Дәріс №6.Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
Дәріс жоспары:
- Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.
- Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
- Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
Мақсаты: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар және тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
Мазмұны:
«Тіл ой өсіреді» деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи көзеңдердің көркем шығармалардағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс-тәжірибелік білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін,әлеметтік өмірі тәжірибесін қалыпастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.
Сондай пәндердің бірі-іл дамыту пәні мекепалды даярлық кезңінде жүргізіледі. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау-жалпыдан жекеге қарай, яни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеерін ашып, білімі мен біліктілгін күшейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып абылады.
Балабақшалардың ересектер тобында балаларға оқып беретін мәтіндердің мағынасы ауымда, тілі жеңіл, көркем, ойы орамды, тәрбиелік маңызы зор, балаларға қайтары да, үйретеді де көп болары сөзсіз. Ана-тілі шексіз бай, теңгеуріні мықты тіл. Еңжақсысы бала –ана тілін құрметтегенде ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгеу болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын птриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-сол ана тілің.
Ана тілін бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай біл-саналы адамзат болғысы келтін жас адамның бірінші парызы. Ол туған жерді, елді, Отанды атамекенді сүйе білу деген сөз.
Кім ана тілін айырықша бағдарламада дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін безіп, асыраған анаңды ұмытумн бірдей. Анатілі-ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау.
Қазақ тілін нәтежелі үйрету үшін оның оықту әдістемесін жетілдіре түсу-бүгінгі үннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек –талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге оның өмір мұқтажына сай дамытып, оқытуды жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып ортыр. Осындай мәні мен мағызы зор өзекті мәселенің бірі-бала тілін дамыту процесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойынның дәлді, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ,алым негіздерін меңгеру нәтиежелері ана тілінд сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан, оқу-тәрбие процесі нәтиежелі болу үшін балалрға ана тіліміздің қыр –сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетінде де ұғындыратын, шығармашылық қабілетінің дамуына, коммуникативтік кәсіби іліктілігін, іс-қағаздары сауаты толтыру, жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі тіл дамыту бағдарламалары енгізілуді. Бағдарламны жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер туындайды.
- Баланың жан-жақты, жүйелі кешенді дүниеге өзіндік көзқарасын зерделету.
- Баланың тілг деген қызығушлығын оятып, білім сапасын өтеру;
- Өзгелендіру тұрғысында жее тұлғаны жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;
- Болашақ кәсіби мамандығын табуға байланысты әлеуметік сұранысты қамтамасыз етуге ұмтылдыру.
Бағдарламаның мақсыты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында бла бойына төмендегідей дағдылар қалыптасады.
- Өз ойын, пікірін еркін жеткізе алу;
- Байқампаздығының дамуы;
- Құбылыстарды шынайы бағалай білуі;
- Ой өрісінің, ұғымының кеңеюі;
- Ізденгіштікке ұмтылуы;
- «өз сөзін айту» мүмкіндігінің қалыптасуы;
- Функционалдық сауаттылық пен коммуникативтік біліктілігінің артуы;
- Жергілікті, аймақтық деректерді жинақтап, жүйелеу дағдыларының қалыптасуы.
Авторлық бағдарламаның ерекшелігі:
- Қолданбалығында, өйткені бұл курста баланың қабілетін ескере отырып, тапсырмалардың деңгейлік негізде құралуы;
- Баланың коммуникативтік біліктілігін арттырунда.
- Аймақтық, ол жергілікті аймақтық ауына сөз шеберлігі олардың сөз саптау ерекшеліктері, ақын-жазушыларының еңбектері негізінде құралады.
Тіл дамыту пәнін меңгерту барысында оқу-әдістемелік кешені құрастырылды. Оқу-әдістемелік кешені оқу материалының мазмұны, тарауларының көлемі, балаың теорилық білімін нығайтып, танымдық ізденпаздыққа, шыармашылыққа жетелецтін, өз бетімен анализ,синтез бағалауға бұл лаын деңгейлік тапсырмалар бар жұмыс дәптерме, тест жинақтарының, сараланған сұрақ тапсырмалардан, логикалық, дидактикалық ойындардан, жергілікті жерден шыққан тума сөз шеберлері, батырлары, ақындары жайлы деректері бар оқу хретоматиясынан тұрады. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында бала білімін жәй деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеуде Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін, Ж. Қараевтың «деңгейлеп оқыту» технологиясын, проблемалық әдіс-тәсілдерін қолдану үлкен нәтиежеге жеткізді. Деңгейлеп оытудың әдіс-тәсілдері арқылы балалар:
- төменгі деңгейлік тапсырмалар ойынша, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделіп, берілген тілдік материалды дұрыс түсініп, ойын қорытындылайды.
- ортаңғы деңгейлік тапсырмаға бойынша бала теориялық негізде алған білімін практикалық үзінде ісе асырады, тақырып бойынша өз ойын айтады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады.
2. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі қандай?
3. Оқу тәрбие процесін нәтиежелі болуы үшін қандай бағадарламалар енгізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №7
Тақырып:Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
Мақсаты: Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі туралы түсінік беру. Тіл дамыту жұмысының жүйесінің ерекшеліктерін ажыратып, мазмұнын анықтауға бағыттау. “Балбөбек”, “Алғашқы қадам”, “Зерек бала”, “Біз мектепке барамыз” бағдарламаларының ерекшелігін меңгерту.
