсарғанда жоғарлауы мүмкін.

Өндірудің техникалық нормаларын дұрыс орнату үшін қойнауқаттық игеру жағдайларын және басқа да сұрақтар тізбегін білу қажет.

Қойнауқаттың метолого-физикалық сипаттамасын құрылымды ұңғыма орналасуының берілгендерін қойнауқаттың шарттарда судың, газдың, мұнайдың қасиеттерін;

Ұңғыма құрылысының берілгендерін және қойнауқаттың тесу тәсілі (тесу дәрежесі мен сипаттау бойынша) сонымен бірге түптің техникалық құрал-жабдығы туралы;

Ұңғыма жұмысы режимінің сипаттамасы (және жалпы қойнауқат режимі), қысым (статикалық-түптік), өнімділі ұңғыма өнімінің (мұнай, газ, су) коэффициентімен ұңғыманы зерттеу нәтижелерін;

Сынаманы меңгеру туралы ишерілім процесі кезінде топырақты және басқа факторлармен кедергілердің шығуы туралы мәліметтер;

Игерудің қолданбалы жүйесі туралы және қарастырылып отырған ұңғымалар үшін міндеттер туралы мәліметтерді;

Газ-мұнай және су-мұнай жапсарлардың қозғалыс динамикасы туралы мәліметтерді;

Ұңғымада орнатылған игеру құрал-жабдықтары туралы, игеру құрал-жабдықтары тиімділігі және олардың алмасуының жөнділігі туралы мәліметтерді;

Өндірудің техникалық нормаларын орнатқан кезде ескерілетін геологиялық факторларға мыналар жатады:

Жыныстардың тұрақсыз астасуы мен қопсылған құмдардың бар болуы. Бұл опырылуды құмтастың тығымды туғызуы мүмкін және ұңғымадан құмды шығаруы мүмкін.

Құмды шығару ұңғыманы қауіпті игеруді бұзады, сонымен бірге игеру құбырларын ілестіруіне және игеру құрал-жабдықтардың алдын-ала тозуына әкеледі. бұл жағдайда белгіленген процестен жоғары құм шырауын депрессияны орнатады.

Табандағы сулардың болуы бұл мұнай қабатын аса қарқындылықпен пайдалану кезіндегі суландыру конусының түзілуіне әкеледі.

Техникалық факторларға келесілер жатады:

Шегенделген бағана жеткіліксіз беріктілігі және ұңғымада жұмыс қысымының айтарлықтай төмендеуі кезінде оның умаждалуы;

Азғантай қуат және кәсіпте болатын игеру құрал-жабдықтарының жетіспеушілігі;

Өндірудің техникалық нормаларын орнатқан кезде қойнауқаттың энергетикалық қасиеттерін ескеру керек. Еріген газ режимі кезінде аса жоғарғы газдық фактор ұңғымада өнім шектелуінің себебі болуы мүмкін. Жер қойнауынан газ шығарылуының өнімсіздігін болдырмау үшін назарынды режим кезінде газ-мұнай жапсарына жақын орналасқан ұңғыма өнімін шектеу керек. Ұңғымада өнім алуды шектеу, газ-мұнай жапсарын бірқалыпты қозғалыспен қамтамасыз ету үшін және газды тақиядан жарылып шығатын газ тіндерін тоқтату үшін өте қажет. Мұндай жағдайларда ұңғымада қойнауқаттың жоғарғы бөлігін тіре діңгекпен жабу пайдалы. Арынды су режимі кезінде суландыру тілдері мен конустарының алдын алу, мұнайдың газбен қанығу қысымынан төмен түптегі қысымның төмендеуі салдарынан қабатта газдың мұнайдан бөлінуін болдырмау мақсатында, сонымен қатар мұнайлық контурының біркелкі тартылуын қамтамасыз ету үшін шектеуге тура келеді.

Келтрілген мәліметтердің болуы және есепке алынуы арқылы ұңғымадағы тиімді өнімді белгілеуге және ол үшін сәйкес құрал-жабдықтар мен игеру тәсілін таңдап алуға болады.

Ұңғымалардан мұнай алу нормаларын түсінігін индикаторлық қисығына сипаттамасымен анықталатын ұңғыманың өнімділігімен сәйкес орнату керек. Сондықтан индикаторлық қисықтарды статистикалық және динамикалық түп қысымдары болатын 2-ден кем емес игеру режимдері кезінде ұңғымаларды зерттеудің мәліметтері бойынша тұрғызу керек. Мүмкін болатын өніммен депрессияны анықтау үшін индикатор қисығының экстрополяциясы зерттелген интервалдың ұзындығынан 50%-дан артық болмайтын ауданда бола алады.

Шектелмеген сұрйыптауы болатын потенциалдық өнімі болатын ұңғыма категорияларына жатады:

а) тозған қойнауқаттағы аз өнімді ұңғымалар, мұнда мұнайды сұрыптау қарқыны кезінде динамикалық дәрежелер тереңдік сорғышты қабылдайтын жерде анықталған;

б) газ-су контурынан алып тасталынған төмен қойнауқаттың қысымы бар ұңғымалар, максимальды мүмкін болатын депрессиясын құру шамадан тыс тығын түзілуіне, газ фактрларының және өндірілетін мұнайдың сулану дәрежесінің өсуіне әкелмейді;

в) сұрыптау тәсілі арқылы қатты суланған қойнауқаттарды игеретін ұңғымалар, олар тығын түзілушілік салдарынан асқынудың жоқ болуы кезіндегі 80%-дан жоғары орташа сулылықта болады.

геологиялық-техникалық көзқарасынан ұңғымалардан сұйық таңдауының шектеуін қажет ететін барлық жағдайларда сұрыптау нормаларын бекіткенде, жер қойнауын қарау ережелерін сақтаумен сәйкес нұсқаларды назар алу керек.

Мұнай ұңғымаларын игеру қойнауқаттың энергиясы, ұңғымалар тереңдігі, кәсіпте энергетикалық базалардың бар болуы, сонымен бірге игерудің сол немесе басқа тәсілдерін жөнді қолданудың экономикасына байланысты әртүрлі тәсілдерімен іске асырылады.

Игерудің келесі тәсілдерін ажыратады:

Фонтанды;

Компрессорлық;

Терең сорғыштық.

Қысымды үлгі манометрмен өлшейді, ол шкаланың максимальды көрсеткішінен 0,35%-бен тең жоғары емес қателікті көрсетеді. Газ температурасы максимальды термометрлер көмегімен өлшейді. Газ шығынын өлшеуде шайбалы өлшегіш қолданылады, ол қаныққан ағынға байланысты болады.

Ол газды ұңғымаларды сынау жұмыстарды мына тәртіптерге байланысты жүргізіледі: Ұңғымаға 15-20 минут бойы ауа айдайды және содан соң ұңғыманы толығымен жауып тастайды. Әдетте жабық ұңғымадағы қысым 2-3 сағатта тұрақты қалыпқа түседі (тек кейбір кен орындарда, мысалы коллектор өткізгіштіктері төмен, қысымның тұрақтануы ұзаққа созылады).

Пруверде шектік ағын шайбасы тіркеледі және ол ұсақ клибрлі тесік болып келеді. Содан соң негізгі ысырма ашылады және газ ағыны болуының нәтижесінде тіркелген жағдай қалпына кайта келеді.

Ысырманы жабады және проверде шайбаны үлкен калибрлі саңылау ретінде тіркейді. Негізгі ысырманы қайта ашады және тұрақтанған жағдайда болғанда қысым мен температураның жаңа көрсеткіштерін жазып алады.

Мұндай операциялар калибрлі саңылаулары әртүрлі болатын етіп алып бірнеше рет қайталайды.

Ұңғыма саласындағы қысым бойынша әрбір шайба және ұңғыма түбінің қысымы есептелмейді.

Қазіргі уақытта деиттің ең жоғары көрсеткішін қабылдайды.

Ұңғымаларды зерттеу мәліметі бойынша игерудің технолгиялық тәртібін енгізу.

Ұңғыманың игеру кезіндегі технологиялық тәртіпті енгізу барысында қабаттық энергияның минемальды шығындай отырып, жоғарғы көрсеткішті дебит алуға тырысады. Ұңғыма жұмысының процесін бақылау:

Ұңғыманың геолого-техникалық жағдайының есебі бойынша газ сапасын алу;

Ұңғыма жұмысының тәртібін және ұңғыма жұмысының тәртібін және ұңғыма басындағы қысым шамасын анықтау;

Игеру кезіндегі дебит пен қысымның ауытқуы;

Игеру кезіндегі су, мұнай, конденсат және сынықты жыныстардың ағынының пайда болуы;

Газдық талдау бойынша газ құрамы (тығыздықты, азот құрамы, көмірқышқыл күкіртті ылғалдылықты және газды фракциясы анықтау) және конденсат пен судың төзімділігі;

Ұңғыма жұмыс тәртібін дұрыс таңдау, бізге мыналарды қамтамасыз етеді;

Құмтас және жыныстың керіштеуші материал бөліктерінің әсерінен болатын, ұңғыма түбінің аймағындағы бұзылуды тоқтауға;

Табандық судың конус құруына тойтарыс беруге;

Қабаттағы қысымның ұңғыма бағанына әсерін болдырмауға;

Жоғары газ дебиті кезіндегі ұңғыма оқпанында дірілді болдырмауға;

Ұңғыма жұмыс тәртібін қондыру барысында газдық қабат құрылымын анықтап алғанымыз жөн. Егер қабат цементтелмеген немесе аз цементтелген болса, газ дебитін шектеген жөн, себеі бұл қабаттың опырылуына әкеп соғуы мүмкін. Егер газды коллектор қатты жыныстардан (әктас, доломит, құмтас) тұрса, онда саз дебитін шектемеуге де болады.

Борпылдақ құмды және табандық суы бар газды жыныстарда газ дебитінің шектеу себептері құмдардың опырылуы мен сулану конусына түзілуіне байланысты.