Жоспар:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.
2. Тіл дамыту жұмысының жүйесі
Мазмұны:1. Шолу дәріс. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының ”Жалпы және кәсіптік білім беру“ деген 21-бабында: Іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінетінін және осы Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Сонымен қатар осы Заңда 23-бапта көрсетілгендей мектепке дейінгі тәрбие отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымдарда, 1-6 жасқа дейінгілерді тәрбиелеу мен оқыту және мектепке даярлау міндеті білім беру бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Демек, мектепке дейінгі ұйымды халық ағарту жүйесіндегі бірінші баспалдақ деуге болады. Жас бүлдіршіндерді сауатты да, мәдениетті сөйлеуге үйрету балабақшадан басталады. Сондықтан білім мен тәрбие жұмысының негізгі мазмұны балаларды ауызша дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылады. Егер бала тілді, оның грамматикалық құрылысын жете меңгерсе, көргендерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, зат пен оның бөліктерінің арасындағы байланысты ажырата білуге үйренеді. Баланы дұрыс, мәдениетті сөйлеуге деген ынтасын оята білу қажет. Осы мақсаттарды көздейтін тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады және осы міндеттер тіл дамыту жұмысының жүйесін құрайды.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту
Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтап отыру, жаңа сөздер үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет. Баланың сөздік қорын дамыту, оның айналадан алған әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік қорды молайтуда адамдардың еңбек процестерін, табиғат құбылыстарын бақылату, топсаяхаттық оқу іс-әрекеттер өткізу басты роль атқарады. Мұндай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне түсіріп бекітеді. Айналадаға заттар мен құбылыстардың белгілері, сан-сапа өзгерістері, қайда, неден жасалатындықтары, кімдер жасайтындығы жайында жаңа, бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдыларын кеңейтеді. Сөйтіп олардың өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсетуге, табиғатқа қамқорлық жасауға үйренеді. Тәрбиеші тіл дамыту оқу іс-әрекетінде балаларға тек қана жаңа сөздер үйретіп қоймай, сол үйретілген жаңа сөздердің балалардың есінде ұзақ сақталуына да жағдай жасалу қажет. Ол үшін үйретілген әрбір жаңа сөзді белгілі уақытта сабақтан тыс кезде қайталап отыру қажет.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеуге үйрету екі түрге бөлінеді:
Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі диалогты сөйлесу деп аталады. Мұндай сөзге үйрету алдын-ала әзірленген арнайы сабақтар арқылы да әзірленбеген әңгімелесулер арқылы да жүзеге асырылады. Баланы жуындырғанда, киіндіргенде, тамақтандырғанда, серуенге шығарған кезде, еңбекке шығарғанда, ертеңгілік балабақшаға қабылдаған, кешке алып кеткенде әңгімелесу.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің бірі – монолог. Монолог – бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Мұндай сөйлесудің мақсаты белгілі бір факты, оқиға жөнінде баяндау. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйреткенде қайталап айту және ойдан шығарып айту әдісі қолданылады.
3. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту. Әрбір тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағынасын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің грамматикалық мағынасын да балаларға түсіндіру қажет. Мысалы: алма – зат есім (лек. м).
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз — сөздердің байланысқөа түскендегі мағынасы. Мысалы: ағаш-тар (қосымша арқылы жүзеге асырылады). Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық формасын меңгерту дидактикалық ойындар және грамматикалық жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Мектепке барғанға дейін балаларға ереже айтылмайды.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Бұл міндет бойынша мектеп жасына дейінгі бала жеке құбылыстарды, буындарды, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді және сондай-ақ орфоэпиялық ережелерге сәйкес үндестік заңын сақтап сөйлеуге, сөйлеген кезде айтылатын ойдың мазмұнына қарай сөз әуенін, нақышын, қарқынын, екпінін құбылтып айтуға дағдыланады. Және дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда тәрбиешінің өзінің сөзді анық, қатесіз айтуы басты роль атқарады.
5. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әрбір шығарма бойынша толық баяндап айтуға, сол шығарманың оқиғасына деген пікірін айта білуге дағдылану қажет. Жалпы баланың көркем әдебиетпен таныстығы тақпақтар, шағын ертегілермен танысудан басталады. Сонымен қатар көркем әдебиет балаларға педагогикалық әсер берудің де ең тиімді құралы болып табылады. Көркем шығармаларды оқу арқылы бала жалқаулық, қорқақтық, өзімшілдік секілді жағымсыз әдеттерден жиіркеніп, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеленеді.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың барлығы баланы мектепке даярлау мақсатын көздейді. Сондықтан ересектер тобынан бастап тіл дамытуда сауат ашу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл дамыту әдістерін талдау, жинақтау әдісіне сәйкес балалар сөздерді буындарға, жеке дыбыстарға бөліп және керісінше сөйлем құрауға үйренеді.
Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: сөздің дыбыстық мәдениетін балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де естен шығармау керек. Сол сияқты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет (әңгімелесетін тақырыпта жаңа сөз болу керек
Студенттерге берілетін тапсырма:
1. Бала тіліндегі ана тілінің маңыздылығы
2. Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны
3. Тіл дамыту жұмысынң жүйесі
4. Балама бағдарламалары және оны іске асыру жолдары