Газды ұңғымаларда қабаттық қысымның өзгеруін анықтау үшін манометрдің дәлдігі жоғарғы класын қолданады. Газды шоғырдан газды өндіру барысында алынған газ саны мен қысымы атмосфераға төмендеуімен салыстырылады. Егер игеру кезінде алынған газ саны төмендесе, онда оның себептерін анықтайды және оны болдырмауға тырысады.

Игерудің технологиялық тәртібін орнату барысында, газды қабатқа әсер ететін негізгі факторларды ескеруіміз керек.

Егер газды қабат қысымының төмендеуі белгілі бір шамадан артып кетсе, табандық су конусының жоғарлауына, сонымен бірге тығынның қалыптасуына және опырылуға әкеп соғуы мүмкін. Мүмкін жағдайда игеру тәртібін тұрақты депрессия кезінде рат, рлаб = const деп алуы керек.

Әлсіз кептірілген жыныстар үшін егер оқпандық зонада газ қозғалысы құмдарды шығаруға және коллекторлардың бұзылуына әкеп соқса, онда тұрақты жылдамдықтағы газ қозғалысын игеруді ұңғыма түбінде жүргізген жөн. ондай тәртіп мына тәуелділікке сәйкес келуі керек.

q/Pлаб F σ Vлаб = const (IV.2)

мұндағы, q – ұңғыманың тәуліктік дебиті; Pлаб – оқпандық қысым; F – сүзбелену шебінің ауданы; Vлаб – оқпандағы газ қозғалысының жылдамдығы.

Ұңғыманың тұрақты дебит тәртібі ұңғыма өнімділігіне әсер ететін геолого-техникалық емес, ал белгілі ұңғыма саны кезіндегі газ сұранысына байланысты екенін атап өткені жөн.

Газды ұңғыманы игеру, мұнай игеруден ерекшелігі, ол ұңғымадан газды өндіру мен оның тасымалдау процестері бір-бірінен аса ерекшеленбейді.

Сондықтан газды ұңғымадан жоғарғы қысыммен өндірілген бізге өте тиімді. Себебі бұл кезде газды жақын жердегі компрессор станцияларына және пайдаланушыларға жеткізуге жеңіл болады.

Ұңғыманы күрделі жөндеу кезінде геологиялық қызмет көрсету.

Мұнай ұңғымаларында күрделі жөндеу жұмыстары әрбір кәсіптік мұнай басқармаларында болатын, күрделі жөндеу кеңселері арқылы жүзеге асады.

Мұндай кеңселер арнайы құралдармен жабдықталған, олар: қуатты көтергіш – тракторлар, бұрғылау станоктары, цементтеу агрегаттармен және т.б.

Күрделі жөндеу дәрежелері әркелкі болып келеді. Оларға жататындар: оқшаулау – жөндеу жұмыстары. Сыртқы суды оқшаулайды.

Іліп алар жұмыстары олар апатты болдырмау және құбырларды құммен тазарту және т.с.с.

Жөндеу-түзету жұмыстары, игеру бағанындағы дефектілерді түзету;

Басқа да әртүрлі жұмыстар: оқпанды тазалау, құбырды атқылау және т.б.

Ұңғымаға күрделі жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын, ұңғыманың геолого-техникалық құжаттамасын алдын-ала оқып зерттеу керек.

Апат кезінде игеру бағанасының жағдайын анықтау үшін ұңғыма бағанасы зерттеледі. Ұңғыма сулануы кезінде сыртқы немесе табандық судың бойлау орны және жолын анықтау қажет. Ол үшін ұңғымаларда кәсіптік және кәсіптік-геофизикалық әдістерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Оқшаулау-жөндеу және жөндеу-түзету жұмыстарды жүргізу техникасы, мұнай және газ ұңғымаларын игеру және бұрғылау кітабында жазылған.

Ұңғыманың игеру тиімділігін арттырумен байланысты басқа да әртүрлі жұмыстарды жобалау барысында геолог газды-мұнайды горизонтының игеру жағдайын сонымен қатар әрбір ұңғыманы геолого-техникалық жағдайын түпкілікті зерттеу тиіс.

Мұндай зерттеулер қорытындысы бойынша:

Қайтару үшін игеру объектілері таңдалынады;

Игеру ұңғымаларында жаңа бағаналарды бұрғылау объектілері анықталады;

Табандық судан оқшаулау әдістері таңдалынады;

Перфорация тығыздығын немесе игеру объектісін бекіту үшін бағана атқылауды жүргізуді.

Оқпан аймағында басқа да өңдеу жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар VII.2 бөлімінде қарастырылған басқа да сұрақтар қарастыру.

 

Негізгі әдебиет: 1 [279-297], 7[115-124]

Бақылау сұрақтары:

1. Толық барлау кезіндегі шешілетін негізгі міндеттер?

2. Мұнай свитасын өндіру кезіндегі мақсаттар?

3. Көп қабатты ұңғымаларды өңдеу жүйесі?

4. Газды кенорындрды барлау?